Суббота , 12 июля 2025

ӘЙТЕЙДЕГІ ӘУРЕГЕ шенеуніктер неге бас ауыртпайды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

 Жер дауы

 

Алма­ты­ның іргесін­де­гі Әйтей ауы­лы­на қарас­ты аумақтан сатып алған жер­леріне иелік ете алмай жүр­ген­дер Тал­ды­қорған мен Алма­ты­ның орта­сын­да сен­деліп жүр. Облы­стық сот­тың апел­ля­ци­я­лық саты­сын­да 10 жылға созы­лып бара жатқан жер дауы бой­ын­ша іс қара­лу­да. Ашық деп жари­я­ланған сотқа жур­на­ли­стер ешбір себеп­сіз кіргізілмеді.

Жал­пы жиы­ны 600-ге жуық отба­сы 2006 жылы «Алтын ұя» ЖШС иелері­нен 8 соты­қтан жер сатып алған. Қара­сай ауда­ны әкім­ді­гі мен аудан­дық жер қаты­на­ста­ры бөлі­мінің шене­унік­тері серік­те­стік бас­шы­ла­ры ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­дағы жер­ді сатқан деп танып, жер­ді сатып алған­дарға иелік­терін заңға сәй­кес рәсім­деп беру­ден бас тартады.

Аудан­дық әкім­дік өкіл­дерін сотқа бер­ген­дер «жер­гілік­ті бас­шы­лық бұл әре­кеті­мен аудан­дық мәс­ли­хат­пен бір­ге 2008 жылы шіл­денің 9‑да Әйтей ауы­лы­ның қара­мағы­на қосым­ша 30 га жер кір­гі­зу тура­лы шығарған өз шеші­міне қар­сы шығу­да» деп санай­ды. Ауы­лға енген аумақ қата­рын­да «Алтын ұя» серік­те­сті­гінің саты­лған жер­лері барын, оны рас­тау үшін ауы­лға беріл­ген жер­лер­дің сыз­ба­сы да көр­сетіл­генін айғақ ретін­де алға тар­та­ды. Яғни, шаруа қожа­лы­ғы есебін­де­гі бұл жер­лер­ді өзін­дік қосалқы шару­а­шы­лық түріне ауы­сты­рып, сатып алған адам­дарға рәсім­деп беру­ге еш кедер­гі жоқ деп есептейді.

Қара­сай ауда­ны әкім­ді­гі мен жер қаты­на­ста­ры бөлі­мін, жер-кадастр фили­а­лы мен аудан­дық сәу­лет бөлі­мінің әре­кетін 2013 жыл­дың сәуірін­де өткен аудан­дық сот оты­ры­сы заңға қай­шы деп тапқа­ны­мен, сот­тың «Алтын ұя» серік­те­сті­гінің жерін ауыл шару­а­шы­лы­ғы мақ­са­ты­нан өзін­дік қосалқы шару­а­шы­лық түріне ауда­рып беруді және жер телім­дерін рәсім­де­уді мін­дет­те­ген шеші­мін орын­да­уға асы­ққан шене­унік­ті көр­медік дей­ді нара­зы жұрт. Сатып алған ұлта­рақтай жер телі­міне ие бола алмай сырт­тан тел­мір­ген­дер одан кей­ін де өткен сот­тың жер қаты­на­ста­ры бөлі­мін аза­мат­тар­дан құжат­та­рын қабыл­дап, мем­ле­кет­тік актілерін беруді мін­дет­тей­тін тағы бір мәж­бүр­ле­уші шеші­міне қыңқ еткен қыз­мет­кер­дің бол­маға­ны­на налиды.

Соңғы он жыл­да жерін дау­лаған­дар күре­стің сан түріне жүгін­ген. Талай мәр­те нара­зы­лық шара­сын өткізіп, әкім-қара ата­улы­ның каби­нет­терінің табал­ды­ры­ғын тозды­рған. Түр­лі құзыр­лы орган­дар­дан бастап, «Нұр Отанға» дей­ін жазған шағым-хат­та­рын жина­са, таудай маку­ла­ту­ра шыға­ды. Алма­ты мен Тал­ды­қорған­ның орта­сын­да шапқы­лап жүр­ген­дер бір сот­тан кезек­ті сотқа дей­ін күн кешуде.

Бұл уақыт ішін­де «Алтын ұя» ЖШС-нің 9 өкілі жер­ді сату­да жалған құжат жаса­ды деген айып­пен алды – тоғыз, арты – 3 жыл­дан жаза арқа­лап үлгер­ген. Төзі­мі тау­сы­лған жұрт­шы­лық өза­ра қыры­қ­пы­шақ болу­да. Бала­сы­на үй салу үшін несие алып, жер сатып алған Айгүл Әдит­жа­но­ва бар­лық сот оты­ры­сы­на қаты­сып келеді. Оның айтуын­ша, аудан­дық про­ку­ра­ту­ра мен әкім­дік өкіл­дері мәсе­лені шешу үшін сатып алған жер үле­стерін бір ада­мға жинап беру­ге кеңес бер­ген. Осы жағ­дай­да, түсініксіз жағ­дай­да сот­тың емес, сот орын­да­у­шы­сы­ның шеші­мі­мен жүз­де­ген адам­ның сатып алған үлесі бар 30 га жер Жол­да­с­бек Ермен­ба­ев­тың иелі­гіне өткен. «Алтын ұя» серік­те­сті­гінің өкіл­дері «қан­ша­ма адам­ның сатып алған мүл­кі бұл жер­ге еш қаты­сы жоқ адам­ның қолы­на заң­сыз өтіп кет­ті» деп отыр.

Өз кезе­гін­де Ермен­ба­ев «сот жер телім­дерін маған берісі­мен, бәрін артым­нан ерген адам­дарға тегін үле­стіріп бере­мін» деп ант-су ішеді.

Алай­да жерін дау­лаған­дар­дың келесі бөлі­гі Ермен­ба­ев­тың уәдесіне сен­бей­ді. Аталған топ «оның артын­да билі­гі мықты адам­дар тұр және олар жер­ге ие болы­сы­мен, бәрі­мізді тақы­рға оты­рғы­зып кете­ді» деген күді­гін жасыр­май­ды. Бұл адам­дар­дың мүд­десін қорғап жүр­ген заң­гер Бибі­гүл Асқар­бе­ко­ва: «Дау­лы жер­дің мақ­сат­ты пай­да­ла­ну мәр­те­бесін өзгер­тіп, адам­дарға бөліп бер­сін деген сот шеші­мін шене­унік­тер орын­да­са, бар түйт­кіл баяғы­да-ақ шешілер еді. Алай­да шене­унік­тер өздеріне ғана мәлім себеп­тер­мен сот шешім­дерін орын­да­удан бас тар­ту­да», – дей­ді. Бұған дей­ін аудан әкім­ді­гінің алдын­да нара­зы­лық шара­сын өткіз­ген­дер­дің алды­на шыққан Қара­сай ауда­ны­ның әкі­мі жер­ді заң­да­сты­рып бер­мей оты­рға­ны­ның бір себебін инфрақұры­лым салуға қажет қар­жы­ның жоқты­ғы­мен бай­ла­ны­сты­рған еді. Әкім­нің қисы­ны­на сал­сақ, жер телі­мі­нен үлесін алған соң, халық «жол сал», «электр желісін», «газ тар­тып бер», «су жүр­гіз» деп маза­ны ала­тын көрі­неді. Ал қара­пай­ым халы­қты ондай игілік­тер­мен әлпеш­тей­тін­дей қазы­на­да қар­жы жоқ көрі­неді. Жер телім­деріне жете алмай жүр­ген­дер суын да, газын да өзі­міз тар­та­мыз деген сөз­ге шене­унік­тер құлақ аспай отыр.

Жерін дау­лап жүр­ген жан­дар­дың бұл тобы «Қара­сай аудан­дық сот орын­да­у­шы­сы жер телі­мін біздің келісі­мім­сіз Жол­да­с­бек Ермен­ба­евқа заң­сыз беріп жібер­ген» деп санай­ды. Жер телі­мі иелерінің заң­ды өкілі сот орын­да­у­шы­сы өз шеші­мі­мен өзге­лер­дің жерін бір ада­мға беріп жібер­генін, сөй­тіп сот орын­да­у­шы­сы өрес­кел заң бұзға­нын айта­ды. 2014 жыл­дың сәуірін­де Алма­ты облы­стық соты­ның апел­ля­ци­я­лық кол­ле­ги­я­сын­да судья К.Шалбаева Қара­сай аудан­дық сот орын­да­у­шы­сы­ның серік­те­стік­тің адам­дарға сатқан жерін Ж.Ерменбаевқа беру тура­лы 2013 жылғы шеші­мін заң­сыз деп таны­ған. Алай­да облы­стық кас­са­ци­я­лық кол­ле­гия бұл шешім­нің күшін бұзған. Заң­гер Бибі­гүл Асқар­бе­ко­ва был­ты­рғы жыл­дың аяғын­да Қара­сай аудан­дық соты­ның судья­сы Ж.Байғожаев шағым­данған жан­дар­дың қаты­суын­сыз өткен оты­ры­ста жер­ді өзге біре­у­ге бер­ген сот орын­да­у­шы­сы­ның шеші­мін сол күй­ін­де қал­ды­рға­ны­на наразы.

Жур­на­ли­стер үшін жабық өткен кезек­ті апел­ля­ци­я­лық сот оты­ры­сы нәти­же­сіз аяқтал­ды. Жау­ап­кер ретін­де шақы­ры­лған мем­ле­кет­тік орган өкіл­дері сотқа сол күйі кел­меді. Сот залын­да бір­не­ше сағат бойы сары­ла күт­кен жәбір­ле­ну­шілер шене­унік­тер­ге Феми­да­ның пәр­мені жүр­мей­ді екен деп, басын шай­қап тарас­ты. Ал ашық сот оты­ры­сы­на БАҚ өкіл­дерін неге жібер­меді деген сұраққа облы­стық сот өкіл­дері­нен бастап, біз хабар­ласқан Жоғарғы сот­тың сенім теле­фо­ны­ның тұтқа­сын көтер­ген­дер де жау­ап бере алмады.

Дәнеш АЗАТҰЛЫ,

Алма­ты облысы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн