Понедельник , 7 июля 2025

ТИМУРДА саяси арын ЖОҚ ЕКЕН

ММ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №04 (275) от 29 янва­ря 2015 г.

 

Темірқа­зық

 

Қаза­қстан Ұлт­тық Кәсіп­кер­лер пала­та­сы (ҰКП) төралқа­сы­ның төраға­сы Тимур Құлы­ба­ев кеше бірқа­тар жур­на­ли­стер­мен болған кез­де­суін­де өзінің сая­си ары­ны (амби­ция) жоқ екенін мәлім­деп, шыр-пыр болған екен. «Ағым­нан жары­лай­ын: мен­де ешқан­дай сая­си арын жоқ, ешқан­дай пар­ти­я­ның мүше­сі емес­пін, менің сая­са­тым – биз­не­сті қол­дау ғана. Елдің өркен­де­уі мен оның жақ­сы жағ­дайы – менің өмірім­нің басты мақ­са­ты» деп­ті Тимур-күйеу.

Расын­да, оның ағы­нан жары­лып, шыр-пыр бола­тын жөні бар: бұған дей­ін сая­си эли­та ара­сын­да «Тимурға биз­несін Дина­раға өткізіп беру­ге бұй­рық түсіп­ті…»; «ол елде­гі актив­терін сатып жатыр екен…»; «оның пре­зи­дент болғы­сы кел­ген аңса­ры Ақор­да­ның қожай­ы­ны­на жетіп­ті…»; «Халық банк»тегі капи­та­лын басқа біре­удің аты­на жазып­ты…», тағы сол сияқты қау­е­сет қау­лап кет­кен еді. Сарап­шы қауым Тимур­дың бола­шақ тағ­ды­ры осы­дан екі күн бұрын өткен ҰКП ІІ құры­л­тай­ы­нан кей­ін бел­гілі бола­ды: егер ол пала­та­ның төраға­лы­ғын­да қал­са, оның жағ­дайы жаман бол­маға­ны; ал егер кет­се – кел­мес­ке кет­кені деген пікір­де болған.

Сол құры­л­тай өтті – Құлы­ба­ев­тың құдірет­ті құзы­ры құла­ма­ды. Яғни, қалай болған­да да, Тимурға төніп тұрған қатер бол­са, оның беті қай­тқа­ны: міне, енді амби­ци­ядан аман­мын деп, жур­на­ли­стер арқы­лы «қауіп иесіне» хабар сал­ды. «Мен гүл­ден­ген Қаза­қстан­да өмір сүр­гім келеді, менің бала­ла­рым да осын­да тұрға­нын қалай­мын…» – деп­ті Тем­кең түгесіл­ген түрмен.

Иә, егер оған қан­дай да қапы­лыс қатер бол­ма­са, «осын­да өмір сүр­гім келеді…» деп, кім­ге өзді­гіп өтініш қылған­дай? Өз басын бүр­кеп қалу үшін, бала-шаға­сын қалқан қылға­ны несі? Оны бұл елден қуа­тын қан­дай құдірет болуы мүмкін?

Міне, Тимур­дың ойда жоқ мәлім­де­месі осын­дай оғаш ойларға еріксіз түрт­кі бола­ды. Дағ­да­рыс жағ­дай­ын­дағы ел эко­но­ми­ка­сы­на қаты­сты ештеңе деме­ген, қоғам үшін түй­ір дүние шешпе­ген қатар­дағы құры­л­тай­дың себеп-сал­да­ры да аста­ры айқын ойларға жоралғы болған­дай. Бір гәп жұтыл­май қалды.

Десек те, жеке­ле­ген ақпа­рат көз­дерінің айтуы­на қараған­да, Құлы­ба­ев қатер­ден құлан-таза құты­лған жоқ сияқты. Ол бұл құры­л­тай­ды «қуда­лау қау­пі­нен құты­лу­дың» қамы­м­ен ғана өткізіп, өзінің қожай­ын алдын­да адал екенін жария еткісі кел­се де, бір күй­е­уден «аузы күй­іп» қалған ата­сы арғы ойы­нан айны­маған сыңай­лы. Себебі – Тимур­дың таққа тала­стан «таза» екеніне көз жетер­лік жағ­да­ят жетіс­пей­ді: мұнай-газ сала­сын­дағы ортақ биз­не­сті бақы­лап оты­рған күй­еу билік­тің біраз жеріне өз адам­да­рын тық­па­лап тастаға­ны секем­шіл көңіл­ге қорқы­ныш ұялатады.

Енді Тимур­дың «амби­ци­ядан аман­мын» деген мәл­кіл­дек мәлім­де­месіне Ақор­да жақтан жау­ап күте­міз. Әрине, ол жау­ап жария түр­де бол­май­ды: оны тағы да сая­си эли­таға еріп жүретін өсек жет­кі­зеді. Әліп­тің артын бағайық.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн