Суббота , 5 июля 2025

ҚЫТАЙ ЖАСТАРЫҚАЗАҚТЫ ТАНЫДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Бәрі де Димаш туралы

 


 

Димаш екін­ші бол­ды. Үлкен жетістік бұл. Тұтас Қытай­ды тел­мірт­кен тележо­ба­да бұл оңай нәти­же емес.

Димаш бұл жары­стан не ұтты? Бірін­ші, таны­мал­ды­ғы арт­ты. Талант­ты әншілер өте бедел­ді сана­ла­тын Қытай база­ры­на таны­лу, асы­рып айт­сақ, жар­ты әлем мой­ын­даған­мен бірдей.

Екін­ші­ден, осы сахна арқы­лы Димаш халы­қа­ра­лық мықты әншілер­дің наза­ры­на ілін­ді. Енді оның әлем­дік сахнаға шығуы­на мүм­кін­дік мол. Үшін­ші­ден, Хунан тележо­ба­сы Дима­шты Қаза­қстан­дағы ең қал­та­лы әншілер­дің қата­ры­на шыға­ра­ры сөз­сіз. Оған жар­на­ма­дан ала­тын ақша­сын қосы­ңыз. Димаш енді той жаға­ла­май-ақ өнер­дің соңы­на түсе алады.

Төр­тін­ші­ден, Қытай жаста­ры Димаш арқы­лы – қаза­қты, Қаза­қстан­ды таны­ды. Ішкі Қытай­да шол­панға (мега жұл­дыз) ғашық жастар­дың қазақ тілі мен әніне деген әуе­сін оят­ты. Бұл бар­лық қаза­қтың жеңісі. Бесін­ші­ден, Қытай-Қаза­қстан мәде­ни­ет ауыс-түй­ісінің ныға­юы­на зор үлес қосты»…

Qaliakbar Usemqan,

Қытай­дағы қазақ журналисі,

«Шың­жаң» газетінің тілшісі

 

 


 

ДИМАШТЫҢ ауди­то­ри­я­сы – ЖЕР ШАРЫ

 

Дима­штың жеңісінің ар жағын­да қазақ тілі мен ділі, мәде­ни­еті мен дәстүрі, қаны қаза­қтың рухы жатыр. Димаш ерте­гі­де­гі батыр­лар­дай, ерте есей­іп, елін әлем­ге танытты.

 

Он төрт кезең­ге бөлін­ген «Мен әнші­мін» жоба­сы Қытай­да бірін­ші рет өткен шара емес. Жыл сай­ын ұйым­да­сты­ры­лып, онда тек қытай әншілері ғана бақта­рын сынап кел­ген. Тек биыл ғана қаза­қтың бала­сы Димаш Құдай­бер­ген қаты­сты. Әлем­нің алты тілін­де ән салып, түр­лі аспап­та ойнап, көре­рмен­дер­ді естен тандырды.

Бірақ Дима­шты шақы­руын – шақы­рып алып, кей­ін­нен қытай­лық тележо­ба­шы­лар қат­ты састы. Теле-мара­фон­дық жары­стың алға­шқы кезеңі­нен-ақ мил­ли­ард­ты мой­ын­датқан Димаш оқ бойы озық бол­ды. Дима­шты бүкіл әлем бақы­ла­ды. Соны­мен бір­ге бұрын дүни­е­ге мәлім емес Хунан теле­ар­на­сы­ның бағ­дар­ла­ма­сы Димаш арқы­лы әлем­ге таны­мал бол­ды. Тіп­ті әле­умет­тік желілер­де­гі көрілім саны мил­ли­он­нан асып жығыл­ды. Қытай­дың өзін­де­гі сайт­тар­дың көрілім саны – 4 мил­ли­ар­дқа жетті.

Дәл осы жағ­дай­да Димаш «Пат­ша әнші» ата­нып кет­пес үшін, қытай барын сал­ды. Бұры­нғы дауыс беру қағаз арқы­лы жүр­се, соңғы дауыс беру элек­трон­ды жүй­е­ге көшіріл­ді. Ұйым­да­сты­ру­шы­лар ғана нәти­же­сін алдын ала көре ала­тын ол дауыс берудің нақты көр­сет­кі­ші теле­ди­дар алдын­дағы жұрт­шы­лы­ққа бей­мағлұм болып қалды.

Ал финалға кел­ген­де, Димаш ұстаған мик­ро­фон да дұрыс жұмыс істе­мей қал­ды. Ақы­ры Дима­шқа екін­ші орын беріл­ген­де, бас бәй­ге алған қытай­лық әнші келін­шек Сэн­ди Лэм жал­тақтап қал­ды. Бірін­ші­ден, әлем­ді аузы­на қаратқан Дима­шқа бас бәй­ге бер­ме­геніне таңы­рқаған еді. Екін­ші­ден, мұн­дай әділет­сіздік кон­кур­стың беделін біраз түсіріп кетті.

Ал біз қаза­қтар рухы­мыз көтеріл­ді. Қазақ әні мен тілі әлем­ге таныл­ды. «Мен қазір­дің өзін­де жеңім­паз­бын» деген Димаш әлем­дік сахнаға жол тартты.

Деген­мен, сай­ы­стан кей­ін көбі­міз ойға қал­дық. Біз біл­мей­тін қытай мәде­ни­етіне бар­лап, ойла­нып қарай­тын бол­дық. Осын­дай­да Қажы­мұқан ата­мыз айтқан: «Мені палу­ан қылған – татар­лар, қар­тай­ған­да – өзбек­тер көмек­те­сті» деген сөзі еске орал­ды. Әрине, цирк­те ақша тігіп, Қаже­кеңді күрес­ке шығарған татар­лар ары демеп жібер­ген ғой.

Сол сияқты Дима­штың да әлем­дік аре­наға шығуы­на түрт­кі болған жағ­дай­лар бар. Менің айтай­ын дегенім – Дима­шты осы жобаға қаты­сты­руға екі жыл еңбек сіңір­ген Ертай Нүсі­п­жа­нов бауы­ры­мы­зға халық аты­нан алғыс айтуы­мыз керек. Ол қазір Қытай­да «Шан­хай кино­фе­сти­валі» аясын­да өтетін халы­қа­ра­лық сим­по­зи­ум­ның тұрақты мүшесі.

Сон­дай-ақ Қытай­дағы бауы­ры­мыз, қазақ әнін наси­хат­тап жүр­ген, осы жоба­да Дима­шқа музы­ка­лық кеңес­ші болған атақты әнші Арай Айдар­хан­ның атын да атау керек. Міне, бір­не­ше тіл білетін Айдар оқы­ған қазақ жаста­ры қалай жұмыс істеу керек екенін көр­сет­ті. Әйт­пе­се «Бола­шақ» бағ­дар­ла­ма­сы­мен шетел­дер­де қан­ша бала оқы­ды: көп­шілі­гі қазақ мәде­ни­етіне үлес қосу тұр­мақ, білім­дар ұрпақтың үлгісін де көр­се­те алмады.

Енді қазақ ком­по­зи­тор­ла­ры Дима­штың дауы­сы мен әншілік мәнеріне сай арнайы ән жазуы керек. Оны халық болып көте­руі­міз керек. Ән әле­міне жаңа құбы­лыс, төң­керіс алып кел­ген Дима­шты туған халы­қ­пыз. Оның Ота­ны – қазақ елі, ауди­то­ри­я­сы – жер шары! елі, ауди­то­ри­я­сы – жер шары!

Жанар­бек БЕРІСТЕН,

Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ

ұлт­тық өнер ака­де­ми­я­сы­ның профессоры

 


 

ДИМАШ Фран­ция мен Аме­ри­каға БАРАДЫ

 

Дима­штың енді­гі жос­пар­ла­ры қан­дай? Ол халы­қа­ра­лық «Евро­ви­де­ние» бай­қа­уы­на қаты­са ма? Бұл тура­лы мәде­ни­ет және спорт вице-мини­стрі Ақто­ты Рай­ы­мқұ­ло­ва Sputnik пор­та­лы­на бер­ген сұх­ба­тын­да айтып берді.

 

– Қытай­лар Дима­шты екі ел ара­сын­дағы «алтын көпір­ге» теңей­ді, – деді вице-министр. – Олар­дың Дима­шқа деген қарым-қаты­на­ста­ры, көзқа­рас­та­ры өте жақсы…

Желі­де кей­бір қаза­қстан­ды­қтар «Димаш Қытай­дағы бай­қа­уға дей­ін өз ота­нын­да баға­лан­бап еді», – деп жазу­да. Бірақ мем­ле­кет бұған дей­ін де оған қар­жы­лай қол­дау көр­сет­ті, оны «Сла­вян­ский базар» бай­қа­уы­на (онда Димаш Гран-при жүл­десін иелен­ген бола­тын) жібер­ді. «I am a singer»-ге аттан­дыр­ды, ол «Жас қанат» бай­қа­уы­на қаты­сып, Гран-при жеңіп алды, ал бірін­ші кур­ста оқып жүр­ген кезін­де «Дарын» Мем­ле­кет­тік жастар сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты атан­ды. Үкі­мет­тің кон­церт­терін­де де жиі-жиі бой көрсетті.

– Димаш елге қашан оралады?

– Жоба аясын­да оның бел­гілі бір мін­дет­те­ме­лері бар. Бай­қа­удың әрбір қаты­су­шы­сы келісім­ге қол қой­ған бола­тын. Әлі де оның мерзі­мі аяқталған жоқ. Түр­лі шара­ларға қаты­сып жүр­генін көріп жүр­сіз­дер. Мұның бар­лы­ғы бай­қа­удың ере­же­сі аясын­дағы жұмыс.

Кеше Пекин­де орта­лық кон­церт зал­да­ры­ның бірін­де өткен кон­церт­ке Айман Мұса­ход­жа­е­ва, Өнер уни­вер­си­тетінің ұлт­тық фольк­лор ансам­блі, каме­ра­лық оркестр қаты­сты. Осы кон­церт­те Димаш та өнер көр­сет­ті. 22 сәуір­де тағы бір маңы­зды шараға қаты­са­ды, ара­сын­дағы бір үзілі­сте елге ора­ла­ды. Оның жеңісіне арналған үлкен шара өткіземіз.

– Дима­штың алдағы жос­па­ры тура­лы айта кетсеңіз.

– Димаш Канн фести­валі аясын­да Қаза­қстан­ның пави­льо­нын таны­сты­ру рәсі­міне қаты­са­ды. Оны Фран­ци­яға шақыр­ды. Соны­мен бір­ге Дима­шты Аме­ри­каға оқуға жібер­мек­піз. Жал­пы, бүгін­де көп жер­ден ұсы­ныс келіп түсіп жатыр екен. Ынты­мақ­та­стық тура­лы, оқу, тағы­лым­да­ма­дан өту, кон­кур­старға, шара­ларға қаты­су бой­ын­ша ұсы­ны­стар бар.

Бұдан бөлек, «Евро­ви­де­ни­е­ге» қаты­сты көп әңгі­ме айты­лып жүр. Жал­пы, біз үш жыл­дан бері өтініш беріп келе­міз. Өкініш­ке қарай, бұл бай­қа­уға Еуро­па елі ретін­де қаты­са алмай­мыз. Олар біздің өтіні­шті бел­гілі бір құқы­қтық шек­те­уі бар қаты­су­шы ретін­де қарас­ты­ра ала­ды. Біз Дима­штың қонақ ретін­де қаты­суын ұсын­дық. Бірақ уақыт тығыз болып қал­ды, өйт­кені «Евро­ви­де­ние» мамыр айын­да өте­ді. Ал Дима­штың әзір­ге қытай­лық арна­ның алдын­дағы мін­дет­те­ме­лері бар. Биыл бол­ма­са, келесі жылы біздің өтіні­ші­мізді қарас­ты­ра­ды деген ойда­мыз. Олар­дың қонақ ретін­де бол­са да, Дима­штың қаты­суы­на қызы­ғу­шы­лы­ғы бар.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн