Воскресенье , 6 июля 2025

ҚЫЛМЫСКЕРДІҢ БАЛАСЫ Трампты ұлықтау рәсіміне қатысты

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №3 (367) от 26 янва­ря 2017 г.

 


 

 

 

Қаза­қстан­дық жігіт Қазы­бек Ерме­ги­я­ев АҚШ-та пре­зи­дент Дональд Трамп­ты ұлы­қтау рәсі­міне қаты­сты. Ол – аты­шу­лы «ЭКСПО ісі» бой­ын­ша сот­та­лып, қыл­мыс­кер атанған Талғат Ерме­ги­я­ев­тің ұлы. Бұл орай­да «NewTimes.kz» ақпа­рат агент­ті­гі «Қазы­бек – АҚШ пре­зи­ден­тін ұлы­қтау рәсі­міне қаты­сқан ең алға­шқы қазақ» деп жазады.

 

Бел­гілі болған­дай, осы­дан үш жыл бұрын АҚШ әске­ри ака­де­ми­я­сы­на оқуға түс­кен Қазы­бек ұлы­қтау рәсі­мін­де атпен жүріп өткен 50 кадет­тің бірі екен. Соны­мен бір­ге ол вице-пре­зи­дент Май­кл Пен­стің бал рәсі­мін­де АҚШ пен Инди­а­на шта­ты­ның тула­рын күзет­кен төрт кадет­тің бірі болған.

Қазы­бек Ерме­ги­я­ев грант негізін­де әске­ри ака­де­ми­яға түс­кен соң, жақ­сы оқу үлгірі­мі үшін құра­мын­да 15 кадет бар Color Guard эли­та­лық тобы­на қабыл­данған. Кей­ін­нен үздік оқуы мен спорт­тық жетістік­тері баға­ла­нып, 120 жыл­дық тарихы бар Black Horse Troop кава­ле­ри­я­лық отря­ды­на ену мүм­кін­ді­гіне ие болған екен.

Қазы­бек­тің әлем көз тік­кен осын­дай рәсім­ге өз отан­да­сы­ның қаты­суы­на риза­шы­лық таны­тқан таны­мал теле­жүр­гі­зу­ші Айгүл Мүкей өзінің инста-парақшасында:

«АҚШ пре­зи­ден­тін ұлы­қтау рәсі­міне арналған сал­та­нат­ты шеру­ге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты – өз отба­сы мен біздің елдің лай­ы­қты ұлы Қазы­бек Ерме­ги­я­ев қаты­сты. Үздік сту­дент және мықты спорт­шы ретін­де әске­ри пара­дқа қаты­сқан жалғыз қазақ. Алған бетің­нен қайт­па, Қазы­бек!» деп жазды.

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн