Суббота , 5 июля 2025

Зайсандағы ЗАҢҒАР замандас

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №18 (382) от 12 мая 2017 г.

 

Менің заман­да­сым

 


Адам қар­тай­ған кез­де өзі өмір сүр­ген орта­ның, бір­ге өскен дос-жаран­да­ры­ның, құр­бы-құр­да­ста­ры­ның қалай өзгер­генін, недей жетістік­теріне жет­кен­дерін алақанға салып қараған­дай бола­ды. Өзің жет­кен биік­тік­тен айна­лаңа көз сала­сың. Өмір­де бір­ге жүр­ген дос-жара­ның жақ­сы жағы­нан көрін­се, қуа­нып, кем­шілі­гіне күйінесің.

 

Осын­дай, мені­мен қатар­лас өткен аза­мат­тың бірі – Қали­бек Алты­ба­ев еді. Бүгін­де жасы 80-ге тақаған шағын­да осы бір абзал заман­да­сым жөнін­де газет арқы­лы жылы лебіз біл­діруді жөн көр­дім. Зай­сан өңірін­де, Сауыр-Сай­қан тауы­ның бауы­рын­да дүни­е­ге кел­ген Қале­кең жастай­ы­нан өз өлкесінің өркен­деп өсуіне өз үлесін қосқан ел аза­мат­та­ры­ның бірі бол­ды. Қар­ша­дай кезі­нен кол­хоз­дың қой­ын бағып, шопан­дық кәсібін кей­ін­нен сов­хоз құры­лғанға дей­ін жалғастырды.

Жас кезі­нен зерек, шару­аға елпек, Қали­бек қой жая жүріп, сырт­тай орта білім алды. 1963 жылы рес­пуб­ли­ка­лық жас шопан­дар­дың І съезіне, 1970 жылы рес­пуб­ли­ка ком­со­мол­да­ры­ның ХІІ съезіне қаты­сты. Осы­ның бәрі тау ішін­де туып, қыр төсін­де өскен жігіт үшін үлкен жетістік еді. Кей­ін­нен оны аудан бас­шы­ла­ры сов­хоз ком­со­мол ұйы­мы­ның жетек­шілі­гіне ұсын­ды. Бұл жұмыста да ол өз қабілетін таны­та біл­ді – облы­стық ком­со­мол коми­тетінің мүше­сі бол­ды. Еңбе­гін оқу­мен ұшта­сты­ра жүріп, Лени­но­гор (Рид­дер) Орман шару­а­шы­лы­ғы тех­ни­ку­мын, Семей ауыл шару­а­шы­лық өнім­дерін дай­ын­дау тех­ни­ку­мын, кей­ін­дері КПСС Орта­лық Коми­тетінің Жоға­ры пар­тия мек­тебін бітір­ді. Зай­сан ауда­ны­ның «Кен­дір­лік» және «Қара­тал» сов­хоз­да­рын­да бас­шы­лық қыз­мет­тер атқар­ды, «Ақа­рал» ауыл­дық кеңесінің басты­ғы болып ұзақ жыл­дар қыз­мет етті.

Еңбек ете жүріп, рес­пуб­ли­ка­лық, облы­стық, аудан­дық бас­пасөз бет­терін­де мақа­ла, очерк­тер, өлең­дер жазып, өзінің қала­мға қары­мы барын да таныт­ты. Рес­пуб­ли­ка Жур­на­ли­стер одағы­ның мүше­сі және Зай­сан ауда­ны­ның құр­мет­ті аза­ма­ты атанды.

Қале­кең Зай­сан тарихы­ның қазы­на­шы­сы, шежіресі деп айтуға әбден бола­ды. «Ата­ме­кен Зай­сан» атты кіта­бын­да аудан­ның әр кезең­де­гі тарихы мен сол тарих­та азды-көп­ті із қал­ды­рған мың­даған ада­мы­ның, қол бастаған батыр­ла­ры­ның, ел бастаған билерінің, пат­ша зама­нын­дағы болы­ста­ры мен бай­ла­ры­ның, неше түр­лі сауда­гер­лері мен көпе­стерінің, бала оқы­тқан мол­да­ла­ры мен алға­шқы мұғалім­дерінің, балу­ан­да­ры мен шешен­дерінің, құс­бе­гілер мен саят­шы­ла­ры­ның, аты шыққан ғалым­да­ры мен қалам­гер­лерінің, өнер шебер­лерінің өмірі тура­лы қызы­қты мағұ­лы­мат­тар, Зай­сан тарихы­ның қыры мен сыры жазылған.

Бұл кітап­ты Зай­сан ауда­ны­ның энцик­ло­пе­ди­я­сы десе де артық бол­мас. Ел Тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы қар­саңын­да аудан әкім­ді­гіне «Зай­сан» деп ата­ла­тын түр­лі-түсті безен­діріл­ген бір­не­ше жүз­де­ген сурет­пен көр­кем­делін­ген деректі таным­дық кітап­ты тағы да шыға­ры­сып бер­ді. Онда аудан­ның шару­а­шы­лы­қта­ры мен әр сала­дағы меке­ме­лері, еңбек озатта­ры тура­лы мол деректер бар. Мұнан кей­ін аудан­ның білім сала­сы­ның бар­лық меке­ме­лері мен мек­теп­терін, ұста­зда­рын қам­ты­ған «Ұстаз – елдің тіре­гі» атты 450 бет­тік тағы бір толым­ды кітап шығар­ды. Қысқа­сын айтқан­да, аудан­ның кеше­гісі мен бүгінін, бай тарихын Қали­бексіз еле­сте­ту қиын.

Соны­мен бір­ге «Сан сұраққа сая­хат» (1993), «Зай­сан өрнек­тері» (2000), «Абай­дың алып айды­ны­нан» (2001), «Шырағың мәң­гі сөн­бей­ді» (2003), «Сынап­тай сырғы­ған жыл­да­рым» (2003), «Ата­ме­кен Зай­сан» (2006), «Үш кемел­дің шалқа­ры­нан» (2011), т.б. кітап­тар­дың авторы.

Қале­кең зей­нет­кер­лік­ке шыққан­нан кей­ін де қарап жат­па­ды. Зай­сан өңірі жай­лы, аудан халқы­ның тұр­мыс-тір­лі­гі тура­лы 5–6 кітап шығар­ды. Зай­сан ауда­ны­ның құры­лға­ны­на 80 жыл және Зай­сан қала­сы­ның 150 жыл­дық той­ла­рын атап өту­ге арнап, энцик­ло­пе­ди­я­лық жинақ шыға­руға атса­лы­сты. Елім десе, жерім десе, ішкен асын жер­ге қоя­тын Қале­кеңнің жасы 80-ге таяп қал­са да, арда­гер­лер кеңесі тара­пы­нан өтетін қоғам­дық жұмыстар­дың бел орта­сын­да жүреді.

Бұл жарық дүни­е­де бәрі­міз де пен­де­міз ғой: біреу «жақ­сы» десе – бала­дай қуа­нып, «жаман» десе – рен­жи­міз. Қалай деген­мен де, жақ­сы ада­мға лай­ық мара­пат-мақтау көзі тірісін­де айты­лға­ны дұрыс қой. Адам болып дүни­е­ге кел­ген соң, өмір бойы жинаған жақ­сы­лы­ғы­ның нәти­же­сін осы жарық дүни­е­де естіп, көру­ге не жет­сін. Зай­санға заңғар Қали­бек­тің өткен өмірі­нен мен білетін естелік­тер ол кеш­кен қызғы­лы­қты өмір­дің оннан бірі ғана бол­са керек.

Ақбай ЖЕКСЕНБАЕВ,

зей­нет­кер,

Алма­ты қаласы 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн