Пятница , 4 июля 2025

Қытайдағы қазақтарға ЖАСАЛҒАН ҚИЯНАТәлем назарына жете ме?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №44 (408) от 30 нояб­ря 2017 г.

Даб­ыл!

 


 

Соңғы кез­дері Қытай­дағы қаза­қтар­дың қысым көріп жатқа­ны тура­лы БАҚ бет­терін­де жиі жазы­ла бастаға­ны­мен, елі­міздің құзыр­лы орын­да­рын­да қузау салға­ны­мен, қан­даста­ры­мы­здың қал-аху­ал­да­ры оңа­ла қой­ған жоқ. Қысым күн­нен-күн­ге артып келе жатқа­ны жиі айты­лып жүр. Осы тұрғы­да қан­дастар­ды Қытай билі­гінің тар­тқы­зып оты­рған тауқы­меті­нен ары­л­ту­дың жолы қалай? Қытай­да жатқан екі мил­ли­онға тар­та қаза­қтың құқы­ғын қалай қорғау керек? Міне, осы мақ­сат­та біз ҚР Пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа сол қаза­қтар­дың жағ­дайы тура­лы алғаш болып жет­кіз­ген, Гер­ма­ни­яда тұра­тын қан­да­сы­мыз Өмір­хан Алты­н­мен сұх­бат­тасқан едік.

 

– Өмір­хан аға, сұрақты бір­ден бас­та­сақ. Шетел­де өмір сүріп жатқан қазақ өкілі ретін­де Қаза­қстанға деген көзқа­ра­сы­ңыз қалай?

– Біз бәрі­нен бұрын Қаза­қстан дей­тін тәу­ел­сіз елі­міздің, Ата­ме­кені­міздің болға­ны­на Аллаға сан­сыз шүкір­шілік ете­міз! Қаза­қстан – әлем­де тары­дай шашы­раған қаза­қтар­дың арқа сүй­ер тауы, мақта­ны­шы, қуа­ны­шы. Ата-баба­ла­ры­мыз ғасыр­лар бойы аңсаған Қазақ елі тәу­ел­сізді­гінің 26 жылын той­лаға­лы жатыр­мыз. Атам Қазақ «елу жыл­да – ел жаңа» деген­дей, Алла қала­са, қаза­қтар­дың ауы­з­бір­шілі­гі, бір­лік-бере­кесі мықты бол­са, алда бұдан да зор талай беле­стер­ді ала­ры сөзсіз.

– Еврей­дің Изра­и­лі, оры­стың Ресейі, немістің Гер­ма­ни­я­сы деген секіл­ді әр ұлт­тың артын­да тірек болған үлкен елдер тұр. Сол секіл­ді сіз­дер­ге Қаза­қстан қан­ша­лы­қты тірек бола алады?

– Дәл қазір­гі тұрғы­да Қаза­қстан­ды Изра­иль­мен, Ресей неме­се Гер­ма­ни­я­мен салы­сты­руға бол­май­ды. 26 жыл деген адам өмірі тұрғы­сы­нан алған­да көп уақыт. Ал толы­ққан­ды ұлт­тық бір мем­ле­кет­тің қалып­та­суы бары­сын­да бұл өте бір қысқа заман. Қаза­қстан, шынын айтқан­да, сая­си тұрғы­да тәу­ел­сіз болға­ны­мен, тіл, эко­но­ми­ка, қорға­ныс сала­ла­рын­да толы­қтай тәу­ел­сіз ел болуы үшін әлі де біраз күш жұм­са­уы керек. Бірақ соған қара­ма­стан, жас Қаза­қстан – Қазақ елі шетел­дер­де­гі қан­даста­ры үшін қазір­ге дей­ін­гі іс-әре­кет­тері­мен, адал ниеті­мен бола­шақта шет жұрт­тағы қан­даста­ры­на қан­ша­лы­қты қорған бола­ты­нын көр­сет­ті. Әрине, бұл мәсе­ле­де кем­шілік­тер жоқ емес, бар­лы­ғы­мыз бір болып, ұлт­тық мәсе­лені ақыл­да­сып, жұмы­ла оты­рып әре­кет етсек, орны тол­май­тын кем­шілік болмас.

– Сіз­дер кеше­гі Қытай­дың зоба­лаңы­нан тен­тіреп кет­кен халы­қтың ұрпағы­сыздар. Ал бүгін­гі – жаңа Қытай­дың сол жер­де­гі қан­дастарға жасап оты­рған жат пиғы­лы­на қалай қарайсыз?

– Өздеріңіз айтқан­дай, отар­шыл Қытай­дың бұры­нғы кез­дер­де де қаза­қтарға қан­ша­ма қия­нат жасап, тари­хи отан­да­ры­нан босып кету­ге мәж­бүр еткені тарих бет­терін­де тұр. Ол бар­шаға аян. Ал дәл қазір­гі мына заман­да қытай­лар­дың қол астын­дағы қан­даста­ры­мы­зға қара­та жасап оты­рған қысым, қуда­лау әре­кет­тері, зұлым­ды­қта­ры, әсіре­се өрке­ни­еті, мәде­ни­еті мен демо­кра­ти­я­сы дамы­ған Батыс елдері­нен қараған­да, барып тұрған дөрекілік, жабай­ы­лық, әділет­сіздік бол­мақ. Қытай үкі­метінің істеп оты­рға­ны – ең алды­мен адам­гер­шілік­ке, содан кей­ін өзінің заң­да­ры­на, халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры­на қара­ма-қай­шы іс-әре­кет­тер, қыл­мыстар. Аны­ғын айтқан­да, Қытай үкі­меті өз тер­ри­то­ри­я­сын­дағы аз ұлт­тар­ды тез ара­да асси­ми­ля­ци­я­лап, қорқы­тып, үркітіп, зор­лық-зомбы­лы­қ­пен жоқ етудің шара­ла­рын іске асыруда.

– «Әлем­де­гі бар қаза­қтың жалғыз ота­ны – Қаза­қстан». Қазақ елі осы қан­даста­ры­мы­здың тағ­ды­ры­на неге ара­ла­са алмай отыр?

– Қаза­қстан үкі­меті басқа мәсе­ле­лер­де болға­нын­дай, бұл мәсе­ле­ге де қолы­нан кел­генін­ше ара­ла­сып келеді. Қаза­қстан үкі­меті­нен, әсіре­се Аста­на­да өткен Қаза­қтар­дың 5‑ші кұры­л­тай­ы­нан кей­ін пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тап­сыр­ма­сы­мен Қаза­қстан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі бұл мәсе­ле­ге дипло­ма­ти­я­лық сала­да күш жұм­сап келеді. Мини­стр­лік қыз­мет­кер­лері, жақын ара­да өздері де мәлім­де­ген­дей, алдын ала маған да хабар­ла­сып, қол­дағы дәлел­дер­ді, фак­тілер­ді алға тар­тып, Қытай үкі­меті тара­пы­нан қысы­мға тап болып оты­рған сон­дағы қан­даста­ры­мыз тура­лы мәлі­мет­тер талап етіл­генін хабар­ла­ды. Ал бай­ы­рғы ата­ме­кенін­де Қытай үкі­метінің зор­лық-зомбы­лы­ғы­на тап болып оты­рған қан­дастар­ды қорға­уды тек қана әлі буы­ны қат­паған жас Қаза­қстан мем­ле­кетінің ресми қыз­мет­кер­леріне жүк­теп қою – тәу­ел­сіз Қазақ елінің бола­шағы­на, ұлт­тық қауіп­сізді­гіне жасаған қия­на­ты­мыз бола­ды. Бұл тек қытай­дың қолы астын­дағы қан­дастар­дың емес, бүкіл қаза­қтың ортақ қасіреті. Ұлт­тық мәсе­ле­де «сен-мен» демей, бірі­гіп әре­кет етіп, қай мәсе­ле­де бол­ма­сын, жұмы­ла оты­рып күш жұм­са­уы­мыз ауа­дай қажет.

– Сіз­дер Еуро­по­да, кісілік құқы­қтың барын­ша қорғалған демо­кра­ти­я­лы елде жасап жатыр­сыздар. Сол елдер­дің мін­бер­лері­нен Қытай­дағы қан­дастар­дың қал-аху­а­лы тура­лы жет­кі­зе алды­ңы­здар ма?

– Мына жақта сана­у­лы адам­дар қол­да­ры­нан кел­ген­ше тыры­сып бағу­да. Бірақ әлгін­де айты­лған­дай, бұл бір-екі кісінің жеке іс-әре­кет­тері­мен халы­қа­ра­лық дәре­же­ге көтерілетін мәсе­ле емес. Халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры ұйым­да­ры­ның, баты­стық үкі­мет­тер мен қоғам­дар­дың наза­рын бұл мәсе­ле­ге аудар­ту үшін, ең алды­мен жаса­лып жатқан зұлым­ды­қтар тура­лы нақты дәлел­дер, онан соң арты­ң­да сені әрбір тұрғы­дан қол­дап, қостай­тын ресми бол­сын, бей­ре­сми бол­сын – күш­тер болуы керек. Өкініш­ке орай, жеке басы­ның қамын ойлап, қытай­дың ақша­сы­на қызы­ғып, ұлт­тық мүд­де­ге қай­шы, қытай­дың пай­да­сы­на сай іс-әре­кет­тер­ге барып жүр­ген­дер –ұлт­тық сана-сезім­нен жұр­дай адам­дар Қаза­қстан­да да болған­дай, мұн­дағы қаза­қтар ара­сын­да да жоқ емес.

– Әлем­дік адам құқы­ғын қорғай­тын ұйым­дар бұған неге үнсіз отыр? Біл­мей ме, әлде олар­дың ара­ла­суы үшін Қытай­дағы азшы­лық ұлт­тар да Мьян­ма­дағы қасірет­ке тап болуы керек пе?

– Егер халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­рын қорға­у­шы­лар, баты­стық үкі­мет­тер мен қоғам үнсіз отыр­са, бұл олар­дың емес, біздің кінә­міз. Біз бас қосып, қытай­лар­дың қан­даста­ры­мы­зға неше уақыт­тан бері істеп келе жатқан қия­нат­та­рын нақты­лы дәлел­дер­мен, халы­қа­ра­лық нор­ма­ларға, заң­дарға сай оларға, тиісті халы­қа­ра­лық орын­дарға әлі күн­ге дей­ін жет­кі­зе алма­дық. Бұл мәсе­ле­де Қаза­қстан үкі­меті, сая­си пар­ти­я­лар, қоғам­дық ұйым­дар, жал­пы алған­да, бар­лық қазақ бірі­ге оты­рып, жан-жақты жос­пар­лап, халы­қа­ра­лық талап­тарға орай әре­кет еткен­де бір нәти­же­ге қол жет­кі­зе аламыз.

Бәрі­нен бұрын Қаза­қстанға арғы бет­тен көшіп кел­ген, нағыз қысым, қуда­ла­у­ға тіке өздері, арт­та қалып қой­ған ағай­ын-туы­ста­ры тап болып оты­рған қан­даста­ры­мы­здың мұн­да жау­ап­кер­шілік­тері арты­ғы­рақ бол­мақ. Халы­қа­ра­лық ұйым­дар тек нақты фак­тілер­ге, дәлел­дер­ге ғана сүй­ене оты­рып әре­кет ете­ді. Сон­ды­қтан бұл ағай­ын­дар мүм­кін болға­нын­ша көбірек, нақты­лы дәлел­дер­ді Қаза­қстан үкі­метіне, осы мәсе­ле­де күш жұм­сап келе жатқан ұйым­дарға қоры­қ­пай тап­сы­ру­ла­ры керек. Нақты­лы дәлел­дер­мен ғана халы­қа­ра­лық адам құқы­қта­ры ұйым­да­ры­ның наза­рын Қытай үкі­метінің зұл­ма­ты­на аудар­та аламыз.

Ең маңы­здысы – бұл мәсе­лені халы­қа­ра­лық дең­гей­ге көте­ру бары­сын­да, жасы­ра­ты­ны жоқ, қара­жат­тың да жет­кілік­ті болуы шарт. Сөздің соңын­да айта­рым, Қазақ елі бұдан да бұрын қан­ша­ма қиын-қыстау кезең­дер­ді бастан кешті. Әру­ақ қол­дап, ата-баба­ла­ры­мы­здың аяу­сыз күре­стерінің нәти­же­сін­де бүгін, Аллаға шүкір, тәу­ел­сіз мем­ле­кет­піз! Қазақ бала­сы қазір­гі кез­де тап болып оты­рған қиын­ды­қтар­дан, қысым-қуда­ла­у­лар­дан, егер ұлт­тық бере­ке-бір­лі­гі­міз күшті болып, ата­ме­кен Қаза­қста­ны­мы­здың тәу­ел­сізді­гі мықты бол­са, аман-есен өте­ді де кетеді.

Қой­шы­бек МҮБӘРӘК,

«TheQazaqTimes»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн