Понедельник , 7 июля 2025

Заңғар тауы ЖОҚТАЙДЫ Заманбегін…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №02 (273) от 15 янва­ря 2015 г.

 

Оқыр­ман ойы

 

  • Әділет жолын­да шей­іт болған қаза­қтың бір­ту­ар аза­ма­ты Заман­бек Нұрқа­ді­лов тірі болған­да, 15 қаңтар күні 71 жасқа толар еді.

 

Шырқап жүр­гем шалқы­тып дала әндерін,

Бір дауы­стан селк етті санам менің:

Ала­та­удың өр шыңын құлатыпты…

Қызыл жасқа тол­тыр­дым жанар көлін.

 

Жас пар­ла­ды үдетіп көз ағысын,

Оңай ма еді жоғал­ту өз арысын?!

Алты ала­штың ардағы абат күнде,

Жасаға­ны жете­ді қазақ үшін.

 

Тағ­дыр бір сәт айна­лып қырсығымен,

Жүре­гінің айыр­ды дүрсілінен.

Өнер үшін ақ бауыр қарлығаштай,

Талай­ы­на ұя сап тұмсығымен…

 

Жұл­ды­здар да қалқи­ды шар­шаған боп,

Қасы­рет жыр тарай­ды арша­дан көп.

Алма­ты­ң­ның ажа­ры айдан асып,

Шаңы­рағы­ң­нан дума­ның тарқаған жоқ.

 

Қай­ра­ты­ң­ды жыға алмас беделіңді,

Өлті­ре алмас өлең мен өнеріңді.

Мер­ген атқан құра­лай мертіккенмен –

Қалың елің өсірер Мерейіңді.

 

Заңғар тауы зар­ла­тып зар әндерін,

Хан Тәңірі жоқтай­ды Заманбегін…

Алтын күн­нің сәу­лесін тіліп ұшар,

Қыран болып шар­лай­сың заман көгін!

 

Мөл­дір Әбдуманапқызы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн