Суббота , 5 июля 2025

ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮРІШ ӨСІРУГЕ болмайды дейді ғалым

Тосын хабар

 

Ресей Су шару­а­шы­лы­ғы ака­де­ми­я­сы­ның ака­де­ми­гі, Қаза­қстан Қол­дан­ба­лы эко­ло­гия агент­ті­гінің ғылым жөнін­де­гі дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры Мәлік Бөр­лі­ба­ев Қызы­лор­да облы­сын­да күріш өсіру­ден бас тар­туға шақыруда.

 

«Ауыл шару­а­шы­лық жай­ы­лым­ды­қтар­ды, атап айтқан­да, Қызы­лор­да облы­сын­дағы күрі­шті алқап­ты суға­руға Сыр­да­ри­я­ның суы пай­да­ла­ны­ла­ды… 60-жыл­дарға дей­ін Сыр­да­рия суы гид­ро­кар­бо­нат­ты кла­ста бола­тын. Бірақ шару­а­шы­лық жүр­гі­зу бары­сын­да су өзінің кла­сын өзгер­тіп, қазір ол суль­фат-хло­рид­ті-натрий тобы­на жата­тын бол­ды. Ал ондай суды ішу­ге ғана емес, жер суға­руға пай­да­ла­нуға тый­ым салы­на­ды», – деді М. Бөр­лі­ба­ев дүй­сен­бі күні «Су ресур­ста­ры және жұмыс орын­да­ры» атты әлем­дік су ресур­ста­ры­ның жағ­дай­ы­на арналған БҰҰ баян­да­ма­сы­ның тұсаукесерінде.

«Ғалым­дар Сыр­да­ри­я­ның аяқ жағын­дағы ағын­ды суын пай­да­ла­ну­дан бас тар­ту­ды ұсын­ды (күрі­шті алқап­ты суға­ру­дан – Қаз­ТАГ), себебі ол тек эко­ло­ги­я­лық емес, ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі», – деді ол. Ака­де­ми­к­тің айтуын­ша, Қызы­лор­да облы­сы ішек-асқа­зан­ның ракқа шал­ды­ғуы­нан Қаза­қстан­да бірін­ші орын­да тұр.

«Сыр­да­ри­яда нит­рит­тер, ауыр метал­дар­дың шек­ті рұқ­сат етіл­ген кон­цен­тра­ци­я­сы (ШРК) балық шару­а­шы­лы­ғы мәні бар су арна­ла­ры­ның нор­ма­ла­ры­нан асып кете­ді. Мен, мыса­лы, күрі­шті алқап­ты суға­ру үшін келетін су құра­мын­да не бар екенін және оның ішек-асқа­зан­да қатер­лі ісік­тер­ге апа­ра­ты­нын біл­ген­дік­тен, «Ақ мар­жан» күрі­шін жемей­мін», – деді М. Бөрлібаев.

Сон­дай-ақ ол Сыр­да­рия суы пай­да­ла­ны­лған өсім­дік өнім­дерін тамаққа пай­да­ла­ну гене­ти­ка­лық мута­ци­я­ларға апа­ра­ды деп есеп­тей­ді. «Біз сонау 2002–2005 жыл­да­ры бүкіл Қызы­лор­да облы­сын­да зерт­те­улер жүр­гіздік, сөй­тіп, бала емі­зу­ші ана­лар­дың 90%-ның сүтін­де пести­цид­тер мен гер­би­цид­тер бар­лы­ғын аны­қта­дық. Енді келіп, Қызы­лор­да облы­сын­да гене­ти­ка­лық ауы­тқу­лар­мен туы­ла­тын бала­лар­дың бар­лы­ғы­на таңы­рқа­уға бола ма?» – деп қадап айт­ты М. Бөрлібаев.

Оның пікірін­ше, Қызы­лор­да облы­сы­ның диқан­да­ры мал шару­а­шы­лы­ғы­на өткені абзал. «Кезін­де Ахмет­жан Есі­мов ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стрі және вице-пре­мьер болған шақта: «Ғалым­дар, сіз­дер облы­ста жер шару­а­шы­лы­ғы­ның орны­на не ұсы­на­сыздар?» – деген сау­ал тастаған еді. Біз қаза­қтың бай­ы­рғы мал шару­а­шы­лы­ғы бар­лы­ғын айт­тық. Мал шару­а­шы­лы­ғы­ның өнім­дері халық ден­са­улы­ғы­на аз зия­нын тигіз­ген болар еді. Қазір әлем нары­ғы күріш­ке толы, ал біз қым­бат та бол­са, өз күрі­ші­мізді өсіру­мен қатар халы­қты улап жатыр­мыз. Бұл келесі буы­нға қалай әсер етері бел­гісіз», – деп басып айт­ты академик.

М. Бөр­лі­ба­ев­тың айтуын­ша, ғылы­ми-зерт­теу жұмыста­ры­ның нәти­же­лері бұдан он жыл бұрын жари­я­ланған. «Сіз­дер қызы­лор­да­лық күрі­шті жеуден бас тар­ты­ңы­здар», – деп қоры­тын­ды­ла­ды М. Бөрлібаев.

Қаз­ТАГ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн