Пятница , 4 июля 2025

Уақыт уыты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 

 

 


Ресми ақпарға сүй­ен­сек, еге­мен­дік алған 26 жыл­да Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы 10 есе, кей­бір деректер бой­ын­ша, 20–30 есе өсіп­ті. Кере­мет-ақ! Тек сол сан­сыз бай­лы­қты өз басын­да кім сезін­ді? Мәсе­лен, өзім 1991 жылы мек­теп­те­гі жар­ты став­ка­дағы жалақы­ма үш қой сатып алуға мұр­шам бола­тын. Қазір уни­вер­си­тет­те­гі толық став­ка­дағы жалақым баяғы сол қой­ға да жет­пей­ді (нан, сүт, күріш, т.б. үшін сол бағам).

Сұрақ біреу ғана: сон­да дамып, бай­ы­ған кім?

• Расул Жұма­лы­ның ФБ-парақшасынан

 

 

ЭКСПО ТУРАЛЫ ЭКСКУРС ПІКІР

 

Бір кез­дері дүни­е­жүзілік ЭКС­ПО-лар­дың тарихы тура­лы үш кітап аударға­ным бар. Көр­ме­лер­дің мән-жай­ын, онда не болып, не қой­ға­ны­нан, кел­ген халы­қтың нені тама­ша­лып, осын­дай шара­ны өткіз­ген елдер­дің және оған қаты­сқан жұрт­тар­дың келу­шілер­ді немен там­сан­ды­рып, нен­дей дүни­е­лер­мен тән­ті еткен­ді­гі­нен бір­ша­ма мағлұ­мат білетін­дік­тен бе, әйте­уір ЭКСПО маған айтар­лы­қтай әсер қалдырмады.

 

Бірін­ші­ден, көр­менің ана шеті­нен мына шетіне жетудің өзі бір ақыр­за­ман екен. Біраз елдер­де ЭКСПО үшін арнайы моно­рель­сті жол­дар салы­нға­ны­нан хабар­дар едім. Ішім­нен әтте­ген-ай деген­нен басқа шара бол­ма­ды. Әсіре­се үлкен кісілер мен мүге­дек жан­дарға өте қиын екен.

Сосын… Ақы­ры айт­тым ғой енді… ЭКС­ПО-ға кел­ген елдер­дің көп­шілі­гі бізді мен­сін­бей, өтірік-өтірік дай­ын­да­лып келе салған сияқты. Көп елдер­дің пави­льон­да­рын­да көретін­дей түк қызық жоқ. Көретін дүниенің бар­лы­ғы муль­ти­ме­ди­я­лық нұсқа­да дай­ын­да­лып әкелінген.

Құдай­ым-ау, сол үшін оларға қыру­ар қар­жы шығын­дап, пави­льон салып берудің қажеті қан­ша еді?! Оның бар­лы­ғын ортаға дәәәәу бір теле­ви­зор (экран) қой­ып бере сал­са, содан-ақ көре беру­ге бола­тын еді ғой. Тіп­тен сол ақпа­рат­тың бәрін интер­нет­тен-ақ көріп, мағлұ­мат алуға бола­тын еді. Фран­ция мен Өзбек­стан пави­льон­да­рын­дағы шөп­пен, опил­ка­мен жүреді деген мәши­не­лері де қаңы­рап құр тұр. Оның қалай жүретінін көр­сет­пе­ген соң… Обшым, бар­лы­ғы көңілім­нен онша шыққан жоқ. Рен­жі­сеңіз­дер де сол. Баяғы­да бір­нәр­сені айтып алып, «Бас кеспек бол­са да, тіл кеспек жоқ» деп ақта­лушы едік қой. Сол енді…

Жанар ОРАЗЫМБЕТ

 

 

 

ҚАЗАҚ ЕСЕК МІНІП әлі де жүре бер­сін бе?

 


Кешқұ­рым дала­да серу­ен­деп келіп, сағат 22.15-те теле­ди­дар­ды қосып қал­сам, Қаза­қстан ұлт­тық арна­сы­нан Әлгі кісі сөй­леп жатыр. Алды­на екі жур­на­ли­сті оты­рғы­зып қой­ып­ты. Біре­уі Ринат Кер­та­ев деген, екін­шісі қыз бала (әлде әйел болуы мүм­кін). Еке­уі де мой­ын­да­ры ауы­рға­нын сездір­мей­ді-ау, себебі сөй­ле­ген­дері­нен баста­рын шұлғи бер­ген­дері көп.

 

Сон­да айтып жатыр Әлгі адам: «Халық «Нұр­лы жол­ды» әлі түсін­бей жатыр! Айты­ң­дар­шы, қашан осын­дай жол­дар­мен жүріп еді? Алма­ты­дан Шым­кент­ке әп-сәт­те жетесің. Бура­бай мен Аста­на­ның орта­сын­дағы жол сияқты жол­дар­мен», – дей­ді. Қызық! Мен айтар едім, қазақ xалқын­да ондай заман­дар болып па еді? Ресей импе­ри­я­сы­ның астын­да жүр­ген­де қай­дағы асфальт? Түйе мен жылқы­ға асфальт керек пе еді? Одан кей­ін – КСРО-ның қол асты. Ол кез­де, орта­лық Мәс­кеу деген кез­де, сенің қала­ара­лық жол­да­ры­ң­ды не істесін? Мына Қаза­қстан ол кез­де шикі­зат қоры бол­ды ғой.

Ал содан «уф» деп, етек-жеңі­мізді жинаған­дай күй­ге түс­сек те, ұрлау-тона­у­мен 26 жыл­да сапа­сыз жол­ды әлдеқан­дай қылып, сөз ету­ге бола ма? Айтар едім, мысалға «кере­мет жол» деп, Гер­ма­ни­я­ның неме­се Син­га­пур­дің сапа­лы жол­да­ры бол­са! Сон­ды­қтан мін­дет­сін­бей-ақ қояй­ық. Заман ағы­мы­м­ен жол­дар төсе­луі тиіс! Әлде қазақ жол таң­да­мау үшін әлі де атпен, есек­пен жүре бер­сін бе?..

Ринат РАФХАТ

 

 

АҚША ЖИНАУ МАУСЫМЫ БАСТАЛАДЫ


 

Биыл екі балам­ды бір­дей мек­теп­ке дей­ін­гі дай­ын­ды­ққа бер­мек­пін. Мек­теп­те­гілер балаға қажет­ті құжат­тар­дың тізі­мін жасап, солар­ды түгел­дей жиып келуім­ді айтып, қолы­ма бір жапы­рақ қағаз ұста­та сал­ды. Бала­ның туу тура­лы куәлі­гі, мед­кар­та­сы, мекен-жай тура­лы аны­қта­ма­сы, конц­та­у­ар­лар… Он дана файл, регистр, қалың дәп­тер, 36 бет­тік дәп­тер, тағы басқа­сы. Әр балаға бір-біре­уден алған­да, өзі жұмыс­сыз оты­рған адам­ның қал­та­сы­на әжепте­уір сал­мақ сала­ды екен.

 

Оны қой­шы. Сұратқа­нын түгел жиып апа­рып бер­сем, әлгі пәлен тең­ге­ге сатып алға­ным­ды жарат­пай таста­ды. «Біз мұн­дай сұрат­па­дық. Сіз бірін­ші сыны­пқа қажет­ті заттар­ды әкеліп қой­ып­сыз, мына­лар­ды әкеліңіз» деп, тағы да қолы­ма ұзын сонар тізім­ді ұстат­ты. Маған алға­шқы бер­ген тізі­мін бай­қа­май шата­сты­рып беріп қой­ған екен. Тізім­де­гі жазы­лған­ның бәрінің баға­сы удай.

Мұғалім­дер бөл­месін­де оты­рға­ным­да бір мұғалім тұрып, «мықты­лар­дың бала­ла­рын жақ­сы мұғалім­ге оқы­та­ды. Ал таны­сы­ңыз бол­ма­са, жай білім­сіз мұғалім­ге оқы­та­ды» деді. «Сон­да сен­дер­де білім­сіз мұғалім­дер де жұмыс жасай ма?» дедім. Өз сөз­деріне өздері жау­ап бере алмай, қыза­рақтап қал­ды. Мек­теп мұғалім­дері өзі-өздерін осы­лай деп отыр­са, басқа жұрт не айтпақ.

Жұрт­тың айтуы бой­ын­ша, шар­ша­уым әлі алда екен. Бола­ты­нға да, бол­май­ты­нға да ақша жия береді-міс. Ақша бер­ме­ген ата-ана­ның бала­ла­ры­ның баға­сын төмен­детіп, олар­ды шет­те­тетін көрі­неді. Балаң­ның мек­теп­те­гі абы­ройы үшін өзің-ақ сұратқан ақша­сын апа­рып береді екен­сің. Баяғы біздің мек­теп­ке барған кезі­міз есі­ме түсіп отыр. Шашы­мы­зға екі бан­тикті тағып, метр­ке­мізді қолы­мы­зға ұста­тып, мек­теп­ке жетек­теп апа­ра салған. Ешқан­дай да ақшаға шығын­дан­бап­ты. Жыл соңын­да ғана ремон­тқа деп бір-ақ рет ақша жинай­тын. Қазір оқу бөлі­мі құтыр­ды ма, әлде олар­ды ақша­лы ата-ана­лар құтырт­ты ма – білмеймін.

Қысқа­сы, ақшаң бол­ма­са, мек­теп­тен де дұрыс білім ала алмай­ты­ны­ң­ды түсін­дім. Бола­тын бала­ның бетін қақ­па, белін бу деген бар емес пе? Мына­лар мына түрі­мен ақша­сы жоқ, бірақ оқып тұрған бала­ны қара­дай жасы­тып жібе­ретін сияқты. Жақ­сы баға­ның бәрін бай бала­ла­ры­на қой­ып бере бер­се, солай бол­маған­да қайтсін?

Сал­та­нат АБЫЛБЕКОВА

 

 

НЕ ДЕРІМДІ БІЛМЕДІМ

 

Биыл жаз­да Гер­ма­ния, Австрия мен Ита­ли­я­ны жалғыз ұлы­мен шар­лап шыққан шешем немістің тақтай­дай жол­да­ры мен жола­у­шы­лар үшін жасалған әле­умет­тік орын­да­рын, тау бөк­тер­лерін­де қыздың жүгін­дей тізіліп тұрған австри­я­лық шағын қала­лар­дың таза­лы­ғын, ита­ли­я­лық ауыл­дарға шей­ін тар­ты­лған инфрақұры­лым мен дема­лыс орын­да­рын; бей­біт, көңіл­ді, ақжарқын жер­гілік­ті халқын көріп, там­са­ну­мен бол­ды. Шағын ғана Чехи­я­ның өзі бұры­нғы соци­а­ли­стік кей­пін бір­жо­ла тәрк етіп, Батыс Еуро­па елдерін қуып жету­ге жуық қалға­нын айтып отырды.

Сосын жолай Зальц­бург маңын­дағы бір қонақ үйге түсіп, дамыл­дап жатқа­ны­мы­зда, бал­кон­нан сыр­тқа қарап тұрып: «Батыс Еуро­па­ның не бір қала­сын­да, не бір ауы­лын­да өз халқы­на осын­ша­ма кере­мет жағ­дай жасаған іскер ел бас­шы­ла­ры­ның бір­де-біре­уінің алып суреті (бил­бор­ды) көрін­бей­ді. Неге?» – деп сұрады.

Бажай­лап, бетіне қара­сам, сар­казм­ның табы жоқ екен. Тек мұң бар. Не деп жау­ап бере­рім­ді білмедім.

Ғалым БОҚАШ

 

 

БІЗ ӨЗІМІЗ КІНӘЛІМІЗ!

 

Әлем­де қаза­қтай оры­сқа оң қабақ­пен, тіп­ті сый-құр­мет­пен қарай­тын кең пей­іл, ақкөңіл халық жоқ. Бірақ оны­сы­нан оңған, пай­да тапқан қазақ тағы жоқ. Қазақ тілі жай­лы, ол іс жүзін­де толы­ққан­ды мем­ле­кет­тік тіл­ге айнал­май, қаза­қтың еңсесі көтеріл­мей­тіні жай­лы жаз­саң бол­ды, орыс газет­тері өзіңді жазы­қты етіп шыға келеді. Неге?

Бірін­ші себеп, адам негізіне тарт­пай тұр­май­ды – біз­де­гі оры­стар­дың көбі отар­шыл­дар мен тың­ды көте­ру кезін­де қап­тап кел­ген қыл­мыс­кер­лер­дің ұрпағы. Екін­ші және басты себеп – олар 300 жыл Алтын Орда­ның, яғни біздің баба­ла­ры­мы­здың қол астын­да болға­нын кеші­ре алмай­ды, қазақ десе, қанын­дағы ақпа­рат қай­нап шыға келеді…

Бірақ ол үшін оны кінәла­у­ға бол­май­ды, орыс оры­сты­ғын істе­у­ге тиіс, қаза­қты­ғын істей алмай жүр­ген қазақ – біз өзі­міз кінәлі­міз. Дәліре­гі – жал­тақ, бес күн­гі өзінің жаны­на жай­лы өмірі үшін, қазақ ұлты­ның бола­шағы­на бал­та шауып оты­рған оры­стіл­ді, оры­сқұл билі­гі­міз кінәлі. Төмен­де­гі қара­пай­ым, қалың халы­қтың кінәсі, яғни сіз бен біздің кінә­міз – асы­қ­пай­ық, уақы­ты келер, алды­мен эко­но­ми­ка­ны көтеріп алай­ық деген жаң­сақ ұғым­мен жүр­гені­міз. Ұлт­тық негіз­гі мәсе­ле­лер­ді шешпей, ұлт­тың, яғни мем­ле­кет­тің мәсе­ле­лерін шеше алмай­ты­ны­мы­зға мән бер­мей, бірік­пей, тізе қосып қимыл­дай алмай жүр­гені­міз кінәлі.

Өмір­зақ
АҚЖІГІТ

 

 

 

ПАРА беріп ұстал­саң, БЕРІП ШЫҒАСЫҢ


 

Кен­та­уға кел­гелі бері көңілі­ме қаяу түсір­ген нәр­се – жастар­дың ағы­лып, Коре­яға жұмысқа кетіп жатқа­ны. Қала­ның таза­лы­ғы, құры­лыс нысан­да­ры, т.б. дүни­е­лер көзі­ме түр­пі­дей тиген соң, біраз шене­унік­тің миын шіріттім-ау…

 

Ал жастар­дың жақ­сы өмір­ді аңсап, көп жалақы іздеп, жағ­дай­ын дұры­стап алғы­сы келетіні жақ­сы ғой. Алай­да біздің, әсіре­се Оңтүстік жаста­ры­ның қина­ла­тын тұста­ры көп екен. Химия пәнінің мұғалі­мі деген дипло­мы бар алыс туы­сым­ның сөзіне сен­сем, ЖОО-нын бітіріп, жұмысқа кірей­ін десе, пара сұрай­ды екен. Сосын қайт­сін, дипло­мын құшақтап, туған қала­сы­нан безініп, пара­сыз жұмысқа кірудің жол­да­рын іздей­ді… Біраз таны­старға да теле­фон соғып, жұмыс­сыз жүр­ген жақын­дарға бос орын іздеп көр­дім. Тек­ке кет­ті уақытым…

«Балық басы­нан шіриді» деп, билік пен ондағы атқа­мі­нер­лер­ді кінәлай­мын. Сезгенім – қолы­на билік­тің тіз­гінін ұстаған көп шен­ділер­де жана­шыр­лық, ада­ми қаси­ет жоқ екен.

Бір ұққа­ным – қатаң заң керек. Пара беріп ұстал­саң, пара беріп, сот залы­нан шыға­рып жібе­ру деген­ді доға­ру керек. Айта бер­сең, жүре­гің мен аузы­ң­ды шар­ша­та­тын мәсе­ле көп… Шене­унік­тер­ге звон­дай­мын деп қол да шаршады…

Сал­та­нат ӘШІРБАЙ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн