Пятница , 4 июля 2025

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАИЕЛІК ЖАСАУШЫАҚОРДА БОЛЫП ШЫҚТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №19 (383) от 19 мая 2017 г.

 


 

Соңғы екі-үш күн­нен бері Біры­ңғай зей­не­тақы жинақта­у­шы қоры (БЗЖҚ) қар­жы­сы есебі­нен 71,3 мил­ли­ард тең­генің Әзер­бай­жан халы­қа­ра­лық бан­кісіне инве­сти­ци­я­ла­нуы төңіре­гін­де шу шықты. Бұл бан­кі әлем­дік мұнай баға­сы­ның түсіп кетуіне бай­ла­ны­сты өзінің валю­та­лық төлем­дер жасау мүм­кін­ді­гі мен мін­дет­терін доғарған еді. Яғни, БЗЖҚ-ның 200 мил­ли­он дол­ларға жуық қар­жы­сы банк­рот бан­кі­мен бір­ге күй­іп кет­ті деген сөз.

 

Ал мұн­дай про­бле­ма­лық бан­кі­ге біздің зей­нет­кер­лер­лік қор­дың қар­жы­сы қалай және кім­нің шеші­мі­мен инве­сти­ци­я­лан­ды? Әрине, бұл орай­да инве­сти­ци­я­лық сая­сат­ты дұрыс жүр­гі­зе алмаған БЗЖҚ мене­джер­лері жау­ап­кер­шілік­тен жал­та­ра алмай­ды. Бірақ қор қар­жы­сын халы­қа­ра­лық жоба­ларға салу жөнін­де­гі шешім­ді мене­джер­лер өз беті­мен шеше алмай­ты­ны анық. Бұл шешім­ді қабыл­дай­тын – Қаза­қстан Пре­зи­ден­тінің әкім­шілі­гі екен. Бұл жөнін­де кеше мәжілі­сте еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ва «Азаттық» тіл­шісіне былай деп (қаз-қал­пын­да) мәлім етті:

«Све­де­ния о том, куда инве­сти­ру­ют­ся сред­ства ЕНПФ, мы полу­ча­ем через совет (по управ­ле­нию пен­си­он­ны­ми акти­ва­ми. – Ред.). Наша основ­ная обя­зан­ность – обес­пе­чить пере­да­чу пен­си­он­ных накоп­ле­ний каж­до­му граж­да­ни­ну, когда он вый­дет на пен­сию», – деп­ті министр Дүй­се­но­ва «Азаттық» тіл­шісі қой­ған сұраққа.

Ал бұл қан­дай совет (кеңес), оның құра­мын­да кім­дер бар? Енді бел­гілі сая­сат­та­ну­шы Досым Сәт­па­ев­тың сөзіне көңіл ауда­ры­ңыз (жол­ма-жол):

«Пред­се­да­те­лем сове­та явля­ет­ся гла­ва госу­дар­ства (яғни, пре­зи­дент Назар­ба­ев – Ред.). Сюда же вхо­дят пре­мьер-министр и его пер­вый заме­сти­тель, пред­се­да­тель сена­та, пред­се­да­тель мажи­ли­са, руко­во­ди­тель адми­ни­стра­ции пре­зи­ден­та, пред­се­да­тель Нац­бан­ка, пред­се­да­тель Счет­но­го коми­те­та по кон­тро­лю за испол­не­ни­ем рес­пуб­ли­кан­ско­го бюд­же­та, министр финан­сов и министр нац­эко­но­ми­ки. При этом рабо­чим орга­ном сове­та явля­ет­ся не пра­ви­тель­ство, а адми­ни­стра­ция президента».

Бұдан шыға­тын қоры­тын­ды – БЗЖҚ тара­пы­нан жіберіл­ген өрес­кел кем­шілік­тің жау­ап­ты­сы – ел Пре­зи­ден­тінің өзі, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі және оның жетек­шісі Әділ­бек Жақ­сы­бе­ков. Енді алдағы жуық күн­дер­де­гі нәти­жені күтей­ік: «егін­ге түс­кен ешкілер» бел­гілі болады…

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн