Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗДЫҢ қай «жерін» КЕСЕДІ?

Кешелі-бүгін әле­умет­тік желілер­де Аста­на­дағы «Ғашы­қтар» мүсініне бай­ла­ны­сты дау қозып кет­ті. Айт­пақ­шы, орна­ты­лға­ны­на біраз уақыт болған бұл мүсін бұған дей­ін сон­ша­лы­қты еле­улі емес еді. Енді оған деген наза­рдың аууы­на желі қол­да­ну­шы Талғат Шол­та­ев­тың қыз мүсініне көй­лек кигізіп қой­ған суреті себеп болды.

Расын­да, мүсін­де­гі шыт көй­лек денесіне жабысқан қыздың тұла бойы жалаңа­штың о жақ-бұ жағын­да (салы­сты­рып көріңіз). Бірақ киім кигіз­бек түгілі, тыр жалаңаш күй­ін­де­гі мүсін­дер Еуро­па елдерін­де сонау анти­ка­лық дәуір­ден бері тұрға­ны бел­гілі. Ал біздің елде мұн­дай мүсін ойда-жоқта «мен­та­ли­тет­ке кел­мей­тін» болып шыққан екен.
Еске сала кет­сек, бұл мүсін­нің ашы­лу сал­та­на­ты­на ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі қаты­сып, шымыл­ды­ғын ашқан еді. Осы орай­да тағы бір желі қол­да­ну­шы (Айгүл Орын­бек): «Ең басты­сы – менің ата­ма ұна­ды! Қалған­да­рың шулап-шулап қоя­сы­ң­дар!.. И‑и, жаным атам-ай, сүй­сініп қарап тұрған тұры­сын қара­шы! Атам аман бол­сын!» – деп, мүсін­нің ашы­лу сал­та­на­ты­на қаты­сқан пре­зи­дент­тің суретін өз парақ­ша­сы­на салып қойыпты.
Бұл екі ара­да Tengrinews.kz пор­та­лы скульп­ту­ра­дағы қыздың эро­ти­ка­лық бел­гілері алып таста­луы мүм­кін деп, осы рет­те ҚР Мәде­ни­ет және спорт мини­стрі Ары­стан­бек Мұха­ме­диұлы­ның дау туғы­зған мүсін­ге қаты­сты пікірін таратты.
«Шыным­ды айт­сам, бұл мүсін жастар үшін де жасал­ды. Аста­на­ның Сурет­шілер одағы­ның төраға­сы­ның айтуын­ша, ол мұның көр­кем туын­ды екеніне әділ баға бер­ді. Алай­да біз өз дәстүрі­міз бар елміз. Халы­қта нара­зы­лық болып жатқа­нын біз есеп­ке алуы­мыз керек», – деп­ті министр Tengrinews.kz тіл­шісінің сұрағы­на жау­ап беріп.
Министр қыздың сым­ба­тын Аста­на тұрғы­ны Талғат Шол­та­ев секіл­ді мата­мен жабу­дың қажет­тілі­гі жоқ деп есеп­тей­ді. «Мүсін­ге мата жабу­дың қажеті жоқ. Кей­бір жерін өзгер­ту­ге бола­ды. Бұл әлем­дік тәжіри­бе­де қарас­ты­ры­лған. Біз қазір комис­сия құрып, авто­ры­на кей тұста­ры­на өзгерістер енгі­зуін айта­мыз. Егер халы­қтың бел­гілі бір пікірі бол­са және ол әсер етсе, әрине, біз оған жау­ап беруі­міз қажет», – деді Ары­стан­бек Мұхамедиұлы.
Ол мүсін ком­по­зи­ци­я­сы­на өз баға­сын бер­ді. Оның айтуын­ша, мүсін ком­по­зи­ци­я­сы жастар­дың екпінін, әйел­дің таза­лы­ққа деген құштар­лы­ғын көр­се­те­ді. «Мен шығар­ма­шы­лы­қтың ада­мы­м­ын. Көр­кем­ді­гі жағы­нан жоға­ры баға берер едім. Бұл мүсін кере­мет жасалған. Алай­да Қаза­қстан­да әрбір адам­ның пікірі бар және оны біз есеп­ке алуы­мыз керек. Менің­ше, бола­шақта автор­лар аза­мат­та­ры­мы­здың пікірін есеп­ке ала­ды», – деп министр өз пікірін білдірді.
Соны­мен, не керек, дауға айналған қыздың кей­бір «жер­лерін» кесіп тастай­тын бол­са, бұл туынды­да маз­мұн бола ма, жоқ па – оны уақыт көрсетеді.
«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн