Пятница , 4 июля 2025

Қытайдағы қазақтардың МҮДДЕСІН ҚОРҒАУҒА АҚОРДА НЕГЕ ҚҰЛЫҚСЫЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Төте сұрақ

 


 

 

Тәу­ел­сіз Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – жаңа ғасы­рға тәу­ел­сіз мем­ле­кеті бар ұлт ретін­де қадам қой­ған қаза­қтың ең биік абы­ройы. Дүние жүзі қаза­қта­ры­ның әр рет­кі құры­л­тай­ын­да әлем­нің әр түк­пірін­де­гі қаза­қтың бір ғана тари­хи ота­ны – Қазақ елі екенін сан рет айттық.

Әлем­нің әрбір елін­де де қазақ ұлты өзінің ұлт ретін­де­гі биік сапа­сын таны­тып келеді. Елба­сы­ның өзі айтқан­дай, «қай елге бар­сақ та, қаза­қтар тыны­шты­қты бүл­діріп жатыр деген сөзді есті­медік». Тары­дай шашы­лған қаза­қтың әр бала­сы қай­сы­бір жат топы­рақта жүр­се де, Қаза­қстанға деген терең сүй­іспен­шілі­гінің бар екеніне көз жұм­бай­мыз. Оның аста­рын­да «Менің Қаза­қстан деп ата­ла­тын тәу­ел­сіз елім, тари­хи түп қазы­ғым бар» деген ұлы мақта­ныш жат­са керек.

 

 

Әлем­ді­гі қаза­қтың жүрек түк­пірін­де­гі осы бір мақта­ны­шқа Қазақ билі­гі қан­ша­лы­қты лай­ық? Тәу­ел­сіз Қазақ елі ретін­де билік шетел­де­гі қазақ диас­по­рас­ы­на қан­ша­лы­қты сұра­у­шы, сүй­е­уші болды?

Бүгін­де Қытай­дың Шын­жаңын­да тұра­тын екі мил­ли­онға жуық қаза­қтың мүд­десі мен кісілік құқы­ғы жер­гілік­ті билік жағы­нан тап­та­уға ұшы­рап отыр. Аталған жайт­тың бір ұшы тек Қытай қаза­қта­ры­на ғана емес, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на да тиіп жатыр. Бұл тура­лы соңғы кез­де әле­умет­тік желілер мен қазақ тіл­ді БАҚ-та айты­лып келеді.

Әңгі­менің басы ШҰАР-да көтеріліп оты­рған «Шын­жаң орны­қты­лы­ғы» желе­уі­нен баста­ла­ды. 2009 жылғы 5 шіл­де оқиға­сы­нан кей­ін Шын­жаң­дағы қоғам­дық-сая­си жағ­дай мүл­де өзгер­ді. Ал өткен жылы Шын­жаң өлкесінің бірін­ші бас­шы­сы болып тағай­ын­далған Чын Чуан­го Шын­жаң­дағы ұлт­тық мәсе­лені тіп­ті де шие­леністіріп жібер­ді. Осы­ған дей­ін ұйғыр ұлты шоғыр­лы қоны­станған Оңтүстік Шын­жаң­дағы сая­сат­ты енді тұтас Шын­жаң­ды, соның ішін­де қаза­қтар қоны­станған авто­но­ми­я­лы облыс, аудан­дарға дей­ін кеңейт­ті. Тұрғын­дар­дың діни неме­се дәстүр­лі салт рәміз­дер­ді өткі­зуі­нен бастап, еркін жүріп-тұруы­на дей­ін шек­те­у­ге ұшы­рап, тіп­ті әле­умет­тік желілер­де де күшті цен­зу­ра қой­ы­лып отыр. Әле­умет­тік желілер­де­гі Қаза­қстан, дін, ұлт тура­лы айты­лған бірер ауыз сөзді де «бөл­шек­те­уші», «діни экс­тре­ми­стік» деген желе­умен қамауға алуда.

«Азия «Азаттық» Радио­сы­ның» (http://www.rfa.org) хабар­ла­у­ы­на қараған­да, 1 мау­сым күні ҚХР Шын­жаң­да «Шын­жаң­дағы кісілік құқы­қтың дамуы» атты жинақ бас­па­дан шыққан. Бұл кітап­та 1949 жыл­дан бері ҚХР үкі­метінің Шын­жаң­дағы кісілік құқы­қты жоға­ры дәре­же­де дамы­тқа­ны тура­лы айты­лған. Аталған кітап­тың алғы сөзін­де: «1955 жылы Қытай үкі­меті Шын­жаң­да ұлт­тық тер­ри­то­ри­ядағы авто­но­ми­я­лы өлке құрып, мұн­дағы әр ұлт­тың өзін-өзі билеу құқы­ғын қам­та­ма­сыз етті», – делін­ген. Оған қоса бұл кітап­та сая­си құқық, діни сенім құқы­ғы, бұқа­ра­лық, мәде­ни өмір, әйел­дер мен бала­лар құқы­ғы және тағы басқа сегіз үлкен маз­мұнға бөлініп, осы аталған кісілік құқық талап­та­ры­ның аса жоға­ры дең­гей­де екенін сөз еткен.

Алай­да біз Шын­жаң­дағы аз ұлт халы­қта­ры­ның әле­умет­тік, наным-сенім, тіп­ті сая­си құқы­қта­ры­ның да ауыр дәре­же­де тап­та­лып оты­рға­нын анық бай­қай ала­мыз. Кісілік құқық пен аза­мат­тар­дың тең құқы­қты­лы­ғы мәсе­лесін­де бір ҚХР ішін­де ішкі Қытай мен Шын­жаң­ның жағ­дайы жер мен көк­тей парық тудырады.

 

Бұл үшін жал­пы Қытай билі­гін айы­пқа тар­ту­дың жөні жоқтай көрі­неді. Себебі Қытай­дың өзге про­вин­ци­я­ла­рын­да демо­кра­ти­я­лы, аза­мат­тар­дың тең құқы­қты қоға­мы­ның бей­несі бір­ша­ма анық бай­қа­ла­ды. Ал Шын­жаң­ның жер­гілік­ті тұрғын­да­ры билік тара­пы­нан көп­те­ген шек­те­улер­ге ұшы­рап отыр. Айта­лық, наным-сенім құқы­ғы­на, еркін-жүріп тұру секіл­ді аза­мат­тық құқы­қта­ры­на билік қол сұғу­да. Кісілік құқы­қты қорғау ұйы­мы­ның Қытай ісіне жау­ап­ты дирек­то­ры «Азия «Азаттық» Радио­сы­на» бере­ген сұх­ба­тын­да жоға­ры­да аталған кітап тура­лы өз пікірін біл­діреді: «Бұл кітап­ты көр­ген­нен кей­ін, менің ойы­ма Қытай­да біз біл­мей­тін басқа бір «Шын­жаң» бар ма?!» деген сұрақ туды», – дей­ді. Оның айтуын­ша, бұл кітап ақиқат­тан мүл­де алшақтап кеткен.

Дүни­е­жүзілік кісілік құқы­қты қорғау ұйы­мы Шын­жаң­дағы діни сенім құқы­ғы және басқа да кісілік құқы­қтар­дың ауыр дәре­же­де тап­та­лып оты­рға­нын айта­ды. 1 мау­сым күні өткен Еуро­па­лық пар­ла­мент оты­ры­сын­да Соци­ал-демо­крат­тар пар­ти­я­сы, Жасыл­дар пар­ти­я­сы және Еуро­па Халық пар­ти­я­сы қатар­лы­лар­дың пар­ла­мент­те­гі мүше­лері­нен 14 адам ашық хат жол­дап, Қытай­дың кісілік құқық мәсе­лесін­де­гі мәмілесі жақ­сы болға­ны­мен, олар күт­кен оң нәти­жені бер­мей оты­рға­нын алға тарт­ты. Соны­мен бір­ге Еуро­па­лық комис­си­я­ның ҚХР-ға кісілік құқы­ғы мәсе­лесі жөнін­де диа­лог­тар өткі­зуін талап еткен.

Соңғы уақыт­та­ры Қытай мен Қаза­қстан қарым-қаты­на­сы әріп­те­стік­тің жаңа бір дең­гей­іне көтеріл­ді деп жоға­ры лау­а­зым­ды атқа­мі­нер­лер­ден бастап, мем­ле­кет­тік БАҚ өкіл­деріне дей­ін жары­са айтып жатыр. Бірақ бұл шын мәнін­де осы­лай ма? Қаза­қстан осы уақы­тқа дей­ін Қытай­мен тең дәре­же­де­гі эко­но­ми­ка­лық әріп­те­стік орна­та алды ма? Қаза­қстан тең тұрғы­дағы әріп­тес ретін­де Қытай­дағы қазақ диас­по­рас­ы­ның мүд­десін қорғай ала ма?

 

Кеңе­стер Одағы құлаға­лы бері Қытай Орта­лық Ази­яға, оның ішін­де Қаза­қстанға өз ықпа­лын күшей­ту үшін түр­лі қадам­дар жасап келе жатқа­ны бел­гілі. Соңғы үш-төрт жыл­ды алып қарай­тын бол­сақ, ресми Бей­жің Қаза­қстанға эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан өз ықпа­лын күшей­ту мақ­са­тын­да аса бел­сен­ді жұмыс істе­уде. Бұлай дей­тін себебі­міз – 2013 жыл­мен салы­сты­рған­да, Қаза­қстан­дағы Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­ның саны 35 пай­ы­зға артқан. Қазір­гі таң­да Қаза­қстан­да Қытай қар­жы­сы салы­нған 2783 кәсі­по­рын мен 600 астам ком­па­ния жұмыс жаса­уда. Осын­ша­ма Қытай ком­па­ни­я­ла­ры­на есі­гі­мізді ашып беру елі­міз­ге эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан тиім­ді шығар. Бірақ сая­си тұрғы­дан төніп тұрған қауіп­ті ескер­дік пе? Егер­де ел билі­гі айтып жүр­ген­дей, тең дәре­же­де­гі әріп­тес бол­сақ, онда неге ресми Бей­жің билі­гі Қытай­дағы қазақ мек­теп­терін жауып, қазақ тілінің тыны­сын тары­л­тып жатыр? Егер біз шын мәнін­де әріп­тес бол­сақ, Қытай билі­гіне сөзі­міз жүретін бол­са, онда неге Қытай­дағы қаза­қтар­дың жүріп-тұруы­на тосқа­уыл қой­ып жатқан Қытай билі­гіне ресми хат, тіп­ті керек бол­са, нота жолдамаймыз?

Бірақ біз Қытай­ға 13 млрд дол­лар­дан астам (2015 жылы) қарыз екені­мізді ескер­сек, бұл сұрақтар­дың жау­а­бы өз-өзі­нен көз алды­мы­зға келері хақ. Өйт­кені қарыз алушы қарыз беру­ші­ден қашан­да бір бас төмен тұрады.

Бұның бар­лы­ғын айтуға оңай, әрине. Бірақ өз ұлты­ң­ның мүд­десін қорғай алма­саң, эко­но­ми­ка­лық әріп­те­стік­тің жаңа дең­гей­іне көтеріл­дік деп кеуде қағу­дың өзі артық шығар. БАҚ-та көп­тен бері сөз болып келе жатқан – Шын­жаң­дағы қаза­қтар­дың пас­порт­та­рын жинап алу; шека­ра­дан шығар­мау; ҚХР-дан көшіп кел­ген ҚР аза­мат­та­рын қай­та шақыр­тып алып, Шын­жаң­дағы тір­ке­уі­нен шығуын талап ету; Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан алған ықти­яр хат­ты тар­тып алу; Қаза­қстан­да ықти­яр хат­пен тұрып жатқан ҚХР зей­нет­кер­лерін зей­не­тақы­сын тоқта­ту сияқты ҚХР-ның өз заңы­на сәй­кес кел­мей­тін әре­кет­тер­дің көбі дер­лік Шын­жаң­ның жер­гілік­ті билі­гінің «Шын­жаң орны­қты­лы­ғы» желе­уі­мен жасап оты­рған қадамдары.

Әсіре­се бей­біт тұрғын­дар­дың діни, ғұрып әдет­теріне қаты­сты кей­бір жоралғы­ла­рын шек­теу шара­ла­ры шек­тен шығу­да. Қаза­қтар ара­сын­да екі елде тұра­тын туған-туы­стар­дың бір-бірі­мен әле­умет­тік желілер арқы­лы хабар-бай­ла­ныс орна­туы­на дей­ін салы­нған тый­ым, жер­гілік­ті билік­тің ұлт­тарға қаратқан, тіп­ті тату, ынты­мақтағы көр­шілес Қаза­қстанға қаратқан көзқа­ра­сын айқын аңғарт­са керек. Бұл жөн­ге сый­май­тын жер­гілік­ті ере­же­лер соңғы кез­дері Шын­жаң көле­мі­нен алқып шығып, ела­ра­лық қарым-қаты­на­сқа, екі ел ара­сын­дағы қалып­ты бай­ла­ны­сқа кері әсерін тигі­зетін дең­гей­ге дей­ін жетті.

Қытай­да түр­лі сала­да қыз­мет атқа­рып, зей­нет­ке шыққан­нан кей­ін Қаза­қстан­да тұрып жатқан адам­дар­дың зей­не­тақы­сын тоқта­ту неме­се Қытай­да ғана тұруын талап ету – сол елдің заң­да­ры­на да қай­шы келіп отыр. Бұл мәсе­ле біздің елі­міз­де, «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заң­ның 54-бабын­да көр­сетіл­ген­дей, шетел­де­гі Қаза­қстан аза­ма­ты сана­ты­на жата­тын тұлғаларға«Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да зей­не­тақы­мен қамсыздандыру»туралы заң­ның 31 және 32-бап­та­ры­на сәй­кес төле­неді. Айта­лық, 32-бап­тың 4‑тармағында: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шегі­нен тыс жер­лер­ге тұрақты тұруға кет­кен, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да айқын­далған, кету фак­тiсiн рас­тай­тын құжат­тар­ды ұсы­нған шетел­дiк­тер мен аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дар­дың мiн­дет­тi зей­не­тақы жар­на­ла­ры есебi­нен зей­не­тақы төлем­дерiн алуға құқы­ғы бар», – деп белгіленген.

Мамыр айы­ның соңғы күн­дері Алма­ты­дағы Қытай­дың бас кон­сул­ды­ғы­ның ұйым­да­сты­руы­мен жоға­ры­да аталған мәсе­ле­лер төңіре­гін­де Қытай­дан арна­у­лы деле­га­ция кел­ді. Қытай­ға барып, пас­порт­та­ры жинап алы­нған, Қаза­қстан­дағы отба­сы­нан ажы­рап қалған адам­дар­дың туы­ста­ры және «Жебеу» рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық бір­ле­сті­гінің өкіл­дері Қытай­дан кел­ген жұмыс тобы­мен кез­де­сті. Кез­де­су­де болған «Жебеу» РҚБ-ның төралқа мүше­сінің бірі Рахым Айып былай деді:

«Біз олар­дан бұл мәсе­ле­ге жау­ап сұра­дық. Алай­да олар істің шеші­мі ҚХР заңы бой­ын­ша оң шешім табуы мүм­кін екен­дік­терін, тап­сы­рып алы­нған ары­здар мен ауыз­ша өтіні­ш­тер­дің толы­қтай мұқи­ят тек­серіліп, аны­қта­ла­тын­ды­ғын ғана жет­кізді. Қаза­қстан билі­гі толы­қтай бол­ма­са да, бұл істен хабар­дар. Біз­де­гі мүд­делі аза­мат­тар Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне және Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне хат жазға­ны­нан хабар­дар­мыз. Алай­да билік тара­пы­нан бел шешіп, ара­ла­сып кет­ті деп айта алмай­мын. Себебі кей­бір мәсе­ле Қытай­дың ішкі мәсе­лесіне сая­ды. СІМ өз нара­зы­лы­ғын айту неме­се нота жари­я­лау үшін, бұл мәсе­ле шынын­да біздің аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры Қытай­дың ресми билі­гі жағы­нан тап­талға­ны дәлел­ден­ген жағ­дай­да ғана орын­да­ла­ды. Ал бұл арна­у­лы жұмыс тобы­ның келуі ҚХР-ның ҚР-дағы бас елшісі Жан Ханхуй мен Алма­ты­дағы бас кон­сул Жан Уей мыр­за­лар­дың ұйым­да­сты­руы­мен болып отыр. Әрине, одан бұрын «Жебеу» бір­ле­сті­гінің бас­шы­лық құра­мы Қытай­да орын алған мәсе­ле тура­лы екі елші­мен бір­не­ше рет кез­дескен бола­тын. Мәсе­ленің шеші­міне келетін бол­сақ, «Жебе­удің» ара­ла­суы­мен Жан Уей мыр­за өзі қабыл­дап, тіке­лей ара­ла­суы­мен тоқта­ты­лған зей­не­тақы­ны қам­ты­ған және бұдан кей­ін ол жақтан ала­тын зей­не­тақы толық берілетін болып шешілді».

 

Шын­жаң­нан кел­ген жұмыс тобы­мен кез­де­су­ден соң, Іле Қазақ авто­но­ми­я­лы облы­сы­ның әкім­шілі­гі ҚР аза­мат­ты­ғын алуы­на бай­ла­ны­сты зей­не­тақы­сы тоқтаған бар­лық жеке тұлға­лар­дың зей­не­тақы­сы толық және жалға­сты төлей­тін­ді­гін жари­я­ла­ды. Ал енді біз ықти­яр хат алған зей­нет­кер­лер­дің мәсе­лесінің шешім табуын күтіп отыр­мыз. Жұмыс тобы­ның келуі­мен және мүд­делі аза­мат­тар мен қоғам­дық бір­ле­стік­тер­дің ара­ла­суы­мен зей­не­тақы мәсе­лесі жар­ты­лай шешім тапқа­ны бел­гілі болды.

Алай­да үлкен мәсе­ле –ондағы қазақ бауыр­лар­дың тап­та­лып жатқан кісілік құқы­ғы. Шын­жаң­да туы­лып жатқан келеңсіздік­тер тура­лы жеке­ле­ген адам­дар­дан пікір алған едік, кей­біре­уі ол жақтағы туы­ста­ры­на салқы­ны тимес үшін аты-жөнін біл­дір­гісі кел­мей­тінін айт­ты. Пікір беру­шілер­дің бәрі де пас­порт­та­ры себеп­сіз жинап алы­нып, қай­та­рыл­май оты­рған және заң­мен қорқы­ту арқы­лы жазы­қ­сыз қамауға алы­нған туы­ста­ры­ның бар екенін айтады.

«Ер Жәні­бек» халы­қа­ра­лық қоғам­дық қоры­ның пре­зи­ден­ті Жеңіс Түр­ки­ядан шетел­де­гі қазақ диас­по­ра­ла­ры мен Қаза­қстан билі­гі ара­сын­дағы бай­ла­ныс тура­лы пікірін сұраға­ны­мы­зда: «Әлем қаза­қта­ры – керек бол­са, бұл үлкен ұлт­тық идео­ло­гия. Шетел­де­гі бес мил­ли­он қазақ әлем­де­гі бар қаза­қтың үштен бір бөлі­гін құрай­ды. Шетел­де­гі қаза­қтар ара­сын­да небір үлкен ғалым­дар, ірі тұлға­лар бар. Олар­дың кей­біре­уі елге келіп, еңбек етіп жатыр. Жал­пы, олар­мен мәде­ни-руха­ни бай­ла­ны­стар­ды тығыз сақтап оты­ру керек. Ұлт­тың бола­шағы тұрғы­сы­нан, тіп­тіҚа­за­қстан­ның ұзақ бола­шағы тұрғы­сы­нан алып қараған­да, шетел­де­гі қаза­қтар­мен тығыз бай­ла­ныс орна­ту, олар­дың мүд­де­лерін қорғау – Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік стра­те­ги­я­сы­ның бір бөле­гі болуы керек. Билік дең­гей­ін­де шетел қаза­қта­ры­ның мүд­де­лерін қорға­уға тиіс­піз. Мәде­ни іс-шара­лар­ды ортақ ұйым­да­сты­ра­тын халы­қа­ра­лық ұйым­дар­ды көп­теп құру керек. Бір елдің ішкі ісіне тіке­лей ара­ла­сып кет­пе­сек те, осы халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың көме­гі­мен ондағы қаза­қтар­дың мүд­де­лерінің тап­та­луы­на жол бер­ме­у­ге тыры­суы­мыз керек. Жал­пы, эко­но­ми­ка­лық сел­бес­тік орна­тып оты­рған Қытай­мен бол­сын, Ресей неме­се Түр­кия, Моңғо­лия, Өзбек­стан­мен бол­сын, дипло­ма­ти­я­лық қарым-қаты­на­ста­ры­мы­здың бір пара­сын ондағы қазақ диас­по­ра­ла­ры­мен бай­ла­ныс орна­туға арна­уы­мыз керек. Бұл Қаза­қстан­ның шетел­де­гі абы­рой­ын биік­тет­пе­се, төмен­дет­пей­ді», – деген пікірін білдірді.

ЭКСПО көр­месінің ашы­луы­на ҚХР бас­шы­сы Ши Жин­пиң Аста­наға кел­ді. Екі елдің тату, ынты­мақты, өза­ра құр­меті жоға­ры, сенім­ді дос және тең дәре­желі әріп­те­стік орнатқан эко­но­ми­ка­лық одақ­тас екенін екі ел бас­шы­ла­ры да атап өткені анық. Қытай­дың тыны­шты­ғы Қаза­қстанға қан­ша­лы­қты маңы­зды бол­са, Қаза­қстан­ның орны­қты тыны­шты­ғы да Қытай­ға сон­ша­лы­қты маңы­зды. Ал екі елді тұта­сты­рып тұрған Шын­жаң тыны­шты­ғы екі ел мүд­десіне бір­дей маңы­зды. Шын­жаң­дағы қаза­қтар өңір тыны­шты­ғы­ның ең негіз­гі кепілі. Себебі Қазақ елі деген тари­хи ота­ны­ның болуы Шын­жаң қаза­қта­ры­ны­ңкөңіліне үлкен медеу, әрі қанағат пен сабыр­ды сый­лаған. Жер­гілік­ті билік Шын­жаң қаза­қта­рын Қаза­қстан­дағы бауыр­лас, қан­даста­ры­мен мәде­ни-руха­ни бай­ла­ны­сын үзу­ге тырыс­са, оның сал­да­ры қазір­гі­ден де ауыр бола­ты­ны анық. Бұл екі ел ара­сын­дағы достық дәлізін күй­ре­ту­ге апа­рып соғады.

Қаза­қстан Қытай­дың «Бір бел­деу – бір жол», «Батыс Қытай – Батыс Еуро­па» тасы­мал дәлізі, «Баты­стың газын Шығы­сқа жет­кі­зу» сияқты көп­те­ген ішкі-сыр­тқы бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на эко­но­ми­ка­лық одақ­тас, сенім­ді дос ел ретін­де қол­дау көр­сетіп келеді. Табиғи газ бен мұнай­дан да Қытай­ға басым үле­сті беріп отыр­мыз. «Шан­хай ынты­мақ­та­стық ұйы­мы» секіл­ді халы­қа­ра­лық ұйым­дарға бір­дей мүше екені­міз және бар. Елі­міз­де­гі Қытай кәсі­по­рын­да­ры­на бер­ген мүм­кін­дік­тер­ді айт­паған күн­нің өзін­де тер­ри­то­ри­я­мы­зды басып, Ресей, Бал­тық жаға­ла­уы, ары қарай Еуро­паға кетіп жатқан тасы­мал дәліздің өзі Қытай эко­но­ми­ка­сы­ның күре тамы­ры­на тиеді.

Міне, осы тұрғы­дан Қаза­қстан билі­гінің Қытай­дағы қазақ диас­по­рас­ы­ның мүд­десіне ара­ша сұра­уы­на толы­қтай қақы­сы бар еді. Ақор­да мұн­дай мүм­кін­дік­ті неге пай­да­лан­бай отыр?!

«The Qazaq Times»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн