Суббота , 5 июля 2025

Қуат КҮНБОЛАТОВ: Ел-жұртқа жалбағай жарнама емес, НАН ТАБАТЫН ЖАҒДАЙ КЕРЕК

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (315) от 17 декаб­ря 2015 г.

 

ДАТ!

 

Бүгін­де әле­умет­тік желі­де қоғам­дық-сая­си тақы­рып­тар төңіре­гін­де ашық пікір айтып жүр­ген жастар­дың әжептәуір қата­ры пай­да бол­ды. Олар интер­нет­тің қаза­қстан­дық кон­тен­тіне бақы­лау күшей­іп, аза­мат­тық ойдың ерік-жігерін бұға­у­лау әре­кеті­нен қай­мы­қ­пай­ды. Аза­мат­тық ұста­ны­мын және ашық пікірін таны­тып жүр­ген сон­дай жастар­дың бірі – «Тұрғын­дар­ды дәрі­гер­лік-әле­умет­тік қорғау» қоғам­дық қоры­ның жетек­шісі, Жал­пы ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы «Жастар қана­ты­ның» мүше­сі Қуат КҮНБОЛАТОВ. Біздің тіл­ші­міз Қуат мыр­за­мен қаза­қстан­дық қоғам­дық өмір­де­гі апты­ғы басыл­маған ақпа­рат­тар және басқа да мәсе­ле­лер төңіре­гін­де тіл­дескен еді.

 

– Қуат мыр­за, сіз әле­умет­тік желіні бел­сен­ді пай­да­ла­ну­шы ретін­де қаза­қстан­дық кон­тент­те соңғы апта­да жиі қозғалған қан­дай тақы­ры­пқа көңіл ауда­рар едіңіз?

– Бірін­ші­ден, соңғы апта­ның басты жаңа­лы­ғы деп пре­зи­дент­тің жур­на­ли­стер­ге бер­ген сұх­ба­тын атап өту­ге бола­тын сияқты. Осы сұх­бат­ты сарап­тай келе, елде­гі қалып­тасқан көп­те­ген «қызық» жайт­тарға жау­ап табуға бола­ды. Оның ішін­де сыр­тқы және ішкі эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­мыз жөнін­де айты­лған жау­а­бын­да пре­зи­дент Назар­ба­ев жиыр­ма мың тең­ге­ге тоқта­лып, «Ресей біздің база­ры­мыз» деген сөзді айтып қал­ды. Бұның аста­рын­да біз бар­лық тау­ар­ла­ры­мы­зды Ресей­ден сатып ала­мыз деген мағы­на бар. Ал ол «база­рға» қаты­сты сөзді жілік­тей жөнел­сең, ұзақ-сонар әңгі­ме шығады.

 

– Мәсе­лен?

– Мәсе­лен, Қаза­қстан­ның қар­жы­сы сол «базар» арқы­лы Ресей­ге ағып жатыр. Соның нәти­же­сін­де біз ішкі нары­қты емес, Ресей эко­но­ми­ка­сын нығай­туға «үлес қосып» жатыр­мыз. Екін­ші­ден, ресей­лік «база­рға» бара­тын себебі­міз – өзі­міз­де өндірілетін өнім тап­шы деген сөз. Үшін­ші­ден, біздің Ресей «база­ры­на» әле­умет­тік-тұр­мыстық мұқтаж­ды­ғы­мыз бір­тін­деп сая­си мүд­делілік­ке ауып бара жатқа­нын айқын көру­ге бола­ды. Ал мұн­дай мүд­делілік­тің соңы ел тәу­ел­сізді­гіне қатер төн­діретін тақы­рып­тар туды­ра­ды. Осын­дай қатер­дің сық­пы­ты ел пре­зи­ден­тінің аузы­нан шығуы – ойлан­ды­ра­тын мәсе­ле бол­са керек.

 

– Деген­мен, өзіңіз сияқты жастар­дың бірі – қаза­қстан­ды­қтарға таны­мал аза­мат Мұх­тар Тай­жан пре­зи­дент­тің бұл жолғы телесұх­ба­ты­нан жеті бір­дей жақ­сы­лы­қтың ныша­нын көр­генін айтады…

– Әлбет­те, мен Мұх­тар­дың мұны­сын жоққа шығар­май­мын. Ол осы ойла­ры­мен пре­зи­дент­тің сөзі­нен жақ­сы­лық көре білу, соны түй­сіне білу арқы­лы дағ­да­ры­сқа қамалған жұрт­шы­лы­ққа optimus (опти­мизм – Ред.) бер­гісі кел­ген сияқты. Бұл өте дұрыс талпыныс.

Расын­да, сырт көз­ге теле-сұх­бат­та пре­зи­дент халы­қты толған­ды­ра­тын көп­те­ген сұрақтарға шынайы және ашық жау­ап беріп оты­рған сияқты көрін­ді. Өйт­кені пре­зи­дент әкім­шілі­гі, ішкі сая­сат меке­ме­лері, тиісті инсти­тут­тар әле­умет­тік желілер­ге үне­мі мони­то­ринг жасап, толғақты тақы­рып­тар­ды сара­лап оты­ру арқы­лы пре­зи­дент­ке елді маза­лаған мәсе­ле­лер төңіре­гін­де мес­седж беріп оты­ра­ды. Деген­мен, әдет­те­гі­дей пре­зи­дент халы­қтың нара­зы­лы­ғын туды­ра­тын әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ге жау­ап бер­гені­мен, іс жүзін­де оның шешу жол­да­рын айна­лып өткені бай­қал­ды. Алдын ала түсіріл­ген сұх­бат сарап­та­лып, сұрып­та­лып, теле-мон­таж жасалған соң ғана халы­ққа көр­сетіл­ді. Сон­ды­қтан жыл­тыр сөз, әде­мі айты­лған әңгі­ме – қым­бат­шы­лы­қтың тауқы­метін тар­тып жүр­ген қаза­ққа ас бола ма?

 

– Сіз пре­зи­дент­пен болған телесұх­бат­тың жал­пы трен­ді не екенін ұға алды­ңыз ба? Алдын ала жазы­лып алы­нған осы сұх­бат арқы­лы пре­зи­дент елге не айт­пақ бол­ды деп ойлайсыз?

– Бұл телесұх­бат­ты жыл қоры­тындыс­ы­на балай­тын­дар бар. Бірақ, менің ойым­ша, пре­зи­дент халы­қты кезек­ті рет бола­шаққа сен­дір­гісі кел­ді. Шыны керек, соңғы кез­дері мем­ле­кеті­міз­де­гі қара­пай­ым халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыс жағ­дайы күрт төмен­деп кет­ті, оған бір­ден-бір себеп –тең­генің тең­селіп, деваль­ва­ци­яға ұшы­ра­уы. Деваль­ва­ция – инфля­ция қарқы­нын үдетіп жібер­ді. Қым­бат­шы­лық қысып бара­ды. Жап­пай эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың нәти­же­сін­де халы­қтың ашу-ыза­сы әле­умет­тік-сая­си тренд­тер төңіре­гіне қор­да­ла­на баста­ды. Осы ара­да пре­зи­дент ел ішін­де­гі осын­дай аху­ал­дың апты­ғын басу ниетін танытты.

Екін­ші­ден, пре­зи­дент айна­ла­мы­зда қалып­тасқан гео­са­я­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты қаза­қстан­дық көзқа­рас­ты айтқы­сы кел­ген сияқты. Сири­ядағы соғыс бары­сын­да Түр­кия мен Ресей ара­сын­дағы сая­си жағ­дай­дың шие­лені­суі Қаза­қстан сая­са­ты­на қан­дай таң­ба сала­рын біл­дір­мек бол­ды. Оның үстіне осы кикіл­жің­ге қаты­сты пре­зи­дент бұған дей­ін өзінің ресей­лік пози­ци­яға жақын екенін сездіріп алған еді. Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гін дүние жүзін­де бірін­ші болып таны­ған туы­сқан Түр­ки­я­ның көңілін қал­дыр­мау үшін, бұры­нғы пікір­лерін жуып-шаю керек бол­ды. Бірақ ол «жуып-шаю» тағы да күң­гірт, солғын шықты. Сон­ды­қтан пре­зи­дент сұх­ба­ты­ның басты мақ­са­ты – бар­ша қаза­қстан­ды­қтар­ды «дұрыс жол­да» кетіп бара жатқа­ны­мы­зға сен­дір­мек болды.

– Жал­пы, соңғы апта­да пре­зи­дент­тің теле­бел­сен­ділі­гі кенет­тен артып кет­ті. Мәсе­лен, осы сұх­бат­тың алдын­да өткен теле-көпір­де бір­ден 18 жоба­ны «іске қосты». Осы­ның бәрі дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да нан тауып жеудің қаре­кеті шар­шатқан қара­пай­ым халы­ққа дем берудің ама­лы ғана деп айтуға бола ма?

– Жоқ, бұл шар­шаған халы­ққа дем бере­рлік әре­кет дей алмай­мын. Бұған дей­ін­гі сан­сыз теле-көпір­лер­де «старт бер­дім» деп пре­зи­дент ашқан талай-талай өндіріс орын­да­ры жұмыс істе­мей, қаңта­ры­лып тұрға­нын халық өз көзі­мен көріп отыр. Енді сон­дай даңға­за даб­ы­раға тағы да 18 жоба қосы­лға­ны халы­ққа қалай ғана дем беруі мүм­кін?! Ел-жұр­тқа бүгін­де жал­бағай жар­на­ма емес, нан тауып жей­тін жағ­дай жасалға­ны керек. Бәл­кім, билік үшін бұл жоба­лар жап­пай етек ала бастаған жұмыс­сызды­қтың алдын алуға сеп­ті­гін тигі­зетін әре­кет ретін­де көрі­нетін шығар. Бірақ бүгін­гі халық «тумаған сиыр­дың уызы­на» дәме­ле­нуді қой­ған. Сон­ды­қтан жаңа жоба­лар­ды жөн-жосы­қ­сыз жар­на­ма­лай бер­ген­нен гөрі, жұмыс істеп тұрған өндіріс орын­да­рын қол­дау арқы­лы жұмыс­сызды­ққа жол бер­меу әре­кеті ел-жұр­тқа әлдеқай­да пай­да­лы болар еді.

 

– Айт­пақ­шы, сол теле-сұх­бат­та пре­зи­дент ел үкі­метін ауы­сты­ру­дың пай­да­сы жоқ екенін айт­ты. Бұл «пай­да­сызды­қтың» аста­рын­да өзі таң­даған кадр­ларға деген сенім­сіздік­тің ізі жатқан сияқты: «қосы­лғы­штар­дың орнын ауы­сты­рған­мен, қосын­ды өзгер­мей­ді» деген сыңайда…

– Бұл орай­да пре­зи­дент өзінің ішкі ойын ашық айт­ты: «Сол үкі­мет­ті ауы­сты­ра беріп қай­те­міз, бәрібір бәрін мен басқа­рып оты­рған жоқ­пын ба?!» деген сыңай­мен. Қазір пре­зи­дент өзі­нен басқа ешкім­ге сен­бей­ді. Төңіре­гін­де үкі­мет басқа­руға бей­і­мі бар білік­ті кадр да қалған жоқ. Супер­пре­зи­дент­тік жүй­е­де кез­кел­ген жоғарғы дең­гей­де­гі шешім­дер пре­зи­дент­тің рұқ­са­тын­сыз қабыл­дан­бай­ды, сон­ды­қтан үкі­мет­тің орнын ауы­сты­рған­мен, оның нәти­же­сі өзгер­мей­ді деген ойы – қалып­тасқан ащы шын­дық. Егер пре­зи­дент ондай өзгерістер қажет­тілі­гі туған күн­ді түй­сін­ген жағ­дай­да бірін­ші кезек­те үкі­мет­ті емес, бүкіл сая­си жүй­ені рефор­ма­лау жағ­дай­ын ұсы­нар еді. Шама­сы, пре­зи­дент­тің ойын­ша, ондай күн тумаған сияқты. Бірақ жағ­дай тіп­тен басқа­ша екенін түсін­бе­уі неме­се «көгіл­дір көзіл­дірік» киіп жүруі ел үшін бола­шақ жақ­сы­лы­қтың ныша­ны емес.

– Бұл ойы­ңы­зға толық қосы­ла­мыз. Ел пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мо­втің БАҚ ата­улы­дан көрін­бей кет­кеніне қарап, үкі­мет­ті басқа­ру ісін нақты жағ­дай­да пре­зи­дент өз қолы­на алып алға­ны анық. Бірақ ол соны­мен бір­ге үкі­мет үшін жау­ап­кер­шілік­ті де өз қолы­на алға­нын сезсе керек, қалай ойлайсыз?

– Міне, мәсе­ле осы­да: «Кәрім­нің көрін­бей кетуі» түбін­де пре­зи­дент­тің өзіне соққы бола­ды. Ал Мәсі­мов бол­са, «мен сіздің мәң­гілік көмек­шіңіз­бін» деген құй­ты­рқы қулы­қ­пен бар­лық жау­ап­кер­шілік­ті пре­зи­дент­тің мой­ны­на арта сал­ды. Өзінің не істеп, не қой­ып жүр­генін пре­зи­дент­тен басқа ешкім біл­мей­ді. Ертең әлдеқан­дай бір күн туа қал­са, Мәсі­мов май­ы­сып шыға келуі мүм­кін: «Үкі­мет­ті де-факто басқарған пре­зи­дент­тің өзі» деп. Мәсі­мо­втің үкі­меті күні бүгін­ге дей­ін қаза­ққа қарай­лас қаре­кет жасаға­нын, оның әле­умет­тік-тұр­мысын оңда­уға бағыт­талған бір­де-бір бағ­дар­ла­ма­ны іске асы­рға­нын көр­ген-біл­ген ешкім жоқ. Елі­міз­де бар­лық салаға жау­ап­ты адам пре­зи­дент сияқты, өзі айта­ды, өзі жөн­дей­ді… Әйт­пе­се эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­дың осын­дай тығы­ры­ққа тіре­лерін болжап біл­ме­ген, дағ­да­ры­сқа қар­сы жұмыс жос­па­ры жоқ үкі­мет­ті баяғы­да отстав­каға жібе­ретін еді ғой.

 

– Қуат мыр­за, ал өзіңіз ЖСДП пар­ти­я­сы­ның жастар қана­тын­дағы бел­сен­ді мүше­лер­дің бірі едіңіз, қазір қан­дай қаре­кет жасап жүрсіз?

– Елде­гі демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның жұмыс жүр­гі­зу мүм­кін­ді­гі тары­лға­ны бар­шаға мәлім. Оның үстіне эко­но­ми­ка­ны басқа­ру мен жүр­гі­зу­ден бұрын, тобыр­мен жұмыс жүр­гі­зудің сая­си тех­но­ло­ги­я­сын жетік мең­гер­ген билік халы­қты терең ұйқы­дан оят­па­удың бар­лық қам-қаре­кетін жасап таста­ды. Осын­дай жап­пай сая­си салғырт­тық орнаған заман­да не істе­у­ге бола­ды? ЖСДП мүше­лері жер­гілік­ті жер­де­гі тұрғын­дар­дың әле­умет­тік жағ­дайы, әсіре­се жер, пәтер, банк­тен алған несие мәсе­ле­леріне қаты­сты заң­сыз әрі дау­лы жағ­дай­ларға ара­ла­сып, құқы­қты көмек көр­се­ту шара­ла­ры­на ара­ла­су­да. Өзім бүгін­де көп уақы­тым­ды ипо­те­ка­лық борыш­кер­лер­дің про­бле­ма­сын шешу­ге жұм­сап жатыр­мын. Осы рет­те орыс­ша ата­луы «Меди­ко-соци­аль­ная защи­та насе­ле­ния» деген қоғам­дық қор­ды басқа­ру­ды құры­л­тай­шы­лар маған тапсырды.

 

– Сон­да бұл Қорға бұрын­да­ры жетек­шілік етіп кел­ген Қанағат Тәке­е­ва ханым қай­да кет­ті? Ол өткен жылы ипо­те­ка­шы­ларға қаты­сты біраз қоғам­дық пікір көтер­ген бел­сен­ділер­дің бірі еді…

– Оның қазір қай­да екені­нен хаба­рым жоқ, бір білетінім – ол осы ипо­те­ка­лық борыш­кер­лер­дің про­бле­ма­сы­мен әлі де айна­лы­сып жүр­ген сияқты. Рас айта­сыз, Қанағат ханым борыш­кер­лер мәсе­лесін мем­ле­кет­тік про­бле­ма дең­гей­іне көтер­ген бел­сен­ділер­дің бірі бол­ды. Біздің бұл орай­да тізе қосып, жұмыс жүр­гізу­ге деген мүм­кін­ді­гі­міз мол екеніне сенімдімін.

 

– Ал қазір­гі ушы­ға түс­кен дағ­да­рыс жағ­дай­ын­да ипо­те­ка­лық борыш­кер­лер­дің аху­а­лы не болып жатыр? Сіз­дер қоғам­дық ұйым ретін­де бұған қаты­сты мони­то­ринг жүр­гі­зетін шығарсыздар?

– Шыны­на кел­сек, қазір­гі таң­да ипо­те­ка­лық борыш­кер­лер­дің жағ­дайы өте мүш­кіл. Жұмысы­нан айы­ры­лып, неси­есін төлей алмай жүр­ген адам­дар саны дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты күн санап көбей­іп жатыр. Көп­те­ген аза­мат­тар өмір­ден күдер үзудің аз ғана алдын­да жүр­генін де көзі­міз көріп отыр. Өмір­ден түңілу­шілік осын­дай дәр­мен­сіздік­тен туа­ты­ны әркім­ге мәлім жәйт бол­са керек… Деген­мен, кей­бір банк­тер 1–2 топ­тағы мүге­дек­тер­ге ипо­те­ка­лық қары­зын толық кешіру­ге енді ғана бет бұрып жатыр, бұл өте жақ­сы үрдіс дер едім. Қиын­дық туды­рып жатқан мәсе­ле де көп, мем­ле­кет­тік орган­дар­дың наза­рын ауда­руға және басқа да про­бле­ма­лар­ды бір­лесіп шешу­ге іс-шара­лар жасап жатыр­мыз. Қоғам тара­пы­нан қол­дау жоқ деп айта алмай­мын, бірақ бюро­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­те бар­лық тарап­тар­ды қанағат­тан­ды­ра­тын шешім­ді табу оңай емес.

Ең басты­сы – ипо­те­ка­лық борыш­кер­лер­дің мәсе­лесін бір­жо­ла­та шешу тек қана мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қолын­да еме­сті­гіне көзі­міз жет­ті. Оның бір ұшы ел бай­лы­ғын ием­деніп алған алпа­уыт­тарға барып тіре­леді. Мәсе­лен, екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­дің бар­лы­ғы жеке мен­шік­тің қолы­на өткен, яғни оның жеке қожай­ын­да­ры бар. Ал банк­тің басты мақ­са­ты – үне­мі пай­да табу. Сол себеп­ті банк иелері борыш­кер­лер­дің қары­здар­да­рын кешіру­ге, төлем уақы­тын созуға, жоға­ры пай­ы­здық үсте­месін азай­туға жол бер­мей­ді. Осы жағ­дай қара халы­қтың ығы­рын шыға­ру­да. Оның да бір шеші­мін заң­ды жол­мен таба­мыз деп ойлаймын.

 

– Осы­дан бірер жыл бұрын ЖСДП бел­сен­ділері елде­гі жастар ұйым­да­рын бірік­ті­ру жөнін­де біраз баста­ма көтеріп еді, оның соңы билік тара­пы­нан жаса­ла­тын «бөліп ал да, билей бер» сая­са­ты­на тап болған жоқ па?

– Ол бағыт­тағы жұмыстар әлі де жалға­сып жатыр. Әрине, әртүр­лі сая­си күш­тер­дің, билік меке­ме­лерінің, тіп­ті арна­у­лы орган­дар­дың ықпа­лын­да жүр­ген жастар­дың басын қосу оңай шаруа емес. «Бөліп ал да, билей бер» деудің жөні осы екені рас. Ең басты­сы – жастар мәсе­лесін қалып­тасқан қоғам­дық жағ­дай­дан бөліп алып, жеке­лей шешу мүм­кін емес. Ол үшін бүкіл сая­си жүйе өзге­руі қажет.

 

– Деген­мен, елде­гі жастар ұйым­да­ры қоғам­дағы жастар ара­сын­дағы суи­цид мәсе­лесіне қаты­сты біре­гей қозға­лыс жасай алмай оты­рған сияқты. Мәсе­лен, өткен апта­да тағы бір жас жігіт Түр­кістан­да өзін-өзі өртеп өлді. Жастар­дың өз-өзіне қол салу про­бле­ма­сы­на қар­сы іс-қимыл жаса­уда бірін­ші кезек­те қан­дай мем­ле­кет­тік мін­дет­тер­ді айтар едіңіз?

– Өкініш­ке қарай, қазір­гі таң­да суи­цид про­бле­ма­сы тек жастар­дың ара­сын­да ғана емес, жал­пы қоғам­ды жай­лаған дерт болып тұр. Суи­цид – қоғам­дық, мем­ле­кет­тік, әле­умет­тік, сая­си, пси­хо­ло­ги­я­лық сипа­ты бар күр­делі про­бле­ма. Бұл дерт­пен тек пси­хо­лог неме­се дәрі­гер күре­суі керек деген қате түсінік. Оның басты себеп­тері өте көп. Ең басты­сы – осы дерт елде­гі әле­умет­тік аху­ал­дың тауқы­меті­нен туын­дап отыр. Бола­шағы­на сенім­ді, аяғы­на нық тұрған, соны­мен бір­ге мінез-құлқы орны­қты, ден­са­улы­ғы мықты кез кел­ген аза­мат өзіне кол жұм­са­уы мүм­кін емес. Ал бүгін­гі жастар бола­шағы­на сене ме? Жұмыс­сыздық пен ертең­ге деген үміт­сіздік жастар­дың ерік-жігерін жан­шып тастаған. Суи­цид про­бле­ма­сын шешу үшін, әле­умет­тік әділет­тілік прин­ци­піне негіз­дел­ген қоғам қажет. Ал біз­де ондай қоғам жоқ екенін жыр­лай берудің қажет­тілі­гі бар ма?

 

– Жұмыс­сызды­қтың жастар ара­сын­дағы үлес сал­мағы қан­дай екенін біле алды­ңыз ба?

– Ресми ста­ти­сти­ка мұн­дай мәлі­мет бер­мей­ді. Біздің есеп­те­улер бой­ын­ша, Қаза­қстан­да жастар ара­сын­дағы жұмыс­сызды­қтың үлес сал­мағы жал­пы жұмыс­сыздар­дың 30 пай­ы­зы­нан аса­ды. Ал жастар ара­сын­дағы жұмыс­сыздық жал­пы еңбек нары­ғы­ның әлсізді­гін көр­се­те­ді. Мұн­дай жағ­дай­да өзге­лер­ден бұрын, бірін­ші кезек­те жастар дис­кри­ми­на­ци­яға ұшы­рай­ды. Олар дағ­да­рыс кезін­де бірін­ші болып қысқар­туға ұшырайды.

Үкі­мет біраз жыл бұрын «Диплом­мен – ауы­лға» бағ­дар­ла­ма­сын бастаға­нын біле­міз. Бірақ оның нәти­же­сі – «нөл»! Жап-жақ­сы баста­ма­ның эко­но­ми­ка­лық негізі жоқ. Мәсе­лен, агро­ном­дық неме­се инже­нер­лік диплом алып, ауы­лға барған жас кадр жап­пай жеке мен­шік­тің қолын­дағы нысан­нан жұмыс табуы мүм­кін бе?

 

– Сөз соңын­да «әле­умет­тік желі бел­сен­ділері» аталған вир­ту­ал­ды топ­тың сая­си күш­ке айна­лу мүм­кін­ді­гі тура­лы не айтар едіңіз?

– Ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар дамы­ған заман­да әле­умет­тік желілер қоғам­дық пікір­дің қалып­та­суы­на ықпал ететін алаңға айна­лып бара жатқа­ны шын­дық. Бірақ өз қауіп­сізді­гін тыра­шта­на қорғаған билік интер­нет­ті еркін пай­да­ла­ну мүм­кін­ді­гін шек­теп бара жатқа­ны да бүгін­гі күн­нің ақиқаты.

Жал­пы, әле­умет­тік желіні өрке­ни­ет­ті елдер­де аза­мат­тық жур­на­ли­сти­ка деп атай­ды. Осы орай­да әле­умет­тік желінің әле­умет­тік-сая­си ықпа­лын Аста­на­да орын алған «Әлі­би ісі­нен» неме­се «усе­нов­щи­на» жағ­дай­ы­нан көру­ге бола­ды. Мұн­дай мерездік­ке қар­сы халық кегін қоз­ды­рған басты рупор – әле­умет­тік желілер болға­ны айдан анық. Енде­ше дағ­да­рыс пен қым­бат­шы­лық сал­да­ры­нан қал­та­сы қағы­лған халы­қты вир­ту­ал­ды әлем алаңға алып шығуы да ғажап па екен? Ал қоғам­ды қопа­рып таста­уға мүм­кін­ді­гі зор ондай әлем­ді сая­си күш емес деп кім айта алады?

 

– Сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, Қуат мыр­за! Қолға алған істеріңіз­ге сәт­тілік тілейміз!

 

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн