Суббота , 12 июля 2025

Қытайдағы қазақ дәрігері ӘЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Бәре­кел­ді!

 

Қытай­дағы қазақ ғалы­мы, Үрім­жі ауру­ха­на­сы­ның аға дәрі­гері Жаса­рат Жәлелұлы­ның меди­ци­на сала­сы­на енгіз­ген жаңа­лы­ғы талай­ды таң қал­дыр­ды. Оның емдеу тәсілінің арты­қ­шы­лы­ғын Қытай және АҚШ маман­да­ры мой­ын­дап отыр.

 

Жаса­рат Жәлелұ­лы меди­ци­наға киіз үй үлгісін­де­гі тігіс түрін енгізіп, бұл еңбе­гін алды­мен Қытай­да, одан кей­ін АҚШ-та патент­те­ген. Ғалым­ның киіз үй фор­ма­сын­дағы тігісінің көп­те­ген арты­қ­шы­лы­ғы бар көрі­неді. Соның бірі – адам­ның сынған сүй­е­гіне ота жасап, оны осы әдіспен тік­кен­нен кей­ін, сыны­ққа­ты­рғы (гипс) салу­дың қажеті жоқ деседі.

Ең қызы­ғы – ғалым бұл ем түріне «Киіз үй үлгісін­де­гі ота жасау әдісі» деп ат қой­ып­ты. Қазақ ғалы­мы­ның кәдім­гі қаза­қы етік­ке бай­ла­ны­сты тағы бір соны жаңа­лы­ғы бар көрі­неді. Атап айтқан­да, ол адам­дар­да, әсіре­се спорт­шы­лар­да жиі кез­де­сетін өкше тір­се­гінің үзілуін пышақ тигіз­бей, кәдім­гі қаза­қы етік­пен емде­уді қолға алған.

Мұн­да науқас ем алу кезін­де төсек­ке таңы­лып жат­пай­ды. Керісін­ше, әлгі етік­ті киіп алып, ара-тұра үш мез­гіл биле­се, науқас бір­жо­ла жазы­лып кете­ді делін­ген. Маман­ның бұл соңғы жаңа­лы­ғын әзір­ге Қытай жағы патент­теп беріп­ті. Дәрі­гер алдағы уақыт­та осы ғылы­ми жоба­сын Еуро­паға таны­сты­ру­ды жос­пар­лап отыр екен.

Айта кетер­лі­гі – қан­да­сы­мыз 2009 жылы Шың­жаң меди­ци­на уни­вер­си­тетінің таң­да­у­лы ғылы­ми қыз­мет­кері болып баға­лан­ды; 2010 жылы Жұңхуа меди­ци­на қоға­мы­ның сүй­ек ауру­ла­ры ғылы­ми талқы мәжілісін­де және Халы­қа­ра­лық сүй­ек-омыр­тқа ауру­ла­ры ғылы­ми кон­фе­рен­ци­я­сын­да арнайы мара­патқа ие болған. Осын­дай­да таң­дай қақ­пасқа шараң қал­май­ды: тіп­ті адам емде­уде бес мың жыл­дық тарихы бар дей­тін Қытай елін­де тосын жаңа­лық ашу – екінің бірінің қолы­нан кел­ме­се керек. Оның үстіне дәрі­гер­дің аталған тәсілі ұлт­тық ерекшелі­гі­мен де құн­ды болып отыр.

Осы­ны естисің де, әттең дей­сің: ата жұр­ты­на ора­ла алмаған қан­да­сың екенін біліп – бір қинал­саң, шатқа­яқтаған отан­дық меди­ци­на­ның мұн­дай маман­дарға зәру екенін ойлап – екі қиналасың?..

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн