Воскресенье , 6 июля 2025

ЗАҢ ТҮЗЕЛДІ, ҚАНДАСЫМ, СЕН ДЕ ТҮЗЕЛ!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

Қаз-қал­пын­да

 

Құр­мет­ті Ермұрат Бапи мырза!

Биыл қай­та­лай өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіл­ген «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» Заңы­на Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 24 қара­ша­да қол қой­ған күні атал­мыш Заңға бай­ла­ны­сты алдын ала жазып, дай­ын­дап қой­ған «Заң түзел­ді, қан­да­сым, сен де түзел!» атты осы мақа­лам­ды Пре­зи­дент кең­сесіне жібер­гем. Ол кісілер асы­қ­пай оқып 9 жел­тоқ­сан­да «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне жолдапты.

Бас газет­тің бас­шы­сы Сауыт­бек Әбд­рах­ма­нов мыр­за мақа­лам­ды қор­жы­ны­на салып алып, облы­стар­ды ара­лап кетіп­ті де, 23 жел­тоқ­сан күні «тым ұзақ екен, ықшам­дап баса­мыз» деп, қысқар­ты­лған нұсқа­сын жақын­да өзі­ме жіберіпті. 

Өзіңіз жақ­сы білесіз, «Көші-қон тура­лы» заңға өзгеріс енгі­зу оңай­ға түс­кен жоқ! Сол үшін де мақа­ла­ны көлем­дірек етіп, «Еге­мен Қаза­қстан­ның» бір жарым бетіне шама­лап жазғам. Ары қарай Ұлт көш­бас­шы­сы мен алы­стан кел­ген ағай­ын­ның фото­ла­ры­мен көм­керіп, айқа­ра бет­ке береді, сөй­тіп, алы­стан кел­ген ағай­ын мен билік ара­сын­дағы көңіл кір­біңін жоюға сеп­ті­гін тигі­зеді деп ойлағам ғой мен бай­құс. Қай­дам, үмітім жел­ге ұшып, ыңғай­сыз жағ­дай­ға қалып отыр­мын. Міне, итіс-тар­ты­спен жиыр­ма күн өтті: көп қыр­тым­бай­лық не керек, Үлкен үйден қалай түсті, солай уағын­да басуы керек қой «Еге­мен Қазақстан»! 

Үш жыл бойы сер­гел­дең­ге түс­кен бауыр­ла­ры үшін жар­ты бетін қимаған басы­лым­нан не сұрай­сыз?! Арыз көтеріп, Ақор­даға жүгі­ру – біз­ге жат қылық!

«Наға­шы­ма хат» деген тақы­рып­пен сіздің газетіңіз­де басы басталған осы­нау игілік­ті шару­а­ның соңғы қор­тындыс­ын да өзіңіз қор­тын­ды­ла­уды өті­нем, Ераға!

Ескер­ту: мақа­ла­ның «Еге­мен Қаза­қстан» қиып тастаған жер­лерін қара қаріп­пен қисай­тып бердім.

Құр­мет­пен, Ауыт Мұқибек –

ақын, «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның мүшесі.

30.12.2015, Аста­на

 

Құр­мет­ті Ауыт бауырым!

Мен сенің өз қаза­ғың үшін ете­гің жасқа тола еңіреп жүр­геніңді өз көзім­мен көр­дім. Осы хат­ты жазып оты­рға­ны­ң­да, көл­кіл­де­ген жас көзіңе тұнып, іші-бауы­рың өксік­ке толы болға­нын да сезем. Шыным­ды айт­сам, өзіңе жау­ап жазу үстін­де менің де көңілім босап отыр…

Бұл енді босаң­ды­қтың, бозөк­пе­лік­тің бел­гісі емес, бауы­рым. Бұл – елдің ертеңіне елең­де­ген ер аза­мат­тың жігерін қай­ра­уы деп білем. Бірақ сенің жаны­ң­ды жылатқан сол жас қаза­ққа қия­нат қыл­мақтар­дың мой­ны­на артыл­ма­сын деп тілейік…

Қаза­ққа иненің жасуын­дай ғана жаны аши­тын адам бол­са, ол сенің жан дәр­мен жай-күй­іңді біл­се керек: жер дүни­е­ге тары­дай шашы­лған бар­лық қаза­қтың басы бірі­гуі бір саған ғана керек сияқты, басы­ң­ды тауға да, тасқа да ұрып, бар­маған басты­ғың, кір­ме­ген емен есі­гің қалған жоқ. Егер дәл Қай­рат Бода­ухан еке­уің осын­ша­ма жан­пи­да­лы­қ­пен алы­спаған­да, бәл­кім, соңғы қабыл­данған көші-қон мәсе­лесі жөнін­де­гі заң шатқа­яқтап қалар ма еді? Бәл­кім, осы қаза­қтан сен сияқты жүз жігіт, әсіре­се атақ-дәре­же­сі жер жара­тын алты-жеті аза­мат алы­ста қалған ағай­ы­ны үшін атқа қонған­да, бүгін­де мұн­дай азаптан ада болар ма едік?!

Енді көр­ген күні­міз мынау: өз елі­міз­де жүріп, өз қаза­ғы­мы­зға ара­ша айтар сөздің өзін сұрап ала­тын бол­дық, оның өзін әлдекім­ді рен­жітіп алмай­ық деп, бұқ­пан­тай­лап айтқан күн­нің керін кешу­де­міз. Бұл тура­сын­да айта бер­сең, қан­жы­лаған сөз тау­сыл­май­ды. Бірақ басқа­ны біл­мей­мін, ал менің жеке өзім сенің ел алдын­дағы есіл еңбе­гің, нағыз ер аза­матқа тән ерлі­гің үшін басым­ды иемін. Бұл ерлік­тің есесі саған қайт­па­са да, халқы­мы­зға есеп­сіз несі­бе бола­ры – дәт­ке қуат. 

Міне, сол ерлі­гіңе бір ескерт­кіш ретін­де біз – «ДАТ» басы­лы­мы­ның ақыл­дастар алқа­сы сенің редак­ци­яға жол­даған жаз­баң­ды қаз-қал­пын­да жари­я­ла­уды шештік. Тіп­ті елба­сы­ңа бағы­штай жазған бар­лық алғыс сезі­міңді де сол күйі бас әріп­тер­мен қалдырдық. 

Аман бол, бауы­рым! Ел ішін­де сен сияқты қаза­ғы үшін шырыл­дап жүр­ген жігіт­тер жер басып жүр­ген­де, шынын­да да, біз Мәң­гілік елге айна­ла­тын шығармыз…

Аға­лық ниетпен –

Ермұрат Бапи,

30.12.15,

Алма­ты

 

 

Мәң­гілік Елге қаты­сты бір жаз­ба­ның егжей-тегжейі

 

Елба­сы сөзі – біздің «Бой­тұ­ма­ры­мыз»

Екі нәр­се ап-анық: Бірін­ші, қаза­ққа деген Алла­ның ықы­ла­сы­ның ерекше екен­ді­гі. Әйт­пе­се Тәу­ел­сіздік алмаған болар едік. Сосын сол ықы­ла­сы шексіз Алла­ның рахы­мы­м­ен Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың халқы­мы­здың бағы­на туған ұл екен­ді­гі. Әйт­пе­се Ұлы көш Ата жұр­тқа бетін ерте бұр­мас еді!

Көші-қон! Ол – Ұлт көш­бас­шы­сы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұңғыш Пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тәу­ел­сіздік­ті ала салып, небәрі он бес-ақ күн­нен кей­ін жолға қой­ған ТҰҢҒЫШ һәм ҰЛЫ сая­са­ты! Нұр­сұл­тан Әбі­шұлы­ның кемең­гер тұлға екенін төрт­күл дүни­е­ге бір­ден таны­тқан – алы­ста жүр­ген ағай­ын­ды Ата жұр­тқа шақы­ру тура­лы шығарған осы батыл әрі тәри­хи шешімі!

«Қым­бат­ты отан­дастар! Ежел­гі ата­ме­кені­нен жырақтап қалған Сіз­дер­ді кеше­гі күн­ге дей­ін ата-баба жеріне қай­тып келе ала­мыз ба деген сұрақтың алаң­да­тып кел­генін мен жақ­сы біле­мін. Туған жер­дің түтіні де ыстық дей­ді халқы­мыз. Қан­дас бауыр­ла­ры­мы­зды бай­ы­рғы ата қоны­сы­на тар­ту мақ­са­тын­да адам пра­во­сы тура­лы ела­ра­лық ере­же­лер­ді бас­шы­лы­ққа ала оты­рып, Қаза­қстан Үкі­меті «Басқа рес­пуб­ли­ка­лар­дан және шетел­дер­ден село­лық жер­лер­де жұмыс істе­у­ге тілек біл­діру­ші бай­ы­рғы ұлт адам­да­рын Қаза­қстан­да қоны­стан­ды­ру тәр­тібі мен шар­тта­ры тура­лы» арнайы қау­лы қабыл­да­ды. Сон­ды­қтан ата­ме­кен­ге келе­мін деуші ағай­ын­дарға жол ашық. Ата-баба әру­ағы алда­ры­ңы­здан жары­лқа­сын!» («Алы­ста жүр­ген ағай­ын­дарға ақ тілек», «Еге­мен­ді Қаза­қстан» газеті, 1992 жыл, 1 қаңтар) – деген Елба­сы сөзін алы­стан кел­ген әрбір қазақ бір нүк­тесін қал­дыр­май жат­тап алуы тиіс! Тіп­ті бала­ла­ры­ның мой­ны­на «Бой­тұ­мар» етіп, тағып қой­са да арты­қтық етпей­ді!! Естеріңіз­де бол­сын, бұл ұрпақтан ұрпаққа жалға­сып, Мәң­гілік елі­міз­бен бір­ге мәң­гілік­ке қала­тын ҰЛЫ СӨЗ!!! Біреу біл­ді, біреу біл­меді, бүгін­гі «Мәң­гілік ел» – Ұлт­тық иде­я­сы­ның ірге­та­сын Нұре­кең осы­лай ерте­рек қалап қой­ған болатын.

Міне, содан бері ширек ғасы­рға таяп­ты, Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы шетел­ден келетін Қазақ көші тоқ­та­сын деп ешқа­шан айтқан емес. Есесіне дүние жүзі қаза­қта­ры­ның әр құры­л­тайы сай­ын «Ата­ме­кен сіз­дер­ді асы­ға күте­ді, құшақ жая қар­сы ала­ды, қол­дан кел­ген бар мүм­кін­шілі­гін жасай­ды. Бұл – біздің пары­зы­мыз!» деуден бір тан­бай келеді!

Қан­даста­ры­мы­зға төрт жыл­сыз аза­мат­тық беріл­мей­тін етіліп, 2013 жыл­дың 10 жел­тоқ­са­нын­да қабыл­данған «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» Заң­ды бес ай, жиыр­ма төрт күн­нің ішін­де қай­та өзгер­ту тура­лы Үкі­мет­ке тап­сыр­ма беру – нағыз кемең­гер­дің ғана қолы­нан келетін үлкен ерлік пен ұлы­лық деп ұққан жөн! Тарих­тан бері айты­лып келе жатқан «Хан жар­лы­ғы – біреу!» деген сөз, міне, осын­дай­да айтыл­са керек!

Сон­ды­қтан жоға­ры-төмен­гі бар­лық атқа­ру­шы билік бұл сая­сат­тың маңы­зын терең түсі­нуі әрі оны бар­лық қыз­мет­тің маң­дай алды етіп ұста­уы керек! Бір күн де кідір­ту­ге бол­май­ды! Мем­ле­кет­тік бас­пасөз – ақпа­рат құрал­да­ры оны қалт жібер­мей қадаға­лап, дәріп­теп оты­руға міндетті!..

 

Заң түзел­ді…

Ұлты­мы­здың тағ­ды­ры­на, мем­ле­кеті­міздің бола­шағы­на қаты­сты осы­нау төтен­ше маңы­зды Заң мәжіліс­ке келіп түс­кен­нен кей­ін, 43 адам­нан жұмыс тобы құры­лып, істі бір­ден бастап кет­ті. Бұл талқы­ла­у­ға депу­тат­тар­мен қатар Сыр­тқы істер, Ішкі істер, Әділет, Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стр­лік­терінің, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің, Халы­қа­ра­лық көші-қон ұйы­мы­ның өкіл­дері, басқа да жау­ап­ты қыз­мет­кер­лер түгел қатысты.

Қаты­сты ере­же­ге сай, біз Әділет мини­стр­лі­гіне заң­ды түр­де тір­кел­ген кез кел­ген мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­дың аты­нан кіруі­міз керек екен. Қай­рат Бода­ухан өзі басқа­ра­тын «Орал­ман­дар­дың рес­пуб­ли­ка­лық «Асар» қоғам­дық бір­ле­сті­гі аты­нан енді. Ешбір ұйы­мға мүше бол­маған­ды­ғым себеп­ті мен «Жебеу» қоғам­дық бір­ле­сті­гіне қолқа салып, ұсы­ныс хат алдым.

Шын мәнін­де біз Жұмыс тобы­на депу­тат Гүл­нар Сейт­мағам­бе­то­ва­ның шақы­руы­мен, мәжіліс төраға­сы Хабибол­ла Жақы­по­втың бекітуі­мен кел­дік. Оған бізді таны­сты­рған мәжіліс аппа­ра­ты жетек­шісінің орын­ба­са­ры Сабыр Қасы­мов. Оның жоғарғы жағын­да ҚР Пре­зи­ден­ті кең­сесінің басты­ғы Мах­мұт Қасым­бе­ков аға­мыз тұрды…

Заң жоба­сы талқы­лан­бас бұрын Елба­сы тап­сыр­ма­сы­мен Орал­ман­дар­ды қоны­стан­ды­ру үшін өңір­лер­ді айқын­дау тура­лы ҚР Үкі­метінің 2014 жылғы 20 науры­здағы №248 қаулы­сы шыққан бола­тын. Онда елі­міздің 14 облы­сы түгелі­мен Орал­ман­дар­ды қоны­стан­ды­руға арналған өңір­лер етіліп бекітіл­ген. Кей­ін, осы жыл­дың 11 мамы­рын­да Үкі­мет бұл қаулы­ға тағы өзгеріс енгізіп, Ақмо­ла, Аты­рау, Батыс Қаза­қстан, Қоста­най, Пав­ло­дар, Сол­түстік Қаза­қстан және Шығыс Қаза­қстан сияқты 7 облы­сты арнайы өңір етіп бел­гілеп қойған.

Соны­мен, Жұмыс тобы мәжілі­сте Гүл­нар Сүлей­менқы­зы­ның жетек­шілі­гі­мен 2014 жылы 04 мамыр­да Елба­сы­мы­здың №1026 бұй­ры­ғы­мен Үкі­мет дай­ын­даған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық актілеріне халы­қтың көші-қоны және жұмыспен қам­ты­луы мәсе­ле­лері бой­ын­ша өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу тура­лы» Заң жоба­сы­на өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізу­ге арналған 17 оты­рыс өткізді.

Бұл жолғы өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар Халы­қтың көші-қоны тура­лы ҚР-ның 2011 жылғы 22 шіл­де­де­гі №477-IV Заңын негіз етіп енгізіл­ді. Бірақ ескі Заң­ның бұры­нғы тиім­ді тұста­ры одан ары тіп­ті де жетіл­дірі­ле түсті:

Жаңа заң жоба­сын­да ең басты­сы – көшіп кел­ген бар­лық этни­ка­лық қаза­қтар, қоны­станған өңіріне қара­ма­стан, бес жұмыс күні ішін­де «Орал­ман» мәр­те­бесін ала ала­ды. Үш ай ішін­де тұрақты тір­ке­у­ге тұруға рұқ­сат алып, Ықти­яр­ха­ты қолы­на тиеді. Ықти­яр­хат алған күн­нен бастап бір жыл мерзім­де (өтініш бер­ген күн­нен бастап үш ай ішін­де) жеңіл­детіл­ген (тір­кеу) тәр­тіп­пен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғы­на қол жет­кі­зетін бол­ды. Соны­мен бір­ге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұрақты тұруға Ықти­яр­хат алу үшін, этни­ка­лық қаза­қтар төлем қабілетін рас­та­удан боса­ты­ла­ды. Сон­дай-ақ этни­ка­лық қаза­қтар­дың ашты­рып кел­ген виза­сы­ның сана­ты­на қара­ма­стан Ықти­яр­хат ала беру­ге мүм­кін­ді­гі бар.

Ал, көшіп кел­ген ағай­ын­дар жоға­ры­да айты­лған Үкі­мет бел­гіле­ген өңір­лер­ге қоны­станған жағ­дай­да бес жыл басқа өңір­ге көшпеу шар­ты астын­да оларға көлік шығын­да­ры төле­неді. Отаға­сы­на 50, отба­сы мүше­лерінің әрбіріне 35 айлық есеп­тік көр­сет­кіш көле­мін­де бір жолғы жәр­де­мақы беріледі. Қыз­мет­тік тұрғын үймен неме­се жатақ­ха­на бөл­месі­мен қам­та­ма­сыз ету көз­дел­ген. Бұрын көшіп келіп қоны­станған, енді сол өңір­ден Үкі­мет айқын­даған екін­ші өңір­ге қоныс аударған бауыр­лар да осы әле­умет­тік қол­да­уға ие бола алады.

Егер қан­даста­ры­мыз осы тиім­ділік­ке қол жет­кіз­ген соң, бес жыл тол­май жатып, Үкі­мет айқын­даған өңір­ден басқа облы­старға көшіп кет­кен жағ­дай­да бұл төлем­дер мен бас­па­на­лар түгел­дей қай­та­ры­лып алынады.

Мұның бәрі Үкі­мет­тен дай­ын­да­лып кел­ген жеңіл­дік­тер мен тиім­ділік­тер. Сон­ды­қтан Жұмыс тобы­ның қара­уы­нан біра­уы­здан мақұл­да­нып өтті.

Әрине, Жұмыс тобы Үкі­мет ұсы­нған жоба­мен шек­теліп қалған жоқ, батыл қадам­дарға барып, көп жаңа­лы­қтар жаса­ды. Атап айтар бол­сақ, депу­тат Гүл­нар Сейт­мағам­бе­то­ва өз қолы­мен «Сәй­кестен­ді­ру нөмір­лерінің ұлт­тық тізім­дері тура­лы» Заң­ның 9‑бабына жеке сәй­кестен­ді­ру нөмірі қан­даста­ры­мы­зға «Орал­ман» куәлі­гі­мен бір­ге берілетін етіп, толы­қты­ру енгізді.

Ішкі істер мини­стр­лі­гі мен Көші-қон коми­тетінің бір­лес­кен ұсы­ны­сы­на сай, «49-бап. Көшіп келу­шілер­ге Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­да тұрақты тұруға арналған рұқ­сат­ты беру­ден бас тар­ту, не оның күшін жою үшін негiз­дерінің» 1) тар­мағы осы жолы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның шетел­дік­тер­дің құқы­қтық ере­же­сі тура­лы заң­на­ма­сын бір­не­ше рет бұзған;» деп өзгертілді.

Бұрын бұл «бір рет бұзған» болатын.

Заң жоба­сы осы өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіліп қана қол­да­ны­сқа енсе, шыны керек, қат­ты бір қай­на­уы ішін­де кетер еді. Мен депу­тат ағай­ын­дар­ды біліксіз деуден аулақ­пын, бірақ өз баста­ры­нан кешпе­ген сала­ның ұңғыл-шұңғы­лы олар­ды терең бой­ла­та бер­мей­тіні бел­гілі. Оның үстіне еш ЖОО-да Көші-қон тура­лы дәріс те оқы­тыл­май­ты­ны тағы анық. Сон­ды­қтан Гүл­нар Сүлей­менқы­зы­ның осы­нау про­це­сті басы­нан кешір­ген, алы­стан кел­ген ағай­ы­н­мен күн­делік­ті тұр­мыста қоян-қол­тық ара­ла­сып жүр­ген Қай­рат еке­умізді шақы­рға­ны өте дұрыс бол­ды. Біз бол­сақ, сол көшпен­ді өмір­дің өзі үйрет­кен тәжіри­бе негізін­де «Әттең-ай, осы­лай бол­са­шы!!!» деп жүр­ген ойла­ры­мы­зды ортаға сал­дық та отырдық.

Соны­мен, біздің тара­пы­мы­здан беріл­ген ұсы­ныс бой­ын­ша, Заң жоба­сын­дағы 15-бапқа Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың құзіретіне бірін­ші болып, «13−1) халы­қтың көші-қоны мәсе­ле­лері жөнін­де­гі уәкілет­ті орган бел­гіле­ген тәр­тіп­пен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның отба­сын бірік­ті­ру мақ­са­тын­да шетел­дер­де тұра­тын этни­ка­лық қаза­қтар­дың ара­сы­нан туы­ста­рын Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на қоны­стан­ды­ру үшін шақы­ру­ла­рын қарай­ды және куәлан­ды­ра­ды» деген жаңа тар­мақ енді.

Бұл тар­мақ басқа емес, ҚХР-да тұра­тын қан­даста­ры­мыз үшін аса керек. Өйт­кені ол елдің аза­мат­та­ры­ның қолын­да шетел­ге шыға­тын Төлқұ­жат жоқ. Бұрын туы­ста­ры­мы­зды жеке туыс­шы­лау жолы­мен, жастар­ды оқуға, кей­ін­деп хат жазу арқы­лы шақы­рып жүр­дік. Соның өзін­де отба­сы­мен толық кел­гісі кел­ген­дер­ге кедер­гі көп бола­тын, мек­теп жасын­дағы бала­ла­рын жібер­мей әлек сала­тын. Қытай сая­са­ты­ның қыл­ты­ңы мен сыл­ты­ңы көп екенін ескер­сек, келудің бұл жол­да­ры­ның да ертеңі бұлы­ңғыр. Енді осы шақы­ру құжа­ты арқы­лы олар сол азаптан құты­ла­тын бола­ды, отба­сы мүше­лері­мен бір­жол­да түгел көшіп келе алады.

Сосын 26-бап. Орал­ман­дар­дың құқы­қта­ры мен мін­дет­теріне «4) қыз­мет­тік неме­се жеке тұрғын үйі бол­маған кез­де орал­ман­дар­ды бей­ім­деу және ықпал­да­сты­ру орта­лы­қта­рын­да уақыт­ша орна­ла­сты­ру орта­лы­қта­рын­да бір жыл­дан аспай­тын мерзім­ге уақыт­ша тір­ке­луіне құқы­ғы бар» деген тағы бір тың тар­мақты кіргіздік.

Бұл арқы­лы қан­даста­ры­мыз тәу­ел­сіздік­тен бер­гі уақыт­ша тір­ке­у­ге тұра­тын үй тап­пай қина­лып кел­ген тауқы­мет­ті артқа тастайды.

Үшін­ші бір еңбе­гі­міз – 33-бап. Білім алу мақ­са­тын­да көшіп келу­шілер­дің негіз­гі құқы­қта­ры мен мін­дет­теріне толы­қты­ры­лған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на Білім алу мақ­са­тын­да кел­ген этни­ка­лық қаза­қтар оқуға түс­кен­нен кей­ін: 1) тех­ни­ка­лық және кәсіп­тік, орта­дан кей­ін­гі, жоға­ры және жоға­ры оқу орын­да­ры­нан кей­ін­гі білім беру меке­ме­лерінің жатақ­ха­на­ла­рын­да уақыт­ша тір­ке­лу­ге; 2) тұрақты тұруға және жеңіл­детіл­ген тәр­тіп­пен (тір­кеу тәр­тібі­мен) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын қабыл­дау тура­лы өтіні­ш­хат беру­ге құқы­ғы бар» деген қос тармақ.

Үкі­мет әр жылы ЖОО-на қабыл­да­на­тын сту­дент­тер­дің 2 пай­ы­здық орнын шет­тен кел­ген этни­ка­лық қаза­қтар­дың бала­ла­ры­на береді. Мыса­лы, биыл сырт­тан кел­ген қан­дастарға 1190 білім гран­ты бөлін­ді. Мем­ле­кет қара­жа­ты­мен оқы­ған жаста­ры­мыз осы­ған дей­ін аза­мат­ты­ғы бол­маған­ды­ғы себеп­ті оқуы біт­кен соң, кел­ген еліне қай­туға мәж­бүр бола­тын. Басқа жер­ге тір­келіп, аза­мат­ты­ққа құжат тап­сы­рған күн­нің өзін­де тір­кел­ген жерің­де тұр­маға­ны үшін «құқы­қтық ере­же­сі тура­лы заң­на­ма­ны бұзған» болып есеп­те­летін. Міне, бұл мәсе­ле де жаңа Заң­да шеші­мін тапты.

Қан­дас сту­дент­тер оқу­ды бітіріп болған­ша, өзі тұра­тын жатақ­ха­наға тұрақты тір­ке­у­ге тұрып, ҚР аза­мат­ты­ғын алып үлгіреді.

Күн­делік­ті тұр­мысы­на керек қой деп, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­на пай­да­ла­на­тын тех­ни­ка­ла­рын қан­даста­ры­мы­здың кеден салы­ғын­сыз алып өтуі тура­лы ұсы­ныс жаса­дық. Өкініш­ке орай, Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одақтың келісім-шар­тын­да басқа елдер­ден кеден арқы­лы алып өтетін товар­лар­дың тізі­мін­де жер жыр­туға, шөп шабуға арналған мұн­дай тех­ни­ка­лар жоқ екен. Сон­ды­қтан өтіні­ші­міз қабылданбады.

Есесіне, Заң жоба­сы­ның 23-бабын­да «4−1) …Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кеден ісі тура­лы заң­на­ма­сы­на сәй­кес, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағы­на кел­ген кез­де көлік құрал­да­рын қоса алған­да, жеке пай­да­ла­нуын­дағы мүл­кіне кеден төлем­дерін төле­уден боса­ты­ла­ды» деген тар­мақ бар екен.

Демек, Ата жұр­тқа көшіп келетін этни­ка­лық қаза­қтар жеке мен­шік маши­на­ла­ры мен жүк­терін кеден­нен салы­қ­сыз алып өте алады.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы «Білім тура­лы» Заңы­ның 66-бабы­на сәй­кес, Мем­ле­кет әр жылы Этни­ка­лық қазақ жаста­ры үшін дай­ын­дық кур­сқа деп, 1400 балаға арнап қара­жат бөледі. Көп жағ­дай­да сол кел­ген бала­лар­дың саны бел­гіле­ген меже­ге тол­май жата­ды. Кей жыл­да­ры тіп­ті ашыл­май қалу қау­пі туға­нын да біле­міз. Биыл бір­ша­ма көрім екен, бірақ грант тағы толық игеріл­ме­генін естідік. Оған себеп – оқуға қабыл­дау басталған тұстағы шетел­дер­де­гі кон­сул­ды­қта­ры­мы­здағы виза кезе­гінің қиындығы.

Соны ескеріп, оқу мақ­са­ты­мен келетін қан­даста­ры­мы­зға виза­ны кон­сул­ды­қтар кезексіз беру тура­лы тар­мақ енгі­зуді ұсын­дық. Бұл тала­бы­мы­зды депу­тат Нұр­тай Саби­лья­нов бір­ден қол­дап, Жұмыс тобы­ның жетек­шісіне ұсын­ды. Ол тағы бір емес, екі-үш оты­ры­ста қызу талқы­лан­ды. Бірақ қан­ша тырыс­сақ та, Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі өкіл­дері алдағы уақыт­та Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на келу­ге өтініш бер­ген ұлты қазақ аза­мат­тарға бір жол­да үш жылға көп мәр­телі виза беру жағын қарас­ты­рып жатқа­нын айтып, бұл өтіні­ші­мізді кері қай­тарт­ты. Және бұл игілік­ті шара­ның іске аса­ты­ны­на Жұмыс тобын сен­дір­ді де…

Айт­пақ­шы, осы виза жөнін­де­гі жанай­қай­ы­мыз түрт­кі бол­ды-ау дей­мін, Жұмыс тобы­ның соңғы оты­ры­сы­на таяған­да, Сыр­тқы істер мини­стрі Ерлан Ыды­ры­со­втың кеңес­шісі Керім Қожам­бер­ди­ев­тың ұсы­ны­сы­мен 49-бапқа: «4) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аумағын­дағы шетел­дік­тер­ге және аза­мат­ты­ғы жоқ адам­дарға Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның виза­ла­рын береді, жояды, қал­пы­на кел­тіреді, сон­дай-ақ олар­дың қол­да­ны­лу мерзім­дерін ұзар­та­ды және…» деген тағы бір тама­ша толы­қты­ру жасалды.

Алла қала­са, қан­даста­ры­мыз виза­сы­ның мерзі­мі біт­се, кел­ген еліне қай­та жүгір­мей-ақ, елі­міз­де­гі Көші-қон поли­ци­я­сы басқар­ма­ла­ры­нан виза­сын ұзар­та беретін болады…

Негізі, осы­ның бәрі Көші-қон заңы­на 2011 жылы 22 шіл­де­де өзгеріс енгізіл­ген кез­де де күй­іп тұрған, шешім табуы өте керек қол­бай­лау мәсе­ле­лер бола­тын. Міне, шынайы ынта, пей­іл бол­са, бәрі де шешіледі екен!

 

Елге әйгілі

«Екі аны­қта­ма»

Соңғы жыл­да­ры Қытай Халық Рес­пуб­ли­ка­сы­нан көшіп кел­ген қан­даста­ры­мы­зды қан­жілік қып кел­ген ең басты кедер­гі – екі АНЫҚТАМА екені белгілі.

Оның бірін­шісі – «Шыққан мем­ле­кет­тің келісі­мі тура­лы аны­қта­ма» («Шығу парағы»).

Ол тур­лы мәжілісте­гі Жұмыс тобы­ның емес, біз бер­ген өтініш­ке сай, Мұрат Бақти­ярұ­лы бастаған бес сена­тор­дың Үкі­мет басы­на жол­даған депу­тат­тық сау­а­лы­нан кей­ін, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ішкі істер мини­стр­лі­гінің 2015 жылғы 7 сәуір­де­гі №315 Қаулы­сы­мен, Қытай­дан келетін қан­даста­ры­мы­здан талап етіл­мей­ді деп, Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер стан­дарт­та­рын­дағы тіз­бе­ге ескер­ту енгізілді.

Заң жоба­сы­на өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу бары­сын­да Жұмыс тобы­ның ең көп талқы­сы­на түс­кен, жоба­ны талқы­ла­уды таба­ны күрек­тей тоғыз айға созды­рған – «Сот­ты­лық» тура­лы АНЫҚТАМА.

Елі­міз­де бұл аны­қта­ма тура­лы жаз­баған, айт­паған БАҚ жоқ! Қаза­қстан­ды қой­ып, шетел бас­пасөзі бетін­де де көп көтеріл­ді. Айты­ла-айты­ла, Қытай үкі­меті шетел­ге шығуға тый­ым салған жеті түр­лі санат­тағы адам­ды мини­стр­лер мен депу­тат­тар сау­сағын бүгіп, жатқа санап беретін дең­гей­ге жет­ті. Қай қалаға бары­ңыз, кім­мен таны­сы­ңыз, қай кәби­нет­ке кіріңіз, шет­тен кел­ген қазақ едім десеңіз бол­ды, адам­дар бір­ден «Әлгі сот­ты­лық тура­лы аны­қта­ма­ла­ры­ңыз не бол­ды, жой­ыл­ды ма?!» деген сұрақ қоя­тын болды.

Жұмыс тобы­ның соңғы оты­ры­сы­на дей­ін бір­де-бір күн тәр­тібі­нен түс­кен емес. Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның жеке қабыл­да­уын­да да бол­дық. Көші-қон коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Аслан Қаржау­ба­ев қаты­сты орган­дар­дың жау­ап­ты­ла­ры мен маман­да­рын шақы­рып, арнайы мини­стр­лік дәре­желі жина­лыс та ашты. Ресей, Гер­ма­ния, Изра­иль бастаған сегіз елдің репо­три­ант қабыл­дау тәр­тібін тек­сер­дік, ешбір мем­ле­кет­тің Заңын­да мұн­дай бап жоқ…

Соны­мен, әу баста-ақ біз бұл АНЫҚТАМАНЫ сұра­ту­ды 9‑баптағы Ішкі істер орган­да­ры­ның құзіретіне беруді өтін­дік. Қажет болған жағ­дай­да олар сот­ты­лы­ғы­ның бар не жоқты­ғын айқын­да­уды өз бетін­ше жүзе­ге асы­ру­ды өз мін­дет­теріне алсын дедік.

Жұмыс тобы ақыл­да­са келе, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның тер­ри­то­ри­я­сын­да ауыр неме­се аса ауыр қыл­мыс жасаған бол­са» деген өзгеріс­ке тоқтады.

Соңғы нәти­же­де, Заң жоба­сы­ның осы­ған қаты­сты 49-бабы­ның 9)-тармағы Үкі­мет ұсы­нған «ауыр неме­се аса ауыр қыл­мыс жасаға­ны үшін алын­баған неме­се өтел­ме­ген сот­ты­лы­ғы бар» деген редак­ци­я­мен қабылданды.

Бірақ оны­мен де тоқта­май, Гүл­нар Сейт­мағам­бе­то­ва­ның күші­мен Ішкі істер мини­стр­лі­гі елі­міз­де­гі ҚХР-ның елшілі­гіне хат жазып, жау­ап та алынды…

Бірақ, соңғы мәлі­мет­тер­ге қараған­да, Қытай елінің бас газеті «Жэнь­минь жибао» 2015 жылғы 25 тамы­здағы санын­да Қытай­дың Қоғам қауіп­сіздік мини­стр­лі­гінің осы жыл­дың 22 тамы­зын­дағы бұй­ры­ғы­на сіл­те­ме жасай оты­рып, Қытай Қоғам қауіп­сіздік тара­у­ла­ры жағы­нан беріл­мей­тін 18 түр­лі аны­қта­ма­ның тізі­мін жариялапты.

Сол «18 Аны­қта­ма­ның» 14-сі «Сот­ты­лы­ққа, яғни заңға қай­шы қыл­мысы­ның бар неме­се жоқты­ғы­на» бай­ла­ны­сты аны­қта­ма екен.

Онда «Кез кел­ген жеке тұлға­ның қыл­мысқа қаты­сты­лы­ғы жөнін­де­гі мәлі­мет қоғам­дық қауіп­сіздік меке­ме­лерінің ішкі шаруа­сы» – дей келіп, жеке адам­дар жай­лы толық мағлұ­мат алғы­сы кел­се; аны­қта­ма талап еткен орын­ның тек­се­ру өкілет­ті­гі бар құзірет­ті ада­мы қыз­мет­тік куәлі­гі­мен және аталған меке­ме­лер­дің арнайы қаты­нас хаты­мен кел­ген жағ­дай­да ғана мәлі­мет берілуі мүм­кін. Ал аталған аны­қта­ма жеке тұлға­ның өз қолы­на бұдан былай­ғы жер­де ешқа­шан беріл­мей­ді» – делін­ген! Демек, «Аны­қта­ма» беріледі. Бірақ жеке тұлға­ның қолы­на емес, сұратқан меке­менің жау­ап­ты адамына.

Қысқа­сы, кім сұрат­са, сол адам Қытай­ға өзі баруы керек! Және ол бұй­ры­қтың Қытай­да жер­гілік­ті жер­лер­де қатаң атқа­ры­лып жатқа­ны да мәлім бол­ды. Сон­ды­қтан бұл аны­қта­ма мәсе­лесі де жоға­ры­дағы «Шығу парағы» секіл­ді Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ішкі істер мини­стр­лі­гінің арна­у­лы қаулы­сы­мен Қытай­дан келетін қан­даста­ры­мы­здан талап етіл­мей­тін етіліп, шешім табуы тиіс!

 

Аға­ларға алғыс

Заң бой­ын­ша, Жұмыс тобын­да Қай­рат Бода­ухан еке­уміздің жина­лы­ста дауыс беру­ге құқы­ғы­мыз жоқ, тек ұсы­ныс қана айта ала­ды екенбіз.

Қан­даста­ры­мы­здың кедер­гісіз құжат­та­уы­на керек-ау деген түй­ін­дер­ді, Заң жоба­сы­ның бап­та­ры­на сәй­кес, кесте­ге түсіріп, Жұмыс тобын­дағы кез кел­ген депу­татқа апа­рып түсін­діре­міз. Оған халық қала­у­лы­сы қолын қой­ып, Жұмыс тобы­ның жетек­шісіне жөнел­те­ді. Идео­ло­ги­я­сы дұрыс бол­са болға­ны, Гүл­нар Сүлей­менқы­зы оты­ры­стың талқы­сы­на сала­ды. Депу­тат өз ұсы­ны­сын қорғап шығуға мін­дет­ті. Қажет болған жағ­дай­да Жұмыс тобы жетек­шісінің рұқ­са­ты­мен біздің ол ұсы­ны­сқа түсінік жаса­уы­мы­зға, өткі­зу тура­лы өті­нуі­міз­ге мүм­кін­дік беріліп отыр­ды. Қысқа­сы, Заң жоба­сы осы тәр­тіп­пен тәп­те­ш­теліп қарал­ды. Оба­лы не, Алдан Смай­ыл, Нұр­тай Саби­лья­нов, Құт­ты­қо­жа Иди­ри­сов, Май­ра Айси­на, Гүл­ми­ра Исим­ба­е­ва, Бақыт­бек Смағұл, Алмас Тұр­та­ев, Аза­мат Әбіл­да­ев, Оль­га Кико­лен­ко, Меру­ерт Қазы­бе­ко­ва – қай-қай­сысы­ның да қашан бар­сақ, есі­гі айқа­ра ашық тұр­ды. Көңілі тасып, қар­сы алып отыр­ды. Бір­де-бір өтіні­ші­мізді жер­ге тастаған емес, қол­дап, қуат­тап, өтуіне бар күш­терін салып бақты. Осы жер­де Жұмыс тобы­на жетек­ші етіп Гүл­нар Сейт­мағам­бе­то­ва­ны таң­дап қой­ған мәжіліс төраға­сы Хабибол­ла Жақы­пов аға­мы­зға мың да бір алғыс айтуы­мыз керек!

Гүле­кең еркек­ке тән мінезі­мен, нағыз жетек­ші­ге лай­ық бол­мысы­мен кірісті бұл игілік­ті іске. Қолы­нан кел­ген­нің бәрін жаса­ды. Әріп­те­стері де кілең бір сай­дың тасын­дай ірік­тел­ген тұлға­лар­дан жасақта­лып­ты. Олар осы­нау орай­ды пай­да­ла­нып, 2013 жылғы шара­сызды­қтан жібер­ген «әтте­ген-айды» тол­ты­руға білек­терін сыба­на тыры­сып бақты. Соған сай, біз де шама­мыз жет­кен­ше көме­гі­мізді аяға­мыз жоқ, ойда жүр­ген­нің бәрін ұсындық.

Сөз орайы келіп тұрған­да, ҚР Пре­зи­ден­ті кең­сесінің басты­ғы Мах­мұт Қасым­бе­ко­втың атын ерекше ықы­ласпен атап, жасаған аза­мат­ты­ғын айтып өткені­міз жөн. Мах­мұт База­рқұлұ­лы тек осы мәсе­ле бой­ын­ша бір менің өзім­ді Ақор­да­да төрт мәр­те жеке қабыл­да­ды. Сөй­тіп, үні­міздің Пре­зи­дент әкім­шілі­гіне, одан ары Үлкен Кісі­ге жетуіне де үне­мі ықпал етіп отырды.

Сосын мәжіліс аппа­ра­ты жетек­шісінің орын­ба­са­ры, қаза­қтың аяу­лы пре­зен­ті Сабыр Қасы­мов аға­мы­здың көр­сет­кен көме­гі тіп­ті ерекше. Қазақ көшінің тоқы­ра­уы­на қабы­рға­сы қат­ты қай­ы­сқан, жар құлағы жасты­ққа тимей, тұс-тұсқа қоңы­рау шалып, біздің өтіні­ші­міздің өтуіне күш салған, тиісті қабыл­да­у­ларға кіруі­міз­ге жол ашқан бір кісі бол­са, ол – осы Сабыр Ахметжанұлы!

Соны­мен қатар ҚР Пре­зи­ден­тінің кеңес­шісі Мұх­тар Құл-Мұха­мед­тің, ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ва­ның, сена­тор­лар Мұрат Бақти­ярұлы­ның, Қуа­ныш Айта­ха­но­втың, Жабал Ерға­ли­ев­тың, Нұр­лан Ора­за­лин­нің, мәжілісмен Жам­был Ахмет­бе­ко­втың, ҚР Ішкі істер вице-мини­стрі, поли­ция гене­рал-май­о­ры Ерлан Тұрғын­ба­ев­тың, ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму вице-мини­стрі Бір­жан Нұрым­бе­то­втың, Көші-қон коми­тетінің төраға­сы Ахма­ди Сар­ба­со­втың, ІІМ Көші-қон поли­ци­я­сы депар­та­мен­тінің төраға­сы Серік Сай­ы­но­втың, Көші-қон коми­теті төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Аслан Қаржау­ба­ев­тың, ІІМ Көші-қон поли­ци­я­сы депар­та­мен­ті аза­мат­тық және имми­гра­ция басқар­ма­сы басты­ғы­ның орын­ба­са­ры Сабы­р­жан Сейт­жа­но­втың әрқай­сысы өз мүм­кін­дік­теріне қарай қолы­нан кел­ген қамқор­лы­ғын аяған жоқ. Әсіре­се ҚР Ден­са­улық сақтау және әле­умет­тік даму вице-мини­стрі болып Бір­жан Бидай­бекұ­лы қалай кел­ді, Жұмыс тобы­ның жұмысы солай қарқын ала баста­ды. Екі тіл­ге бір­дей жетік Бір­жан бұл сала­ның білік­ті мама­ны екен, қай ұсы­ны­сты алды­на қой­саң да, қам­шы сал­дыр­май дәлел­деп беріп отыр­ды. Қысқа­сы, «Жас кел­се, іске!» деген халық дана­лы­ғын Бір­жан Бидай­бекұ­лы біз­ге қапы­сыз дәлел­деп берді.

Ешқа­шан есі­міз­ден шығар­май­тын еңбе­гі ере­сен, қан­даста­ры­мыз ең көп жүгі­нетін тағы бір үлкен сала – бас­пасөз – ақпа­рат құрал­да­ры және олар­дың бас­шы­ла­ры мен қызметкерлері.

Бір сәт тәу­ел­сіздік­тен бер­гі жыл­дарға көз жіберіп, жал­пы қазақ зия­лы қауы­мы мен жоға­ры­дан төмен­ге дей­ін­гі атқа­ру­шы билік­тің тіз­гінін ұстаған тұлға­ла­ры­ның ұлты­на сіңір­ген еңбе­гін, кісілік кел­беті мен адам­гер­шілік бол­мысын өлше­гіңіз кел­се, ең әділ тара­зы – Пре­зи­ден­ті­міздің Көші-қон сая­са­ты дер едім.

Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы түсіне біл­ген жанға ел еркін­ді­гін қолы­на алған күн­нен бастап, «Ежел­гі ата­ме­кені­нен жырақтап қалған Сіз­дер­ді кеше­гі күн­ге дей­ін ата-баба жеріне қай­тып келе ала­мыз ба деген сұрақтың алаң­да­тып кел­генін мен жақ­сы біле­мін. Туған жер­дің түтіні де ыстық дей­ді халқы­мыз» деп, алы­ста жүр­ген ағай­ын­ды бір­ден Ата жұр­тқа шақы­рып, ұлтын сүюдің тең­дес­сіз үлгісін көр­сет­кен еді ғой?! Міне, ұлылық!!!

Біз сол ұлы баста­ма­ны қанын жер­ге тамы­з­бай, бір­ден дөң­ге­летіп алып кете алдық па?! Үгіт-наси­ха­тын үзбей жүр­гі­зе біл­дік пе?!

«Қазақ көшінің басы­на қара бұлт үйіріліп, ұлт мүд­десі сынға түс­кен сол бір қиын тұста осы басы­лым­дар не жаз­ды екен?!» – деп парақтай қал­саңыз, жанын шүбе­рекке түй­іп, мәсе­ле көтер­ген­дері де; үнсіз қалып, күн­бағы­стың күй­ін кеш­кен­дері де сарғай­ған газет бет­тері мен интер­нет иірім­дерін­де сай­рап тұр.

Енді бір елу жыл­дан кей­ін кім­дер­дің неме­ре-шөбе­ре­лері ата­ла­ры­ның өшпес еңбе­гін оқып, мерейі таси­ды; кім­дер­дің неме­ре-шөбе­ре­лері жер шұқып оты­ра­ды – ол енді бола­шақтың еншісін­де­гі шаруа. Біз бүгін тек көш-көш деп көз жасы­мы­зды көл етіп жүр­ген күн­дер­де қол ұшын бер­ген, қысы­лған жұр­тқа пана, бас-көз болған сол аға­ла­ры­мыз бен басы­лым­дарға басы­мы­зды иіп, ақ жол тіле­умен ғана сөзі­мізді аяқтаймыз!

Елдің елді­гі – ұлт­тық мәсе­ле­ге кел­ген­де, ұста­ны­мы берік мем­ле­кет­шіл тұлға­ла­ры арқы­лы сақта­ла­ды. Қан­дас ағай­ын­дар осын­дай ел аға­ла­ры­ның да қадірін біле жүр­се екен дейміз!!!

 

Қан­дастар,

сен де түзел!

Шет­те­гі қан­дастар үшін бір нәр­се тағы анық! Ол – Қаза­қстан­нан басқа жер­де­гі, кесіп айтай­ын, қаза­қтар­дың бұдан былай­ғы жер­де бола­шағы тіп­ті жоқ! Қай елде бол­сын, адам ретің­де біре­уден алда, біре­уден кей­ін күн кеше беру­ге бола­тын шығар, тіп­ті ырғын тұр­мыс кешіруіңіз де мүм­кін, бірақ ұлт­тық бол­мысты сақтай­тын еш мүм­кін­дік қал­ма­ды. Қазір ырға­лып-жырға­ла­тын, ойла­нып-толға­на­тын уақыт емес, дүние дүбір­ге толып тұр. Есің барың, еліңді тап!

Көріп отыр­сыздар, Ұлт көш­бас­шы­сы Н.Ә.Назарбаев қол қой­ған «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» жаңар­ты­лған Заң, тыны­шты­ғын бер­се, Қазақ көшінің екін­ші бір алтын қақ­па­сын аша­ты­ны ақиқат! Алла қала­са, менің Сауыт­бек Әбд­рах­ма­нов ағам облыс әкім­деріне «Биыл облы­ста­ры­ңыз неше мың «Еге­мен Қаза­қстан» газетіне жазыл­ды деп емес, алды­мен ауыл­да­ры­ңы­зға алыс-жақын шетел­дер­ден қан­ша мың этни­ка­лық қазақ отба­сы көшіп кел­ді!» – деп сұрай­тын күн туды.

Сол үшін алы­стан кел­ген, келудің сәт-саға­тын күтіп жүр­ген қан­даста­ры­мыз ең алды­мен Ұлт көш­бас­шы­сы­ның осы еңбе­гі мен қамқор­лы­ғын баға­лай білуі керек! Тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­ры кел­ген ағай­ын бір-бір пәтер­дің кіл­тін алып, тал­таң­даған күн­дер де болған. Оны ұрпақ миы­на сіңіріп оты­рған жөн. Білім­ді жастар, зия­лы қауым өкіл­дері билік пар­ти­я­ла­ры­на, жастар бір­ле­стік­теріне көп­теп мүше болып кір­гені, жаңа қоны­стың сая­си өміріне бел­сене ара­ласқа­ны, сөй­тіп, Елба­сы төңіре­гіне тығыз топ­тасқа­ны абзал. Бір күн бұрын кел­ген ағай­ын арты­нан келетін тума­ла­ры­на оң бағыт-бағ­дар сіл­те­у­ге міндетті.

Бекер оба­лы кәне, қан­даста­ры­мыз ұлта­ра­лық қаты­на­сқа, татулы­қты сақта­уға шеті­нен шебер! Шет­те жүріп олар бұл нәзік сая­сат­тың ака­де­ми­я­сы­нан өткен. Бұл жағы­нан көп алаң­да­уға орын жоқ. Жер­гілік­ті халы­қ­пен татулы­қты сақта­удың, жаңа ортаға сіңі­судің ең бір тама­ша жолы – Ақсар­бас айтып сой­ып, тұрғы­лы­қты жұрт­пен құй­рық-бауыр асасқан құда­лы­қты жиіле­ту – қыз алы­сып, қыз бері­су. Ортақ неме­ре мен жиен бәрін жақындатады.

Орал­ман­дар­ды қоны­стан­ды­ру үшін Үкі­мет айқын­даған өңір­лер­дің қай-қай­сысы да түгін тар­саң, майы шығып, тұта­сып тұр. Мен­ше, шет­те­гі туы­сқан­дар үшін Қаза­қстан бүгін­де жұм­бақ әлем емес! Ғылым дамып, ғалам­тор сал­та­нат құрған заман­да көз­ден таса, көңіл­ден қал­та­рыс қала­тын ештеңе жоқ. Біра­зы­мы­здың бір-бір ота­уы­мыз осын­да. Депу­тат Серік­бай Нұрғи­са­ев айтқан­дай, Елің­мен, ауы­лы­ң­мен, ортаң­мен көшіп кел де, бос тұрған елді мекен­дер­ге қоны­ста­на бер!

«Тәр­тіп­сіз ел бол­май­ды, тәр­тіп­ке бағы­нған құл бол­май­ды», – деп­ті батыр баба­мыз Бауы­р­жан Момы­шұ­лы. Ең құры­ған­да сол Көші-қон заң­ның өзіңе керек-ау деген тұста­рын біліп алға­ның арты­қтық етпей­ді. Қазір, Құдай­ға шүкір, кем деген­де, бір отба­сын­да бір бала интер­нет­тің құлағын­да ойнай­ды. Жасы сек­сен­нен асқан­да Ғаб­бас Қабы­шев пен Мекем­тас Мыр­за­хме­тов аға­ла­ры­мыз игеріп алған ком­пью­тер­дің теті­гі жастар үшін онша қиы­нға соға қой­мас. «Google»-ді ашып, «Көші-қон» деп басып қал­саңыз, «Халы­қтың Көші-қоны» тура­лы Заң жарқ етіп шыға келеді. Оның үстіне Заң сон­ша­лы­қты күр­делі де емес, Көші-қонға қаты­сты бар­лық сала­ның құзіреті мен мін­деті тай­ға таң­ба басқан­дай ашық көр­сетіл­ген. Мыса­лы, «Орал­ман­дар­дың құқы­қта­ры мен мін­дет­тері» 26-бап­та сай­рап тұр. Өздеріңіз келер-кел­ме­стен өте көп сұрай­тын «Орал­ман­дарға, этни­ка­лық қаза­қтарға және олар­дың отба­сы мүше­лерiне берiлетiн жеңiл­дiк­тер мен әле­умет­тiк көмек­тiң басқа да түр­лерiн» 23-бап­тан көшіріп алы­ңыз да, әне, 15-бап­та жазу­лы тұр, «Жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың құзіретіне» барып, жүгіне қойыңыз!

Өз құқы­ғың мен мін­детіңді біл­сең, Заң талап­та­ры­мен жүр­сең, сен­де ешкім­нің хақы­сы жоқ! Жеңіл­дік­тен де кем қал­май­сыз, дел­далға да жем бол­май­сыз. Кеше­гі жар­ты әлем­ді дүбір­лет­кен көк­жал­дар Әкпар мен Сей­іт­тің, Оспан мен Қали­бек­тің, Ұзақ пен Жәмең­кенің бүгін­гі ұрпағы­на өзінің Ұлы Дала­сы­на орна­ласқан Мәң­гілік еліне келіп алып, қыр­сызды­ғы­нан құжат­та­рын тар­тқы­зып қой­ып, «Мен орал­ман едім!» – деп көше­де еңіреп жүру, көз жасын көл ету енді жараспайды!!!

Құдай­ға тәу­бе, Тәу­ел­сіздік­тің, Елба­сы­мы­здың ерте жолға қой­ған нары­қтық эко­но­ми­каға бағыт­талған жақ­сы сая­са­ты­ның арқа­сын­да Қаза­қстан биік беле­стер­ді, асқар асу­лар­ды бағын­дыр­ды. Соны­мен бір­ге тәу­ел­сіздік жыл­да­ры­нан бері алы­стан көшіп кел­ген ағай­ын­дар­дың да тір­шілі­гі жаман емес. Бәрі дер­лік бол­ма­са да, көбі ауқат­ты тұра­ды. Соның бір бел­гісі – жыл сай­ын өтіп жата­тын мерей­той­лар мен батыр баба­ла­ры­мы­зға арнап беріл­ген астар.

Мен біл­ген­де, қазір­ге дей­ін Таң­жа­рық Жол­ды­ұ­лы мен Қали­бек хакім Рай­ым­бекұлы­ның 100 жыл­ды­ғы мем­ле­кет жағы­нан той­лан­ды. Ал Оспан Исла­мұ­лы бастаған батыр­лар мен дана­ла­ры­мы­здың дата­сы алы­стан кел­ген ағай­ын­да­ры­ның, жер­ле­стері мен етжақын­да­ры­ның баста­ма­сы­мен әр он жыл­да бір дүр­кіреп өтіп келеді. Қуа­нар­лы­ғы сол, соңғы жыл­да­ры ғана Жәку­ла болы­стың 150 жыл­ды­ғы­на, Ер Жәні­бек­тің 300 жыл­ды­ғы­на, Бай­тай­лақ батыр­дың 312 жыл­ды­ғы­на арналған ас-той­лар­дың ешбірінің сәні мен сал­та­на­ты Абы­лай хан мен Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на арналған шара­лар­дан еш кем соққан жоқ. Күм­без­дерін де күн­шілік жер­ден көрі­нетін етіп, күм­біретіп тұрып тұрғы­здық. Әсіре­се Ер Жәні­бек­тің 300 жыл­ды­ғы! Оның бер жағын­да аудан, ауыл көле­мін­де біз есті­ме­ген қан­ша­ма той­лар өтіп жатыр?!. Демек, қан­дас ағай­ын­да­ры­мы­здың қал­та­сы тоқ деген сөз. Біз бір қауым ел болға­ны­мы­зды, қаси­ет­ті қара шаңы­рақ Қаза­қстан­ның сәніне сән, әніне ән қоса ала­тын­ды­ғы­мы­зды жан-жақты­лы дәлел­дедік. Өз мүд­де­мізді өзі­міз қорғап, пікір көте­ре ала­ты­ны­мы­зға да көз­деріңіз әбден жет­ті. Қай­та­лап айтай­ын, бұл жетістік­тің бәрі Тәу­ел­сіздік­тің, Ұлт көш­бас­шы­сы Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбе­гінің арқасы!

Сөз жоқ, жоға­ры­да мен есім­дерін атаған осы алты тұлға­ның алта­уы да қалай ұлы­қ­та­сақ та жара­са­тын, жас ұрпаққа берер ұлаға­ты мен өне­гесі мол кісілер. Және олар бір өңір­дің, бір тай­па­ның ғана емес, Алты Ала­шқа түгел ортақ арыстар!

Әрине, өз табан ет, маң­дай тері­мен тапқан дүни­есін қалай жұм­са­уды әркім өзі біледі! Деген­мен, арғы бет­тен кел­ген ағай­ын­ның біт­кен руы­ның біт­кен баты­ры­на енді ұлан асыр той жасай беру де тым жара­са бер­мес дәстүр деп ойлай­мын. Елба­сы Н.Назарбаевтың сөзіне құлақ түр­сек, «Тек өткен тарихы­мен ғана мақта­на­тын елдің бола­шағы бұлы­ңғыр. Әр буын өкіл­дері ата-баба даңқы­на даңқ қосып, абы­рой­ын арт­ты­рып, бүкіл дүние жүзі алдын­да беделін биік­те­те біл­ген елдің ғана бола­шағы жарқын, мерейі үстем бола­ды» (2015 жылы 11 қыр­күй­ек­те Аста­на­да өткен «Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на» арналған сал­та­нат­ты жина­лы­ста сөй­ле­ген сөзі­нен). Той­мен даңқ қосып емес, әрине!

Естеріңіз­де бол­сын, мерей­той­лар мен ата­у­лы күн­дер­ді мере­ке­леу тура­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Үкі­метінің 1999 жылғы 28 қыр­күй­ек №1465 Қаулы­сы бар. Сон­да «2) жеке­ле­ген тұлға­лар­дың мерей­той­ла­ры алға­шқы жүз жыл­ды­қта – жүз жыл­ды­ғы, одан кей­iн­гi жүз­жыл­ды­қтар­да әрбiр жиыр­ма бес жыл­да ата­лып өтiледi» деп бекітілген.

Қай­та әрең қолы­мыз жет­кен Көші-қон Заңын­да жасалған осы­нау мол мүм­кін­дік­ті барын­ша ұтым­ды пай­да­ла­нып қалға­ны­мыз әбзәл. Есті аза­мат үшін пәлен­ше батыр­дың 250 жыл­ды­ғын той­лаған­нан гөрі, өз ауы­лы­ң­нан өзге жұр­тқа кіріп­тар болып жүр­ген 25 отба­сын көшіріп әкеліп, Арқа төсіне қоны­стан­дыр­саң, азаттық жолын­да мерт болған анау батыр ата-баба­лар­дың ару­ағы саған өкпе­ле­мей­ді. Қай­та ама­на­ты орын­далға­ны­на, тұқы­мы­ның азат Отан төріне жет­кеніне дән риза болады.

Мен­ше, Ең жақ­сы той – бір жілік­ті асып, Ата жұрт­та таны­сқан көр­ші-қолаң­ды шақы­рып, қауқыл­да­сып өткіз­ген қоныс тойы! Одан қал­са, ерулік!

Құдай сәтін салып, Елба­сы­мыз қол­дап, Тұңғыш пре­зи­дент­тің «Көші-қон қоры» құры­лып жат­са, сал­мақтың ауыр жағын алды­мен өзі­міздің көте­руі­міз­ге тура келеді.

Жал­пы, Қазақ ұлт­тық бур­жу­а­зи­я­сы қалып­та­сып үлгір­ді деп айтуға әбден бола­ды. Өкініш­ке орай, соның көбі ата-баба­ла­ры­на ас-су беріп, ат шабыс өткі­зу­ден; кесене тұрғы­зып, мешіт сал­ды­ру­дан ары­ға бара алмай келеді. Сон­ды­қтан Тәу­ел­сіздік жыл­да­ры оралған қан­даста­рым­ды қой­ып, қилы заман­ның қыспағы кезін­де арғы бет асып кет­кен елдің мұн­дағы бүгін­гі ұрпағы­на да айта­ры­мыз – «Тұман­ды жыл­да­ры көз жазып қалған тума­ла­ры­ң­ды туған жеріңе қай­та­рып ал, қан­даста­ры­ңа қарай­лас!» деген осы өтініш!

Сосын есте бола­тын тағы бір маңы­зды мәсе­ле бар! Көшіп кел­ген соң, «Адасқан күшік секіл­ді» ескі жұр­тқа қарап «ұлы­ған­ды» қою керек! Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы бой­ын­ша, мем­ле­кет­тің сыр­тқы сая­са­ты­ның негіз­гі бағыт­та­рын айқын­дай­тын қоғам­дық ұйым бас­шы­ла­ры емес, Пре­зи­дент! Үкі­мет­тік деле­га­ция, сауда-сат­тық, оқу және туы­сқан­шы­ла­у­лар­дың барыс-келісі, әрине, жөні мүл­де бөлек әңгі­ме. Қаза­қтар үшін өз Ота­ның тұрған­да, итініп барып «хуа­цяо» болу­дың енді түк­ке кере­гі жоқ!!!

Осы бір нәзік түй­ін­ді нақты­лай түсу үшін, бір мысал кел­ті­ре кетей­ік. Кезін­де «Алаш Орда» пар­ти­я­сы­ның көсем­дері Жапон моделін­де­гі ел құра­мыз деп, өз алды­на биік мақ­сат ұстанға­ны бел­гілі. Ал Қаза­қстан мен Жапо­ни­я­ның қазір­гі қарым-қаты­на­сы тіп­ті жақ­сы. Кеше көшіп кел­ген қан­дас бауыр­ла­ры­мыз үшін бүгін Қытай­дың Жапон басқын­шы­ла­ры­на қар­сы соғы­сы­ның 70 жыл­ды­ғы­на арналған парадын барып көз­ден кешір­ген­нен гөрі, Қаза­қстан қару­лы күш­терінің Аста­на­да жыл­да өтетін парадын тама­ша­лау кере­мет бақыт емес пе?!! Шың­жаң ұйғыр авто­ном рай­о­ны­ның 60 жыл­ды­ғы мерей­той­ы­на барған­нан гөрі, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­ды­ғы­на қаты­су әлдеқай­да мәр­те­бе ғой!? Бұдан ештеңе бүлініп те кет­пес, деген­мен аза­мат­тық ұста­ным деген бар емес пе?!

Шет­тен кел­ген, келу алдын­да тұрған әр қаза­ққа айта­рым: Сенің Ота­ның – Қаза­қстан Рес­пуб­лик­сы! Пре­зи­ден­тің – Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы Назар­ба­ев!! Елор­даң – Астана!!!

Әрине, мұн­дай игі баста­ма­лар, оң өзгерістер­ге және прин­ципті мәсе­ле­лер­ге кел­ген­де, ең алды­мен ұйтқы бола­тын, елді отан­шыл­дық бағы­тқа жете­лей­тін – арғы бет­тен ерте кел­ген зия­лы қауым – Бежің­нен, Мәс­ке­уден, Ұлан­ба­тыр­дан… оқы­ған білім­ді, сана­лы азаматтар!

Кін­дік қаны тамған туған жерін, күл төк­кен ата жұр­тын тастап, екін­ші бір елге кету, әрине, кім-кім­ге де оңай шаруа емес. Ішіңді удай ашы­та­ды. Бір ғұмыр сағы­ны­шпен өтесің. Бірақ Тәу­ел­сіз елі­міздің мәң­гілі­гі, жас ұрпақтың нұр­лы бола­шағы үшін бәрін құр­бан етуі­міз­ге тура келеді. Есіңіз­де бол­сын, әлем­де­гі бар­ша қазақ – бір қазақ! Сон­ды­қтан бұл да сенің ата-бабаң­ның жері! Қаза­қстан аман бол­са, қазақ ешқа­шан дала­да қал­май­ды! Мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гін қорғай­тын оның арми­я­сы емес, халқы екенін дәлел­деп жату­дың өзі артық. Халқы мол мем­ле­кет­тің, біз құсап дұрыс басқа­ра алса, қай­ғы­сы аз болады.

Аса мәр­те­белі Елба­сы­мыз Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев сөзінің бір кезе­гін­де «Келем деген­дер­ге Қаза­қстан­ның жері кең, елі кең, жағ­дайы бар, Заң қабыл­дан­ды, құқы­қта­рың бар. Не істей­ім десең, қан­дай жұмыс істей­ім десең, қан­дай биз­не­спен шұғыл­да­нам десең, келің­дер де, АЙНАЛАЙЫН ҚАЗАҒЫМ, күніңді көріп, бай­ы­ң­дар!» – деген бола­тын. Кеше ғана екі жур­на­лист­ке бер­ген бей­ре­сми сұх­ба­тын­да «Ол сая­сат өзгер­мей­ді. Біз­ге қай­тып келем деген ағай­ын­дарға – қаза­қтарға есік ашық. Мен көбірек кел­генін қалай­мын ол адам­дар­дың!» – деді сол сөзін тағы қайталап.

Міне, сол Заң тағы түзел­ді, қан­дастар! Енді сен­дер де түзелің­дер!! Жал­тақта­май, аттың басын Ала­тау мен Арқаға бұрыңдар!!!

 

Ауыт МҰҚИБЕК,

16.11.2015,

Аста­на

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн