Пятница , 4 июля 2025

ҚЫЗ АЛЫП ҚАШУ – қазақтың салты емес

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Дәстүр­дің тозы­ғы бар…

 


 

Қазақ ешқа­шан келісім­сіз қыз алып қашпаған. Еріксіз қызды алып қашу – қаза­қтың сал­ты емес! Бесік­тен, бол­ма­са жасы­нан айт­ты­ры­лып қой­ған қыз өзінің қала­у­ы­на тұр­мысқа шығу үшін сүй­ген жігіті­мен бір­ге қашқан. Оған куә «Қасен–Жамила», «Еңлік–Кебек», «Қалқаман–Мамыр», т.б. оқиғалары.

Қазақ обал­дың қадірін әлдеқа­шан біл­ген. Адам түгілі, мал­ды дала­дан себеп­сіз айдап әкет­пе­ген. Еңбе­гін дау­лау, құн қай­та­ру, есесін алу мақ­са­тын­да ғана малға барым­та жасалған.

Қай баба­ла­рың дала­да еркін жүр­ген қызды алып қашып­ты деп естідің­дер? Қаза­қтың қаси­ет­ті сал­ты­на күйе жақ­паң­дар! Қазақ адам түгілі, малға қия­нат жасамаған.

Қазір­гі заман­да көше­де кетіп бара жатқан қызды бас салып алып қашу – қыл­мыс. Адам ұрлау!

Қазақ ешқа­шан тексіз іс жаса­маған. Оңай олжа ер аза­мат үшін намыс емес пе?! Заман­ның ерік­кен бұза­қы­ла­ры­ның ойлап тапқан сан­ды­рағы қан­ша бей­күнә бой­жет­кен­нің оба­лы­на қалып жатыр.

Бұл мәсе­лені заң­мен шек­теу керек. Жөн­сіз, тексіз істер­дің бар­лы­ғын қаза­қтың киелі сал­ты­на жап­сы­рып, ұлт­ты қорламаңдар!

Тағы да айта­мын, қаза­қтың кез кел­ген тарихын­да қыздың келісі­мін­сіз, таны­май­тын қызды алып қашпаған. Обал-сау­ап­ты білетін намысты қазақ ондай көз жасы ұрпағы­на жететін іске бар­маған. Ол бүгін­гі оңай олжаға құнық, жау­ап­кер­шілі­гі жоқ намыс­сыз жігіт­тер­дің ісі.

Жаман әдет тез етек ала­ды. Біре­удің әлпеш­теп, аялап оты­рған қызы сен­дер­ге тоқты-торым емес қой.

Естеріңді жинаң­дар!

Алма­хан Мұхаметқалиқызы

 

 

 

АЛЫП ҚАШЫП КЕЛГЕНІЖЕЗӨКШЕ БОЛЫП ШЫҚТЫ

 

Жақын­да ауыл­да үлкен той бол­ды. Үйле­ну тойы. Бір әулет­тің өсіп-өнгені, ұлғай­ға­ны. Тұр­мысқа шыққан қыздың бір топ дос қызда­ры той­ға Алма­ты­дан арнайы келіп­ті. Той өтті. Сол той­да маған көр­ші тұра­тын үйдің ұлы той­ға кел­ген қыздар­дың бірін алып қашып кел­ді. Қуа­ны­шқа – қуа­ныш жалға­сты. Той – той­ға ұласты.

 

Қыз алып қашып кел­ген бала­ның аты Жомарт. Жағ­дайы қораш, ортан қол әулет­тен шыққан бала еді. Қала көр­ме­ген, оқы­маған. Ауыл­да әркім­ге жал­да­нып жұмыс істеп, бар тапқа­нын әке-шеше­сіне тасып жүр­ген­дер­дің бірі. Бала­сы бір түн­де келін алып кел­ген соң, әке-шеше­сі шашы­лып қал­ды. Үй ара­лап, қарыз сұрап, той­ға соя­тын мал­ды да қары­зда­нып алып, әлек бол­ды. Қолын­да түгі жоқ ада­мға той жасау оңай емес.

Бай­ғұс әке-шеше қайт­сін, қол­да­ры­нан кел­ген­ше той жаса­ды. Қаты­стық. Тілек айт­тық. Ер адам­дарға ішіп-жеп, сүзі­ле қараға­ны бол­ма­са, қыз бала көрік­ті екен. Аяқ-қолы балға­дай, еркек біт­кен қызы­ға­тын­дай бар…

Ара­да бір­не­ше күн өткен соң, Жомарт­тың Алма­ты­да үлкен қыз­мет­те істей­тін аға­сы кел­ді. Той­ға ісса­пар­да жүріп келе алмаған екен. Ол қақ­па­дан кіріп, үйге енісі­мен, көр­ші үйде айқай-шу бастал­ды. Бүкіл көр­ші-қолаң «не болып қал­ды?» деп елең­деп, той болған үйге құлақ түрді.

Кеше ғана босаға­ны аттаған келін қашып қақ­па­дан шықты. Артын­да Жомарт: «Тоқта­шы, Жанар! Тоқта­шы дей­мін, ағам сені емес, басқа­ны айтқан болар. Не бол­саң да, мен сені кешіре­мін! Кет­пе­ші!» – деп айқай­лап, жалы­нып, қыздың соңы­нан жүгіріп бара­ды. Жомарт­тың шеше­сінің жылаға­ны, шалы­ның ақы­рға­ны, аға­сы­ның боқты­ғы қат­ты­рақ шыққан соң, көр­ші біт­кен сол үйге жүгіріс­кен. Жет­кен бой­да «не бол­ды?» дестік. «Келін емес, кеса­пат! Масқа­ра бол­дық. Өлгенім жақ­сы еді бүйт­кен­ше», – деп, Ағи­ма шеше­міз ағыл-тегіл жылап жүр. «Ол қыздың бұзық екенін жалаңаш ойқастап жүр­гені­нен-ақ біліп едім. Ел-жұрт­тың алдын­да абы­рой­ы­мы­зды төк­ті. Бетін көр­мей­мін, құр­ты­ң­дар», – деп, шалы ақы­рып отыр.

Ақы­ры жөн сұра­са келе, оқиға­ның мән-жай­ы­на қаны­қтық. «Келін» деп түсір­гені­міз қала­да жезөк­шелік­пен айна­лы­сып жүр­ген қыз екен. Оны Жомарт­тың аға­сы Ғалым айт­ты: «Кей жағ­дай­лар­да шаруа шешіп бер­ші деп, жігіт­тер ара-тұра сау­наға, бильяр­дқа шақы­ра­ды. Онда бел­гілі, тек суға түсіп, арақ ішіп қана қой­май­сың… Мен бұл қызды сол сау­на­да көр­дім…» – деп күй­ін­ген Ғалым қолын бір сілтеген.

«Сұм­дық-ай!» деп жаға­мы­зды ұста­дық. Бәрін қой­шы, қай­ран әке-шеше қан­ша­ма қары­зға кір­ді… Ақы­ры масқа­ра бол­ды. Ал Жомарт қыз кет­кен соң қиял­да­нып біраз уақыт жүр­ді. Елге қарар беті қал­маған соң, аға­сы жұмысқа орна­ла­сты­ра­мын деп қалаға алып кет­ті. Осы­лай­ша бір шірі­ген қыз бір шаңы­рақтың бере­кесін кетірді.

Мұны неге жазып отыр­мын. Дәл қазір тура осын­дай жағ­дай­лар жиі болып жатыр. Сырын біл­мей қыз алып қашқан іні­шек­тер көп. Сырын біл­мей үйле­нудің соңы осын­дай масқа­ра болуға жиі алып келуде.

Сон­ды­қтан бола­шақ жар­ла­ры­ң­ды әбден танып алмай, шаңы­рақ көтер­мең­дер. Бұл өзге жұрт алдын­да масқа­ра болу­дан да, орын­сыз той жасап, арты­нан «дәт» деп қалу­дан да сақтандырады!

 

Masqara.kz

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн