Пятница , 4 июля 2025

Қызылжар оқиғасының БАТЫРЫН БІЛЕМІЗ БЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №43 (407) от 23 нояб­ря 2017 г.

 

Елді тұта­сты­рған тұлғалар


 

Тәу­ел­сіздік­пен қауы­шар­дан бір жарым жыл бұрын құры­лған «Азат» қозға­лы­сы рес­пуб­ли­ка көле­мін­де­гі ең ірі қоғам­дық-сая­си ұйым бол­ды. Ол Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі сая­си дамуы­на айтар­лы­қтай әсер еткенін ешкім жоққа шыға­ра алмас. 1990 жылы 30 мау­сым­да Алма­ты қала­сын­да «Азат» қозға­лы­сы­ның құры­л­тайы ашы­лып, елі­міздің түк­пір-түк­пірі­нен (ол кез­де «Азаттың» Мой­ы­нқұм ауда­ны бой­ын­ша үйле­стіру­шісі едім) жиналған ұлт­жан­ды аза­мат­тар­дың қата­рын­да Шу қала­сы­нан кел­ген, сонау бала күн­нен жүзі таныс Қалиұ­лы Сәр­се­бай­мен таны­стым. Құры­л­тай Тәу­ел­сіз мем­ле­кет­тер кон­фе­де­ра­ци­я­сы тура­лы декла­ра­ци­я­сы­ның жоба­сын халы­қтың талқы­сы­на ұсын­ды. Сәкең еке­уі­міз сол тари­хи күн­дері Батыр­хан Дәрім­бет, Миха­ил Есенә­ли­ев, Сәбетқа­зы Аха­та­ев­тай (әтте­ген-ай, үше­уі де о дүни­елік болып кет­ті) қоғам қай­рат­кер­лері­мен жүз­десіп, таны­суға қол жеткіздік.

 

Осы келелі кез­де­су­лер­ден кей­ін Сәр­се­бай Қалиұлы­ның әр басқан қадам­да­ры менің наза­рым­нан тыс қал­ма­ды десем, артық айт­паған болар едім. Оның ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай ең еле­улі еңбе­гі – 1990 жылы 23 тамы­зда «Шу өңірі» газетіне «Сөздің төр­кініне үңіл­сек» және сол жылы 16 қара­ша­да облы­стық «Ақ жол» газетін­де «Қашанғы жал­тақтай­мыз?» деген атпен мақа­ла­лар жари­я­лап, табан­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да бір­те-бір­те көп­шілік­тің қол­да­уы­мен Ново­тро­ицк село­сы­ның атын бір­ту­ар халқы­мы­здың кемең­гері – Төле би есі­мі­мен ауы­сты­руға тіке­лей атса­лы­сты. 1992 жылы 19 науры­зда Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Жоғарғы Кеңесі Пре­зи­ди­у­мы­ның «Жам­был облы­сы, Шу ауда­нын­дағы әкім­шілік орта­лы­ғы Ново­тро­ицк село­сы – Төле би ауы­лы болып өзгер­тіл­сін» деген қаулы­сы ҚР Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы С. Әбділ­дин­нің қол қоюы­мен ресми түр­де бекітілді.

1990–91 жыл­да­ры Кеңес Одағы­ның өзге рес­пуб­ли­ка­ла­ры бостан­ды­ққа ұмты­лып, тәу­ел­сіздік­терін жари­я­лап жатқан­да, ежел­ден отар­лау сая­са­ты­мен қазақ жерін басып алып, ел-жұр­ты­мы­зды қанға бөк­тір­ген орыс-каз­ак­та­ры­ның Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гін әдейі еле­мей, тіп­тен мен­сін­бей, 1991 жылы 15 қыр­күй­ек­те Орал қала­сын­да ақ пат­шаға қыз­мет еткен­дерінің 400 жыл­ды­ғын атап өткіз­бек­ші бол­ды. Ар-намысты ту еткен «Азат» қозға­лы­сы­ның ұлт­жан­ды аза­мат­та­ры бас көтеріп, олар­дың арам пиғыл­ды қара­ни­ет­ті ойла­рын жүзе­ге асырт­пай, тосқа­уыл қоя біл­ген-ді. Өзге облы­стар­дың өкіл­дері қата­рын­да Жам­был өңірінің аза­мат­та­ры ерекше бел­сен­ділік танытты.

Тұм­сы­қта­ры тасқа тірел­ген арам­за­лар жүзе­ге аспай қалған арман­да­рын орын­да­уға, яғни Қызы­л­жар өңірін­де 1992 жылы 23–25 мамыр­да Қаза­қстан­ның сол­түстік­те­гі бес облы­сты Ресей­ге қос­пақ­шы мақ­сат­ты көз­де­ген орыс-казак ұйым­да­ры­ның жиы­нын өткі­зуді жос­пар­лаған. Бұл суық хабар­ды есті­ген Жам­был облы­сын­дағы «Азат» қозға­лы­сы­ның бас­шы­сы Асқар Сырға­ба­ев, Өмірқұл Ноғай­бай, Қал­мыр­за Жан­дар­бе­ков, т.б. жігіт­тер­мен Қалиұ­лы Сәр­се­бай Тараз қала­сын­да көп­шілік­пен жиын өткізіп, қаулы­сын елба­сы мен құзыр­лы орын­дарға жедел­хат­пен жіберіп, жер-жер­лер­ден жиналған 60-тан аса аза­матқа бас-көз бола (менің де барғым кел­ген, бірақ сол күн­дері Қай­рат Рысқұл­бе­ко­втың ескерт­кі­шін жасат­ты­ру жұмыста­ры­мен Алма­ты­да бола­ты­н­мын) Шу стан­са­сы­нан Алматы–Петропавл пой­ызы­мен азатты­қтар екі вагонға жай­ға­са теріс­кей­ге аттанады.

 

Сәкең сол бір күн­дер­ді былай еске ала­ды. «Облыс бас­шы­сы В.Гартман шақы­ру­сыз келе жатқан жам­был­ды­қтар­ды Қызы­л­жар өңіріне өткіз­бей, кері қай­та­ру ама­лы­мен Ақмо­ла мен Көк­ше­та­уда отар­ба­ны сағат­тап кідір­тіп, кон­церт ұйым­да­стыр­тып, дари­ядай дастар­хан жаса­тып, қайт­кен күн­де де азатты­қтар­ды тоқта­ту­дың айла-шарғы­ла­рын ойла­сты­ру­мен бол­ды. Тұла бой­ла­рын намысты ашу-ыза кер­не­ген жігіт­тер: «Мына­дай сый-құр­мет­терің біз­ге мүл­дем керек емес» деп, алған бағы­ты­мы­здан қайт­пай­тын­ды­ғы­мы­зды ашып айт­тық. Пет­ро­пав­л­дың темір­жол стан­са­сын­да қара­ма-қар­сы екі жақтың тоқай­ла­суы жан­жал­ды қақты­ғы­сқа ұла­сып кете ме деген қау­пі­мен әкім-қара­лар Смир­нов стан­са­сы­нан бізді жеңіл ауто­көлік­тер­мен жет­кізіп, облыс орта­лы­ғын­дағы қонақ үйлер­ге орналастырды.

Гарт­ман ертеңіне рези­ден­ци­я­сын­да дөң­ге­лек үстел ұйым­да­стыр­ды. Қой­ған тала­бы­мыз: «Орыс-каз­ак­тар бізді қаты­сты­рып, жиын­да­рын өткізіп, жер дауы­на бай­ла­ны­сты мәсе­ле­лерін айт­сын, біз де естиік» деген­де, облыс бас­шы­ла­ры біра­уы­здан «каза­че­ство­ның ешқан­дай жиы­ны бол­май­ды, енді оларға жол бер­мей­міз» деп, ресми түр­де мәлім­деді. Жаңа­та­стық Өмірқұл Ноғай­бай: «Аттан шықты деген­ше, сой­ы­лы­ң­ды ала бар!» деген атам қазақ. Біз ешқан­дай аран­да­ту­шы-басқын­шы­лар­дан қоры­қ­пай­мыз. Ата­ман Ачка­сов тығыл­май, шық­сын бері!» – деп, елді дүр сілкінтті.

Сөз кезе­гі маған кел­ген­де, ресми тіл­де: «1991 жылы Орал каз­ак­та­ры өздерінің әске­ри күш­терінің 400 жыл­ды­ғын той­лап, орыс-казак авто­но­ми­я­сын құр­мақ­шы ниет­теріне «Азат» қозға­лы­сы­ның аза­мат­та­ры тосқа­уыл қоя біл­ді. Кезін­де үкі­мет тара­пы­нан Орал каз­ак­та­ры­на батыл түр­де тый­ым салы­нып, ресми баға беріл­ме­ген­дік­тен, міне, елі­міз бен жері­міздің тұта­сты­ғы­на үлкен қауіп төніп тұр. Сла­вян халқын­да «бөтен шір­ке­у­ге өзіңнің жарғы­ң­мен кіру­ге бол­май­ды» деген ұлағат­ты сөз бар емес пе еді, орыс ағай­ын­дар?! Каз­ак­тар­дың қол­ты­ғы­на су бүр­кіп, қол­дап оты­рған­дар Ресей үкі­мет бас­шы­ла­ры Рыж­ков пен Яна­ев және кезін­де Қаза­қстан­дағы әске­ри округ­тің қол­бас­шы­сы болған гене­рал Язов екенін біле­міз. Осы жер­де оты­рған­дар­дың ара­сын­да да олар­дың арам пиғыл­да­рын қол­дай­тын­дар­дың бар екен­ді­гіне сенім­ді­мін, жасы­рын­бай өз ойла­рын ашық айт­сын, сон­да ғана біз­ге халық сенетін бола­ды», – деп айтуы­ма тура келді.

Қызу қан­ды, батыл жігіт­тер­дің бірі Қал­мыр­за Жан­дар­бе­ков: «Біз қаза­қтар басқа елдер оры­старға шабуыл жасаған­да, әмі­се көр­шілер­ге жақ болып, шыбын жаны­мы­зды пида етіп қорға­дық. Ал енді каз­ак­та­рың бүлік шыға­рып, ежел­ден ата-баба­ла­ры­мы­здан мирас болып келе жатқан жері­міз­ге көз алар­та­ды. Ата­ман Ачка­со­вта­рың облы­стық пар­тия коми­тетінің бөлім мең­ге­ру­шісі екен. Облыс әкі­мінің оны Омбы­ға кетіп қал­ды дегені өтірік болып шықты. Біз оны­мен кез­де­стік. Ол жиын өткі­зетін рай­ы­нан қайт­ты», – деп, ашы­ғын айтты.

Соны­мен қатар осы жиын­да облыс әкі­міне: «Осы уақы­тқа дей­ін қалаға неге тари­хи «Қызы­л­жар» ата­уы беріл­мей отыр деп сау­ал қой­ға­ным­да, Гарт­ман шімірік­пе­стен: «Ондай ұсы­ныс біз­ге түс­кен жоқ…» – деп жал­та­рып еді.

Әулие-Ата жері­нен кел­гені­міз­ден жұрт­шы­лық хабар­дар болып, көп­те­ген қаза­қтар жолы­ғып, риза­шы­лы­ғын біл­діріп жат­ты. Солар­дың біре­гейі – табиғат тамыр­шы­сы Назар­бек Қожам­сей­ітов: «Алы­стан алты жасар бала кел­се, алпы­стағы кісі сәлем береді» демек­ші, арнайы келіп тұр­мын. Қазақ десе, жан­да­ры­ң­ды береді екен­сің­дер. Сен­дер­ді ұлт­жан­ды­лы­ққа тәр­би­е­ле­ген ата-ана­ла­ры­ңа рах­мет! Кеше суыт жүріспен кел­ген­дерің­де қабақта­рың қаты­ңқы, өздерің ашу­лы болып, ауа райы да бұзы­лып, қар жауды. Енді, міне, арам ниет­ті тен­тек­тер­дің жос­пар­ла­рын бұзып, жеңіс­ке жет­кен­дерің­де күн шай­дай ашыл­ды» деп, жаны жән­нәт­те шығар, бүгін­де марқұм аға­мыз ағы­нан жары­лған еді», – деп, сонау жыл­дар­ды еске алған еді Сәр­се­бай Қалиұлы.

«Атақты «Ақбө­пе» әні­мен елге таны­мал болған ақын Сауыт­бек Ұсаұлы­ның атын 1990 жыл­дар­дың соңын­да Шу қала­сы саябағын­дағы Мәде­ни­ет үйіне бер­гіз­ген едім, – дей­ді тағы бір естелі­гін­де Сәкең. – Кей­інірек ол Мәде­ни­ет үйі жеке мен­шік­ке саты­лып кетіп, «Сине­ма парк­ке» айна­лып шыға кел­ді. Шу өңірінің сал-серісі атанған Сауыт­бек­ке арнап кітап та жазып едім, қар­жы тап­шы­лы­ғы­нан қол­жа­з­ба­ла­рым сан­ды­қта көп­тен бері сарғай­ып жатыр. Осын­дай өзі­міздің тоғы­шар­ла­ры­мыз етек­тен тар­тып жүр­ген­де, біз қай­тып Гарт­ман­дарға өкпе арта аламыз?!».

Кезін­де Қызы­л­жар оқиға­сы жай­лы екі сери­я­лы орыс­ша «Тре­вож­ные дни Пет­ро­пав­ла» атты деректі фильм шығып, бір-екі мәр­те көп­шілік­ке көр­сетіліп, көп ұза­май жоға­лып кет­ті. Жоға­ры­дан көр­сет­пеу жай­лы нұсқау түсуі де мүмкін.

 

Сол Қызы­л­жар оқиға­сы­на биы­лғы 25 мамыр­да аттай 25 жыл, яғни ширек ғасыр тол­ды. Жоға­ры­да оты­рған билік өкіл­дері сер­гек­ті қырағы­лы­қ­пен Жер-Ана­мыз тура­лы пікір­лер­ге бей-жай қара­май, тіп­тен оны саудаға салу жағын да үзіл­ді-кесіл­ді тоқта­ту­ла­ры ауа­дай қажет. Сон­дай-ақ жаста­ры­мы­зды отан­сүй­гі­штік­ке тәр­би­е­ле­удің алғы шар­ты үлгісі­мен Орал мен Қызы­л­жар оқиға­ла­ры қаһар­ман­да­ры­на мем­ле­кет тара­пы­нан лай­ы­қты мара­пат­тар тағай­ын­дау жөн шығар…

Сәр­се­бай Қалиұлы­ның маман­ды­ғы құры­лыс-инже­нері болған­ды­қтан, Шудағы ПМК-2004, Меха­ни­ка­лық жөн­деу және Темір бетон зауыт­та­рын­да, Локо­мо­тив депо­сы мен Теп­ло­воз жөн­деу зауы­тын­да ұзақ жыл­дар еңбек­тене зей­нет­кер­лік­ке шықты. Сәкеңнің қыз­мет ете жүре қалам­гер­лік­пен айна­лы­сып, ауыз тол­ты­рып айтар­лы­қтай еңбек­тен­геніне еріксіз сүй­сі­несің. Атап айт­сақ, 9 мың дан­амен «Төбе би – Төле би» деген кіта­бы шықты. Сол сияқты «Бәй­ді­бек», «Баты­рым – Бауы­р­жа­ным» деген кітап­тар жаз­ды. 1991 жыл­дан Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі ретін­де оның бас­пасөз бет­терін­де Төле би, Қара­сай, Сұран­шы, Рыс­бек батыр­лар, ақын­дар Абай мен Жам­был, Бауы­р­жан Момы­шұ­лы және әлем­ге әйгілі Мұх­тар Әуе­зов жай­лы көлем­ді мақа­ла­ла­ры жари­я­лан­ды. 2015 жылы әлем халы­қта­ры Жазу­шы­ла­ры одағы­ның мүшелі­гіне қабылданды.

Қарап отыр­сақ, Қалиұ­лы Сәр­се­бай­дың сөзіне ісі сай айту­лы ұлт­жан­ды аза­мат екен­ді­гі анық бай­қа­ла­ды. Сон­ды­қтан Сәкеңді аудан­дағы мәде­ни-таным­дық ошақтар өске­лең жастарға үлгі тұта кез­де­су кеш­теріне жиі шақы­рып тұра­ды. Жері­міздің тұта­сты­ғын сақтап қалу жолын­дағы тари­хи оқиғаға тіке­лей атса­лы­сқан Сәр­се­бай 1992 жылы 25 мамыр­дағы Қызы­л­жар дүр­бе­леңі күн­дері 45 жаста бол­са, сол оқиғаға ширек ғасыр толған биы­лғы мамыр­да 70 жастың жот­а­сы­нан асып та кет­ті. Расын­да да, Сәкеңе қан­дай құр­мет көр­сет­сек те жара­са­ты­ны­на күмән жоқ. Ашы­ғын айтқан­да, Сәр­се­бай Қалиұлы­на келіп-кетер ештеңе емес, бұл игі шара ертең­гі келер ұрпаққа айтар­лы­қтай үлгі-өне­ге бола­ры анық.

Мәкен УАҚТЕГІ,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі,

өлке­та­ну­шы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн