Суббота , 5 июля 2025

Турабилер тұғыры

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №13 (377) от 06 апре­ля 2017 г.

Апта апты­ғы


Alaman Qazaq:

Әкім­нің сүй­реп жүр­ген орын­ба­са­ры атте­ста­ци­ядан өте алмай қалып­ты. Сүмірей­іп отыр­са, әкім кеп:

– Қан­дай сұрақ түсті? – депті.

Орын­ба­са­ры:

– «Қаза­қтың үш биі?» деген. «Қама­жай» мен «Қара жорға­ны» айт­тым, үшін­шісін таба алмадым…

Сөйт­се әкім:

– Әтте­ген-ай, «Қызыл өрік» қой! – деген екен.

Жет­кер­ген Садуақас:

«Қазсат‑1»-ді ұшы­рып, кей­ін­нен ол жоға­лып кет­кен­де, ита­льян­ды­қтар: «Ақша жеудің неше түрін білетін едік. Бірақ «через кос­мос» жеген­ді қаза­қтар­дан көр­дік», – деп таң қалған екен.

«Через кос­мос» жеген халал болып сана­ла­ды. Ақша жегеніңді ешкім дәлел­дей алмай­ды. Дәлел­дей­мін деп «арқа етің арша, бор­бай етің бор­ша» болып, жүр сол, кос­мо­сты шар­лап, жоқ спут­ник­ті іздеп.

Уа, ағы­л­шын­дар! Халал ақша жеуді үйрен­гілерің кел­се, қаза­қ­ша үйренің­дер! Уот, тәк!

Ардақ Әші­мо­ва:

Осы­дан 25 жыл бұрын теле­ар­на­лар­да «сәл шыдаң­дар, өтпе­лі кезең­нен өтсек, бар­лы­ғы да жақ­сы бола­ды» деп айта­тын еді. Сол өтпе­лі кезең 10 жыл­дан кей­ін қиын кезең­ге ұла­сты. Сосын тағы 10 жылы өте ауыр кезең­дер­ге тап қылды.

Ал соңғы 5 жыл «өте ауыр» кри­зис кезеңіне жалға­сты. Шыдам шегіне жет­ті. Жары­ла­тын кез кел­ді. 25 жыл алдаған­да­ры­ңыз жете­ді! 25 жыл­да жағ­дай­ды түзе­мек түгілі, халы­қты азғын­да­тып, қай­ыр­шы қылып жібердіңіздер!

Әрі қарай төзу мүм­кін емес.

Әлі де кеш емес, кетіңіз­дер! Енді әрі қарай оты­ра беру сіз­дер­ге тек қай­ғы-қасірет әке­леді! Кетіңіздер!!!

Қуан­дық Шамахайұлы:

Неме­ресі:

– Ата қырық өтірік­ші деген кім­дер, қазір бар ма?

Ата­сы:

– Болған­да қан­дай, қазір жина­лып алып, қос пала­та­да отыр ғой.

Ержан Тәліп:

Кани­кул­да үлкен ұл мен қызым­ды жез­дем­нің ауы­лы­на жібер­ген­мін. Солар кел­ді кеше. «Не жаңа­лық?» деген сұрағы­ма еке­уі бір­дей қосарланып:

– Папа, есіт­тіңіз бе? Анау «16 қыздағы» ұрлы­қ­шы болып ойнай­тын актер «қазақ мың жыл­дан кей­ін жой­ы­ла­ды» деп­ті. Жын­ды ғой, иә? – дей­ді ашу­ла­нып. Осын­дай ұл-қызда­ры бар қазақ ұлты жой­ыл­мақ емес. Жой­ыл­май­ды да. Жой­ы­ла­тын­дар Жану­ар­дың тұқы­мы шығар…

Еділ Макен:

Газет киос­кісін­де:

– «Қазақ тілі» бар ма?

– Жоқ.

– Ал «Қаза­қстан»?

– Саты­лып кетті…

Әзілі ара­лас пікір­лер «Фейс­бук» желісі­нен алынды


Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн