Воскресенье , 6 июля 2025

ҚУҒЫН-СҮРГІНДЕР құпиясын білгіңіз келсе…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Жаңа кітап

 

Жуы­қта Қаза­қстан «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мын ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры­ның бірі, ол қоғам­да шаңы­рақ көтер­гелі, оның тұрақты басқар­ма мүше­сі, біраз жыл пре­зи­ден­ті, соңғы кез­дері төраға орын­ба­са­ры ретін­де жұмысы­на бел­сене қаты­сып келе жатқан жазу­шы және тарих­шы Бей­біт Қой­шы­ба­ев­тың «Әділет» туы­мен ширек ғасыр» деп аталған пуб­ли­ци­сти­ка­лық хро­ни­ка­сы «Абзал-Ай» бас­па­сы­нан жарық көрді.

 

Жинаққа автор­дың «Әділет» иде­я­ла­рын наси­хат­та­уға, ста­ли­низм қыл­мыста­рын әшке­ре­ле­у­ге, тари­хи білім­ді тара­туға бай­ла­ны­сты әр кез­де жазы­лған мақа­ла­ла­ры, түр­лі жиын­дар­дағы сөз­дері, баян­да­ма­ла­ры, әзір­ле­нуіне тіке­лей өзінің қаты­сы болған құжат­тар, түр­лі басы­лым­дарға бер­ген сұх­бат­та­ры енгізіл­ген. Кітап қай­та құру дәуірін­де өмір­ге келіп, тәу­ел­сіздік­пен бір­ге даму үдерісін бастан кешіп келе жатқан қоғам­ның жиыр­ма бес жыл­дық ғұмы­ры­нан пай­да­лы мағлұ­мат­тар береді.

Ширек ғасыр­лық ғұмы­рын­да «Әділет» тота­ли­тар­лық кезеңнің бұр­ма­ла­у­ла­рын әшке­ре­ле­уді көз­дей­тін түр­лі ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­лар, дөң­ге­лек стол­дар және жұрт­шы­лы­қ­пен көп­те­ген кез­де­су­лер өткізді. Алма­ты түбін­де­гі «Жаңа­лық» мемо­ри­ал­дық кешенін, қала­да сая­си репрес­си­я­лар құр­бан­да­ры мұра­жай­ын ашуға, қасірет­ті кезең­нен сыр шер­тетін алға­шқы естелік­тер кіта­бын шыға­руға мұрын­дық бол­ды. Жазы­қ­сыз оққа бай­ланған­дар­дың есім­дері мен өмір­де­ректерін жария еткен «Аза­лы кітап» тіз­бе­гін шығар­ды. Жастар­ды тарих­пен тәр­би­е­леу ісіне, қоғам­дық сана­ны жаңа­ша қалып­та­сты­руға, демо­кра­ти­я­лық құн­ды­лы­қтар­ды орны­қты­руға хал-қадерін­ше атса­лы­сып келеді.

Осы мерей­жасқа орай шыға­ры­лып оты­рған атал­мыш жинаққа бер­ген алғы­сөзін­де Қаза­қстан «Әділет» тари­хи-ағар­ту қоға­мы­ның төраға­сы, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры Ғари­фол­ла Әнес қоғам­ның «мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гі­міз­ден екі жыл, сегіз ай бұрын дүни­еген кел­генін» атап айта оты­рып, «Әділет» «өзінің ста­ли­низм қыл­мыста­рын әшке­ре­леу, жабық тақы­рып сана­лып кел­ген сая­си қуғын-сүр­гін және ала­пат ашар­шы­лық шын­ды­қта­рын ашу, жазы­қ­сыз құр­бан болған­дар­ды ақтау ісіне атса­лы­су сын­ды бағ­дар­ла­ма­лық жұмыста­рын атқа­ра жүріп, сол арқы­лы елі­міздің еге­мен­дік­ке қол жет­кі­зуіне бел­гілі бір дәре­же­де өзін­дік үлес қосты» дейді.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн