Ел есінде
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеуде өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) жиынында елінің Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіру келісіміне қол қойғанын мәлімдеді. Елдің ЕАЭО-ға кіру келісімін енді қырғыз парламенті ратификациялауы керек. Қырғызстан ЕАЭО-ға 2015 жылдың 9 мамырынан бастап қосылмақ.
Биыл мамыр айының 29-ы күні Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь президенті Александр Лукашенко және Ресей президенті Владимир Путин ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойған. Биыл қараша айында бұл одаққа Армения қосылған. ЕАЭО 2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс.
Azattyq.org