Четверг , 19 июня 2025

«Волоколамск тас жолы» ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?

Өске­мен­дік жазу­шы, марқұм Жүніс Ыбы­ра­ев­тың (сурет­те) ұлы Әділ аға Ыбы­ра­ев бір­де маған әкесі жазған «Май­дан жыры мен сыры» деген кітап­ты оқып шығуға бер­ді. Кітап сонау 1993 жылы шыққан екен. Бір дем­мен қызы­ға оқып шықтым.

Кітап­тың арқа­уы – бел­гілі орыс жазу­шы­сы Алек­сандр Бек­тің бір­ту­ар қазақ баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның май­дан­дағы ерлі­гі жай­ын­да жазы­лған «Воло­ко­ламск тас жолы» («Арпа­лыс») повесі төңіре­гін­де екен. Аны­ғын­да «екен» дегенім бос сөз – егер әде­би­ет ғылы­мы­ның маман­да­ры ден қояр бол­са, бұл кітап құрып кет­кен­де кан­ди­дат­тық дис­сер­та­ци­яға пара-пар еңбек еді. Оның құны мен мәнін біз газет­тің осы саны­нан бастап жари­я­лай­тын сол кітап­тың үзін­дісін оқы­ған жұрт­шы­лық жақ­сы біл­се керек-ті.

Бау­кеңнің май­дан­дағы ерлі­гі жөнін­де жазы­лған кітап аз емес. Батыр­дың соғы­стағы ерлі­гі мен оның қол­бас­шы­лық дары­ны бүгін­де екі қаза­қтың біріне бел­гілі жәйт. Ал, бәл­кім, мен білер-біл­мес­пін: бірақ қаза­қтың һас баты­ры Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның жазу­шы­лық жолы жөнін­де жазы­лған мұн­дай ғылы­ми еңбек бар ма? Оған менің үлкен күмәнім бар.

Ермұрат БАПИ

 

 

Шыным­ды айт­сам, Алек­сандр Бек­тің «Воло­ко­ламск тас жолы» («Арпа­лыс») повесін ерте­ректе, алғаш оқы­ған­да-ақ кере­мет қай­ран қалған­мын… Соны­мен бір­ге кітап­ты оқу бары­сын­да бірқа­тар дүл­да­мал сұрақтар да туын­дап жат­ты. Бек­тің өзін тек айтқан­ды қағаз бетіне түсіру­ші хат­шы ретін­де ғана көр­се­туі сол кез­де қалай­да түсініксіз болып қалған. Бауы­р­жан­ның авторға – осы кітап­тың бірін­ші тара­уын өтірік жаз­саңыз, сол қолы­ңы­зды, екін­ші тара­уын өтірік жаз­саңыз, оң қолы­ңы­зды шауып тастай­мын деуі әзіл де бол­са, одағай­лау, бірақ шын­дық аста­ры да бар ма, әлде деген сезік тудырды.

Кітап бастан-аяқ дер­лік Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның аты­нан баян­да­ла­ды. Сон­да бұл кітап­тың нағыз иесі кім өзі? Оның түп­кі негізі қай­дан шыққан? Осын­дай сұра­у­ларға жау­ап іздеп, толқуға түс­кенім бар.

Бауы­р­жан Момы­шұ­лы Ұлы Отан соғы­сы­нан бұрын әде­би­ет­пен әуе­стен­ген бе? «Арпа­лыс» повесін әзір­ле­у­ге қалай әсер етті? Жазу­шы­лық жолы­на түсу сыры қан­дай? Осын­дай сұрақтар қызы­қты­рып, маза­ны ала бер­ді. Аты аңы­зға айналған батыр­мен, әске­ри про­за жан­ры­ның ғажай­ып шебері Бауы­р­жан аға­мы­з­бен жолы­ғып, әңгі­ме-дүкен құру­ды қиял­дап байқадым.

Бау­кең­мен жолы­ғу оңай емес екенін бұрын талай есті­ген­мін. Сон­ды­қтан арман-сырым­ды Әзіл­хан Нұр­шай­ы­қов ағай­ға айтып көр­дім. Ол кез­де Әзе­кеңнің «Ақиқат пен аңыз» тама­ша рома­ны жари­я­ланған. «Мен сөй­лесіп бай­қай­ын» деп, Әзе­кең уәде бер­ді. 1978 жылғы фев­раль­дің 14 күні жолы­ғуға Бау­кең рұқ­сат етті. Жазып алған адрес бой­ын­ша таңғы сағат 10 мез­гілін­де Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның үйіне келдім.

Бауы­р­жан аға­мыз жылы қар­сы алды. Аздап науқаста­нып жатыр екен. Төсе­гінің жаны­на орын­дық қой­ғы­зып, жақы­ны­рақ отыр деген­дей ыңғай таныт­ты. Бұл Әзе­кеңнің ерте­рек ескер­тіп қоюы­ның арқа­сы екенін түсініп отыр­мын. О кісі­ге мың да бір рах­метім­ді айтып қоя­мын ішім­нен. Бау­кең алды­мен аты-жөнім­ді сұра­ды. Фами­ли­ям­ды, әкем­нің және өзім­нің атым­ды толық айтқы­зды да, бір түр­лі көңіл­дене жымың етті:

– Паһ, ылғи пай­ғам­бар­лар­дың есім­дерін бір басы­на үйіп-төгіп алып­сың-ау, – деп күлім­деді. Егде тар­тқан қаза­ққа жолы­қ­саң да арғы тегіңді сұрай­тын әдеті бар. Бауы­р­жан ағай да сөйт­ті. Ертіс жаға­лап, Алтай тауын мекен­де­ген най­ман жұр­ты­нан екені­мізді есті­ген­де ерекше елең етті. Қазақ елінің шығыс қақ­па­сын басқын­шы­лар­дан қорғап қалу­да най­ман­ның «Қара­уыл жасақта­ры» ерте заман­да батыр­лық көр­сет­кені тура­лы шумақ-шумақ өлең­дер­ді шұбыр­та жөнелді.

Жең­гей­ге бір ыстық шай алды­рып, қасын­дағы ала­са столға қой­ды да:

– Әлгі Әзе­кең сені Отан соғы­сы жай­ын­дағы Алек­сандр Бек­тің және менің шығар­ма­ла­рым тура­лы біл­гісі келеді деген бола­тын, – деп маған қарай баяу бұры­лып, шай­ын үрлеп бір ұрттады.

– Иә, иә, солай… – дедім мен Әзе­кең сөзін растап.

– Онда «Арпа­лыс» повесі тура­лы Алек­сандр Аль­фре­до­ви­чтен сұрағын. Маған «Москва үшін шай­қас» тура­лы айт десең, бір сәрі, – деді мұр­тын жай­лап сипап.

– Алек­сандр Бек­тің өзі кітап­тың бас жағын­да-ақ мен ұқып­ты жазып алушы бол­дым деген­де, сіздің әңгі­меңізді жаза бер­ген­ге ұқсай ма, қалай? – деп таң­да­на сұрақ қойдым.

– Әңгі­ме­леп бер­генім де, күн­делік­терім­ді оқы­тқа­ным да, Бек­тің жазып алға­ны да рас.

– Сон­да кітап­тың иесі кім?

– «Арпа­лыс» повесінің авто­ры – Алек­сандр Бек. Ол менің күн­делік­терім­ді, түр­лі жаз­ба­ла­рым­ды, айтып бер­ген әңгі­ме­лерім­ді шебер пай­да­лан­ды. Әске­ри тұрғы­дан түр­лі ақыл-кеңе­стер бер­генім де рас. Еке­уміз бұл кітап­тың әзір­ле­нуі жөнін­де шарт жасасқа­мыз, – деп ойлы жүзін тере­зе жаққа бұрып, сәл тыныс алды.

– Осы мәсе­ленің анық-қаны­ғын біл­гісі келетін жұрт көп. Бұл өзі бір түгел ашыл­маған, көп­шілік­ті қызы­қты­рған құпия. Сол құпи­я­ның түй­інін шешіп, сырын ашуға бола ма? – деп сыпай­ы­лап, суырт­пақтап сыр тарттым.

– Қаз­ба­лап қой­ма­дың-ау, іні­шек. Келе­шек­ке, әде­би­ет­та­ну ғылы­мы­на кітап­тың қалай пай­да болуы тура­лы мағлұ­мат керек те шығар… «Арпа­лы­стың» туу сырын­да мен үшін жасы­рын түгі жоқ. Қан­ды көй­лек май­дан­дастар, тыл­дағы жол­дас-жора­лар бұл кіта­пқа бай­ла­ны­сты жәйт­тер­ді әртүр­лі дәре­же­де білу­ші еді. Бірақ соның бәрін бір жүй­е­ге кел­тіріп баян­да­уға қол қысқа болып жүр. «Арпа­лы­стың» әзір­ле­нуі жай­ын­да азын-аулақ біл­генім­ді айтып көрей­ін, қой­ын дәп­теріңді алып, жазып көр­гін, – деп менің қағаз алып, жаза баста­уға бата алмай оты­рға­ным­ды бай­қап, шару­аң­ды соза­қтат­пай, іске кіріс деген­дей иша­рат білдірді.

– Алға­шқы рет қор­ша­удан шыққа­ны­мыз маған қат­ты әсер етті, – деді ол. – Қан­дай арпа­лыс болып жат­са да, күн­делік жүр­гі­зу керек, деп өзі­ме қатал бұй­рық бер­дім. Ұрыс тыны­шталған әредік­те, көбін­де түн­де жаза­ты­н­мын. Бұл күн­делік­тер­де әр күн сай­ын бата­льон­ның басы­нан кеш­кен­дерін қысқа­ша тір­кей­тін­мін. Сөз бай­лы­ғы жет­пе­ген­де, май­дан шеп­терін кар­таға сызып, бей­не­лей­тін­мін. Оның мүм­кін­ді­гі біт­кен­де, кәдім­гі­дей сурет сала­тын едім. Мен жазған­да, жол­даста­рым ұйы­қтап жата­тын. Жазып болған кез­де мен олар­ды оята­тын едім де, өзім ұйқы­ға кететін­мін. Сөй­тіп, қалың дәп­тер­дің еке­уін тол­тыр­дық, онда бата­льо­ны­мы­здың 35 рет ұрыс жүр­гі­зуі бейнеленді.

Нақ сол жаз­ба­лар, күн­делік­тер, қағаз бетіне түсіріл­ген ой толға­уы «Воло­ко­ламск тас жолы» повесіне арқау бол­ды деп, Бау­кең мәсе­лені түй­ін­деп тастаған­дай әсер қал­ды­рып, әңгі­мені осы­мен доғарғы­сы келетінін аңғар­тып сал­ды. Кез­де­су осы­мен үзіліп кетер ме екен деп, зәрем ұшты, қысылғанда:

– Көкей­іңіз­де бір зіл жатқан­дай сезік­теніп отыр­мын аға, осы кітап­тың жазы­лу тарихы­нан тағы да аздап сыр қозға­май­сыз ба? – деп қиы­лып сұрадым.

– Жанға тиер­дей сұрақ қой­ып жетек­ке сала­сың, бала, ә, – деп мырс етті қарт. – Көкірек­те ары­стан­дай арпа­лы­сып, тыны­штық бер­мей жата­тын сыр пер­не­сін дөп басып отыр­сың. Жүрек­тің құпи­я­лы қылы шер­тіл­ген соң, аянар жөн жоқ, өзі сыздап, шыдат­пай жүр­ген күй­ім­ді тар­туға іркіл­мей-ақ қояй­ын­шы, – деді Бауы­р­жан ағай жасты­ққа шын­тақтай жатып, бір жөт­кірініп алды да, май­дан жырын төгіп, сырын ағытты.

– Бек­пен бір­ге осы кітап­ты әзір­леу кезін­де әлгі жаз­ба­ла­рым­ның, сыз­ба­ла­рым мен сурет­терім­нің мән-маз­мұ­нын ашып, кең түсінік бер­ген­мін. Соғы­стың ескір­ген әдістерінің жаңар­ты­лу себеп­терін айтып, әске­ри білім­нің қағи­да­ла­ры­на қанықтырдым.

Келісіп оты­рып, ұры­стың ең мән­ді кез­дерін ірік­те­дік, қорыт­тық, көр­кем­дік сипат бер­дік. Тура­сын айт­сақ, «Воло­ко­ламск тас жолы» кіта­бы біздің соғыс тәжіри­бе­міздің, әске­ри білі­мі­міздің жазу­шы Алек­сандр Бек шебер­лі­гінің нәти­же­сі деп білуі­міз керек.

– Бұл кітап­тың жазы­луы үшін автор­мен өзіңіз қоян-қол­тық жұмыс істе­ген екенсіз-ау?

– Сөй­тіп, 1943 жылғы «Зна­мя» жур­на­лы­ның 5–6‑сандарында кітап­тың бірін­ші әңгі­месі «Пан­фи­лов­шы­лар алғы шеп­те» деген атпен шықты. Жұрт жапа-тар­мағай қызы­ға оқы­ды. Редак­ци­яға жүз­де­ген хат­тар қап­та­ды. Жазу­шы­лар одағы бір кез­де сол­дат­ты­ққа жөнелт­кен Алек­сандр Бек соның арқа­сын­да бронь­ға ілік­ті. Ол енді жағ­дай­ын нығай­та түсу­ге асы­қты. Мені­мен келіс­пей, екін­ші әңгі­месін жазып, «Зна­мя» жур­на­лы­на ұсын­ды. Сөй­тіп уәдесін бұзды.

Кітап­тың екін­ші әңгі­месі автор А. Бек­ке қай­та жетіл­діру­ге қай­та­ры­лып беріл­ген екен. Марқұм, про­фес­сор Ека­те­ри­на Нико­ла­ев­на Михай­ло­ва ол кез­де «Зна­мя» жур­на­лы редак­то­ры­ның бірін­ші орын­ба­са­ры бола­тын. Қол­жа­з­ба­ны қарап, оны сүреңсіз, арқа­у­сыз, бірін­ші бөлім­нің сәт­сіз қай­та­ла­нуы деп тап­ты. Бұл жөнін­де редак­тор­дың орын­ба­са­ры маған ұзақ хат жазған. Бар­лық кем­шілік­тер­ді әңгі­ме­лей оты­рып, менен мына Бек­ке екін­ші бөлім­ді тиісті дәре­же­де жазуы­на көмек беруім­ді өтін­ген болатын.

Осы кез­ге дей­ін түп-тамы­рын қопа­рып айт­пай жүр­ген бір сыр­ды ашай­ын, – деді қарт сұқ сау­сағын жай­лап тік көтеріп: – 1942 жылы март­та біз Алек­сандр Бек еке­уміз ауыз­ша келісім жасаға­мыз. Сол шар­тта бола­шақ пове­сте пан­фи­лов­шы­лар­дың өз есім­дері сақта­лып, шын болған ұрыс оқиға­ла­ры ғана жазы­ла­ды деп келістік. Бұл шарт 1944 жылы 18 декабрь­де Москва­да қағаз жүзін­де бекітіліп, А. Бек еке­уміздің қолы­мыз қойылды.

  1. …Кітап авто­ры Алек­сандр Бек, ал Бауы­р­жан Момы­шұ­лы (оның естелік­тері, ауыз­ша әңгі­ме­лері, ойы, әске­ри жаз­ба­ла­ры) кітап мате­ри­а­лы болып табылады.
  2. …Кітап үшін А. Бек қана емес, Б. Момы­шұ­лы да жау­ап береді.
  3. Бауы­р­жан Момы­шұ­лы кітап­тағы әске­ри және әске­ри-пси­хо­ло­ги­я­лық мәсе­ле­лер­дің уағы­зда­луы дұры­сты­ғы­на жау­ап­ты және Алек­сандр Бек­пен келіс­пе­ушілік туса, шешу­ші сөз Бауы­р­жан Момы­шұлы­на беріледі. Ал әде­би­ет мәсе­лесі жөнін­де алшақтық туса, шешу­ші сөз иесі Алек­сандр Бек болады.
  4. Бауы­р­жан Момы­шұлы­на бұл кітап­тың бірін­ші редак­то­ры және қол­жа­з­ба цен­зо­ры болу пра­во­сы беріледі.
  5. Қазақ тілін­де шыға­ру үшін ауда­ру­шы­ларға еркін өзгер­тіп ауда­ру пра­во­сы беріледі.

– Міне, осы жағ­дай­ды түсін­діріп, 5 апрель 1944 жылы Ека­те­ри­на Нико­ла­ев­наға арнайы хат жол­даған едім, – деді Бау­кең жасты­қтан басын көтеріп. Онда алды­мен Ека­те­ри­на Нико­ла­ев­на­мен 1944 жылғы 28 март­та жолы­ғып, әңгі­ме­ле­с­кенім­ді есіне сал­дым. Бау­кең сәл кеудесін көтеріңкіреп, қолын созды да, бұры­штағы шкаф­тың үстің­гі бөлі­мін ашып, сон­дағы көк пап­ка­ны әпе­ріп жібе­руді өтін­ді. Пап­ка­ны ашты да Е.Н. Михай­ло­ваға жазы­лған хат­ты оқи бастады:

«Алек­сандр Бек­тің «Воло­ко­ламск тас жолы» кіта­бы әске­ри-ағар­ту­шы­лық сипаттағы шығар­ма­лар цик­лінің бір бөлі­мі болып табы­ла­ды. Оны біз соғыс, ұрыс, әске­ри-тәр­бие тақы­ры­бы­на арнап, Ұлы Отан соғы­сын­дағы ұры­стар­дың тәжіри­бесін, асыл дәстүр­лер­ді қоры­тып, сол­дат­тың ардақ тұтар қыз­метін­де­гі совет халы­қта­ры­ның, туы­стық және достық ұлы сезім­дерін көр­се­туді мақ­сат еткен едік…

Алек­сандр Бек­тің иығы­на түс­кен мін­дет ауыр да қиын, өйт­кені оның шығар­ма­сы бола­шақта ең алды­мен сая­си, әде­би, тари­хи, әске­ри-био­гра­фи­я­лық доку­мент болуы тиіс, оның күні бүгін тірі, ой-пара­сат­ты, жаза­тын кей­іп­кері бар – бұл жағ­дай авторға үлкен мін­дет жүк­тей­ді, оның фан­та­зи­я­сын мей­лін­ше тежей­ді, қала­мы­ның еркін сіл­теу, ойы­ның биік­ке шары­қтау және басқа мүм­кін­дік­терін тары­л­та­ды. Алек­сандр Аль­фре­до­ви­чтің твор­че­ство­лық және намысы­на әсер етер­лік осын­дай қиын­ды­қтар­ды жеңуіне тура келеді.

… Сіз білесіз бе, мен жаз­ба­ша және ауыз­ша дай­ын­да­у­шы рөлін өз мой­ны­ма алдым, бастан кеш­кен­ді Алек­сандр Бек­пен бір­лесіп ойда қоры­ту игілік­ті мақ­са­тын көз­дедім, оның ой тереңін­де суа­ры­лған сал­мақты шығар­ма туды­руы­на көмек­теспек­пін. Оны өз пары­зы­на адал жүз мың­даған сол­дат­тың іс-әре­кеті және қан­ның көл боп төгіл­гені жай­ын­да ұрпақ үшін атқа­ра­мын, сөй­тіп құр­бан болған және қасірет шек­кен адал сол­дат­та­рым­ның алдын­дағы қары­зым­ды өте­мек­пін, мұны кей­бір басты­қта­рым­ның «бұл қазір­гі кезең­де менің кәсібі­ме және мін­деті­ме жат­пай­ды» деген пікір­лері­мен есеп­тес­пе­стен осы­лай жасаймын».

Бұл сөз­дер­ді оқы­ған­да, қай­сар батыр Бау­кеңнің көзіне жас іркіл­ді. Ол дауы­сы сәл діріл­деңкіреп хат­ты одан әрі оқи бер­ді. «Алек­сандр Аль­фре­до­ви­чтің мате­ри­ал­дар­ды иге­ру­де­гі жан сала еңбек­те­нуін баға­лай оты­рып, істің мүд­десі үшін нақты­лы повесть тура­лы менің төмен­де­гі ескер­ту­лері­ме назар ауда­руы­ңы­зды өті­нер едім. Еркін жазға­ным үшін және осы хат­пен Сіздің уақы­ты­ңы­зды алға­ным үшін күні бұрын кешірім сұраймын.

Пове­стің жетістік­тері тура­лы жаз­бай-ақ қояйын.

1.Өкінішке орай, төр­тін­ші рет қай­та өзгер­тілуіне қара­ма­стан, Алек­сандр Бек менің 1942 жылы 27 сен­тябрь­де «Зна­мя» жур­на­лы редак­то­ры­на жол­даған хатым­да мен жазған бола­шақ кітап­тың про­грам­ма­сы­нан және менің 1943 жылғы 8 декабрь­де Москва жазу­шы­ла­ры клу­бын­да сөй­ле­ген сөзім­нен бірқа­тар ауы­тқу­шы­лы­ққа жол бер­ген. Бірқа­тар прин­ципті мәсе­ле­лер­де және ең басты­сы сая­си қателік­тер­ге жол беруі – кітап­тың құнын, сапа­сын төмен­детіп, тұта­сты­ғы­на кері әсер етіп қана қой­май, біздің отан­даста­ры­мыз үшін игілік­ті мақ­сат­пен шын жүрек­тен шыққан ниет­пен басталған іске нұқ­сан кел­тіретін бел­гілер­ді байқатады».

Одан әрі хат­та Алек­сандр Бек­тің жеке басын­дағы Б.Момышұлы пікірі бой­ын­ша кем­шілік­тері ата­лып көр­сетіледі. Пове­стің екін­ші әңгі­месі тура­лы хат­та одан әрі былай делінген:

  1. «Кей­бір жер­лерін­де совет офи­церінің обра­зы сәт­сіз көр­сетіл­ген. Автор­дың терең ойлан­ба­уы­ның және шын­ды­қтан қисын­сыз айнып, нақты­лы алып оты­рған бей­не­ден әдейі ауы­тқып, бүкіл пове­сте дөрекілік­пен қораш­сы­ну бар, шын­ды­қты теріс, өзінің көк­се­генін­дей етіп көр­сет­ті, міне, оның сая­си қатесінің түп-тамы­ры осын­да жатыр:

а) « Мен біздің құры­лы­стың ішкі ныға­юын түсін­бе­ген едім».

Мұн­дай сөз­ге мен таңқал­дым. Зия­лы совет жазу­шы­сы­ның совет офи­цері аты­нан осын­дай пікір біл­діру­ге аузы барар ма еді?! Бұл сөзді рево­лю­ция кезін­де 7–8 жастағы, одан соң совет мек­тібін­де оқы­ған… және Совет өкі­метіне 26 жыл өтсе де, совет құры­лы­сы­ның мәнін түсін­бе­ген адам айтқан, бұл совет аза­ма­ты­на абы­рой әпер­мей­тін іс».

Хат­ты түгел оқи беру шарт емес шығар деген­ді айтып, енді Бау­кең бүгін­гі таң­да көңіл ауда­руға ең қажет­ті жер­леріне ғана тоқта­лу­ды жөн көр­ді. «Ол кез­де мен сая­си жұмыстың қажет­ті­гін мой­ын­да­ма­дым» деп сөй­лей­ді А. Бек­тің пове­сте­гі геройы. Іс жүзін­де оған ауыз­ша айты­лға­ны да, жазы­лып беріл­гені де мына төмен­де­гі­дей бола­тын: «Сая­си жұмыстың мәні – адам жанын тебірен­те білу­де, биік арман-мақ­сат­тар­ды ояту. Сон­ды­қтан коман­дир жауын­гер­лік сөз­дер­мен қару­ла­нуы керек. Одан тәт­ті қиял лири­ка­сы мен көге­ре кеп­кен нан дәмі таты­ма­сын, ол шын­ды­ғы­мен, жан үйіре­рлік қара­пай­ым­ды­лы­ғы­мен сол­дат­ты бау­рап алуы тиіс.

Дөрекі мыл­жы­ң­ды, шене­унік­тік­ті, тоң­мой­ын­ды фор­маль­ділік­ті және сол сияқты­лар­ды мен еле­улі зия­ны тиетін кем­шілік деп санай­мын, олар мақ­сатқа жету­ге кедер­гі және кері әсер ете­ді. Өкініш­ке орай, сая­си жұмыс осы деген­дей-ақ, кей­біре­улер істі осы­лай жүргізеді…».

«Билі­гін өзіңіз шешіңіз­ші, мен нені мой­ын­да­ма­дым, нені дәріп­те­дім». Өз ойы пове­сте бұр­ма­ла­нып бара жатқа­ны­на Бауы­р­жан ағай қат­ты қапа­ла­нып жазған екен. А.Бек повесть кей­іп­кері Б. Момы­шұлын былай сөй­ле­те­ді: «Мен қара қаза­қ­пын, оны бұрын кір қожа­лақ деп атай­тын». Бау­кең автор­дың мұн­дай сөзіне заң­ды реніш біл­діріп: «Бұған не дер­сің, шір­кін, сіз өзіңіз-ақ түсініп отыр­сыз ғой, Бек осы­лай жаза­ды. Бұл автор­дың сыпай­ы­лы­қтан аулақ қан­дай дөрекілі­гі десеңіз­ші?! Бұл оған абы­рой әпер­мес және ол үшін оқу­шы­лар алдын­да арланамын…».

Хат­та кей­іп­кер нара­зы­лы­ғы одан әрі жалға­са береді – Автор­дың ақыл без­беніне сүй­ел­дей боп шыққан офи­цер­дің ұлт­тық өзге­шелі­гі бүкіл пове­стің өне бой­ы­на жай­ы­лған. Ол аттап басқан сай­ын кей­іп­кер­дің ұлт ада­мы екенін оқу­шы­ның есіне салып, «кешірім» өті­неді, сол үшін мүсір­ке­уін сұраған­дай бола­ды. Ал, шын мәнін­де, соғы­стың – ұры­стың қатал да әділ заңы ешқан­дай аяу­ды біл­мей­ді, сол­датқа да, офи­цер­ге де, қан­дай ұлтқа жат­па­сын, кешірім етпей­ді. Ұрыс тек ерлік­ті, қабілет­тік­ті ғана тани­ды, тек ептілік қана сол­дат­ты да, офи­цер­ді де алға бастай­ды, жоға­ры мәр­те­бе­ге жет­кі­зеді. Соғыс іскер­лік қабілеті жоқ адам­ды жоға­ры­ла­ту­ды мақұл­да­май­ды…». Бау­кең жур­нал редак­то­ры орын­ба­са­ры­на осы­ны түсін­діреді. Одан әрі Бауы­р­жан Момы­шұ­лы былай деп жаза­ды: «Мен көпұлт­ты әске­ри бөлім­ге коман­дир бол­дым. Мен бар­лық сол­дат­тарға тең қара­уға тыры­стым. Менің ашуым да, жүрек сезі­мім де бар­лы­ғы­на бір­дей еді. Өйт­пе­сем, әртүр­лі ұлт сол­дат­та­ры маған өз коман­ди­рі­міз деп қара­мас еді. Укра­ин сол­да­ты «бать­ко», қазақ «ақсақал» деп ата­мас еді… Совет офи­церінің сая­си кел­беті осын­дай­дан көрін­се керек. Қызыл Арми­ядағы достық, бауыр­мал­дық ерекшелі­гі де дәл осын­да. А. Бек­тің сая­си кінәсі де осы­дан келіп шығады».

Одан әрі Бау­кең автор А. Бек­тің пове­сте­гі көр­кем­дік, маз­мұн­дық олқы­лы­қта­ры­на тоқта­ды. «Диви­зи­я­ның созы­лып жатқа­ны ғана бар, ұрыс жүр­гізілуі жоқ дер­лік. Сон­ды­қтан Пан­фи­лов обра­зы солғын шыққан. Ең аз деген­де, Булы­чев сов­хо­зы, Оста­ше­во, Спасск-Рюхов­ские тұсын­дағы ұры­стар­ды қысқа­ша бол­са да, мін­дет­ті түр­де жазу керек деп санай­мын. Ол диви­зи­я­ның ұрыс жүр­гізіп жатқа­нын көр­се­ту үшін керек.

Пан­фи­лов-Пол­зу­нов ара­сын­дағы диа­лог нашар, менің қол­жа­з­бам­да ұсы­нға­ным­дай қысқа қайырылмайды.

Шабуыл фор­маль­ді түр­де, әйте­уір жазы­ла салы­нған және өте сәт­сіз шыққан. Шабуыл­дың табиға­ты бейнеленбеген.…

Исла­мқұ­лов бей­несі сұрғы­лт­тау. Оқу­шы есін­де қала­тын­дай емес. Ол пове­стің үшін­ші және төр­тін­ші бөлі­мін­де негіз­гі кей­іп­кер­лер­дің бірін­дей болып сурет­те­летін болады».

Б. Момы­шұ­лы көп­те­ген ескер­ту­лерін қол­жа­з­ба­ның шетіне жазға­нын еске салып, оны Бек­тің өзіне түгел жет­кіз­генін және 1944 жылғы 2 апрель­де «Зна­мя» жур­на­лы өкілі қаты­сып оты­рған­да бірқа­тар мәсе­ле­лер­ді баян­даға­ны тура­лы мәлімдейді.

Хат­тың соңын­да Бау­кең былай деп жазға­нын оқып бер­ді: «Менің ескерт­пе­лерім бүкіл повест­ке тұта­стай және толық қаты­сты емес, ол негізі­нен сәт­ті шыққан. Ескерт­пе­лерім оның нақты­лы кем­шілік­терін көр­се­ту­ге бағыт­талған, олар­ды автор­дың ықы­ла­сы түс­се, тая­у­да түзе­те ала­ды, сөй­тіп көңіл­де­гі­дей толы­қты­рып жақ­сар­та­ды. Сөйт­се де, жоға­ры­да көр­сетіл­ген олқы­лы­қтар орын алып қала бер­се, пове­стің екін­ші әңгі­месі бас­паға беру­ге әзір емес деп есеп­тей­мін және жеке прин­ципті мәсе­ле­лер бой­ын­ша түбе­гей­лі өзгер­туді талап ете­ді деп санаймын.

Бұл хат­тың тексті­мен Бек таны­сты және өзінің келісі­мін берді.

Гвар­ди­я­лық пол­ков­ник Бауы­р­жан Момышұлы».

Одан соң Бау­кең қабағын түй­іңкірей оты­рып, Михай­ло­ваға жазы­лған хат­тың бір дана­сы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік орта­лық архив­те, өзінің жеке қорын­да – 1942, тізбе‑2, іс-309, 1–10-беттерде тігулі екенін ескертті.

Бау­кең орны­нан тұрып, жаға­сы, етек-жеңі өрнек­тел­ген барқыт шапа­нын, оқа­лы тақи­я­сын киіп алды да, әлгі хат тігулі пап­ка­ны бұры­штағы шка­фқа апа­рып қой­ды. Таяғы­мен еден­ді ақы­рын тақыл­да­тып, аяң­дап бара жатқан көк шапан­ды, көк тақи­я­лы ата­ла­ры­мы­здан аумай, жылы ұшы­рай қалды.

– Мына кісі қуыс үйден құр шық­па­сын, не әзір­лі­гің бар, – деп жең­гей­ге айқай салып, ас үйге қарай бет алды. Мен Бау­кеңнің «Зна­мя» жур­на­лы редак­то­ры­ның орын­ба­са­ры Е. Михай­ло­ваға жазған хаты тура­лы шамы­рқанған ойға бат­тым. Бірақ сол хат­та көр­сетіл­ген жанға батар жәйт­тер «Арпа­лы­ста» кез­дес­пе­гені үшін өзім­ді-өзім жұбатқан­дай бол­дым. Бірақ ондай­ға көңіл бөл­ме­ген­дік­тен бай­қа­ма­дым ба, деп те қобал­жи бер­дім. Кей­інірек кітап­ты тағы оқып, салы­сты­ру керек деген ой толқыт­ты. Сон­да жазу­шы түзет­кен, қысқар­тқан тұстар да айқын­да­луы мүм­кін, Ал енді кітап­та қазақ намысы­на тиер­дей сөз­дер кез­дес­пе­гені анық. Енде­ше ол жазу­шы­ны Бау­кең талап­та­ры­нан қоры­тын­ды шыға­руы­ның нәти­же­сі болар деп ұйғар­дым. Жал­пы бұл хат­тың, сон­дағы қат­ты ескер­ту­лер­дің «Арпа­лыс» повесі сая­си-көр­кем­дік дәре­же­сін көте­руіне шешу­ші ықпал еткеніне енді анық көз жет­кізу­ге болады…

(Жалға­сы бар)

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн