ЗАЙСАНДАҒЫ ШЕКАРА БЕКЕТІНЕ РУСЛАН ЗӘКИЕВТІҢ АТЫ БЕРІЛДІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №16 (380) от 27 апреля 2017 г.

 

Апта аптығы


 

Зайсан ауданында (ШҚО) орналасқан 2017 әскери бөліміне қарасты «Шағаноба» шекара бекетіне 2009 жылы тікұшақ апатынан қаза тапқан Зайсан өңірінің тумасы, полковник Руслан Зәкиевтің атын беру туралы қаулы шықты.

 

«ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2017 әскери бөлімі республикалық мемлекеттік мекемесінің «Шағаноба» шекара заставасы «Полковник Руслан Зәкиев атындағы» шекара бекеті болып қайта аталсын», – делінген премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қол қойған қаулыда.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылдың 8 қыркүйегінде ОҚО-дағы Өгем шатқалында 13 адамы бар әскери «МИ-8» тікұшағы құлап, 10 шекарашы қаза тапқан болатын. Өзбекстанда түрмеден қашқан алты қарулы қылмыскердің жолын кесу үшін, барлау тобы мемлекеттік шекарада тосқауыл ұйымдастырған. Барлау тобын бастап шыққан Руслан Зәкиев екі күн бұрын ғана жаңа қызметке тағайындалып, бірнеше күннен соң Астанаға аттанбақ болған еді.

Вuqara.kz

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн