ӨТКЕН ЖЫЛҒА ӨКІНІШ БАР МА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 47 (271) от 25 декабря 2014 г.

 

 Анаумынау

 

Қамшының сабындай қысқа, алақанындай тар уақытты айтамау, сұлудың қолындағы орамалдай сусыды да кетті. Тұлпар жалындағы шықтай құлады. Білгенге бір жылдың о шеті мен бұ шеті де әжептәуір уақыт екен. Қараңызшы, міне, осы жылдың арқасында Қазақ хандығының құрылғанына әупірімдеп 550 жыл толмақ!

Айта берсең, бұл жылдың басынан бақайына дейін сорғалаған жаңалық болды. Халық әйтеуір қаптаған қарызға батыпшығып жүрді. Ел қарызы жүздіктің иығындағы жаңа бір ондық 150 млрдқа жуықтады.

«Бәрін айт та, бірін айт» демекші, сол қарыздың салқынынан болар, баяғы бір жылдардай нан мен шайдың сұлаңқы бағасы жоқ. «Цена» біткен секіріп бақты. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзіліп кетер тұсы – көктем айларында көкөніс атаулы «көкке шапшыды».

Онда да қазекең өзгесінен не жарытып алады дейсің? Түйенің жапырақты танитыны қандайлық ақиқат болса, қазекемнің картопты солай танитыны – екі бастан! Сол картоптың бір келісі 300 теңгеден асып, жығылғанын көрдік қой, көрдік.

Ойлап қарасақ, осы жылдың өн бойында күймеген жер қалмапты: Арысы арақшарап сатқан дүкеннен, берісі бәліш сатқан дүңгіршекке дейін күйіп кетті. Қағылған қалтадағы табылған аз тиыныңа сол бәліш аты бар болғырды алып, аузыңа салсаң да, ішің шыжшыж ете қалатындай.

Онымен қоймай, «жығылған үстіне жұдырық» болып, дала күйді – егін ұшты. Енді осы арада ас атасы жайлы асырып айтып көр! Бір Астананы шені шіреп, шекпені жауып тұратындардың бірі депутат Айқын Қоңыровтың былайғы жұртқа нанды қалай қадірлетудің тың әдісін ойлап тапқаны – бәрекелдіден бәленшені айтқызған сенсация!

Әгәрәки оның айтқанына сенсек, нан бағасын 300 теңгеге өсірсе, жұрт біткен қадірлейтінге ұқсайды. Ал енді жат та – күл, тұр да – күл! Ешкім саған бөгет бола қоймас (қаласаң, бұршақбұршақ жасыңды төгіп, жылап ал)!

Бұл жылда тағы не күйіп еді??? Охо, таптым, таптым!!! Қалай ұмытқанбыз? Министр Мамытбековтың аузы күйді. Күйгенде де, күллі қазақтың көзінше күймесі бар ма?! Мүсілім омақасса, «ісінің» бітетінбітпейтінін білмеймін, бірақ ауыл шаруашылығы министрі, неге екені белгісіз, өзінің бұрынғы орынбасары Өмірияевты сот тағайындаған айып атаулыдан қорғап көрді. Шырпыр да, шыжбыж боп арашалап бақты. Тіпті бір тұсында қызынып кеткен министр: егер орынбасарының кінәсі дәлелденсе, орнынан кетуге де дайын екенін айтып салды.

Нәтижесінде маңына шарық киген шаруа барса да, мөңкіп тұрған Мүсілім міскін болып, 10 жылға сотталып кете барды. Кеткенде де, ел қазынасынан доллар есебінен жүз мыңды жалғыз өзі жеп кетті. Мұндайда қазағың да бекер айта ма деп қаласың? «Айтылған сөз – атылған оқ», «Ердің екі айтқаны – өлгені» дей ме, тәйірі?! «Мақал – сөздің атасы» бар болсын, қисынын қарапайым шаруашылықтағы Асылжанақ тасталқан етпеді ме?!

Жәжә, қойдым, қойдым! Күйген дүние күйіп кетсін! Мұқым жылдың жыры жарты бетке сыймасы – тағы шындық. Онан да басқасын айтып көрейін.

 ***

Сіз осы бензинді қалай үнемдеу керектігін білесіз бе? Білмейсіз! Мен де білмейтін болып шықтым.

Былтырғы Байбектің бір шелек суды қалай үнемдейтіні де жолда қалды ғой, қалды. Бір білетініміз – Байекең Школьникпен бәсекеге түссе, ЭКСПОға дейін дапдардай данышпан болып шыға келеді, көр де тұр!

Бауыржанға бұлдап, Уәкеңді пар қойғаныма «Бұның қалай болар екен» дейсіз бе? Онда тыңдаңыз (әрине, бұл жерде Уәкеңіміз Энергетика министрі Владимир Школьниктің нақ өзі – Қ.Қ.)!

Жаңағы бензинді қалай үнемдеу керек екенін ЭМ басшысы осы жылы ғана әрең айтты. Онда да ел қатты ақылдан «тарыққасын» ғой. Министрдің сөзіне сенсек, «мінгесіп жүрсек», көпкөп бензин үнемделеді екен. Халық біткен «ақыл» десті, әнтек көтерем көлігінің сол мінгескен жанды көтеретініне ғана күмәндәніп, күңкілдесіп жүрді.

Осы орайда уәлі ауызды Уәкең «Өтірікшінің шын сөзі зая» дегенді растаған Келімбетовтың құлағына да аратұра білгенін бүкпей, сыбырлай салса, құбақұп емес пе?! Банкир Қайрат онсыз да анекдотты өлтіреді, шіркін?!

***

Сөз деген сөйлесең, түгел түгескен бе? Сонда да айталық: Құдайау, қазақ «қазақ» болғалы ұзақ, Жайық барып қонғалы ұзап, Ертіс барып қонғалы ұзап, «Мемлекеттігіне 550 жыл толғаны» – тарихшылардың не дегені?

Оны айтамау, бізден озған Лукашенко Қырымға ауыз салған Путинге: «Ондай болса, Алтын орда ханы Батудың жерін түгелімен қазаққа қайтарып бер», – деген еді, ілешала: «Алтын орда біздің мемлекет. Өйткені ол біздің территориямызда өмір сүрген», – деп тантыды саясаттың отқа үйір көбелегі; қайран қазақ құзғынның құлқын сезбей, құртын бағып отырған өредегі, бізде ғана бар білем адамзаттың, шындықты көре алмайтын «көрегені»!

***

Бензин жоқта көлікке баға мінді, есек амалды «жигули» сүйреп, таба білді; он жылға ермек болған «Қоянды ісін», Астана бірақ күнде «жаба білді».

***

Құлан ауса, басына құрбақа ойнайтын күнді сезіп кетті; шындық ауса, сайлау қылпы сезікті етті; толеранттылық деп бұл қазақ төзіп не етті; байлық болды бұл күнде ежік те епті; ЭКСПОдан өздеріне орын жоғын жүз ғалым білді ме, елден безіп кетті?..

Қозыбай ҚҰРМАН,

«D»

 

Республиканский еженедельник онлайн