Понедельник , 12 мая 2025

Тоқтар ЕСІРКЕПОВ: Дағдарысқа жол берген үкімет ОРНЫН БОСАТУЫ ТИІС!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №38 (309) от 05 нояб­ря 2015 г.

 

ДАТ!

 

Тәу­ел­сіздік алған­нан бері бір­не­ше рет қай­та­ланған дағ­да­ры­сқа әлем­дік эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың кесірі тиді деген ақор­да­лық ресми наси­хат үдеп бара­ды. Оның мәні – «кінә біз­ден емес, әлем­нің жағ­дайы солай» деген алдарқа­ту және сол арқы­лы үкі­мет басы­ның тап­жыл­мас билі­гін сақтап қалу.

Қаза­қстан тап болған дағ­да­рыс, шыны­мен де, әлем­дік эко­но­ми­ка­ның жағ­дай­ы­на бай­ла­ны­сты ма? Осы және басқа да сұрақтар жай­лы «ДАТ!» айда­ры аясын­да «Тұран» уни­вер­си­теті Қаза­қстан қоға­мын жүй­елі зерт­те­улер инсти­ту­ты­ның дирек­то­ры, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Тоқтар ЕСІРКЕПОВ мыр­за­мен сұх­бат­тасқан едік.

 

– Тоқтар аға, пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі ел эко­но­ми­ка­сы күр­делі дағ­да­рыс жағ­дай­ы­на тап болға­нын мой­ын­да­ды. Ол тіп­ті мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің кірісі 40 пай­ы­зға кеміп кет­кенін де айт­ты. Ал сіз ел эко­но­ми­ка­сын қазақ қоға­мы­ның ішкі жағ­дай­ла­ры­мен қатар зерт­теп жүр­ген маман ретін­де бұл дағ­да­ры­сқа қан­дай сипатта­ма берер едіңіз?

– Тәу­ел­сіздік алған­нан бер­гі ширек ғасы­рға жуық уақыт­тың ішін­де пре­зи­дент мой­ын­даған ең үлкен дағ­да­ры­сқа тап болып отыр­мыз. Эко­но­ми­ка­лық есеп­те­улер­ді салы­сты­рар бол­сақ, Қаза­қстан 2007–2008 жыл­дарғы әлем­дік дағ­да­ры­стың шыр­мауы­нан толық шыға алма­ды. Кей­бір сарап­шы­лар бұл дағ­да­ры­сты сол дағ­да­ры­стың сал­да­ры және жалға­сы дей­ді. Бірақ мұның өзін­де екі түр­лі себеп бар. Бірін­шісі – әлем­дік қар­жы дағ­да­ры­сы десек, екін­шісі – күні бүгін­ге дей­ін жүр­гізіліп кел­ген эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­мы­здың осал­ды­ғы мен шикілі­гі деу керек.

Қаза­қстан билі­гі ашық эко­но­ми­ка жүр­гізіп отыр­мыз, көп­те­ген елдер­мен бай­ла­ны­сы­мыз бар деп, шетел­дік инве­сти­ци­я­ның арқа­сын­да елге тар­ты­лған шетел­дік қар­жы көз­дері арқы­лы негізі­нен бюд­жет­ті жауып отыр. Сон­ды­қтан мен айтар едім – басты себеп ішкі жағ­дай­да жатыр. Эко­но­ми­ка­лық тепе-теңсіздік (дис­про­пор­ция) нақты сек­тор мен қар­жы сек­то­ры­ның ара­сын­да жүріп жат­ты. Ал қар­жы сек­то­ры мен банк, банк пен қор нары­ғы­ның ара­сын­дағы қарым-қаты­нас та бір-бірі­мен қабыспа­ды. Шикі­затты өндіру­ші мен өндір­мей­тін сала­ның ара­сын­дағы теңсіздік те осы дағ­да­ры­сқа әкеліп соқтыр­ды. Банк­тер­ді дағ­да­ры­стан құтқа­ру үшін, ең алды­мен Ұлт­тық қор­дан 10 мил­ли­ард дол­лар алы­нып еді, кей­ін­нен ол сома­ның мөл­шері көбей­іп кет­ті. Ішкі жал­пы өнім­нің 20 пай­ы­зы­на тең келетін қар­жы жұм­сал­ды деген мәлі­мет бел­гілі болды.

 

– Ел пре­зи­ден­тінің пікірі бой­ын­ша, мұн­дай жағ­дай­ға біз әлем­дік қуат көз­дері нары­ғын­дағы дағ­да­ры­стың сал­да­ры­нан душар болған екен­біз. Ал сарап­шы­лар­дың пікіріне қараған­да, әлем­нің дамы­ған елдерін­де мұн­дай қорқы­ны­шты жағ­дай жоқ: Еуро­одақ елдері эко­но­ми­ка­сын­да аз да бол­са өсім бар; АҚШ тұрақты даму жолы­на түс­кенін мәлім­деді: Қытай қар­жы нары­ғын­дағы қиын­шы­лы­қтарға қара­ма­стан, өткен жылғы даму тен­ден­ци­я­сын сақтап отыр. Сон­да әлем­дік мұнай баға­сы­ның құл­ды­ра­уы Ресей мен Қаза­қстанға ғана әсер етіп жатқа­нын қалай түсін­дірер едіңіз?

– Әртүр­лі көзқа­рас­тың айты­луы заң­ды. «2007–2008 жылғы қар­жы дағ­да­ры­сы­ның үшін­ші кезеңіне тап бол­дық, әлем­дік дағ­да­ры­стың біз­ге ешқан­дай қаты­сы жоқ» дей­тін­дер де бар. Иә, АҚШ-тағы Жал­пы ішкі өнім (ЖІӨ) үш пай­ы­здан астам өсті, Қытай өзінің эко­но­ми­ка­сын­дағы 7 пай­ы­здық дамуын тұрақты сақтап отыр.

Қаза­қстан­ның тау­ар айна­лы­мы­ның негізі Еуро­па елдеріне жөнел­тіліп, экс­порт­тан түсетін табыст­ың 45 пай­ы­зы де сол жақтан келеді. Евро­одақ елдерін­де биы­лғы өсім бір пай­ы­здай бола­ды деп күтілу­де. Басқа дамы­ған елдер­ді алып қара­сақ, олар да орта­ша қалып­ты даму­да. Сон­да біз­ге дағ­да­рыс қай жақтан кел­ді деген заң­ды сұрақ туады.

Дағ­да­рыс – шикі­за­тқа, соның ішін­де мұнай­ға тәу­ел­ді елдер­ді шыр­мап отыр. Ең басты­сы – шикі­за­тқа тәу­ел­ді эко­но­ми­ка «мұнай­дың киесіне» ұры­нып, «гол­ланд ауруы­на» ( «Гол­ланд ауруы» мем­ле­кет­тің шикі­заттан түсетін қар­жы­ға тәу­ел­ділі­гін, жаңа­шыл­дық даму­дан кен­же­леп қалға­нын біл­діреді. Бұл – шикі­заттан түсетін қар­жы­ны қанағат тұтып, қоғам­ның дамуын тығы­ры­ққа тірей­тін қауіп­ті дерт. – Ред.) шал­ды­ға­ды деген ұғым бар. Мұнай­дан түс­кен мол қар­жы­ны ием­ден­ген елдің эко­но­ми­ка­сы жақ­сы дамы­м­ай­ты­нын әлем­дік сарап­шы­лар әлдеқа­шан дәлел­де­ген. Бюд­жет­ке қыру­ар табыс түсіп жатқан­да, шағын және орта биз­нес (ШОБ) пен ауыл шару­а­шы­лы­ғы, эко­но­ми­ка­ның басқа сала­ла­ры билік­ті аса қызықтырмайды.

Мұнай өнді­ру үшін күш-қуат жұм­са­удың қажеті шама­лы: жан ауырт­пай­тын табыс көзі әрі шетел­дік инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар­дың ақша­сы өзі­нен-өзі келіп құй­ы­лып жата­ды. ШОБ-ті дамы­ту үшін күні-түні жұмыс жүр­гі­зу талап етіледі. Үкі­мет­те­гі шене­унік­тер тегін мұнай­ға солай шылқып оты­рған­да, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на мой­нын бұра ма?

Дағ­да­ры­сқа тап болған мұнай­лы Ресей мен Қаза­қстан­ды салы­сты­рар бол­сақ, өткен жыл­дар­да, мәсе­лен, 2013 жылы біз 68,1 мил­ли­он тон­на мұнай­ды экс­пор­тқа шығарған екен­біз, одан 52,2 мил­ли­ард дол­лар ақша түс­кен екен. Ішкі тұты­на­тын мұнай­ы­мыз 13,7 мил­ли­он тон­на бол­ды десек, жал­пы өндір­ген өні­мі­міз 81,8 мил­ли­он тон­наға жет­кен. Жал­пы өндіріл­ген мұнай­дан 58,9 млрд ақша тапқан екен­біз. Бұл абсо­лют­тік көр­сет­кіш десек, рес­пуб­ли­ка­лық және жер­гілік­ті бюд­жет­ті қосқан­да, яғни ортақ бюд­жет­те­гі мұнай­дың үлесі 44 пай­ыз болған. Экс­порт­тан түсетін табыст­ың 60 пай­ы­зы тек мұнай­дан түскен.

Ал Ресей­де 2015 жыл­дың бірін­ші жар­ты жыл­ды­ғын­дағы есеп бой­ын­ша, өткен 2014 жыл­мен салы­сты­рған­да, экс­порт­тағы мұнай­дың жал­пы құны 40,7 пай­ы­зға арзан­дап, 100 мил­ли­ард дол­лар қар­жы­сын жоғал­тқан. Қаза­қстан 25 мил­ли­ард дол­лар­дан айы­ры­лған. Бұл – АҚШ Қар­жы мини­стр­лі­гінің есебінің мәліметі.

Қаза­қстан­дық ресми ста­ти­сти­ка­дан тыс, әлем­дік қар­жы инсти­тут­та­ры­ның мәлі­мет­теріне сүй­ен­сек, елі­міздің ЖІӨ мөл­шері 185 млрд дол­лар­ды құрай­ды. Халы­қтың жан басы­на шаққан­да бұл – 10 345 АҚШ дол­ла­ры­на тең. Ал Кеңес Одағы құра­мын­дағы Қаза­қстан­ның 1990 жылғы ЖІӨ‑і – 9211 дол­лар болып­ты. Кей­бір сарап­шы­лар­дың баға­ла­уы бой­ын­ша, сол кез­де­гі дол­лар­дың құны қазір­гі­ге қараған­да 5 есе қым­бат болған.

Шикі­зат ресур­ста­ры экс­пор­ты­ның көле­мі Қаза­қстан­ның ЖІӨ-інің ішін­де 72 млрд дол­лар­дан аса­ды. Егер де бұл сома­ны жан басы­на бөлетін бол­сақ, жыл сай­ын шама­мен 4015 дол­ла­ры көле­мін­де шикі­зат бай­лы­ғы қазып алы­на­ды екен. Ал енді бұл сан­дар­ды тең­ге­ге ауда­рып, отба­сы­лық коэф­фи­ци­ент­ке көбей­тетін бол­сақ,         4 500 000 тең­ге­ден аса­тын қазір­гі және бола­шақ ұрпаққа тиесілі ұлт­тық бай­лық әрбір түтін­нің бюд­жеті­нен шетел­ге шыға­ры­ла­ды екен. Ұлт­тық табиғи бай­лы­ғы­мыз бен бола­шақ ұрпаққа арналған қор­дың тона­луын осы сан­дар­дан анық аңға­руға болады.

 

– Осы орай­да тәу­ел­сіз эко­но­ми­стер қауым­да­сты­ғы тара­пы­нан Қаза­қстан­ның дағ­да­ры­сқа тап болуы­на елдің эко­но­ми­ка­лық моделі дұрыс таң­да­лып алын­ба­уы себеп бол­ды деген пікір­лер айты­ла баста­ды. Деген­мен, қаза­қстан­дық эко­но­ми­ка­лық модель­дің кем­шілі­гі осы ғана ма? Біздің эко­но­ми­ка­ның тұра­ла­у­ы­на қоғам­дағы стаг­на­ци­я­лық жағ­дай­дағы сая­си аспек­тілер әсер етпе­ді деп айта ала­мыз ба?

– Эко­но­ми­ка­лық модель ұғы­мы­ның тал­да­уы кең. Эко­но­ми­ка­лық сала­лар­ды құры­лы­мы бой­ын­ша шикі­затты және шикі­за­тқа жат­пай­тын модель деп қарас­ты­руға бола­ды. Осы рет­те елі­міз­де қалып­тасқа­ны – шикі­затты мұнай-газға негіз­дел­ген. Бір пікір­лер бұл – қате стра­те­гия дей­ді. Енді бірі дұрыс деген баға береді. Әлем­дік тәжіри­бені қара­саңыз, ең жақ­сы эко­но­ми­ка­лық модель – мұнай­лы Нор­ве­ги­яда дей­міз. Кесіп айт­тын бол­сақ, таң­да­лып алы­нған модель дұрыс шығар, алай­да оның іске асы­ры­луы – басқа мәсе­ле. Бірін­ші жағы­нан алып қар­сақ, қар­жы көз­дерінің негізін сыр­тқа, табиғи ресур­ста­ры­мы­зды шетел­дік­тер­дің қолы­на беріп, шет­тен инве­сти­ция тарт­тық. Деген­мен, нары­қтық эко­но­ми­каға көшіп, қалып­тасқан ел болу үшін, мұнай­ды арқау ету – қателік­ке жатпайды.

Екін­ші жағы­нан, түс­кен қар­жы эко­но­ми­ка­лық даму бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на жұм­са­луы керек еді: ол жос­па­ры­мыз орын­дал­ма­ды. Яғни, билік­тің мұнай­ға иек артуы «құны­ғу син­дро­мын» туды­рып, «тегін» келіп түсіп жатқан ақша­ның буы­на мастан­дыр­ды. Үкі­мет бас­шы­сы елдің алды­на шығып, мәсе­ленің мән-жай­ын түсін­дір­генін көр­ген де, есті­ген де емеспіз.

 

– Енде­ше сол Кәрім Мәсі­мов үкі­метінің «эко­но­ми­ка­ны қол­мен басқа­ру» моделі эко­но­ми­ка­лық түй­сік (кате­го­рия) дәре­же­сін­де уто­пи­я­лық сая­сат болға­ны қаза­қстан­дық дағ­да­ры­стың бір сипа­ты деп айтуға бола ма?

– Бүгін­гі үкі­мет­ке қаты­сты бір ғана мысал­ды айт­сам жет­кілік­ті шығар: пре­зи­дент Назар­ба­ев дағ­да­ры­сқа қаты­сты мәлім­де­ме жасаған кез­де үкі­мет­тің дағ­да­ры­сқа қар­сы бағ­дар­ла­ма­сы жоқ екен­ді­гі жал­пақ жұр­тқа жария бол­ды. Масқа­ра емес пе: қиын-қыстау кезең­ге арналған бағ­дар­ла­ма үкі­мет­тің қолын­да кез кел­ген уақыт­та дай­ын тұруы керек қой. Шикі­затты эко­но­ми­каға тәу­ел­ді елде­гі бағыт­тың өзін­дік қатер­лері бар екенін Халы­қа­ра­лық валю­та қоры, басқа әлем­дік қар­жы инсти­тут­та­ры баяғы­дан бері айтып келеді.

Эко­но­ми­ка­ны дамы­ту құра­лын­дағы шикі­зат көзі мұнай десек, шикі­затты эко­но­ми­ка­дан дивер­си­фи­ка­ци­я­лық эко­но­ми­каға өткі­зу көзі ретін­де осы құрал пай­да­ла­ны­луы керек еді. Үкі­мет­тің қар­жы көз­дерін ірі бағ­дар­ла­ма­ларға, мәсе­лен, инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық дамуға салуы сәт­ті болған жоқ. Оның басты себебі – үкі­мет ешкім­нің алдын­да есеп бер­мей­ді. Оның үстіне есебі жоқ мол қар­жы­ны бақы­лай­тын, қадаға­лай­тын орган аты­мен жоқ. Осын­дай жағ­дай­да «гол­ланд ауруы­на» жол беріл­ме­ген­де – қайтсін?!

Негізі­нен бір-екі ғана салаға бағыт­талған эко­но­ми­ка толы­ққан­ды даму жолы­на түсе алмай­ды. Үкі­мет жаңа­руы керек еді, оның дағ­да­рыс жағ­дай­ы­на жұмыс жүр­гізу­ге лай­ық еме­сті­гін қара­пай­ым жұрт та біліп отыр. Ал мұнайы жоқ мем­ле­кет­тер, керісін­ше, жағ­дай­ын оңдап алды, өйт­кені мұнай баға­сы­ның арзан­да­уы олар­дың баға нары­ғы­на сал­мағын түсір­ген жоқ. Азық-түлік пен электр қуа­тын тасы­мал­да­у­шы­ның қыз­меті де арзандады.

Әбден бола­ры болып, боя­уы сіңіп қой­ған­да ғана пре­зи­дент үкі­мет­ке дағ­да­ры­сқа қар­сы жос­пар дай­ын­да­уды ұсын­ды. Ал кез кел­ген дұрыс үкі­мет эко­но­ми­ка­ның қан тамы­рын үне­мі басып, күн сай­ын мони­то­ринг жаса­уы тиіс еді. Неге үкі­мет пре­зи­дент­тің айтуы­мен ғана қимыл­дай­ды? Неге ол өз бетін­ше әре­кет ету­ге қауқар­сыз. Осын­дай үкі­мет біз­ге керек пе деген заң­ды сұраққа кім жау­ап береді?

 

– Бұл сұрақта­ры­ңы­зға ешкім жау­ап бер­мей­тіні бесе­не­ден бел­гілі жайт. Ал ел эко­но­ми­ка­сы­на қар­жы құя­тын негіз­гі төрт арна­ның үше­уі бітеліп қал­ды. Мәсе­лен, ел пре­зи­ден­ті бұдан былай Ұлт­тық қор­ды қозға­мау жөнін­де жар­лық бер­ді. Екін­ші – зей­не­тақы қоры­ның қар­жы­сы шексіз емес және ол қара­жат тек қана банк сек­то­ры­на жұм­сал­мақ. Үшін­ші – инве­стор­лар есебі­нен түсетін капи­тал дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да сап тый­ыл­ды. Қалға­ны не? Қалға­ны – халық пен биз­не­сті салы­қ­пен қысу ғана. Бұл қысым елді дағ­да­рыс жағ­дай­ы­нан алып шыға­тын мүм­кін­шілік деп ойлай­сыз ба?

– Дамы­ған мем­ле­кет­тер­де­гі эко­но­ми­ка­лық сая­сат халы­ққа салы­на­тын салы­қты мей­лін­ше азай­туға бағыт­та­ла­ды. Дағ­да­рыс кезін­де салық жүй­есіне тиіс­пей­ді, тіп­ті азай­туы мүм­кін. Егер көбей­тетін бол­са, бұры­нғы алып оты­рған салық түр­лері­нен айы­ры­лып қалу қау­пі туа­ды. Салы­қтың аза­бын халық көреді. Сон­ды­қтан салық жинай­тын нысан түр­лерінің көле­мін көбей­ту әдісі қам­та­ма­сыз етіл­се, сол табыст­ың дең­гей­іне салы­нған салық эко­но­ми­ка­ның тұрақты­лы­ғын нығай­та­ды. Мұнай сала­сы­ның 70–80 пай­ы­зы шетел­дік­тер­дің иелі­гін­де десек, ол ЖІӨ-нің жар­ты­сын құрай­ды. Мұнай­дың баға­сы арзан­да­са, салы­на­тын салық мөл­шері де аза­яды. Онсыз да алым-салы­қтан көз аша алмай оты­рған отан­дық ШОБ эко­но­ми­ка­ның тұрақты­лы­ғы­на ықпал ете алмауда. Билік мұнай­дан түсетін қар­жы көзі азай­ған кез­де жан-дәр­мен қара халы­қтың «қал­та­сы­на түсіп», әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ті қатай­тып, айып­пұл түр­лерін көбей­ту әре­кетін баста­ды. Бұл түбін­де жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Бюд­жет­ке ақша жинау үшін жаса­ла­тын «жабайы» әре­кет­тер эко­но­ми­ка­ны оңал­ту­дың орны­на зала­лын көп тигі­зеді. Пәте­рақы, ком­му­нал­дық қыз­мет төлем­дерін қым­бат­та­ту да – осы алым-салы­қтың бір түрі. Салық мөл­шерін көбей­тіп, тұрғын­дар­дың әле­умет­тік жағ­дай­ын қиын­да­ту – арыл­мас күнә дер едім.

Сон­ды­қтан салық жүй­есіне бар күшті салған­нан гөрі, шет­ке кет­кен, офф­шор­да жатқан қар­жы­ны елге әке­лу ең оңтай­лы жол болар еді. Ұзын-ырға­сы 128 мил­ли­ард қар­жы сырт­та деген мәлі­мет бар, енді біре­улер ол мөл­шер 300 мил­ли­ард десіп жүр. Әлем­дік дағ­да­рыс кезін­де Еуро­па мем­ле­кет­тері мен АҚШ-та шет­те­гі ақша­ны әке­лу үшін «ком­мер­ци­я­лық құпия», «банк­тік құпия» деген таң­ба­ны алып таста­ды. Салық төле­мей, капи­та­лын жасы­рып, офф­шорға асы­рып жібер­мес үшін күрес баста­ды. Біздің мем­ле­кет те осы баста­ма­ны қол­даған бола­тын. «Рақым­шы­лық жасау» жөнін­де жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Офф­шор­дағы қар­жы елге кел­се, жау­ап­кер­шілік­тен боса­ты­ла­ды. Алай­да мен мұн­дай шараға қарсымын.

 

– Қызық екен! Себебі?

– Тәу­ел­сіздік алған­нан бері үшін­ші рет «амни­стия» жари­я­ла­нып­ты. Келесі рақым­шы­лы­қтың да «ауы­лы алыс емес» сияқты. Дәл сон­дай ел бол­сақ, өзге мем­ле­кет­тер бізді «ұрлы­қ­шы ел» деп тани­ды ғой. Отыз елдің қата­ры­на қосы­лай­ын деп жүр­ген­де, аты­мыз ұрлы­қ­пен шығуы керек пе?!

Бүгін­гі күні үкі­мет мем­ле­кет­тік кәсі­по­рын­дар­ды жеке­ше­лен­дірей­ін деп жатыр. Жеке­ше­лен­ді­ру арқы­лы бюд­жет­ті тол­ты­ру мүм­кін емес. Сонау 90-жыл­да­ры болған жап­пай жеке­ше­лен­дірудің қазір екін­ші науқа­ны ретін­де үлкен кәсі­по­рын­дар, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың акци­я­ла­рын сатқа­лы жатыр. Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­ның 90 пай­ы­зы сол кез­де саудаға түсіп, саты­лып кет­кен. «Фай­нен­шл Таймс» газеті 1996 жылы былай деп жазып­ты: «Қаза­қстан өз өнер­кісібінің 90 пай­ы­зын 3 мил­ли­ард дол­ларға сатып жібер­ді», деп. Әрине, аз ақша емес те шығар, алай­да эко­но­ми­ка­ның бүтін­дей мөл­шеріне жуық өнер­кәсіп­тің құны ретін­де бағам­да­сақ, бұл мар­дым­сыз қаржы.

«Халы­қтық IPO» деп «ҚазТран­сОйл» мен « KEGOC-тың» 10 пай­ы­зын сатып жібер­ді. Бұрын­да­ры жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де капи­талға рақым­шы­лық бір­ге жүр­гізіл­ме­ген. Ал осы күні еке­уі де бір­ге жүр­гізіліп жатыр. Рақым­шы­лы­ққа жата­тын капи­тал мен мүлік­тер – кеше­гі заң­сыз жол­мен табы­лған табыс.

Бұдан бұрын 2001, 2006–2007 жыл­да­ры болған рақым­шы­лық 2014–2015 жыл­да­ры да қай­та­лан­ды. Сон­да 15 жыл­дың ішін­де үш рет мүлік­ке рақым­шы­лық жаса­лып­ты. Әрбір бес жыл сай­ын қоғам­да рақым­шы­лық жари­я­лай­тын бол­са, онда мұны ұры, кор­руп­ци­я­лық қоғам деу­ге әбден бола­ды. Кеше­гі әртүр­лі жол­дар­мен ұрланған капи­тал­дарға рақым­шы­лық жасап, ол қар­жы­ға мем­ле­кет мүл­кін сатып алуға мүм­кін­дік беру­де. Бұл тек бай-шон­жар­лар мен билік­те оты­рған­дар үшін ғана жаса­лып жатқан сая­сат. Әртүр­лі заң­сыз жол­мен кел­ген ақша­ны қай­та заң­да­сты­рып, сол қар­жы­ға мем­ле­кет мүл­кін жеке­ше­лен­дір­гелі отыр.

 

– Ал осын­дай күр­делі дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да елде билік құрған идео­ло­ги­я­ны өзгер­ту қажет­ті­гі жөнін­де не айтар едіңіз? Мәсе­лен, «алды­мен – эко­но­ми­ка, содан соң – сая­сат» деген прин­цип өзін-өзі ақта­ды ма?

– Әлем­дік тәжіри­бе­ден де, ғылы­ми тұрғы­дан да пай­ым­да­сақ, сая­сат пен эко­но­ми­ка – медаль­дың екі жағы сияқты. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма басталған кез­де сая­си рефор­ма қатар жүр­гізілуі тиіс. Егер сая­си рефор­ма тоқтап қал­са, онда рефор­ма халық үшін емес, билік үшін ғана қыз­мет ететіні бел­гілі. Рефор­ма­ны жүр­гізіп оты­рған – адам, әркім жеке мүд­десін мем­ле­кет пен халы­қтың мүд­десі­нен биік қоюы керек деген қағи­да жоқ.

Біз маман ретін­де бас­пасөз­де айтып та, жазып та жатыр­мыз. Ал жұмыс істеп, халы­ққа нәти­же­сін көр­се­тетін үкі­мет қой. Елде жыл сай­ын алу­ан түр­лі бағ­дар­ла­ма­лар жаса­лып жата­ды, алай­да нәти­же­сі шама­лы. Бағ­дар­ла­ма­лар­дың қоры­тындысы жөнін­де есеп бер­ген билік жоқ.

«Алды­мен – эко­но­ми­ка, сонан соң – сая­сат» деген билік­те­гілер­дің ойы елге тіп­тен түсініксіз. Менің­ше, бұл дұрыс сая­сат емес. Эко­но­ми­ка­лық рефор­ма да, сая­си рефор­ма да қатар жүруі керек. Сая­сат билік­тің емес, бүкіл халы­қтың мүд­десін көз­де­уі қажет. Негізін­де, сая­си рефор­ма­лар адам­ды эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік­ке әке­леді. Эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­сіздік адам­ды нары­қтық жағ­дай­да бәсе­ке­ге қабілет­ті ете­ді. Нары­қта бәсе­ке­лесік болуы керек, ал сая­сат­та неге бәсе­ке бол­май­ды деген сұраққа жау­ап­ты сая­сат­кер­лер­дің еншісіне тапсырдым.

 

АҚШ өткен ғасыр­дың 20–30-жылдарындағы «ұлы депрес­си­ядан» негізі­нен жол салу инду­стри­я­сын дамы­ту ама­лы­мен құты­лған екен. Аме­ри­ка құр­лы­ғын екі жақтан шай­ып жатқан Тынық және Атлант мұхит­та­ры­ның ара­лы­ғы­на бір­не­ше жүз­де­ген мың шақы­рым­дық жол­дар салы­нып­ты. Ал біздің депрес­сия жағ­дай­ы­мы­здан «жол салу» – ол ауыл шару­а­шы­лы­ғы бол­май ма? Ел тұрғын­да­ры­ның басым бөлі­гі еңбек ететін ауыл шару­а­шы­лы­ғын дамы­ту бағ­дар­ла­ма­сы – депрес­си­ядан құтқа­ру құра­лы бола ала ма?

– Менің ойым­ша, ауыл шару­а­шы­лы­ғы дағ­да­рыс кезін­де айна­лы­са­тын мәсе­ле емес. Негізін­де, «ас – адам­ның арқа­уы» деп жата­ды ғой, сол себеп­ті күн­делік­ті тұты­на­тын өнім­ге қажет­тісі – сұра­ныс. Ал ауыл­дағы басқа үлкен шару­а­мен айна­лы­су үшін «қар­ның тоқ, көй­ле­гің көк» болуы тиіс. Сон­ды­қтан ауыл шару­а­шы­лы­ғы тек қана дағ­да­ры­сты күтіп оты­ра­тын сала деп қабыл­даға­ны­мыз жөн емес. Ауыл шару­а­шы­лы­ғы елі­міз­де­гі ЖІӨ-нің 5–6 пай­ы­зын ғана құрай­ды. Демек, ол сала­ның дағ­да­ры­стан құтқа­руға ықпа­лы көп деп айта алмаймын.

 

– «Тоқ­сан ауыз сөздің тобы­қтай түй­іні» демек­ші, дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да сіз білік­ті эко­но­мист ретін­де ел билі­гіне қан­дай кеңе­стер айтар едіңіз?

– Қан­ша жер­ден мұнай­лы ел атан­сақ та, бюд­жет­тің орын­да­луын қараған кез­де қыру­ар қар­жы пай­да­ла­ныл­май қалға­ны мәлім болып жатады.

Енде­ше үкі­мет­ті жаңар­тып, оның құра­мы­на кри­зис­ке қар­сы тұра ала­тын мене­джер­лер келуі тиіс. Қолы таза аза­мат­тар қажет.

Мүм­кін, олар тех­но­крат­тар­дың қата­ры­нан шыға­тын шығар. Дағ­да­ры­сқа қар­сы менедж­мент­тің қолға алы­нға­ны жөн. Ал дағ­да­ры­сқа жол бер­ген, оған қар­сы жос­па­ры мен бағ­дар­ла­ма­сы жоқ үкі­мет орнын боса­туы тиіс!

 

– Ашық айты­лған әңгі­меңіз­ге рах­мет, Тоқтар аға!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн