Суббота , 5 июля 2025

УКРАИНА ОРЫС ТІЛІН барлық мәртебесінен айырды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (365) от 12 янва­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

Жарай­сы­ң­дар!

 


 

Май­дан­дағы мың­даған халы­қтың жанай­қай­ы­мен өзінің жаңа өмірін бастап, жаңа беле­с­ке қадам басқан асқақ Укра­ин     халқы орыс тілін бар­лық мәр­те­бесі­нен айырды.

 

Укра­и­на Жоғарғы рада­сын­дағы «Оппо­зи­ци­я­лық блок» фрак­ци­я­сы­ның депу­та­ты Евге­ний Балиц­кий «Укра­и­на­дағы азшы­лық ұлт­тар­дың тілін қорғау» тура­лы заң­на­ма­ны таны­сты­ры­лы­мға енгізді. 2017 жыл­дың 17 қаңта­рын­да Пар­ла­мен­та­рий атал­мыш заң жоба­сын талқы­лай­ды деп күтілуде.

Дни.ru пор­та­лы­ның мәлі­метіне сүй­ен­сек, Укра­и­на­да 2014 жыл­дан бері әле­умет­тік және қоғам­дық сала­да орыс тілін қол­да­ну­ды түбе­гей­лі жою жұмыста­ры жүр­гізіліп жатыр. Пре­зи­дент Петр Поро­шен­ко Укра­и­на жерін­де орыс тіліне ешқа­шан мем­ле­кет­тік тіл ста­ту­сы, тіп­ті Ресми тіл ста­ту­сы да беріл­мей­тінін қадап айтқан болатын.

Осы екі жыл жүзін­де Укра­и­на­дағы бар­лық орыс тілін­де­гі ата­у­лар, меке­ме тақтай­ша­ла­рын­дағы орыс тілін­де­гі жазу­лар, қажет десеңіз, вок­зал, әуе­жай мен мет­ро­дағы орыс­ша жар­на­ма­лар­дың да көзі жой­ы­лу­да. Мек­теп бағ­дар­ла­ма­сын­дағы оқулы­қтар укра­ин тілін­де қай­та жазы­лып, шетел­дік фильм­дер­дің дуб­ляж­да­ры тек укра­ин тілін­де дыбысталуда.

Ол аз десеңіз, 2016 жыл­дың 24 қара­ша­сын­да Петр Поро­шен­ко өзінің «Твит­тер­де­гі» парақ­ша­сын­да «Укра­ин­ды­қтар­дың жеке куәлік­тері­нен орыс тілі жоға­ла­ды» деп жаз­ба қал­ды­рған болатын.

Бауыр­лас Укра­ин халқы­ның осы ұлт­жан­ды баста­ма­ла­ры бізді ерекше қуан­та­ды. Поро­шен­ко­ның батыл қада­мы орыс тілінің құр­са­уы­нан құты­ла алмай оты­рған мем­ле­кет­тер­ге үлгі деп біле­міз. Тәу­ел­сіздік алға­ны­на талай жыл бол­са да, шене­унік­тері көр­ші елдің тілін­де сай­рап, мини­стр­лері ана тілін­де­гі сұраққа орыс тілін­де жау­ап беріп, сар­ба­з­да­ры Отан алдын­дағы антын орыс тілін­де қабыл­дай­тын мем­ле­кет­тер сау­сақ шошай­тып көр­се­тер­лік­тей ғана бүгін­де. Сол мем­ле­кет­тер­дің дүр сіл­кі­нетін кезі қашан келеді екен? Мем­ле­кет­тер дей­міз-ау! Өз тілің­нен гөрі орыс тілінің ығы­на қарай жығы­луға бей­ім әлем­де жалғыз-ақ мем­ле­кет бол­са ше? Ол мем­ле­кет­тің ата­уы қалай, сіздіңше?!.

Орыс тілінің қол­да­ну аясы уақыт өткен сай­ын тары­лып келе жатқа­ны, Ресей­дің тілі Ресми тіл ста­ту­сы­нан түбі айы­ры­ла­ты­ны бел­гілі. Петр І‑нің елін қыстыр­май­тын Петр Поро­шен­ко­дай ұлт­жан­ды аза­мат­тар орыс тілі­нен құты­луға батыл­да­ры бар­май оты­рған­дарға үлгі болсын.

Тілін жоғал­тқан халық түп-тамы­ры­нан айырылады.

 

Аза­мат ТАСҚАРАҰЛЫ,

«Қазақ Үні» порталының

бас редак­то­ры qazaquni.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн