Воскресенье , 6 июля 2025

ӨЗ ТІЛІН БІЛМЕЙТІН сыртқы істер министрі БАСҚА ҚАЙ ЕЛДЕ БАР?

Сіз­ге бір сұрақ: әлем­де өз тілін біл­мей­тін сыр­тқы істер мини­стрі бар ма? Бар. Ол – Ерлан Ыдырысов.

Ыды­ры­сов қашан қаза­қ­ша сөй­лей­ді? Ешқа­шан. Ол мем­ле­кет­тік тіл­ді өмір бақи үйрен­бей өтетін­дер­дің бірі. Мұн­дай­лар көп, өте көп, өкініш­ке орай. Олар мем­ле­кет­тік тіл­ге бүгін қалай қара­са, ертең де, бола­шақта да солай қарайды.

 

Себебі бүгін­ге дей­ін Қаза­қстан­да ешбір адам мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­гені үшін жұмыстан шыға­ры­лған жоқ. Бірақ заң бар дей­ді. Бар-жоғы қазір маңы­зды емес. Бәрібір «бәріне түсінік­ті болу үшін» орыс­ша сөйлейміз.

Енде­ше Ерлан Ыды­ры­сов та мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­гені үшін «таяқ» жемей­ді. Орным­нан қуы­лам деп қорықпайды.

Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов пен осы Ыды­ры­сов ұқсай­ды бір-біріне. Еке­уі де бір­не­ше тіл біледі. Мысалға, Ыды­ры­сов ағы­л­шын тіліне ағып тұр. Аз-мұз фран­цуз­ша­сы да бар. Пәкістан­ның ресми тілі – урду тілін бір кісі­дей біледі. Оны­мен қой­май, хин­ди тілін тағы үйреніп алған. Ол орыс­ша сөй­леп оты­рып, бір кез­де аяқ асты­нан ағы­л­шын­шаға ауы­сып кетуі мүм­кін. Мұн­дай­лар­ды поли­глот дейді.

Ыды­ры­сов іштей бұл қабілеті­мен мақта­на­тын да шығар. Бірақ өз тілі – мем­ле­кет­тік тіл­ді біл­ме­гені үшін ұял­май­ды. Өзге тіл­дің бәрін біледі, бірақ өз тілін біл­мей­ді… Пафос, бірақ шындық.

Осы Ыды­ры­сов тәрізділер­дің «арқа­сын­да» әлем Қаза­қстан­ды Ресей­дің бір губер­ни­я­сы ретін­де тани­ды. Қазір­гі Қаза­қстан­ның Ресей­дің қол астын­дағы Башқұрт­стан­нан неме­се Татар­стан­нан қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар? Ешқан­дай. Біз орыс­ша сөй­лей­тін ұлтпыз.

Ол үлкен қыз­мет­те отыр. Ол бүтін бір елдің сөзін сөй­лей­ді. Ол кәсі­би дипло­мат. Қаза­қстан­ның көп­век­тор­лы сая­са­тын сыр­тқа жар­на­ма­лай­тын, наси­хат­тай­тын – осы Ыдырысов.

Қате­ле­с­пе­сек, шетел­де Қаза­қстан­ның 89 дипло­ма­ти­я­лық өкіл­ді­гі бар. Оның ішін­де 57 елшілік, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың жанын­дағы 5 тұрақты өкіл­дік, 3 дипло­ма­ти­я­лық мис­сия, 10 бас кон­сул­дық, 12 кон­сул­дық және 2 елшілік бөлім­ше­лері бар.

Бұлар­дың бар­лы­ғын бір шет­ке ысы­рып қоя­лық та, тек 57 елшілік­ті наза­рға алай­ық. 57 елшілік – аз емес. Оларға не жүк­тел­ген? «Елде­стір­мек елші­ден» деуші еді. Екі елдің ара­сын­дағы ықпал­да­сты­қты арт­ты­ру, әріп­те­стік­ті жақ­сар­ту, тағы­сын тағы… Бұл бел­гілі. Бірақ елші болған соң, барған жерің­де өз мем­ле­кетіңнің мәде­ни­етін, өнерін, салт-дәстүрін аз-кем бол­са да көр­се­ту­ге тиісті шығар­сың. Біз солай ойлаймыз.

Енде­ше Ыды­ры­со­вқа сау­ал: бүгін­гі қазақ дипло­ма­ты­ның бет-бей­несі қан­дай? Елшілер мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ген бе? Бел­гілі бір елшілік­тің көме­гі­мен Қаза­қстан­ның кел­бетін қалып­та­сты­ру қалай, қан­ша­лы­қты жүзе­ге асып жатыр?

Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гін­де мем­ле­кет­тік тіл­дің қол­да­ныс аясын кеңей­ту тура­лы ой бар ма өзі? Құжат айна­лым қазақ тіліне өткен бе?

Қаза­қстан­да орна­ласқан шетел­дік елшілік­тер мен халы­қа­ра­лық ұйым­дар Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гіне жол­дай­тын нота­ла­рын қай тіл­де жібереді?…

Ол осын­ша­ма сау­алға жау­ап беруі де, бер­ме­уі де мүм­кін. Ол сияқты­лар қазақ басы­лым­да­рын мой­ын­дай бер­мей­ді. Оқы­маға­сын, оқи алмағасын…

Ыды­ры­сов қашан қаза­қ­ша сөй­лей­ді? Ешқа­шан. Ол мем­ле­кет­тік тіл­ді өмір бақи үйрен­бей өтетін­дер­дің бірі.

Тағы бір қазақ басы­лы­мы жазған бұл тура­лы. 2002 жылы Пар­ла­мент­те, депу­тат­тар­дың алдын­да есеп бер­ген Ерлан Ыды­ры­сов мына­дай «сая­си мәлім­де­ме» жасаған екен: «Егер сіз­дер менің миым­ды ауы­стыр­ма­саңы­здар, мен енді қазақ тілін үйрене алмай­мын». Ол осы­лай деген.

Өзінің мем­ле­кет­тік тіл­ді үйрен­бей өтерін сол кез­де-ақ білген.

Біз бол­сақ «Елшілер мем­ле­кет­тік тіл­ді мең­гер­ген бе?» – дей­міз оған. Бұлай сау­ал қою­дың өзі қисын­сыз ба, қалай? Ыды­ры­со­втың тілі түзел­мей, Қаза­қстан дипло­ма­ти­я­сы қаза­қ­ша сөй­ле­мей­ді, анығы.

«Қазақ тілі – дипло­ма­ти­я­ның тілі емес, қазақ тілі дипло­ма­ти­я­ның, халы­қа­ра­лық сая­сат­тың тілі бола алмай­ды», – деген осы Ыдырысов…

Ерлан Ыды­ры­сов бел­гілі әде­би­ет­ші-ғалым Әбіл­фай­ыз Ыды­ры­со­втың ұлы. Ақсақал ұлы­на осын­дай тәр­бие бер­ген. Тым бол­ма­са тұр­мыстық тіл­ді де үйрет­пеп­ті ұлы­на. Қазақ тілін мүл­де қажетсінбеген.

Әкенің тәр­би­есі ұлы­на жалға­сты, неме­ресіне беріледі, шөбе­ресіне тарай­ды. Сай­ып кел­ген­де, біз үшін түк өзгер­ген жоқ. Ертең «мен орыс­ша оқы­дым, орыс­ша тәр­бие алдым» дей­тін тағы бір буын өсіп шыға­тын сияқты.

Думан БЫҚАЙ,

dalanews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн