Воскресенье , 6 июля 2025

«ТТТ» ҚҰПИЯСЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Газеті­міздің өткен санын­да сұх­ба­ты жари­я­ланған бел­гілі актер Асыл­бек Боран­бай сей­сен­бі күні Алма­ты­дағы Ұлт­тық бас­пасөз клу­бын­да болған бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да «ТТТ» теат­ры­ның құпи­я­сын ашты.

Газет оқыр­ман­да­ры­на ата­уын жасы­рып қалған жаңа өнер орда­сы «Таны­мал тұлға­лар­дың толқы­ны» деген тір­кест­ің қысқарған үлгісі екен. Міне, осы «ТТТ» теат­ры­ның тұса­уы 2 мамыр күні Алма­ты­дағы Сту­дент­тер сарай­ын­да кесіл­мек. Осы күні жаңа театр Жеңістің 70 жыл­ды­ғы­на орай халы­ққа тың дүни­е­лері мен қой­ы­лым­да­рын таны­сты­рып, мере­келік көңіл-күй­ді сый­ла­уды жос­пар­лап отыр.

Деген­мен, Асыл­бек мыр­за алға­шқы қой­ы­лым­ның нәти­же­сі қалай бола­ры­нан сақта­нып, алдын ала ескер­ту әлпе­ті­мен былай деді: «Қазір әзіл-сықақ­пен жұмыс жасай­тын автор­лар аз. Мысал ретін­де айтар бол­сақ, Ресей­де­гі бір ғана Пет­ро­сян теат­ры­на 500 автор жаза­ды, сосын автор­лар­дың туын­ды­ла­ры іші­нен ірік­те­леді, біз­де Қаза­қстан­да 20 театр үшін 10 автор жаза ма, жаз­бай ма – ешкім біл­мей­ді. Біз­де жақ­сы автор­лар бар, бірақ олар театр­лар­мен тығыз ынты­мақ­та­сты­қта деп айта алмай­мын, біз­ге автор­лар жетіспейді».

Деген­мен, «ТТТ»-ның жетек­шісі «жаңа театр 35 жыл­дық тарихы бар «Тамаша»-ның қалы­бы­нан бөлек, өзге­ше әрі ерекше театр бола­ты­ны­на нық сенім­ді екенін және сол үшін де жан-жақты қызу дай­ын­ды­қта жұмыс жасап жатқа­нын» айтты.

Енде­ше «қош кел­дің, «ТТТ»! – дей­ік біз де.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн