Пятница , 4 июля 2025

ҚЫРҒЫЗСТАН НАРАЗЫЛЫҚ нотасын жолдады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

Қырғыз­стан­ның сыр­тқы істер мини­стрі Қаза­қстанға қар­сы­лық нота­сын жол­да­ды. Оған себеп – Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың Алма­ты­да қырғыз пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер­лер­дің бірі Өмір­бек Баба­нов­пен кез­дескені. Бұл жөнін­де Қырғыз­стан­ның СІМ хабарлайды.

 

«Достық көңіл­де­гі Қаза­қстан бас­шы­сы Қырғыз­стан­ның ішкі ісіне ара­лас­пай­ты­нын айт­са да, оның сөз­дері­нен кім­ге арты­қ­шы­лық беретіні анық аңға­ры­лып тұр­ды. Осы себеп­пен қырғыз тара­бы бұл кез­де­суді қаза­қстан­дық БАҚ-тың кеңі­нен наси­хат­та­уын Қырғыз­стан­ның ішкі ісіне ара­ла­суы деп біле­міз», – делін­ген нотада.

Ескер­те кетей­ік, 19 қыр­күй­ек­те Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің ресми сай­тын­да Назар­ба­ев­тың Алма­ты­да «Рес­пуб­ли­ка – Ата-Жұрт» фрак­ци­я­сы­ның лидері Өмір­бек Баба­нов­пен кез­дескені тура­лы ақпа­рат жари­я­лан­ды. Қырғыз­стан­ның Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер­дің бұл әре­кетіне әзір­ге түсінік­те­ме бере алмай­ты­нын мәлім­де­ген. «Комис­сия бұл мәсе­лені тек­се­реді, кез­де­су сай­ла­у­ға қаты­сты бол­ды ма, жоқ па – аны­қтай­ды. Сосын баға­сын береді», – деді ол.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн