Воскресенье , 6 июля 2025

«Волоколамск тас жолы» ҚАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

Кітап тарихы

(Соңы. Басы газеті­міздің өткен сандарында)

 

ВОЛОКАЛАМСК ТАС ЖОЛЫ КАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ АВТОР«Орыс жазу­шы­сы­на қаза­қтан кей­іп­кер таң­дап алып, тұлға­лы образ туды­рға­ны үшін тек қана рах­мет айтып, құр­мет тұту керек деп есеп­тей­мін. Сон­ды­қтан да оған деген достық сезі­мім­де ешқан­дай кір­шік жоқ. Ал енді твор­че­ство­лық істің бары­сын­да сын, өза­ра сын­сыз бол­май­ды. Онсыз өмір де жоқ. Жал­пы Алек­сандр Бек тура­лы көңілім ақ, мен оған бас иемін», – деп, Бау­кең ойға шомып кетті.

 

Сөйт­ті де: «Арпа­лыс» тура­лы нақты­лы әңгі­мені жалға­сты­рай­ық, – деді. – Кітап­тың 3–4‑әңгімесіне арналған мате­ри­ал­дар 1944 жыл­дан кей­ін ұзақ уақыт Алек­сандр Бек­тің қара­мағын­да жат­ты. 1944 жыл­дың аяғы­на дей­ін кітап­ты түгел жазып бітіруіне қажет­ті бар­лық мате­ри­ал­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген еді. Үшін­ші және төр­тін­ші әңгі­ме­лер­ді Бек­ке айтып беру­ге 1944 жылғы көк­тем­нің, жаз­дың және күздің бар­лық кеш­кі мез­гіл­дерін арна­дым. Ол кез­де оқиға­лар ойда әлі жақ­сы сақта­у­лы еді. Бірақ Бек соғы­стан соң басқа шару­а­ла­ры­мен айна­лы­сып кет­ті, маған таяу бола­шақта бітіре­мін деп уәде беру­мен бол­ды. Содан кей­ін бақан­дай 14 жыл өтті. Едәуір мез­гіл. «Арпа­лыс» повесін­де Алек­сандр Бек автор­лық мін­детін өз шама­сы жет­кенін­ше орын­да­ды, мен оған әзір­ле­уші, ақы­л­шы рөлім­ді де бел­гілі дәре­же­де атқар­дым. Ара­мы­зда сыпай­ы­лық, сый­ла­стық сақтал­ды. Мен оған бар ықы­ла­сым­мен ырза екенім­ді ашық айтамын.

Одан соң әске­ри қыз­мет­тен запасқа ауы­сып, эста­фе­та­ны Бек­тен алып, өзім әкет­тім. Бұл Бек­ке менің ашу­ланға­ным емес, пары­зым­ды орын­дау деп біле­мін. Мен өз твор­че­ство­мды бола­шақ ұрпақ алдын­дағы өтеу деп қарай­мын. Кітап­тың жазыл­мауы­нан уақыт­ты босқа өткі­зуді бұдан әрі соза беру­ге бол­май­тын еді. Онсыз да Бек­тің жалқа­улы­ғы сал­да­ры­нан 14 жыл зыр етіп өте шықты. Ал мен оған бұры­нғы келісім-шар­ттар негізін­де қарым-қаты­нас орна­тып, жұмыс істей­ік деп, бір­не­ше рет ұсы­ныс жасағамын.

Бек менің жазып жатқа­ным­ды біліп, менен бұрын озып кет­пек бол­ды. Жазған­да­ры­на «Арты­мы­зда Москва», «Пан­фи­лов резерві», «Бір­не­ше күн» деп ат қой­ып, бірқа­тар бас­па­ларға барып­ты. Бірақ бас­па­лар одан бас тар­тып­ты. Біздің келісім-шарт бой­ын­ша, ол менің келісі­мім­сіз қол­жа­з­ба­ны өткізу­ге пра­во­сы жоқ еді. Бұл жолы да ол шар­тты бұзды.

Мен өзім­ді жазу­шы­мын деп сана­май­мын. Мен көріп-біл­генім­ді қағазға түсіру­ші әске­ри адам­мын. Бірқа­тар шығар­ма­ла­рым жарық көр­гені­мен жазу­шы бола алмаға­ным­ды мой­ын­дай­мын. Әрине, сенім­ді доку­мент­тілік­ті көр­кем бей­не­ле­умен сәт­ті ұшта­сты­ру әркім­нің қолы­нан келе бер­мей­ді. Оны әдет­те автор­дың шебер­лі­гі деп атай­ды. Сон­ды­қтан мему­ар­лық әде­би­ет авто­ры мой­ны­на қиын мін­дет­тер жүк­те­леді. Мұн­дай жағ­дай­да автор екі мақ­сат­тың бірін таң­дап алуы тиіс. Мәсе­ле осы­лай қой­ы­лған кез­де автор­дың қина­ла­ты­ны рас. Ол неме­се шын­ды­қты құр­бан­ды­ққа шалуы, неме­се көр­кем­дік­ті таң­дап алуы керек. Мен өзім мұн­дай жағ­дай­да көр­кем­дік­ті құр­бан­ды­ққа бере­мін. Өйт­кені менің ең басты мін­детім – әде­мілік пен көр­кем­дік­ке бола шын­ды­қты бұр­ма­ла­удан сақтау.

Олай ететін себебім бар, ойдан қосып жазу арқы­лы май­дан­да құр­бан болған­дар ару­ағын, қасірет шек­кен­дер­ді және қазір­де аман-сау жүр­ген бұры­нғы жауын­гер жол­даста­рым­ды қор­ла­у­ға мораль­дық хақым жоқ.

ВОЛОКОЛАМСК ТАС ЖОЛЫ КАЛАЙ ЖАЗЫЛДЫ (2)Кей­бір редак­тор­лар менің қол­жа­з­бам­ды оқып, сол­дат­ты әрлеп боя­у­ды, киі­мін түзе­уді, батыл­дық пен өжет­тілік­ті, бас айнал­ды­ра­тын әре­кет­тер­ді көбірек енгі­зуді ұсын­ды. Қысқар­тып айтқан­да, «пар­фю­ме­рия өнер­кәсібі» өнім­дерін түгел қол­да­нып, кос­ме­ти­ка­лық каби­нет­тен әде­мі ержүрек адам­ды әзір­леп шыға­руға ақыл бер­ді. Мен олар­мен келі­се алма­дым. Өйт­кені менің сол­дат кел­беті тура­лы түсіні­гім мүл­дем басқа­ша. Мен үшін сол­дат­тың келісті кел­беті оның күн­ге күй­ген пилот­кісі­нен, өңі оңған гим­на­стер­ка­сы­нан, жауын­гер­лік тоты­ққан жүзі­нен, бет-әлпе­ті­нен бай­қалған терең әжім­дері­нен, ашу-ыза­сы­нан, қай­ғы­сы­нан, соғыс күн­дерінің қал­ды­рған бел­гі табы­нан көрі­неді. Сол­дат кел­беті, міне, осын­да. Мен сол­дат­тың осын­дай сұлулы­ғы­на соғыс жыл­да­рын­да сүй­сін­ген едім, қазір де сүйсінемін.

Ал біздің фото­тіл­шілер қал­та­сы­на Москва­дан әкел­ген жаңа пило­тқа салып жүретін. Жауын­гер­ді сурет­ке түсірер алдын­да оның күн­ге күй­ген пилот­кісін жаңаға ауы­сты­ра қоя­тын. Шын­дық пен ойдан қосу­дың осын­дай ұшта­суын ақиқат деп ұсы­на­тын. Құр­мет­ті редак­тор­лар­дың ұсы­ны­ста­ры­нан бас тар­та­ты­ным да осын­дай себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты. Мен осы жаз­ба­ла­рым­да отан­даста­рым­ды, өз тәжіри­бем­ді, әсіре­се өз қателік­терім­ді әңгі­ме­леп бер­гім келеді.

Қате­лер­ге неге көбірек көңіл бөлетінім­ді айтай­ын. Өйт­кені өсіп келе жатқан ұрпақ біздің қате­лері­мізді қай­та­ла­ма­сын дей­мін. «Мосв­ка үшін шай­қас», «Бір түн­нің оқиға­сы» сияқты жаз­ба­ла­рым­да көр­генім мен бастан кешір­кен­дерім тура­лы тарих билі­гіне айғақ болар­лы­қтай куәлік қал­ды­рып кет­кім келеді. Бұл куәлік мәлі­мет­тер бола­шақта ХХ ғасыр­дың Лев Тол­стой­ы­на «Соғыс пен бей­біт­шілік­ті» жазуы­на қыз­мет ететін мате­ри­ал­дар­дың бірі бол­са, мен оған «дай­ын­да­у­шы» болға­ны­ма шексіз қуа­нар едім».

Бауы­р­жан аға­мен жолы­ққан­нан кей­ін үйге келіп, ұзақ ойға шомы­дым. Табиғат қалай бұл адам­ды алу­ан қыр­лы талант­ты етіп жаратқан деп таң­дан­дым. Жауын­гер­лік, батыр­лық талан­тын қалай таныт­са, енді бей­біт жағ­дай­да әде­би­ет сала­сын­да, жазу­шы­лық өнерін де жан сүй­сі­нер­лік­тей мең­гер­геніне тән­ті болға­ным­ды жасы­ра алмай­мын. «Арпа­лыс» повесін жазу­да Алек­сандр Бек­ке сон­дай құн­ды кере­мет мате­ри­ал әзір еткен Бау­кеңе қалай ырза бол­мас­сыз?! Жазу­шы Бек­ке баға жет­кісіз алтын қазы­на кез­дескен. Бірақ «Арпа­лыс» повесін әзір­ле­уде жазу­шы мен кей­іп­кер ара­сын­да қан­ша­лы­қты қат­ты күрес жүр­гізіл­ген?! Ақиқат даудан шыға­ды деген­нің айқын дәлелі осы болар.

«Арпа­лыс» повесі солай – дүни­е­ге оңай­шы­лы­қ­пен кел­ме­ген екен. Бірақ Бау­кеңнің сіңір­ген еңбе­гі зая кет­пе­ген, ол        А. Бек­ке жай мате­ри­ал беріп қана қой­май, лай­ы­қты ақы­л­шы-ұстаз, мате­ри­ал әзір­ле­уші рөлін де ойдағы­дай атқарған. Соның арқа­сын­да «Арпа­лыс» повесі Москва түбін­де­гі шай­қас шын­ды­ғын бүкіл әлем­ге паш етті.

«Арпа­лыс» повесінің жазы­луы тура­лы Алек­сандр Бек­тің өз пікірі, өз пози­ци­я­сы қан­дай екен? Басқа ғалым­дар, жазу­шы­лар бұл повест­ке қалай қарай­ды екен? – деген сұрақтарға да жау­ап беру керек еді. Сон­ды­қтан Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның «Арпа­лы­сты» жазуға Алек­сандр Бек­ке көп мате­ри­ал бер­генін, әске­ри әдістер­ді жүзе­ге асы­ру, ұрыс бары­сы тура­лы құн­ды әңгі­ме­лер айтқа­нын бір­ша­ма аны­қтаған соң, енді тағы да ізде­ну­ге тура кел­ді. «Арпа­лыс» повесі тура­лы жари­я­ланған мате­ри­ал­дар­ды қарас­ты­рып, архив­тер­ді ақта­ру қажет бол­ды. Сон­дай жұмыс бары­сын­да Алек­сандр Бек­тің «Арпа­лыс» повесі тура­лы ғалым Оль­га Мои­се­ев­на Груд­цо­ва, жазу­шы­лар Алек­сандр Кри­виц­кий мен Кон­стан­тин Симо­нов, тағы басқа әде­би­ет­шілер аса құн­ды пікір­лер толғаға­ны байқалды.

Алды­мен Алек­сандр Бек­тің өз пікіріне тоқта­лай­ық. «Вопро­сы лите­ра­ту­ры» жур­на­лы­ның 1960 жылғы үшін­ші санын­да Алек­сандр Бек былай деп жаз­ды: «1942 жыл­дың басын­да Пан­фи­лов атын­дағы диви­зи­яға жол тарт­тым… Москва түбін­де қаза тапқан Пан­фи­ло­втың обра­зы бір­те-бір­те жинақта­ла бер­ді… Басқа герой­лар­ды да мен өз тұлға­сы­нан жаз­дым. Мені қазақ коман­ди­рі Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның өзін­дік ерекше біті­мі, жарқын тұлға­сы таңқал­дыр­ды. Шығы­стың бұл өктем ұлы сол кездің өзін­де-ақ маған көр­кем образ, харак­тер боп көрін­ді. Момы­шұ­лы пол­кін­де бір айға жуық тұрып, мен март­тың таңер­тең­гі қатқағы­мен, оның жер­төлесі­нен шығып, жүгім­ді артып, кері қайт­тым. Полк комис­са­ры сары шашты кубан­дық Логви­нен­ко мені­мен бір­ге шықты.

Қошта­сар­да: «Сіз қыран ұясын­да бол­ды­ңыз. Бай­қаңыз, сары ауыз бала­панға ұқсап қалып жүр­меңіз!» – деді.

Бұл жол­да­ма көңілі­ме мықтап ұялап қалып­ты. Пове­сті қолға алмас бұрын пан­фи­лов­шы­ларға бес-алты рет барып қайт­тым. Ақыр соңын­да, ойға алған нәр­се айқын­да­лып та қалды».

Алғы шеп­те, Момы­шұ­лы пол­кін­де бір айға жуық тұрып, (фев­раль­дің басы­нан март айы­ның басы­на дей­ін) қай­туы А. Бек­тің соғыс жай­ын­да көп мате­ри­ал жина­уы­на мүм­кін­дік бер­ді. Өзінің айтуы­на қараған­да, ол одан соң да бұл полк­ке 5–6 рет барып қайтқан.

Жазу­шы А. Кри­виц­кий де: «Бауы­р­жан Момы­шұ­лы А. Бек пове­стерінің геройы» екенін атап көр­сетіп, дұрыс таным біл­діріп отыр. «Бран­ден­бург қақ­па­сы» атты очер­кін­де ол былай деп тұжы­рым жасай­ды: «Момы­шұлы­ның атақты болуы, әрине, орын­ды. Бірақ мұның сыры мына­да – ол тек Москва түбін­де­гі ұры­стар­дың қаһар­ма­ны ғана емес, соны­мен бір­ге Алек­сандр Бек пове­стерінің де геройы болды» .

Бұл мәсе­ле­де де талас жоқ сияқты. Ғалым әде­би­ет­ші          О. Груд­цо­ва «Алек­сандр Бек­тің «Бір­не­ше күн» повесін­де­гі Бек пен Бауы­р­жан диа­ло­гы­нан мына­дай цита­та келтіреді.

«–Көр­діңіз бе… дүни­е­де екі Бауы­р­жан бар, – деп мәлім­деді Бек.

– Еке­уі? Қалай­ша? – деп таң­дан­ды Момышұлы.

– Біре­уі – қазір менің қата­рым­да оты­рға­ны. Яғни, сіз Бауы­р­жан. Даңқы мәр­мәр­да мәң­гі­ге жазы­лған… Әске­ри мему­ар­лар авто­ры… Ал басқа Бауы­р­жан Момы­шұ­лы «Воло­ко­ламск тас жолын­да әре­кет ете­ді, өмір сүреді».

Пове­сте көр­сетіл­генін­дей, бұл әңгі­ме соғы­стан кей­ін бір­не­ше жыл өткен соң, Бауы­р­жан мен Бек еке­уі кез­дескен кез­де бол­са керек. О. Груд­цо­ва «Воло­ко­ламск тас жолын­дағы» Бауы­р­жан Момы­шұлын кәдім­гі Бауы­р­жан Момы­шұ­лы емес деп көр­се­те­ді. Ол Бек­тің повесін­де­гі Бауы­р­жан әде­би кей­іп­кер, жазу­шы қия­лы­нан туған образ екенін дәлел­дей­ді. Бұл енді дау­сыз екені ақиқат қой. Жазу­шы көр­кем образ дәре­же­сіне көтер­ген­де, шын­ды­қты сурет­ке түсір­ген фото­граф­тай, сол қалы­бын­да көші­ре салмайды.

1958 жылы Алек­сандр Бек Москва­да Бауы­р­жан Момы­шұ­лы жатқан мей­рам­ха­наға келіп жолы­ға­ды. Ә. Нұр­шай­ы­қо­втың «Ақиқат пен аңыз» роман-диа­ло­гын­да кел­тіріл­генін­дей, бұл кез­де­су кезін­де ол еке­уінің ара­сын­да мына­дай әңгі­ме болыпты.

«– Енді мен не істей­мін, ұялып жүр­мін,– деді стол басын­да отырып.

– Неге ұяла­сыз, Алек­сандр Аль­фре­до­вич? – деп сұра­дым мен одан.

– Ұяла­ты­ным – қазір жұрт­тың бәрінің қолын­да «За нами Москва» кіта­бы жүр…

– Оған неге ұяла­сыз?– дедім мен таңданып.

– Сон­да да сіз ұяла­ды екен деп, «Москва үшін шай­қа­сты» мен емес, Бек жаз­ды деуім керек пе? Бірақ оны мен жаз­дым ғой. «Воло­ко­ламск тас жолы­нан» бас тар­ты­ңыз деп мен Сіз­ге ешқа­шан айтқан емес­пін, айт­пай­мын да… Сіз де жаза беріңіз, мен де жаза берейін».

Әрине, А. Бек­тің ұялуы­на ешбір негіз жоқ еді. «Москва үшін шай­қа­стың» шығуы­нан «Воло­ко­ламск тас жолы­на» тит­тей де нұқ­сан келмейді.

О. Груд­цо­ва «Алек­сандр Бек» атты сын-өмір­ба­ян­дық очер­кінің соңы­на таман былай деп жаза­ды: «Соны­мен бір­ге «Воло­ко­ламск тас жолын­дағы» Момы­шұлын­да нақты­лы өмір­де­гі 316-атқы­штар диви­зи­я­сы­ның бата­льон коман­ди­рі Бауы­р­жан Момы­шұ­лы­мен ортақтық өте аз деп ойла­уы дұрыс емес». О. Груд­цо­ва­ның «Москва үшін шай­қа­ста» Момы­шұ­лы «Воло­ко­ламск тас жолын­дағы­дай» ержүрек, ақыл­ды, Отанға беріл­ген коман­дир деп жазған пікір­лері көкей­ге қоным­ды. Бұл кітап­та Момы­шұ­лы А. Бек шығар­ма­сын­дағы­дан гөрі, «жағым­ды­рақ» жүріс-тұры­сы ширақтау, көңіл­дірек, анағұр­лым демо­кра­ти­я­шыл – ол жалғыз өзі шешпей­ді, сая­си жетек­шілер­мен кеңе­седі, кей­де олар­дың ықпа­лы­мен өзінің алға­шқы жос­пар­ла­рын өзгертеді».

Алек­сандр Бек өзіне тән жазу­шы­лық шебер­лі­гіне сәй­кес «Арпа­лыс» повесін­де Совет Арми­я­сы, халық мақтан тұта­тын коман­дир­лер, жауын­гер­лер образ­да­рын тудыр­ды. Бұл кітап жас ұрпақты тәр­би­е­ле­у­ге баға жет­кісіз роль атқа­ра береді.

Жүніс ЫБЫРАЕВ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн