Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗЫЛ ШАРШЫ

Уақыт уыты – руб.

(«Мен – жын­ды­мын» рома­ны­нан үзінді)

(Жалға­сы. Басы газет­тің өткен санында)


 

Борат көкем интер­вью алып болған соң, мэри­я­ның үлкен хол­лын­да өзінің соңғы түсір­ген филь­мін көр­сет­ті. «Би-Би-Сидің» арнайы тап­сы­ры­сы бой­ын­ша түсіріл­ген сюжет «Бет­пақ­да­ла­ның көз жасы» деп ата­ла­ды екен. «3G» өлшем­ді кең экран сәл діріл қағып жарқ етті де, біз бір ұшы-қиыр­сыз кеңістік­ке ендік те кет­тік. Сытыр­лап, пысқы­ры­нған ала­пат дүбір­ге іле­се, сары дала­ның бір пұшпағы­нан лақ еткен құла тасқын­дай қалың киік лап қой­ып, түй­дек-түй­дек жосы­ла жөнел­ді. Кең жази­ра­ны қап­тай жай­лаған қалың нөпір. Көш бастаған қан­жар мүй­із теке­лер бір-бірі­мен жары­са ағы­зып келе жатып, қарғып-қарғып кет­кен­де, шірей тар­тқан жебе­дей аспан­да қалы­қтай­ды. Сағым ба, сары тасқын ба, сусып лез­де көз ұшы­на сіңіп барады.

Борат көкем­нің біл­мей­тіні бит ішін­де шығар-ау, жүдә. Бүкіл ғұмы­рын киік­ті зерт­те­умен өткіз­ген зоо­лог­тай, қоңыр дауы­сы күм­бір­леп сай­рап тұр. Мүдіріс­сіз екпін­де­те сөй­лей­ді төгіп-төгіп. Ұлан дала­ның бір пұшпағын­да туып-өссем де, Борат ағам кел­тіріп жатқан мәлі­мет­тер­дің біра­зы маған таң­сық. Киік­ке жара­ты­лы­стың қосақтап қой­ған жауы – қасқыр. Ұрпақ үшін аптап қуы­рған отсыз-сусыз Бет­пақтың шөліне қасқыр аяғы жет­пес отыз-қырық шақы­рым ендеп барып төл­дей­ді екен. Бұрын­дар мил­ли­он­дап Арқа­ның төсін­де тасып-төгіліп жүретін. Кей­ін әлем­де әтек­тер көбей­ген сай­ын, қасқыр да кемі­те алмаған сол киік­тер­дің саны азая бер­ді жыл санап. Тікұ­шақ­пен қуып жүріп қырғын салып, мүй­ізін кесіп, кең саха­ра қан сасы­ды. «Сұм­дық-ай, нет­кен жауы­здық!» деп, жағаң­ды ұстап жүр­ген­де, әтек­тік­тің лаңы­на жылап көрі­сетін­дей апат шықты…

Экран лап етіп, қып-қызыл от аспанға зымы­рай жөнел­ді. Кенет зымы­раған от күл-талқан шашы­рап, бір сәт бүкіл аспан­ды жасын жай­лаған­дай бол­ды да, қып-қызыл там­шы­лар сорға­лап жауа баста­ды. Сол-ақ екен, әлгін­де­гі толқып, сары далаға сый­май жосы­ған сан­сыз киік бірі­нен кей­ін бірі омақа­са құлап, тар­ты­лған тау өзенінің аңға­рын­дағы қой­та­стар­дай теңкиіп-теңкиіп жуса­ды да қал­ды. Безер­ген дала­ның беті жай­раған өлік. Ызғы­ған жел­ге қосы­лып, қураған бозкө­де ызы­ң­дай сың­сып, жоқтау айтып тұр. Жүні түсіп, шіл­ти­ген әлдебір құбы­жы­қтар бас­па­лап, жем­тік іздеп кел­се де, өлік­тер­ден қорқып кет­кен­дей, беті ауған жаққа безіп бара­ды – бұлар­дың қасқыр екенін ара­кідік шоңқия қап ұлы­ған дауы­сы­нан білгендейсің.

Ұйтқы­ған жел қауға шашын ұйпа­лап, Борат көкем шірен­ген әлдебіре­уден интер­вью алып тұр. Тары­бай Арпа­ба­ев деген министр. Әрине, министр болған соң, ол шірен­бей кім шірен­сін? Екі қолын арқа­сы­на айқа­сты­рып, маңғол бетіне маңғаз­ды­қтың неше ата­сын қон­ды­рып алған.

– Арқа­дағы екі жүз елу мың киік­тің бір жүз жиыр­ма мыңы биыл аяқ асты­нан қырғын тап­ты. Бұл апат­тың себебі не деп ойлайсыз?

– Сек­сен сегізін­ші жылы бес жүз мың киік қыры­лған! – деді Арпа­ба­ич, «тәй­ір-ай, сол да сөз болып па» деген­дей нәу­мез үнмен. – Сол кез­де де себебін ешкім біл­ме­ген, қазір де аны­қтай қояды деп айта алмаймын.

– Ол кез­де Совет­тің әске­ри ведом­ст­во­сы өз құпи­я­сын өзі әшке­ре қыл­май­ты­ны бел­гілі. Қазір сіз­дер тәу­ел­сіз ел емесс­сіз­дер ме: өз ғалым­да­ры­ңыз не дейді?

– Ғалым­дар­дың болжа­мы бой­ын­ша, биыл жауын-шашын мол жау­уы­на бай­ла­ны­сты шөп айры­қ­ша қау­лап қалың шыққан. Қыстан тұра­лап шыққан жану­ар­лар шөп­ті көп жеп қой­ып, асқа­за­ны қор­та алмай, аш өзе­гіне түсіп өлген.

– Бұл – ғылы­ми зерт­теу емес, бақ­сы­ның бал ашқа­ны ғой! Кей­бір сарап­шы­лар қираған орыс зымы­ра­ны­ның зардаб­ы­мен бай­ла­ны­сты­рып жүр. Бұған қалай қарайсыз?

– Бұған геп­тиль­дің еш қаты­сы жоқ. Менің туған ауы­лым­ның үстіне талай рет геп­тиль шашы­лған. Бақ­ша­мы­зда түй­екө­тен, тойст, пами­дор қос жұды­ры­қтай боп өсетін. Содан өлетін бол­сақ, баяғы­да-ақ қыры­лып қала­тын едік қой! Бұл – біздің досты­ғы­мы­зға сызат түсір­гісі келетін жымысқы­лар­дың сая­си бай­ба­ла­мы! Біз досты­ққа ештеңені айырбастамаймыз!

– Қан­дай достық? Аю мен қоян­ның досты­ғы ма? Жаса­сын мызғы­мас ұлы «достық»! – Борат көкем қол соғып жіберіп еді, анау қиық көзі одан әрмен қисай­ып, қолын сіл­тей теріс айналды:

– Мен Баты­стың аран­да­ту­шы­ла­ры­на жау­ап бермеймін!..

 

Қайта­дан өлік жай­лаған өлі дала­ның орта­сын­да қал­дық. Айна­ла­мыз жүні аға­раң­дай желбіреп, жай­рап жатқан киік­тер. Жоқтау айтып, боздап, қолқа суы­рған қобы­здың зар­лы үні кілт үзіл­ді де, әлдеқай­дан шыр-шыр еткен сәбидей, лақ маңы­рай жөнел­ді. Жетім үн, жалғыз үн. Шің­гір-шің­гір. Жез қоңы­ра­удың тілін­дей сыңғыр-сыңғыр. Жылаған әлсіз дауы­стан күң­гірт аспан жаңғы­рып, күңірене толқи­ды. Көзі мөл­тіл­де­ген жетім құра­лай төрт аяғы көк­тен кел­ген енесінің емше­гін жұлқы­лап сорғы­лай­ды да, таң­дай­ы­на нәр там­баған соң, бұл қалай деген­дей шар-шар етіп маңы­рай­ды. Құдай-ау, хай­у­ан да жылай­ды екен ғой, айна­ла­ны зарға тол­ты­рып, өксіп-өксіп маңы­раған­да, құра­лай­дың көзі­нен жас бұр­шақ-бұр­шақ дома­ла­ды. Кенет әлде­не­ден үрік­ті ме, жіп-жіңіш­ке аяқта­ры­мен көк­ке шап­шып ыта жөнел­ді. Өлік­тер­дің үсті­нен қарғып, безіп бара­ды. Іле енті­гіп алқын-жұлқын жүгір­ген әлдебір адам көрін­ді. Өксі­гін жұта кем­сең­деп айғай­лап келеді:

– Тоқта­шы, құра­лай­ым! Ең бол­ма­са сен аман қал­шы! Қорған­сыз періштем…

Ақбу­рыл шашы құлын жал­да­на желбіреп, алқы­на ұмты­лған ер адам­ды объ­ек­тив жер түбі­нен тар­тып алып, бет-жүзін экран­нан жарқ еткіз­ген­де, тани кет­тім. «Ой, мынау Қорғаш қой, Ақ Қорғаш!» деп оты­рған жерім­де айғай­лап жібе­ре жаз­да­дым. Атақты ақын Қорған­бек Аман­жо­лов! Пай-пай, Борат көкем де кісі тани­ды-ау! Жал­пақ қазақ селт етпегенде:

«Киік өлді – далам­нан кие кетті.

Кім көр­ген мұн­дай сұм­дық қияметті!

Төрт аяғы көк­тен кеп өлік жатыр

Тол­ты­рып ой мен жазық, қиябетті…» –

деп, жүре­гі зар төгіп жыр­лаған жалғыз ақын осы емес пе? Дүни­е­де­гі жан­ды-жан­сыздың бәрін жүре­гінің бір бөл­ше­гін­дей аялап, бәріне алаң­да­ма­са, ақын бола ма? Қуға­ны жет­кіз­бе­се, бар асы­лы­нан, ең аяулы­сы­нан айы­ры­ла­тын­дай ақын­ның жүзі абы­р­жу­лы. Тана­уы қусы­ры­лып, өңі қуқыл­да­нып кет­кен. Қызыл көй­лек­тің омы­ра­уы ыстық жасқа шыла­нып жоса-жоса. Өлі дала. Жалғыз ақын. Жалғыз құра­лай. Шыр-шыр безек­тей­ді жетім лақ… «Тоқта, тоқта, бәрібір сені құтқа­ра­мын!» деп енте­лей­ді Ақын. Кең дүни­е­ден сая тап­пай, шырыл қағып маңы­раған лақтың жетім үні мен ақын­ның өксі­гі аспан астын күңірен­тіп тұр.

Айна­лам қорс-қорс тар­тқы­лаған тана­у­лар­дың пысы­лы­на толып кет­ті. Экран сөніп, зал­дағы шам­дар жамы­рай жанған­да, талай­лар­дың көз жасын сығым­дап оты­рға­нын көр­дім. Бұл аме­ри­кан­ды­қтар мұн­дай бор­ке­мік халық болар ма, түге. Үстіңе құлай қал­са, жан­шып өлтіретін­дей арбиған алқам-салқам дәу бол­са да, әсер­шіл бала секіл­ді көңіл­дері бос екен. Біз селт еткен жоқ­пыз. Мұн­дай­дың көкесін­дей­ін күн­де көріп жүр­міз емес пе, тәйірі!

«Грин­пи­стің» бір топ бел­сен­дісі пла­кат көтеріп айғай сал­ды: «Табиғат қорға­удың жал­пы­ға ортақ ере­же­сін сақта­маға­ны үшін Қаза­қстан­ды халы­қа­ра­лық сотқа тар­ту керек!».

«Қиын қат­ты қира­тып алар­сы­ң­дар, пішту! – деп біз ерні­мізді шыға­рып, ышқы­ры­мы­здың ішін­де­гі осын­дай­да жауға сап­тай­тын «мықты­мы­зды» көр­сет­тік. – Біз­де мұнай көп, ақша – пішен, қан­дай пәдәр­кі жаса­сақ та жетеді!».

Тұры­с­бек СӘУКЕТАЕВ фото

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн