Пятница , 4 июля 2025

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫ халықтың ақшасын ҚАЙТАРА АЛА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №31 (395) от 31 авгу­ста 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 

 


 

 

 

Біры­ңғай жинақта­у­шы зей­не­тақы қоры түй­ін­ді мәсе­ле­ге арқау болған 40 мил­ли­ард 500 мил­ли­он тең­гені қай­та­руға тыры­сып жатыр.

 

Осы орай­да өткен бас­пасөз мәс­ли­ха­тын­да БЖЗҚ басқа­ру­шы дирек­то­ры Мәу­лен Өтеғұ­лов дефол­тқа ұшы­раған 21 эми­тент­ке қаты­сты 40,5 мил­ли­ард тең­гені қай­та­руға ниет­ті екен­дерін айт­ты. «Қаза­қстан Қаға­зы» ком­па­ни­я­сы эми­тен­тіне қаты­сты сауы­қты­ру шара­сы жүр­гізіліп жатыр. Бұл эми­тент­тің номи­нал­ды құн бой­ын­ша қары­зы 12,5 мил­ли­ард тең­ге болған.

Ал «Имсталь­кон» ком­па­ни­я­сы­на қаты­сты сауы­қты­ру шара­сы тоқта­ты­лып, банк­рот ретін­де тану үшін, аза­мат­тық істі қарау бастал­ды. Оның жал­пы қары­зы – 3,4 мил­ли­ард теңге.

13 эми­тент бой­ын­ша БЖЗҚ-ның пай­да­сы­на қары­зды қай­та­ру тура­лы сот шеші­мі шыға­ры­лған. Номи­нал­ды құн бой­ын­ша жал­пы қарыз 8,8 мил­ли­ард тең­ге­ге жет­кен. Осы рет­те «Транс­строй­мост», VITA, GLOTUR, «Валют-Тран­зит Банк», «Қараған­ды асбест-цемент өнім­дері зауы­ты» банк­рот деп таныл­ды. Жал­пы қарыз көле­мі – 15,1 мил­ли­ард тең­ге. Жал­пы қары­зы 0,6 мил­ли­ард тең­ге бола­тын бра­зи­ли­я­лық SAMARCO MINERACAO SA эми­тен­тіне қаты­сты сотқа дей­ін­гі рет­теу шара­ла­ры жүріп жатыр.

Еске салай­ық, 1 тамы­здағы жағ­дай бой­ын­ша, зей­не­тақы жинағы­ның жал­пы көле­мі 7,27 трил­ли­он тең­ге бол­ды. Оның көле­мі жыл басы­нан бері 588 мил­ли­ард тең­ге­ге артқан.

Sputnik Қаза­қстан

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн