Суббота , 5 июля 2025

ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЕСІНДЕ ЖҮРЕР ЫРЫМДАР МЕН НАНЫМДАР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

«Алтын сырға»

 


Педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор А. Қалы­бе­ко­ва­ның «Қазақ халық тәр­би­есінің асыл мұра­сы» кіта­бы­нан алы­нған ырым­дар мен наным­дар. Түп­нұсқа: http://e‑history.kz/kz/publications/view/760

Аяғы ауыр әйел­ге керіл­ген жіп­тен аттап өтуіне бол­май­ды: ырым бой­ын­ша, босанған кез­де оның сәбиінің кін­ді­гі мой­ны­на ора­лып, тұн­шы­ғып қалады.

Аяғы ауыр әйел қолы­на ара, қай­шы (өткір заттар) ұста­уы­на бол­май­ды. Ырым бой­ын­ша, мез­гілі­нен бұрын боса­нып қалуы мүмкін.

Аяғы ауыр әйел­дің қоян етін жеме­гені дұрыс, әйт­пе­се бала­сы кем болып (қоян жырық) тууы мүмкін.

Екіқа­бат әйел түй­енің еті­нен дәм тат­паға­ны дұрыс, себебі «бала­ны құр­сағын­да 12 ай бойы көтеріп жүруі мүм­кін». Егер бел­гі­лен­ген уақыт­та әйел босан­ба­са, ерке­гі түй­енің (бура) мой­нын ақ мата­мен орап, аяғы ауыр әйел­ді түй­енің үсті­нен аттатады.

Түсік таста­мау үшін, екіқа­бат әйел­дің киі­мінің ете­гін бүріп қояды.

Толғақ қысып жатқан әйел­дің үйін­де бар­лық сан­ды­қтар­дың қақ­пағын ашып қояды, олар­дың ішін­де­гілер сол әйел­ге тиесілі бола­ды. Ырым бой­ын­ша, сон­да толғақ та жеңіл өтіп, оңай босанады.

Бала емі­зетін ана­ның омы­ра­уы неме­се сауы­ла­тын үй жану­ар­ла­ры­ның желіні ісіп кет­се, ырым бой­ын­ша, өлік­ті жууға пай­да­ла­ны­лған шүбе­рекпен сүр­туді ұсынады.

Ырым бой­ын­ша, қонаққа кел­ген қызды әдет­те үлкен­дер мен құр­мет­ті адам­дар оты­ра­тын оры­нға оты­рғы­зу керек, әйт­пе­се «сол үйдің иесі несі­бе­ден қағылады».

Әйел адам жаяу неме­се атқа мініп келе жатқан ер адам­ның алды­нан кесіп өтпеу керек – бұл қылық оның бақы­тын бай­ла­уы мүмкін.

Мына­дай да ырым бар: егер әйел отын­ды алып, үш қада­мға тең келетін биік­тік­ке қой­са – күй­е­уі басқа әйел­ге кетіп қалады.

Әйел өзінің қиған неме­се түс­кен шашта­рын отқа таста­уы дұрыс емес. Ырым бой­ын­ша, ол өлген­нен кей­ін о дүни­е­де Құдай: «Менің бер­ген шашта­рым қай­да?» деп сұра­уы мүм­кін. Сон­ды­қтан әйел­дер мұн­дай шашты адам бас­пай­тын жер­ге көміп тастайды.

Бүй­ірін тая­нып тұру – жаман ырым: әдет­те жесір­лер өздерінің өлген күй­е­улерін осы­лай тұрып жоқтайды.

Қыз балаға шашын жай­ып жіберіп жүру – жаман ырым: басы­на зор қай­ғы түс­кен әйел­дер (әдет­те жесір­лер) ғана осы­лай жүреді.

Біре­удің үйіне қонаққа келе қалған­да, үй иесі жұмыс істеп жат­са, оған көмек­те­су керек – әйт­пе­се балаң­ның белі бүкір болады.

Ұзақ уақыт бойы бала көр­ме­ген ерлі-зай­ып­ты­лар ырым бой­ын­ша мой­ын­да­ры­на көген­нің бұр­шағын салып, Алла­дан бала тілеген.

Үне­мі түсік тастай бер­се (неме­се бала­ла­ры бір жасқа тол­май шеті­ней бер­се) – сол отба­сы­ның туы­ста­ры неме­се доста­ры ырым бой­ын­ша кезек­ті балаға аяғы ауыр әйел­дің әлі тумаған бала­сын әдейі сатып алуы тиіс.

Бала асы­рап алған кез­де отба­сы­на кел­ген ұл бала­ның қолы­на асық жілік, қыз балаға ортан жілік ұста­та­ды. Содан кей­ін той жасап, қонақ шақырады.

Бала­ны сыпы­рғы­мен ұрма – бұдан оларға жаман­шы­лық келеді.

Бала­ны ожа­у­мен ұру — оны бола­шақтағы несі­бесі­нен қағу.


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн