Пятница , 4 июля 2025

Әйгілі емдеу ордаларын КІМ САТЫП АЛАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №41 (405) от 09 нояб­ря 2017 г.

 

 


 

Алма­ты­дағы Қазақ көз ауру­ла­ры ғылы­ми-зерт­теу инсти­ту­ты мен Жар­бо­сы­нов атын­дағы Уро­ло­гия орта­лы­ғы жеке мен­шік­ке саты­ла­ды, деп хабар­ла­ды бұр­нағы күні Қаз­ТАГ ҚР Қар­жы мини­стр­лі­гінің Мем­ле­кет­тік мүлік және жеке­ше­лен­ді­ру коми­тетіне сіл­те­ме жасап.

 

«Акци­о­нер­лік қоғам болып табы­ла­тын екі нысан да толы­ғы­мен жеке мен­шік­ке саты­ла­ды. «Құр­мет бел­гісі» орден­ді Қазақ көз ауру­ла­ры инсти­ту­ты­ның 100 пай­ыз акци­я­сы­ның баста­пқы саты­лым баға­сы 3,025 мил­ли­ард тең­ге, Жар­бо­сы­нов атын­дағы Уро­ло­гия орта­лы­ғы – 1,598 мил­ли­ард тең­ге­ге баға­лан­ды». Қар­жы­мин­нің хаба­ры­на қараған­да, «тен­дер­дің басты шар­ты – меке­ме­лер­дің негіз­гі қыз­меті 10 көле­мін­де сақта­луы тиіс. Жеке­ше­лен­діру­ге жата­тын нысан­дарға мей­ілін­ше жоғарғы баға ұсы­нған сатып алушы тен­дер­дің жеңім­па­зы саналады».

Науқас адам­дар емде­лу кезе­гіне айлап, тіп­ті жар­ты жыл бұрын жазы­ла­тын екі бір­дей өте маңы­зды инсти­тут­ты жеке мен­шік­ке сату қан­дай мұқтаж­ды­қтан пай­да бол­ды? Қазір­дің өзін­де нарық жағ­дай­ын­да жұмыс істей­тін, науқастар ағы­лып келіп, көп­шілі­гі өз ақы­сы­на емде­летін қос бір­дей ғылы­ми-зерт­теу орда­ла­ры мем­ле­кет­тің бюд­жетіне тәу­ел­ді ме еді?

Біз осы хабар тараған сәт­те-ақ аны­қтаған деректер бой­ын­ша, бұл екі меке­ме бюд­жет­ке сон­ша­лы­қты ауырт­па­лық салып оты­рған жоқ. Енде­ше өзін-өзі асы­раған халы­қтық маңы­зы басым меке­ме­лер кім­ге керек бол­ды? Және ең басты­сы – бұл ден­са­улық орда­ла­рын мил­ли­ард­таған сомаға сатып алуға аталған ұжым­дар маман-дәрі­гер­лерінің мүм­кін­ді­гі келе ме?

Алдағы апта­лар­да редак­ци­я­ның жур­на­ли­стік тек­се­ру тобы бұл сұрақтарға жау­ап табуға тыры­са­ды. Ал әзір­ге бел­гілі болып оты­рған­дай, аты-жөн­дерін көр­се­туді қала­маған инсай­дер­лік ақпа­рат көз­дерінің айтуы­на қараған­да, бұл меке­ме­лер­ді ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты­ның депу­та­ты Дариға Назар­ба­е­ва сатып алмақ. Неме­се тен­дер­ге түсетін және мін­дет­ті түр­де ең жоға­ры баға ұсы­на­тын, тиісін­ше жеңіп шығу мүм­кін­ді­гі шексіз сатып алушы – ел пре­зи­ден­ті қызы­ның бақы­ла­у­ын­дағы тұлға (тұлға­лар).

Бұл ақпа­рат шын­ды­ққа қан­ша­лы­қты жана­са­ды? Біз осы жари­я­ла­ным арқы­лы сена­тор Дариға Назар­ба­е­ва ханы­мға редак­ци­я­лық сау­ал жол­дай­мыз. Егер инсай­дер­лік хабар жаң­сақ болып, жур­на­ли­стік тек­се­ру нәти­же­сін­де аталған ақпа­рат бұрыс бол­са, тиісті терісте­ме жари­я­лай­ты­ны­мы­зды мәлімдейміз.

Ермұрат БАПИ,

«DАТ» медиа-жоба­сын шығарушы

 

Ақпа­рат үшін:

• Реги­стра­ция участ­ни­ков тен­де­ра закан­чи­ва­ет­ся 21 нояб­ря 2017 года в 08.00 часов, а сам тен­дер состо­ит­ся в тот же день в 10.00 часов на веб-пор­та­ле реест­ра госу­дар­ствен­но­го имущества.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн