ӘЙЕЛДІҢ шығармашылық шыңы – БАЛА ТУУ

Бауы берік болсын!

 

 

Танымал ақын, талантты тележүргізуші Назира Бердалы жуықта ана атанды. «Әйел адам үшін шығармашылықтың шыңы – дүниеге бала әкелу» дейтін ақын сүйікті жарына қыз сыйлады.

Назира Бердалы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде білім алып, еңбек жолын алғаш «Қазақ радиосынан» бастаған болатын. Кейіннен «Қазақстан» ұлттық арнасында редактор болып жұмыс атқарған. Сонымен қатар «Риясыз әңгіме» бағдарламасын жүргізді. Естеріңізге сала кетсек, Назираның алғашқы жыр жинағы 21 жасында жарық көрген болатын. Ең қызығы да сол – өлең өлкесіндегі қарлығаш қадамы «Жаңбырлы түн» атты жинағы Назира Бердалыны өлең сүйер оқырманның ыстық ықыласына бөлеген болатын.

Осы ретте біз дүниеге бала әкелуді шығармашылықтың шыңына теңеген сүйікті ана – Назираны үлгі ете отырып, үлкен өмірге аяқ басқан кішкенесінің бауы берік болсын дегіміз келеді!

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн