Понедельник , 7 июля 2025

Заринаның табысы – РАКЕТКАСЫНДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №05 (276) от 05 фев­ра­ля 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

 

Тен­ни­стен Аустра­лия ашық бірін­шілі­гі өтті. «Үлкен дулы­ға» сана­ты­на жата­тын төрт тур­нир­дің бірі «Аустра­лия опен­де» жер­лесі­міз Зари­на Диас 18 финалға шыға алмай қал­са да, оның табысы қомақты болды.

Жай­шы­лы­қта тен­нис­шілер үшін «Australian Open» тур­ни­рінің орны бөлек: ұйм­да­сты­ру­шы­лар­дың тур­нир­ді жоға­ры дең­гей­де өткі­зуі­мен қатар жан­күй­ер­лер құр­меті мен тігілетін жүл­де қоры­ның мол­ды­ғы да бұл бәсе­кенің бәсін қызды­ра­ды. Оның үстіне биы­лғы жылы жал­пы ұтыс қоры 20 пай­ы­зға өскен. Сөй­тіп, қыздар ара­сын­дағы сай­ы­сқа 12 мил­ли­он 122 мың дол­лар бөлінген.

Енді жер­лесі­міздің табысы­на үңіл­сек, Қаза­қстан­ның бірін­ші ракет­ка­сы Зари­на Диас жеке­лей сын­да үшін­ші раун­дқа дей­ін жет­кені үшін 97 500 дол­лар ақша­лай ұтыс алды. Сон­дай-ақ жұп­тық бәсе­ке­де Шанель Схе­пер еке­уіне 23 000 дол­лар бұй­ыр­ды. Бұл сома­ны Шанель еке­уі қақ бөліп алды десек, Зари­на Аустра­ли­ядан 109 мың дол­лар табыс тауып қай­тқанға ұқсайды.

Әрине, бай­рақты бәсе­ке­де қаза­қтың намысын қорғап жүр­ген Зари­на қыздың тапқан табысы бір ғана мұны­мен шек­тел­ме­се керек: тіп­ті әлгі 109 мың дол­лар өз халқы ыстық ықы­ла­сы­ның жұқа­на­сы­на да таты­мас, сірә?!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн