Среда , 27 августа 2025

«ҚЫЗЫЛ ӨРІККЕ» Қызыл бөріктің де ТАЛАСЫ БАР

 

Отан­дық таны­мал әнші Ақыл­бек Жеме­ней «Zhemeney» атты өз брен­дін қалып­та­стыр­мақ­шы. Оған мына сурет­те­гі әншінің өз пиджа­гын жар­на­ма­лап тұрға­ны дәлел.

 

Қара­пай­ым халық Ақыл­бек­тің брен­діне қан­ша­лы­қты қызы­ғу­шы­лық таны­та­рын кім біл­сін? Деген­мен, Ақыл­бек Жеме­ней Маңғы­стау өңірінің тума­сы екенін ескеріп, оның брен­діне жер­ле­стері тара­пы­нан ыстық ықы­лас туған сияқты. Мәсе­лен, әле­умет­тік желілер­дің бірін­де жаз­ба қал­ды­рған бір жер­лесі: «Маңғы­ста­уға кел, жеме­ней­лер­дің сатып алуға мүм­кін­ді­гі бар», – депті.

Ескер­те кетей­ік, «Жеме­ней» – Кіші жүз Адай­дың ішін­де­гі бір ру. Ал Маңғы­ста­удан шыққан адай­лық талант­тар­ды әйгілі әнші-саз­гер Ұлы­қ­пан Жол­да­сов «жел­ке­леп жүріп» жолға қоя­тын мызғы­мас дәстүр тағы бар.

Деген­мен, Жеме­ней­ден шыққан жұл­ды­зды бүгін­де адай­лар­дан гөрі, албан­дар өзіне жақын тар­та­тын сияқты. Себебі – оны Адай­дың аспа­ны­нан Ала­та­уға алып кел­ген «Қызыл өрік» – албан­дар­дың ішін­де­гі Қызыл бөрік руы­ның гим­ніне айнал­ды. Сон­ды­қтан Ақыл­бек­тің брен­ді Ала­та­уды бой­лаған қалың албан­дар ара­сын­да да сұра­ны­сқа ие болуы тіп­тен ғажап емес. Осын­дай­да «бренд­ке әркім­нің де бар тала­сы» деген мәтел туа қал­са, оған да қай­ран қалуға болмайды.

Бет­ті дай­ын­даған – Жан­сая ЕРТАЙ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн