Пятница , 4 июля 2025

ЗАУЫТБЕК ҚАЗАҚТАРДЫ ОРЫСША ҚЫСҚАРТУДА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №30 (394) от 24 авгу­ста 2017 г.

 

Мұны­сы несі?


 

Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры болып жуы­қта ғана тағай­ын­далған Зауыт­бек Тұры­с­бе­ков өз аппа­ра­тын қай­шы­лай қырқып, кадр­лар­ды жаңар­туға кірісті.

 

Бірақ дүни­е­жүзі қаза­қта­ры­ның ісі­мен қаза­қ­ша айна­лы­са­тын қауым­да­стық кадр қысқар­ту мәсе­лесін орыс­ша бастаған екен. Аны­ғын­да, 100 пай­ыз қаза­қтар қыз­мет ететін меке­ме­де қысқар­ту жүретіні жөнін­де­гі ескер­ту қағаз­ды «қай­шы­ға ілік­кен­дер­ге» орыс тілін­де тап­сы­рып­ты (фото­кө­шір­ме­ге қараңыз).

Бұл тура­лы ақпа­рат­ты біз қауым­да­сты­қта 23 жыл қата­ры­нан қыз­мет еткен Бота­гөз Уатхан­ның «Фейс­бук» желісін­де­гі парақ­ша­сы­нан оқы­дық. «Қауым­да­сты­қтың Алма­ты­дан Аста­на қала­сы­на көшуіне орай ол жаққа бару­дан бас тарт­тым, – деп жаза­ды Бота­гөз ханым. – Мен ғана емес, қауым­да­сты­қтың 98 % қыз­мет­кер­лері солай жаса­ды. Бүгін­гі бас­шы­лы­қтың орыс тілін­де­гі жібер­ген «уве­дом­ле­ни­есіне» заң бой­ын­ша орыс­ша жау­ап бердік».

Ал таны­мал теле­жор­нал­шы Арман Сқа­бы­лұ­лы бұл орай­да желі­де­гі өз парақ­ша­сын­да: «Кеше ғана Зауыт­бек аға­мы­зға орыс тіл­ді басы­лым­дар жала жауып, жабы­лып жатқан­да ара түсіп, ара­ша сұраған біз едік. Енді, міне, Дүни­е­жүзі қаза­қта­ры қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы орын­ба­са­ры­ның қаза­қтан басқа ұлт жоқ меке­ме­де іс-қағаз­да­рын орыс­ша жүр­гі­зуін көріп, қат­ты қын­жы­лып қал­дық. Тұры­с­бе­ко­втің мұны­сы несі?» деп, қын­жы­ла жазған. Арман мыр­за­ның бұл жаз­ба­сын қостаған желі пай­да­ла­ну­шы­лар да реніш таны­ту­да. «Тіп­ті «қаза­қ­ша түсін­бей­тін қаза­қтар» деп ашуға булы­ғып­ты» деп жаза­ды бұл рет­те Newtimes.kz порталы.

Пор­тал­дың еске салуы­на қараған­да, «өткен жыл­дың қазан айын­да Оңтүстік Қаза­қстан облы­сы­на ісса­пар­мен барған Зауыт­бек Тұры­с­бе­ков жур­на­ли­стер­ге бер­ген сұх­ба­тын­да өзінің абы­рой­лы, таза адам екенін айтқан. Дәл сол сәт­те өзіне жақ­пай­тын сұрақ қой­ған жур­на­ли­стер­дің біріне жекіп сөй­лей­мін деп, біраз шудың астын­да қал­ды. Оның ойын­ша, жур­на­лист тек жақ­сы жұмыста­рын ғана жазуы қажет екен».

Әлбет­те, «жақ­сы жазған» жақ­сы ғой – жақ­сы­лы­ққа тати­тын ісің бол­са. Бірін­ші­ден, қауым­да­сты­қты қаза­қтың мәде­ни-руха­ни аста­на­сы Алма­ты­дан Аста­наға көшіретін­дей, оның «асты­нан су шықты ма»? Қауым­да­сты­қты шене­унік­тер қала­сы­на көшіру­ден бұрын, қаза­қтың доға­ры­лып қалған көш-керу­енін шөк­кен орны­нан көте­ру, оның бетін елге қарай жөңіл­те бұру – қаза­ққа әлдеқай­да қажет тір­лік еді ғой.

Екін­ші­ден, бұл «уво­дом­ле­ние» орыс­ша жазы­лға­ны­на қараған­да, қауым­да­стық аппа­ра­ты­на шікірей­ген шене­унік­пен бір­ге орыс тіл­ді «маман­дар­дың» келе бастаға­ны ғой. Егер нақ солай бол­са, қаза­ққа қырын қарай­тын ондай «орыс­шыл­дар» сырт­та есік қағып тұрған қазақ көшіне құштар бола қояр ма екен?

Деген­мен, «асат­пай жатып, құл­дық жоқ» деген­дей, қаза­қтар­ды орыс­ша қысқар­тқан Зауыт­бек мыр­за­ның бұдан былай­ғы бағы­тын баға тұрай­ық: бәл­кім, беті бері қарай­тын шығар…

Ермұрат БАПИ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн