Четверг , 3 июля 2025

ӘЙЕЛДЕРІ БҰЗЫЛҒАН ҰЛТ ЖОЙЫЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №9 (373) от 8 мар­та 2017 г.

 

Күн тақы­ры­бы­на


 

Ұмыт­па­сам, 90жылдардың бас кезі болар – ата­а­на­сы өзін ұза­тқа­лы оты­рған бола­шақ күй­е­уіне барғы­сы кел­мей, жаны жабы­рқап жүр­ген таныс өзбек қызы­на: «Енде­ше, сен деп зар илеп жүр­ген анау қазақ Аманға­лиға тиіп алмай­сың ба?» – дедім. Сон­да ол жал­ма­жан: «Ой, қой­ы­ңыз­шы! Сосын бала­ла­рым өзбек тілін біл­мей өсетін бола­ды», – дегені бар. Өзі Алма­ты­ның темір­жол тех­ни­ку­мын­да оқып жүр­ген, бар­жоғы 17–18 жасар Гүл­чеһра­ның мына сөзін есті­ген­де, ішім­нен: «Не деген жетелілік, не деген сана­лы­лық, дініне, тіліне, ұлты­на, салт­дәстүріне не деген ұлы сүй­іспен­шілік!» – деп ойлаған едім.

Қар­ша­дай өзбек қызы айтқан – ұлты­на деген ұлы махаб­батқа толы мұн­дай сөзді кін­ді­гін ашып, шашын тоқал ешкінің басын­дай сыпыр­тып тастаған қазақ қыз­келін­ше­гі түгілі, сары қарын қаты­нқа­ла­шы, пай­ғам­бар жасы­на жет­кен қазақ кем­пір­сам­пы­ры да айт­пай­ды. Өйт­кені олар өздерінің бұл сана­сызды­ғы қазақ деген ұлт­ты түп­та­мы­ры­мен жоқ қылып жібер­гелі тұрға­нын біл­мей­ді, білетін­дер­ге «бари бир».

Қазір өрке­ни­ет­тілік, толе­рант­тық (төзім­ділік), «елі­міз­де тыны­штық», «бір­лі­гі­міз жарасқан», «бәрі­міз бір әкенің бала­сын­дай­мыз» деген жалаңаш ұран­дар сана­сы­на әбден сіңіріл­ген көп­шілік қазақ «ұлт­тық мүд­де» деген­ді ойла­у­ға да қабілет­сіз. Ал жер бетін­де кез кел­ген ұлт жой­ы­лар алдын­да оның ең әуелі ошақ басын­дағы әйел­дері мен оң жақта оты­рған қызда­ры бұзы­ла­ты­ны белгілі.

Иә, қыз – бола­шақ ана, ұрпақтың тәр­би­е­шісі. Ал ұлты­ның не тілін, не дінін, не үрдісін қадір­ле­мей­тін, ойы­на кел­генін істеп, аузы­на кел­генін сөй­лей­тін, беті­мен кет­кен әйел­ден туған, соның тәр­би­есін көр­ген ұрпақ – азғын ұрпақ бола­ды. Ұрпағы азған ұлт – азғын ұлт. Шыққыр көзің осы­ның бәрін көріп оты­рған соң, өз ұлты­ңа өзің өкпе­леп: «Ана болар – қызың жоқ, әке болар – ұлың жоқ, қыл мой­ы­нға құрық түс­пей, түсі­нетін түрің жоқ» деп те күнәға бата­ды екенсің.

XIX ғасыр­да фран­цуз­дар­дың еуро­па­лық емес халы­қтарға өрке­ни­ет сіңіре­міз деген сыл­та­у­мен жүр­гіз­ген сая­са­ты (Ia mission civilisatrice) бүгін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да (абай­лаңыз, Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы емес!) емі­нер­кін жүр­гізіліп жатыр. Туған ұлты, туған Үндіста­ны үшін бүкіл өмірін сарп еткен Махат­ма Ган­ди «Баты­стың өрке­ни­еті тура­лы не ойлай­сыз?» деген шетел­дік­ке: «Ұсы­нып тұрған иде­яңыз жаман емес екен» деп, мысқыл­дай жымиып­ты да жүре беріп­ті. Ал біздің жоға­ры­дағы­лар ешкім мұн­дай сұрақ қой­май­ақ, өздері­ненөз­дері шетел­дік­тер өйте­ді екен де, бүй­те­ді екен деп, сөз бастай­ды. Тіп­ті Қаза­қстан­да ген­дер­лік сая­сат жүріп жатқа­нын да мақта­ныш тұта­тын­дар бар.

Әне­бір жылы Әйел­дер ісі жөнін­де­гі коми­тет­те істей­тін бір ханым ген­дер­лік сая­сат жөнін­де Еуро­паға барып, есеп беріп кел­генін ұял­май­қы­зар­май бас­пасөз­де жари­я­ла­ды. Бұл – біле біл­ген ада­мға, біз әйел­дері мен қызда­ры­ның тәр­би­есізді­гі, көр­ген­сізді­гі, дөрекілі­гі, темекі шегуі, арақ­ша­рап ішуі, некені бұзуы, жеңіл жүріс­ке салы­нуы, ата­ене сый­ла­мауы, бала тумау және бала алды­ру, ана тілін біл­меу, еуро­па­лык әйел­дер­дің жабайы қылу­а­ла­ры­на елік­теу жөні­нен 50 мем­ле­кет­тің алды­на түсе­міз деп есеп беру­мен бара­бар емес пе?!

Иә, адам бала­сы­ның хай­у­ан­нан басты айыр­ма­шы­лы­ғы­ның бірі – ұят­ты білуі. Қазір­гі Батыс әйел­дері мен қызда­рын­да бұл – ұмыт болған ұғым. Солар­ды теле­ди­дар­да көріп, өсіп келе жатқан қазақ қызда­рын кінәлау да орын­сыз сияқты. Қазір қыздар көше­де, аял­да­ма­да қасы­ңа келіп, темекісін бұрқы­ра­тып, сырас­ын ішіп оты­ра беретін бол­ды. Осы­дан біраз жыл бұрын қызда­ры­мыз қар­нын ашып тастап, кін­ді­гін көр­сетіп жүретінін ерсі көр­сек, енді олар­дың май­құй­ры­қтың үстіне көк­пе­ң­бек қып салып тастаған «сурет гале­ре­я­сын» «тама­ша­лай­тын» бол­дық. Ал осы­дан біраз жыл бұрын түсіріліп, көр­сеті­ле бастаған «Пере­кре­сток» деген фильм ұлқы­зы­мы­зды ұлт­тық сана­дан өнер арқы­лы айы­ру­дың баста­ма­сы бол­ды. Тіп­ті не басы, не аяғы, не орта­сы жоқ сол «Пере­кре­ст­ок­ты» фильм деу­ге де ауыз бар­май­ды. Ол шетел фильм­деріне елік­теу деу­ге ғана бола­тын дүни­е­сы­мақ бір нәрсе.

 

Мына бір сорақы­лы­қты қараңыз: қазір жасы 60ты алқым­дап, 70ті жел­ке­леп қалған қазақ кем­пір­шал­да­ры неме­ре­лерін «Бая­на», «Қым­ба­та», «Айну­ра», «Асе­ля», «Ане­ля», «Шол­па­на» деп шақы­ра­ды. Бұл жай елік­теу емес, үлкен бір сана­сызды­қтың, әлі де бол­са оры­сқа жарам­сақта­ну мен елік­те­удің, надан­ды­қтың бір түрі! Осы­ның өзіақ біздің ұлт­тық сана, ұлт­тық намыс деген­нен айы­ры­лып бара жатқа­ны­мы­здың айқын айғағы. Кеңес өкі­меті орна­рор­на­ма­стан Құдай­ға, Құранға қар­сы шығу, салт­дәстүр­ді сату жөні­нен де КСРО­да бірін­ші оры­нға шыққан қаза­қтың әйел­дері бола­тын. Келе­ке­ле ерін тың­да­мау, ата­ене сый­ла­мау, неке бұзу, өзге ұлтқа күй­е­у­ге тию, ері­нен ажы­расу, арақ ішіп, темекі тар­ту, бала алды­ру жөні­нен 70 жыл ішін­де мұсыл­ман әйел­дері ішін­де қазақ қыз­келін­шек­тері алды­на жан сал­ма­ды. Өйт­кені олар біз әлі де ұлы жазу­шы, кемең­гер жазу­шы атап жүр­ген марқұм­дар­дың шығар­ма­ла­рын­дағы қазақ қызда­ры мен әйел­дері ата­ба­ба­мы­здың салт­дәстүрі­нен, еріксіз тиген күй­е­уі­нен қор­лық көр­ген, сүй­геніне қосы­ла алмаған бақыт­сыздар еді деген­ді ғана оқып, соны миы­на сіңіріп алған­дар. Осы күні өзі­міз рен­жі­ген­де «шала қазақ», «мәң­гүрт қазақ», тағы басқа­дай деп атап жүр­ген қаза­қтар­дың көбі – сон­дай әйел­дер­ден туған­дар. Ал әлгін­дей жазу­шы­ла­ры­мыз солай жазға­ны үшін Ленин­дік сый­лық, Мем­сый­лы­қтар алып, омы­ра­уы­на «Алтын Жұл­дыз» тақты.

Ал бүгін біз ерке­гінің көзіне шөп салып, шетел ара­лап, сол үшін өлті­ре сабаған ерін сот­та­та сала, тағы да күй­е­у­ге шыққан қатын­ды жер­көк­ке сый­ғы­з­бай, теле­ар­на­лар­дан жары­са көр­се­ту­де­міз. Егер біз­де қазақ ұлты мына әпер­бақан заман­нан аман қал­сын деген мысқал­дай ой бол­са, дереу әйел­дері­міз бен қызда­ры­мы­зды түзу жолға, арұят жолы­на, ата­ба­ба жолы­на түсіретін – не ере­же, не заң қабыл­да­уы­мыз керек. Ең алды­мен жал­пы әйел жыны­сты­ның темекі тар­туы­на, «туған күн», «жуған күн» деген­дер­ді сыл­та­у­ра­тып та, былай да сыра, шарап ішуіне, еркек­ті, ата­е­нені сый­ла­мауы­на заң жүзін­де қатаң тый­ым салар кез кел­ді. Бұл әйел мен қызды қор­лау емес. Бұл – ұлт­тық мұра­ны сақтап қалу­дың әділет жолы.

Қазір­гі қазақ қызда­ры шаңы­рақ көтеріп, отба­сы­лық әйел мін­детін атқа­ру­дан қашқа­лақтай­ды. Оларға еркек­тің де онша­лы­қты қажеті жоқ. Өйт­кені салт басты, сабау қам­шы­лы сал­таң әйел­дің өз еркі – өзін­де. Баты­стағы­лар – екі еркек­тің бір­біріне үйле­нуі, муль­ти­мил­ли­о­нер қатын Сан­дес Бер­нар­дес сияқты өзінің ұлы­на күй­е­у­ге тию, әйел мен әйел­дің жыны­стық қаты­нас жаса­уы, күй­е­уіне өзге еркек­пен «жатуға» кетіп бара жатқа­нын айтып кету сияқты хай­у­ан­ды­қ­пен ғана біз­ден алда келеді. Әне­бір кез­де мың­нан астам әйе­лер­ке­гі ара­лас жұрт «ана­дан туған­дай тыр жалаңаш» Лон­дон көше­лерін ара­лап шықты. Ағы­л­шын­дар олар­ды теле­ди­дарға түсіріп, Азия, Афри­ка құр­лы­ғын­дағы мұсыл­ман елдеріне көр­сет­ті. Мақ­сат – Англи­яда демо­кра­тия, бостан­дық екенін дәлел­деп, сол арқы­лы мұсыл­ман әйел жыны­сты­ла­ры­на, жал­пы өзге ұлт­тарға бүл­дір­гі ой тастау.

Әне­бір жыл­да­ры АҚШ Орта­лық бар­лау басқар­ма­сы­ның дирек­то­ры Аллен Дал­ле­стің бір еңбе­гі­нен бас­пасөз­де кел­тіріл­ген үзін­діні оқып, мұн­дай да хай­у­ан­дық бола­ды екен деп таң­данған­быз. Ол сон­да өзге елдер­де жәләп­ты­қты, қані­шер­лік­ті, адам­ды азапта­уды, хай­у­анға ғана тән қылу­а­лар­ды, жалаңа­ш­жал­пы сурет­тер мен мал сияқты ашы­қта­на­шық жыны­стық жасап жатқан­ды көр­се­тетін фильм­дер түсіріп, тара­ту үшін – Аме­ри­ка шет­сіз­шексіз қар­жы бөліп оты­руы керек деп жазған еді. Міне, сол Аме­ри­ка мен кей­бір Еуро­па елдері жүр­гізіп оты­рған небір жымысқы сая­сат Қаза­қстан­да да қол­дау тауып оты­рған сияқты.

 

Қазақ әйел жыны­сты­сы­ның ұлт­тық сана­дан және әйе­ли арұят­тан айы­ры­луы­на Кеңес зама­нын­да қызда­ры­мы­зға интер­на­ци­о­на­ли­стік тәр­бие беруі­міздің де кесірі тиді. Осы интер­рух­пен тәр­би­е­лен­ген қазақ қызда­рын Кеңес кезін­де ермек ретін­де де пай­да­лан­баған ұлт жоқ шығар. Сол жыл­да­ры басқа ұлтқа күй­е­у­ге тиген қызда­ры­мы­зды әспет­теп, қыз­мет­ке орна­ла­суы­на, пәтер алуы­на жағ­дай жасау да үрдіс болды.

Ал осы күні ұлқы­зы мәң­гүрт­тік ауру­дан ада, ана тілі мен салт­дәстүрін сақтап қалған ұлт­тар­дың бәрі Кеңес зама­нын­да да әйел­дері мен қызда­рын қатаң бақы­ла­уда ұстаған. Қатаң бақы­лау деген­нен шошып кетіп, шор­шып түсетін­дер шыға­ты­нын біліп отыр­сақ та, солай деу­ге мәж­бүр­міз. «Қатаң бақы­ла­уда ұстау» дегені­міз – ұлт­тық үрдістер­ді, ұлт­тық салт­са­на­ны, тіл­ді аман сақтау деп түсі­ну керек.

Екін­ші­ден, «қатаң бақы­лау», «қат­ты ұстау» дегені­міз – ер мен әйел­ді тең, әділ ұстау деген сөз. Қазір келін­шек­тер ері­нен айрыл­са, заң ата­у­лы түп­тү­гел өздерін қорғап шыға­ты­нын, али­мен­тін, пәтерін алып, қалаған ерке­гі­мен төсек­тес болып, жүген­сіз желе жор­тып, «рахат» өмір кешетінін біледі.

Кезін­де көр­нек­ті жазу­шы Таха­уи Ахта­нов Үндістанға барған­да, «Сіз­дер­де әйел құқы мәсе­лесі қалай?» – деп сұрап­ты. Сон­да Тахаң әзіл­де­ген болып: «Біз сол әйел­дер­ге құқы­қты көбірек беріп қой­ып, қай­тып ала алмай жүр­ген сияқты­мыз», – деп­ті. Тіп­ті Л.И. Бреж­нев­тің өзі Мар­гар­эт Тэт­чер­дің сая­сат­кер­сіп, шошаң­дай бер­генін жақтыр­май: «Бұл қатын Чер­чилль­ді басып озып, оның шал­ба­рын да тар­тып алмақ­шы сияқты ғой», – деген екен. Бреж­нев­тің осы бір өте оңтай­лы айты­лған сөзі біздің осы күні сая­сат­кер­сы­мақ, үкі­мет ісіне ара­ласқан­сы­мақ болып жүр­ген кей­бір ерке­то­тай­ла­ры­мы­зға да арнап айтылғандайау…

Тағы да мысал: дүние жүзін­де­гі пай­ғам­бар саха­ба, шади­яр ата­улы­ны алып қара­саңыз, ішін­де бір­дебір әйел заты жоқ. Ислам­да да, Буд­да­да да, хри­сти­ан­да да солай. Қаза­қтың «Бай­тал шауып бәй­гі алмас» деген мақа­лы­на ден­деп кір­сек, ол жай айты­ла сал­маған, әрі ұлағат­ты, әрі ғылы­ми дәлел­ді сөз екенін аңға­ра­мыз. Бұл ауы­спа­лы мағы­на­сын­да әйел­дер­ге сен еркек­тің алды­на шығып, басқа шауып, төс­ке өрлей бер­ме деген иша­ра­ны біл­дір­се, екін­ші­ден – шыны­ң­да да, ұлы дүбір шабыста бай­тал, бие­лер­дің озық шығуы рабай­да бол­ма­са, кез­де­се бермейді.

Қыз­келін­шек­тері­міз «бай­тал» деген сөз­ге шам­дан­бай­ақ қой­сын. Өйт­кені олар үлгі алып жүр­ген ағы­л­шын­дар жақ­сы көр­ген әйелін жылқы­ға, өзі ұнатқан әйел бөк­сесін жылқы­ның сауы­ры­на теңейді.

Жал­пы, біз мына­ны қапе­рі­міз­ге алуы­мыз керек. Жаратқан Иеміз еркек пен әйел­ді физио­ло­ги­я­лық жағы­нан екі түр­лі етіп жаратқан. Олар­дың миы­ның жар­ты шар­ла­ры да әртүр­лі жұмыс істей­ді. Әйел­дер­ге қараған­да, еркек­тер­дің сүй­е­гі кат­ты­рақ және терісінің астын­дағы май да аздау келеді. Біз қыз­келін­шек­тері­міз­ге тәр­би­елілік дегені­міз – ер адам­ның, жасы үлкен кісінің бетіне бажы­рай­ып тура қара­маудан баста­ла­ты­нын үйре­туі­міз керек. «Ер бала – үйдің тая­уы, қыз бала – үйдің боя­уы» деп ғұла­ма ақын Әбубәкір Кер­дері айтқан­дай, қыз бала – елдің де көр­кі, әрі шаңы­рақтың екі иесінің бірі.

Әне­бір жылы Рим папа­сы кел­ген­де, Аста­на­дағы Еура­зия уни­вер­си­тетінің қызда­ры­на оның алды­нан нан алып шығу былай тұр­сын, папа­ның қолын сүй­гізіп, масқа­ра болға­ны­мыз да жете­ді. Ал қазақ әйелінің өмір­де­гі орны тура­лы тағы да Әбубәкір Кер­дерінің «Жаман бол­са алға­ның, өлсең көр­де жатқы­з­бас – сүй­е­гіңді тебірент­пей» дегені қай­сы еркек кін­дік­тіні де ойға баты­рар сөз емес пе?!

Біз­де екі әйел алуға қасқая қар­сы шығып, енде­ше біз де екіүш күй­е­у­ге тие­міз деп құты­ры­нған­дар, «ген­дер­лік сая­сат» деп өзе­уреп жүр­ген надан желөк­пе­лер сол дамы­ған АҚШта Силь­ве­стер Стал­лоне, Ж.К. Ван Дамм, Брюс Уил­лис сияқты талай «циви­ли­зо­ван­ный­лар» бір­не­ше әйел алға­нын біл­мей ме екен? Неме­се, о заман да, бұ заман – қай пат­ша, қай король, қай сена­тор, қай импе­ра­тор неме­се оли­гарх қызым сүй­ген екен деп, кедей­ге бер­генін, ұлы­на тақыр кедей­дің қызын алып бер­генін естіп пе? Сөй­те тұра, қаза­қтың хан, сұл­тан­да­ры, бай­ла­ры көп қатын алған, 16–18дегі жас қызда­рын малға сатқан деген қау­е­сет­тер­ді аузы­а­у­зы­на жұқ­пай қай­та­лай­ды. Олар «күй­е­уім», «отаға­сым», «бай­ым» десе, өрке­ни­ет­тен арт­та қалып қояр­дай, «жол­да­сым» деп сөй­лей­тін бол­ды. Олар түгілі, теле­ди­дар­дың кітап оқы­май­тын сау­ат­сыз жүр­гі­зу­шілері де сұх­бат алып оты­рып, «жол­да­сы­ңыз» деуді дәре­же көретін сияқты.

 

Бүгін­гі Қаза­қстан­да еркек­тің отба­сын­дағы, әйел алдын­дағы беделі құл­ды­раға­ны да айқын. Үйде жұмыс­сыз оты­рған еркек күні бойы база­рда тұрып, қай­тар­да көр­ші бутикте­гі 3–4 қаты­н­мен қосы­лып, 1–2 жар­ты­мен «бой жылы­тып», қызып кел­ген әйеліне қар­сы сөз айта алмай­ды. Әне­бір жолы бір өлеңімізде:

…Шаңы­рақтан ризық көшіріп,

Ошақтың отын өшіріп,

Баз кешіп бай мен баладан,

Тоя­тын іздеп қаладан,

Ата­ның қон­бай ақылы

Қаңғы­рып кет­кен қаты­ны, – деген­де, осы­ны айтқы­мыз кел­ген еді.

Қазір «түкірі­гі жер­ге түс­пей тұрған» қуат­ты елдер ұсақ елдер­ді, әсіре­се мұсыл­ман елдерін өз уысы­нан шығар­мау үшін, «эко­но­ми­ка­лық одақ», «кеден одағы» деген қулы­қтар­мен қатар, сол елдер­дің қыз­келін­шек­терін де теріс жолға түсі­ру үшін, қол­ты­ғы­на су бүр­кіп, «әйел­дер ісі», «әйел­дер мәсе­лесі», «әйел теңді­гі», «ген­дер­лік сая­сат» деген­дер­ді қару қып пай­да­ла­нып келеді. Қаза­қтың сау­ат­ты, білім­ді әйел жыны­сты­ла­ры ондай аран­да­туға ермейді.

Ал білім­білі­гі төмен, үйін­де дұрыс тәр­бие көр­ме­ген қыз­келін­шек­тер сон­дай сай­ха­ли сая­сат­тың құры­ғы­на тез түсіп, әйел­ге тән бүкіл сүй­кім­ді жүрістұры­сы­нан айы­ры­ла­ды. Өзінің ұлт­тық дәстүрі олар­дікі­нен әлдеқай­да озық екенін біл­меу, өз ұлтын еуро­па­лы­қтар­дан кем көру – нағыз надан­ды­қтың, сау­ат­сызды­қтың нышаны.

Баяғы­да оры­стың үлкен ойшы­лы, әде­би­ет сын­шы­сы Писа­рев «Оры­стың Рафа­э­лі болған­ша, оры­стың етік­шісі болған жақ­сы» деген екен. Ол бұл жер­де қай­та өрлеу дәуірінің әлем­ге мәшһүр сурет­шісі Рафа­эль Сан­ти­ді айтып отыр. Баяғы­да грек­тер «Афи­ны демо­кра­ти­я­сы», «сөз бостан­ды­ғы» деген­ді ойлап тауып, ұлқы­зы­мы­зды, жастар­ды бұз­ды деп, Сократ­ты жаза­ға тар­тқа­ны бел­гілі. Қысқа­сы – әйел жыны­сты­сы бұзы­лған ұлт жой­ы­ла­ты­нын, мем­ле­кет күй­рей­тінін тарих талай рет дәлел­де­ген. Енде­ше қыз­келін­шек­тері­міздің ұлт­тық тәр­би­е­ден алы­стап кет­пе­уін мем­ле­кет­тік те, отба­сы­лық та дең­гей­де қолға ала­тын кез келді.

 

Мыр­зан КЕНЖЕБАЙ,

ақын,

пуб­ли­цист

 

Редак­ци­ядан: Мыр­зан Кен­же­бай мыр­за­ның ойжо­ралғы­сы – оның жеке пікірі екенін және жазы­лған жәйт­тің дені қоға­мға мерез болған жағ­дай­лар екенін еске­ре оты­рып, елі­міздің әйел­дер қауы­мын 8 Наурыз мере­кесі­мен құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн