Среда , 14 мая 2025

ТІС ШҰҚУ мен іс қылу

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №35 (306) от 15 октяб­ря 2015 г.

 

Бір ой

 

«Біз­де нағыз оппо­зи­ция бар ма?» деген сау­алға орай көкей­де жүр­ген айта­рым бар еді. Соның сәті бүгін түсіп тұр.

Оппо­зи­ция – таң­дап алар кәсіп емес. Ол – оқу­мен келер маман­дық та емес. Ол – баюға бастай­тын биз­нес те емес.

Оппо­зи­ция – көңіл­дің әле­умет­тік-сая­си «состо­я­ни­есі». Ерік-жігер­дің қала­уы. Оған ешкім­ді айдап апар­май­ды. «Айдап апа­рар» бір күш бол­са, ол – қоғам­ның әле­умет­тік аху­а­лы­нан туған таным мен түй­сік қана. Сол таным мен түй­сік­тің төңіре­гіне жиналған әле­умет­тік топ «оппо­зи­ция» деп атал­са керек.

Сон­ды­қтан оппо­зи­ци­яға «барған адам» ешкім­нің алдын­да өзіне мін­дет алмай­ды. Сен «өйт­пе­дің», «бүйт­пе­дің» деп, ешкім оған мін­дет қоюға қақы­сы жоқ. Егер ол оппо­зи­ция бірік­кен сая­си күш­ке айна­лып, сая­си пар­тия құрып, қоғам­ды өзгер­те­міз деп, өзіне мін­дет алып жат­са – әңгі­ме басқа.

Ал жылы пештің жаны­на жан­тая жатып ап, кеш­кілік ішкен сыл­дыр-су көженің ішін­де­гі үш түй­ір еттің тіс­ке тұрған тал­шы­ғын сыпыр­тқы­дан сын­ды­рып алған шимен шұқи оты­рып: «Біз­де оппо­зи­ция жоқ!» – деп, әлдебіре­улер­ді жазғы­ра сөй­леу – өзінің ашқұр­сақ күніне басқа біре­уді жазғы­рған­мен бір­дей жағ­дай. Сол күніңе нара­зы екен­сің – өзің бар сол оппо­зи­ци­яға! «Қара­су сапы­рған мынау күнім құры­сын, оппо­зи­ци­я­ны «өйт­тірем», «бүйт­тірем» десең – плиз: бара қал сол ортаға!

Ал бара алмай­ды екен­сің, қышы­рың жоқ екен – құр осы­рық ойбай­мен оңған күн­ге кене­ле қалу бол­май­ды. Бір бұры­шта бұғып жатқан біре­улер үшін басын бәй­ге­ге тік­кен «басқа­лар» жұмақ орна­тып бермейді.

Оппо­зи­ция – жал­да­ма­лы жұмыс­шы емес. Оған «жылы пештің түбін­де жатқан» қазақ жалақы төле­мей­ді. Енде­ше таса­да тұрып «тісін шұқы­ған» қазақ пен оппо­зи­ци­я­ның ара­сын­да жасалған еңбек шар­ты бол­ма­са, ол қаза­қтың оппо­зи­ци­яға оды­раң­да­уға қақы­сы бар ма?

(Осы­ған дау айтар «тіс шұқы­ғы­штар» шыға қал­са, жалға­сын жаза жатармын).

Ермұрат Бапи­дың

«Фейс­бук» парақ­ша­сы­нан алынды

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн