Среда , 27 августа 2025

Қыз ұзату ҚИЫН БА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Ойдан-қыр­дан

Біз біл­мей­тін дәстүрлер

 


Күйеуаяқ

Күй­е­уа­яқ (ғұрып). Жігіт қалы­ң­ды­ғын алған­нан кей­ін, әдеп бой­ын­ша енесін қоше­мет­пен өз үйіне апа­рып сала­ды. Ата-енесі күй­еу бала­сы­на ірі мал атай­ды. Мұны «күй­е­уа­яқ» дейді.

 

Түйемұрындық

Түй­е­мұрын­дық (ғұрып). Ұза­ты­лып жатқан қыз көшінің жолын­да оты­рған ауыл­дың адам­да­ры (жаста­ры, әйел­дері) керу­ен­нің ноқ­та­сы­нан, не түй­есінің бұй­да­сы­нан ұстап тұрып, сұрай­тын кәдесі. Қыз ана­сы оларға кәдесін жасай­ды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп, бата­сын беріп, шыға­рып салады.

 

Бал­дыз қалың

Кей­де қалы­ң­дық қай­тыс бола­тын жай­лар кез­де­седі. Мұн­дай­да қалың малын төле­ген бол­са, онда сол үйдің екін­ші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт қалы­ң­ды­ғы­на ұрын барып, ол үйдің басқа қызы бол­ма­са, төле­ген мал­дың жар­ты­сы қай­та­ры­ла­ды. Егер бұры­нғы қалы­ң­ды­ғы­на ұрын барған күй­еу енді бал­ды­зын ала­тын бол­са, онда бұры­нғы­ның үстіне «бал­дыз қалың» төле­у­ге тиіс. Оған түйе бастаған бір тоғыз қосы­ла­ды. Күй­еу бұры­нғы қалы­ң­ды­ғы­на ұрын кел­ме­ген бол­са, «бал­дыз қалың» төленбейді.

 

Қапқа салар

Қалы­ң­ды­ғын алуға кел­ген күй­еу бар­лық жол-жоралғы­ла­ры­мен, яғни құда­лық кәде­лері­мен, үлкен­дер­ге арналған сый-сия­па­ты­мен, той малы­мен келеді. Той бастал­ды. Қыз өз үйі­нен атта­нар алдын­да оның әкесі бар­лық құда­ларға киіт кигі­зеді. Күй­еу бала­сы­на да сый­лық береді. Бірақ ол киіт емес, «қапқа салар» деп ата­ла­ды. Ол баға­лы киім, қым­бат ер-тоқым, жігіт жарақта­ры неме­се мал болуы мүм­кін. Әрине, бұл қай­ын ата­ның дәу­леті мен мыр­за­лы­ғы­на, абы­рой-беделіне сай жаса­ла­тын жол-дәстүр.

 

Атбайлар

Атбай­лар (салт). Мұның да екі түрі бар. Жас ота­удың шаңы­рағы көтеріл­ген соң, ағай­ын-туы­стар оған шашу шашып, «кере­гесі кең бол­сын», «босаға­сы берік бол­сын» деген тілек айта­ды. Бай­ға­зы береді. Ет жақы­ны босағаға жылқы бай­лай­ды. Мұның аты «атбай­лар».

«Атбай­лар­дың» екін­ші түрі – кәде. Құда-құдағи­лар кел­ген­де неме­се күй­еу қалы­ң­ды­ғын алуға кел­ген­де, олар­дың жең­ге­лері алды­нан шығып, түсіріп алып, атын бай­лай­ды. Бұл «атбай­лар» деп ата­ла­тын той сал­ты. Оған арнайы кәде беріледі. Ол кәде­ден тағы бір әйел тәбәрік сұрайды.

 

Дәмету

Дәме­тудің әр түрі бар. Ал ырым­да жас келін­шек­тер­дің дәме­туінің жөні бөлек. Жас бала­лар мен келін­дер ата-ене­лері қонақтан кел­се, олар­дан тәт­ті дәме­тетін әдеті бар. Әсіре­се бала­лы жас келін­дер дәмет­се, оның меселін қай­та­руға болмайды.

Өйт­кені дәметіп оты­рып, ойын­дағы­сы бол­ма­са, оның емше­гі ісіп кете­ді. Бұл өмір шын­ды­ғы. Ал үлкен кісілер, ана­лар, әже­лер жас келін­ше­гі бар үйге дәметіп қалар деп, қашан да қал­та­сы­на дәм-тұзын сала жүреді. Бұл әркім еске­ре жүретін ескі­ден келе жатқан ырым.

Түп­нұсқа: jas.kz

Топ­та­ма­ны дай­ын­даған – Ерке­жан БЕШТАЕВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн