Воскресенье , 6 июля 2025

ӨЗГЕНІ БАУЫРҒА БАСЫП, ҚАЗАҚТЫ САҚТАЙ БІЛЕЙІК!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №36 (353) от 6 октяб­ря 2016 г.

 

 

Өзек­ті тақырып


 

 

 

Қаза­қстан­да аза­мат­тық біре­гей­лік, ұлт­шыл­дық, ұлта­ра­лық кон­фликт сала­ла­ры ең өзек­ті тақырып­тардың бірі болып сана­ла­ды. Сон­ды­қтан елі­міз­де­гі қо­ғам­дық инсти­тут­тар бұл мәсе­лені терең зерт­теп, ұсы­ны­стар әзір­ле­уі қай уақыт­та бол­са да маңы­зды. Осы тақы­рып аясын­да Ұлы­бри­та­ни­ядағы Абер­дин уни­вер­си­тетіне қарас­ты Кон­фликт, тран­зит және бей­біт­шілік инсти­ту­тын­да тағы­лым­да­ма­дан өтіп жатқан сая­сат­та­ну­шы, кон­флик­то­лог Мұх­тар Сеңгір­баймен сұх­бат­ты оқыр­ман­дар наза­ры­на ықшам­дап ұсынамыз.

 

ЕЛДЕГІ ӨЗГЕ ҰЛТТАРДЫ

қаза­ққа қалай сіңіреміз?

– Қазір­гі жаһан­данған, либе­ра­лизм мен демо­кра­тия құн­ды­лы­қта­ры үстем­дік еткен әлем­де ұлт­тық мем­ле­кет­тің бола­шағы бар ма? Өзі­міз көп мысалға кел­тіретін Батыс елдері ұлт­тық мем­ле­кет құру­дан бас тар­тып, ұлт­тар ара­сын­дағы шека­ра­ны жоя­тын аза­мат­тық мем­ле­кет­тер құрып жатқан сияқты. Со­лай ма?

– Жоқ, керісін­ше, қан­ша «муль­тикультуралистік демо­кра­тия» деп ұран­датқан­мен, дәл сол либе­рал­дық Баты­ста ұлт­тық оқша­у­ла­ну үрдісі басым.

«Муль­ти­куль­ту­ра­лизм», «көп­мәдениетті либе­ра­лизм» деген ака­де­ми­я­лық та, прак­ти­калық та иде­я­лар көп, оны Ба­тыстың өрке­ни­ет­ті елдері бел­гілі бір қоғам­дық дең­гей­де ор­ын­дайды да.

Әсіре­се қоғам­дық орта­да, жұмысқа қабыл­даған­да нәсіл­дік, тек­тік, жыны­стық тұр­ғыдан кем­сіт­пе­у­ге көп көңіл бөледі. Деген­мен, мем­ле­кет мә­се­ле­сіне кел­ген­де, бәрібір ұлт­тық да­ралық бәрі­нен де күшті болып шыға­ды. Мұны ғалым­дар­дың көбі мойындады.

Ұлы­бри­та­ни­я­ның Еуроодақ­тан шығу­ды қол­да­уы кезін­де бұ­л анық бай­қал­ды. «Аза­мат­тық негіз­де­гі бри­тан ұлтын құр­дық» деп жүр­ген елдер – Шот­лан­дия, Уэльс және Сол­түстік Ирлан­дия өздерінің «өгей ұл» еке­нін қай­та айтып, еншілерін алу­ға ұмты­ла бастады.

Ал Фран­ция этносқа бөлін­бейтін нағыз аза­мат­тық мем­ле­кет ретін­де сипатталға­ны­мен, елдің бар­лық аза­ма­тын «фран­цуз» деп атай­ды, әрі мемле­кет­тің өзі «Фран­цуз Рес­пуб­ли­ка­сы». Мұны­мен қой­май, мұн­да кір­ме ұлт­тар­ды мәде­ни және тіл­дік тұрғы­дан асси­ми­ля­ци­я­лау сая­са­ты мем­ле­кет­тік идео­ло­гия дең­гей­ін­де халы­қтың сана­сы­на сіңірілген.

Ал Гер­ма­ния әу бастан-ақ этно­стық неміс мем­ле­кеті ре­тінде құры­лған. Бұл елдің аза­маттығын алу үшін неміс тілі­нен емти­хан тап­сы­рас­ың. Ал Гол­лан­дия имми­грант­тар тап­сы­ра­тын сынақты «аза­мат­тық сәй­­­кестік» емти­ха­ны деп жұм­сақтап атаға­ны­мен, ол да ас­симиляциялаудың нағыз құра­лы болып саналды.

Аза­мат­тық ел сана­ла­тын Да­нияда тіп­ті жер­гілік­ті дат­тар­мен мәде­ни бай­ла­ны­сы жоқ адам­дарға аза­мат­тық беріл­мей­ді. Еуро­па­ның бұл дәстүрін Жапо­ния сияқты Ази­я­ның көп­теген елдері көшіріп алған. Жапо­ни­яда бес-алты ұрпағы тұ­рып жатқан кәрістер әлі күн­ге аза­мат­тық алмаған.

Мигрант­тар­дан құралған АҚШ, Австра­лия, Кана­да сияқ­ты елдер­ді қос­паған­да, әлем­дегі мем­ле­кет­тер­дің басым бө­лігі этно­стар­дың мем­ле­кет­тері болып сана­ла­ды, әрі олар өз­дерінің ұлт­тық мем­ле­кет­терін сол қал­пын­да сақтап қалуға мүдделі.

 

– Еуро­одақ ше? 27 ел өз еге­мен­дік­терінің бір бөлі­гінен ерік­ті түр­де бас тарт­ты емес пе?

– Бұл – эко­но­ми­ка­лық, гео­са­я­си қажет­тілік негізін­де құр­ылған праг­ма­ти­ка­лық одақ бола­тын. Онда ұлт­тық мәсе­ле­лер­ге қаты­сты ешқан­дай әң­гіме жоқ. Еуро­па­ның қай еліне бар­саңыз да, сол елдің мәде­ниеті, дәстүрі, тілі мен ділі «мен­мұндалап» тұр.

Еуро­па елдерін­де­гі диас­по­ра­лар мәсе­лесі – қызу талқы­ланып жатқан тақы­рып. Ұлы­бри­танияда Еуро­одақ құра­мы­нан шығу­ды қол­даған­дар­дың басты аргу­мент­терінің бірі де сіз айтқан еге­мен­дік мәсе­лесі бол­ды. Кеше­гі жар­ты әлем­ді биле­ген ұлы импе­ри­я­ның бү­гінгі аза­мат­та­ры шешім­дер­дің айда­ла­дағы Брюс­сель­де қа­был­данатынына нара­зы. Олар­ды өз ұлты­ның еге­мен­ді­гі­нен айы­ры­лу, Шығыс Еуро­па­дан ағы­лған мигрант­тар­дың ұлт­тың қай­мағын бұзып жібе­ру қау­пі көбірек алаң­дат­ты. Яғни, бұл да дәл қазір­гі қаза­қтар­дың қы­тай нөпірі­нен қоры­ққа­ны сияқ­ты ұлт­ты сақтап қалуға қаты­сты табиғи инстинкт.

 

– Сон­да тек мигрант­тар­дың мем­ле­кет­тері ғана аза­мат­тық ұлт құрған ба? Біз «қаза­қстан­дық ұлт» құр­­сақ, біз сол АҚШ, Авс­тралия сияқты ми­грант­тардың мем­ле­кеті бола­мыз ба?

– Бір қалы­пқа салып қарау өте қиын. Кей елдер сырт­тай аза­мат­тық ұлт­пыз дегені­мен, жеме-жем­ге кел­ген­де нағыз ұлт­тық мем­ле­кет – солар.

Біз – ең алды­мен постколо­ни­алдық кезең­нен өтіп жатқан, титул­дық ұлты­ның саны толық басым бола қой­маған, мем­ле­кет құра­у­шы ұлт қай­та ояну кезеңін­де тұрған, этно­стық ерек­шелікті сая­си­лан­ды­рып оты­рған елміз.

Ғасыр­лар бойы отар­лық сая­сат­тың кесірі­нен дара­лы­ғын жоғал­туға шақ қалған қазақ хал­қы экс­клю­зив­ті ұлтшылдық­тан басқа­ны қабыл­дай алмай­ды. Қазір­гі пост­ко­ло­ни­ал­дық Қаза­қстан­да сая­си модер­ни­за­ция қаза­қтар­дың ұлт­тық оянуы, этно­стық бөліністің сая­си­ла­нуы және попу­лиз­мнің артуы сияқты үш фор­ма­да жүріп жатыр.

Қазақ ұлты мем­ле­кет­тің бір­­ден-бір қожай­ы­ны, иегері ре­тін­­дегі ста­ту­сын ресми түр­де заң­да­сты­ру­ды және сая­сат­ты соған сәй­кес жүр­гі­зуді талап етіп отыр. Қаза­қтар өзінің ұлт­тық бол­мысы­на, тілі мен діліне қауіп-қатер көп деп үрей­ле­неді, оның үстіне отар­лық жүй­ені әрі қарай жалға­сты­ра­ды деп үкі­мет­тен секем алады.

1995 жылы Кон­сти­ту­ция қа­былданғанда, енді ғана тәуел­сіздігін алып, эйфо­ри­яда отыр­ған халық Ата заң­ның пре­ам­бу­ла­сы «ортақ тари­хи тағ­дыр бір­ік­тірген Қаза­қстан халқы…» деп жазы­лып кет­кенін байқа­май қал­ды. Ал қазір­гі жағ­дай­да ха­лық «аза­мат­тық ұлтқа» жол бере қой­май­ды, ол мүм­кін емес.

 

Қаза­қстан мен

Ресей­де­гі орыстар:

АЙЫРМАШЫЛЫҚ ҚАНДАЙ?

– Бірақ басқа ұлт өкіл­дері мұны­мен келіс­пей­ді ғой?

– Келіс­пей­тін­дері де, мой­ын­ұсынғандары да бар, әлі екі ойлы күй­де жүр­ген­дері де көп. Ол тура­лы жан-жақты зерт­те­улер аз болған­ды­қтан, олар­дың үлес сал­мағын, гео­гра­фи­я­сын нақты тал­дау қиын. Қазақ­стан­ды ота­ным деп мой­ын­да­май­тын оры­стар­дың көбі көшіп кет­ті. Оры­стар­дың ұлт­тық мәселе­ні көтер­мей келуінің бір себебі – олар­дың Ресей­мен руха­ни жа­қындығы аз.

Мәсе­лен, КСРО тарар­дың алдын­да жүр­гізіл­ген сау­ал­на­ма нәти­же­сіне қара­сақ, орыстар­дың үштен екісі өздерінің ота­нын Ресей деп емес, «Кеңес Одағы» деп көр­сет­кен. Яғни, бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар­да тұрып жатқан жер­лерін өз ота­ны деп есептейді.

1995 жылы Нидер­ланд ға­лымдары жүр­гіз­ген зерт­те­у­ге қара­сақ, Қаза­қстан­дағы орыс­тардың 30 пай­ы­зы өздерін «ке­ңес аза­ма­ты­мыз» деп атаған. Бір­ақ оры­стар­дың өздері де, ол­ардың ата­ме­кен, тіл, тарих тура­лы көзқа­рас­та­ры да әркелкі.

Ресей­ге көбіне оңтүстік және батыс өңір­лер­де тұра­тын оры­стар кет­кен. Ал сол­түстік пен шығы­стағы мигра­ция бір­шама тұрақты. Яғни, Қазақ­стан­ның сол­түсті­гін­де­гі орыс аза­мат­тар өздерін келім­сек деп емес, сол өңір­дің бай­ы­рғы тұрғын­да­ры санай­ды. Мұн­дай жағ­дай­да мем­ле­кет таза ұлт­шыл сая­сат ұста­на бас­та­са, ол­ардың ара­сын­да сепа­ра­ти­стік пиғыл арта түсуі мүмкін.

 

– «Былай тарт­саң өгіз өледі, былай тарт­саң арба сына­ды» деген осы ма? Сон­да не істеу керек?

– Көп жағ­дай­да тари­хи ота­ны бар ұлт­тар­дың өз атаме­кенімен бай­ла­ны­сы күшті бола­ды. Бру­бей­кер­дің «Три­а­да­лық бай­ла­ныс» тео­ри­я­сы бой­ын­ша диас­по­ра – олар өмір сүріп жат­қан мем­ле­кет және олар­дың тари­хи ота­ны­ның ара­сын­да ошақтың үш бұты сияқты нәзік тең­гер­мелі бай­ла­ныс бола­ды, бір жағы күшей­іп кет­се, тепе-теңдік бұзы­лып, қиын­дықтар туын­да­уы мүмкін.

Яғни, мем­ле­кет диас­по­раға қысым­ды арт­тыр­са, олар­дың жоғын жоқтай­тын мем­ле­кет қар­сы шара­ларға баруы мүм­кін, неме­се керісінше.

Осын­дай тең­гер­мені бү­гін­де Қаза­қстан мен Ресей ара­сындағы қарым-қаты­на­стан бай­қаймыз. Бірақ соңғы жыл­да­ры Ресей либе­рал­дық феде­рациялық қоғам­нан этнонацио­налистік мем­ле­кет­ке айна­лып келеді. Ұлт­тық авто­но­ми­я­лық рес­публикаларды жай аймақ­тық құры­лым­дар­мен қосып, бас­шыларын орта­лы­қтан та­ғайындайтын жүйе жасады.

2000 жылы Путин Аста­на­да қаза­қстан­дық бел­сен­ді диас­по­ра өкіл­дері­мен кез­дескен­де, олар­дың жетек­шілері сол­түс­тік аудан­дар­ды Ресей­ге қо­су мәсе­лесін ашық көтер­ген. Ол кез­де Путин бұл ұсы­ны­сқа қарсы­лық біл­діріп, «қалағанда­рың елге көшің­дер» деген болатын.

Аме­ри­ка­лық ғалым­дар­дың есеп­те­уі бой­ын­ша, сол кездің өзін­де 2 мил­ли­онға жуық адам Ресей­ге көшу­ге ынта біл­дір­ген. Бірақ одан бері 16 жыл өтті, тұ­тас бір буын өсіп жетіл­ді. Жаңа буын­ның мем­ле­кет­ке көзқа­ра­сы, ұста­ны­мы, бола­шаққа қа­тысты ой-пиғы­лын зерт­теп, қо­ры­тынды шыға­ру керек.

Өз басым демо­кра­тия, раци­о­на­лизм және про­гресс ұр­андарын алға тар­тып, бар­лық халы­қты фран­цуз ұлты­ның тө­ңірегіне топ­та­сты­рған якобин­шілдік идео­ло­ги­я­сы­на жақын ұста­ным­ның болға­нын қалай­­мын. Бірақ бұл жалаң сөз емес, нағыз мем­ле­кет­шіл­дік баста­ма болып, халы­қтың сана­сы­на сіңі­ріліп, қоғам­ның күн­делік­ті өмірі­нен көрініс табуы керек.

 

– Біздің үкі­мет қаза­қтың мүд­десін қорғап отыр деп айта ала­мыз ба?

– Кем­шілік­тер өте көп, деген­мен алыс бола­шақ тұрғы­сынан қара­сақ, қорғап отыр деп айтуға бола­ды. Ұлт­шыл­дық пен этно­са­ра­лық мәсе­ле­лер­ді зерт­теп жүр­ген шетел­дік ға­лымдар «Қаза­қстан­да қазақ­тандыру жүріп жатыр», «этно­кратиялық мем­ле­кет құры­лып жатыр» деп дәй­ек­теп жазады.

Деген­мен, бой­ын­дағы бұр­ыннан қалған үрей­дің кесірі­нен қаза­қтар қаза­қтан­ды­ру жыл­дам жүр­се деп армандайды.

Қаза­қтың мүд­десі деген не? Оны да әркім әртүр­лі түсі­неді. Ең қара­бай­ыр био­ло­ги­я­лық инс­тинкт тұрғы­сы­нан алсақ, халы­қтың өсіп-өнуіне, көбе­юіне жағ­дай жасау.

Тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Қа­зақстанға 1 мил­ли­он қанда­сымыз көшіп кел­ді. Қазір әр қаза­қтың отба­сын­да 4–5 бала­дан туу үрдіс­ке айна­лып бара­ды. Қаза­қтар­дың үлес сал­мағы 40 пай­ы­здан 63 пай­ы­зға дей­ін арт­ты, үлкен қала­лар қа­зақы­ланды (урбан­далған­дар­дың сапа­сы тура­лы әңгі­ме басқа).

Руха­ни тұрғы­дан алған­да ұлт­тың өз тілін­де сөй­ле­уіне, өз мәде­ни­етін, дәстүр-сал­тын сақта­уы­на, дамы­туы­на мүмкін­дік беру, тағ­ды­рын өз мемлеке­тінің келе­ше­гі­мен бай­ла­ны­сты­руы­на жол ашу. Бұлар орын­да­лып жатқан жоқ деп айта алмай­мыз. Ұлт­тың мүд­десін қор­ғау де­генді бір­жақты, ашық ұлт­тық сая­сат жүр­гі­зу деп түсін­беу керек. Онда популизм­нің жете­гінде кетіп қала­мыз, ал ұлт­тық мәсе­ле­лер­дің сая­си­ла­нуы ең алды­мен сол ұлт­тың өзіне таяқ болып тиеді.

Гру­зи­я­ның бөл­шек­те­нуі мем­лекеттік тіл тура­лы заң­ның қабыл­да­нуы­нан басталған. «Бар­лық аза­мат­тар мемлекет­тік тіл­де сөй­ле­уі тиіс» деген талап осе­т­ин­дер мен абхаздар­дың іргені аулақ салуы­на алып келді.

Әзір­бай­жан да ұлт­шыл пре­зи­дент Елші­бей­дің кесірі­нен Қара­бақтан айы­ры­лып қал­ды. Ұлт­тық мәсе­ле сая­си­ла­нып кет­кен­де, бұл жайт­тар­ды қазір­гідей бей­ма­рал талқы­лап оты­руға мүм­кін­дік бол­май қала­ды. Ал кон­фликт кезін­де ұлт­тық топ­тардың талап­та­ры бір­ден өзгеріп, сая­си реңк алып шыға келеді.

 

Ұлт сая­са­тын­дағы

ҮШ КЕМШІЛІК

– Қаза­қстан үкі­метінің ұлт­тық сая­сат­тағы басты үш кем­шілі­гін айтып беріңізші?

– Бірін­ші кем­шілі­гі – декла­ра­тив­тілік. Бұл – Кеңес Ода­ғынан «мұраға» қалған жа­сан­дылық. Кеңес Одағын­дағы жалаң идео­ло­ги­я­ны көшіріп алдық та, мере­ке­лер­де ұлт­тық киім киген этно­мә­де­ни топ­тар­дың өкіл­дерін ән сал­ды­рып, би биле­ту­ден әрі аса алмай қалдық.

«Қаза­қстан­да 130-дан ас­там ұлт­тың өкілі тату-тәт­ті өмір сүріп жатыр» деген жалаң ұран­ның тереңіне үңіліп, ол ұлт­тар­дың атын атап, түсін түсте­у­ге, олар­дың біре­гей­лі­гінің өзге­ру дина­ми­ка­сы­на, мем­ле­кет­ке деген көзқа­ра­сы­на, тілі мен ді­ніне көп көңіл бөлін­бей келеді.

Екін­ші кем­шілік – жемқор­лық. Билік­тің биік мінбер­ле­рі­нен бастап, аудан­дық, ауыл­дық дең­гей­ге дей­ін жемқор­лық фак­тілері жиі кез­де­сетіні жасы­рын емес.

Ал жемқор­лық деген ұлтқа қаты­сы жоқ әле­умет­тік, эко­номикалық, сая­си про­бле­ма кө­рінгенімен, оның ұлт­тық сая­сатқа зия­ны орасан.

Сот­тағы, құқық қорғау са­ласындағы өрес­кел қателік­тер кесірі­нен өзін өртеп жатқан­дар, бас­па­на­сыз жүр­ген, жұмыстан шығып қалған, т.с.с. қиын­дық­тарға душар болған қаза­қтар «өз жері­міз­де өгей­дің күнін кеш­тік» деген­ді жиі айта­ды. Ал өзге ұлт өкіл­дері мұның бар­лығына этно­стық реңк беру­ге бей­іл келеді. Яғни, заң үстем­дігінің жоқты­ғы халы­қтың ер­теңгі күн­ге деген сені­мін кемі­тіп, мем­ле­кет­ке деген адал­ды­ғын азайтады.

Үкі­мет­тің «қаза­қы» сипа­тын еске­рер бол­сақ, өзге ұлт өкіл­дері жемқор­лы­қты қаза­қтың ұлт­тық «індеті» санап, этно­кра­тиялық өкі­мет­тің шешім­деріне, баста­ма­ла­ры­на немқұрайды­лықпен қара­уы ықтимал.

Үшін­ші кем­шілік – тарих­ты этно­сим­во­лиз­мнің құра­лы­на айнал­ды­ра алмауы. Яғни, тарих жай оқулы­қтағы қасаң фак­тілер мен түсініксіз шай­қастар, адам­ның тілі кел­мей­тін ата­у­лар мен есте қал­май­тын цифр­лар бол­мауы керек.

Тарих қазір­гі ұрпақтың дү­ниетанымымен біте қай­на­сып, орга­ни­ка­лық тұрғы­да жым­да­сып жатуы тиіс. Қаза­қстан­ның кез кел­ген аза­ма­ты елі­міздің қалай құры­лға­нын, жау­лар­дың шабуы­лы­на қалай төтеп бер­ге­нін, ол жол­да қан­дай азап шек­кенін, тәу­ел­сіздік­ке қалай қол жет­кіз­генін біліп қана қой­май, оны жаны­мен түсініп, сезі­нуі керек. Ал бұл – бала­бақ­ша­дан, баста­уыш мек­теп­тен баста­ла­тын идео­ло­гия. Қабан­бай, Бө­генбайлар, Абы­лай­хан, Кене­са­ры, Ахмет­тер кім, олар­дың есім­дері не үшін көше­лер­ге бе­рілді? Мұны өзге ұлт түгілі қа­зақтардың өздері көп біле бермейді.

Көк­ше­та­удағы Абы­лай­хан алаңы, Ұлы­тау, Түр­кістан­дағы кесене, Ала­шор­да үкі­метінің жәді­гер­лерінің бәрі Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық бір­тұ­тастығын дәріп­тей­тін ұлы сим­волдар болуы керек.

Әзір­бай­жан, Бал­тық елдері тәу­ел­сіздік­терін ХХ ғасыр­дың басы­нан баста­ды. Біз­ге де Ал­аш­орданың үлкен потен­ци­а­лын пай­да­ла­нуға болар еді. Бұл тұр­ғыда Э.Смиттің иде­я­ла­ры біздің идео­лог­тарға көп азық болуы тиіс.

Мәсе­лен, Изра­иль жер беті­не шашы­раған еврей­лер­ді «қа­сиетті жер­ге» қалай жина­ды? Күні кеше­ге дей­ін түр­лі тіл­дерде сөй­леп, бөл­шек-бөл­шек болып жатқан Ита­лия, Гер­ма­ния, Фран­ция сияқты елдер қа­лай ұлы дер­жа­ваға айнал­ды? Жапо­ни­ядағы импе­ра­тор дина­с­­тиясы неге ең ежел­гі дина­стия деп дәріп­те­леді? Осы­лар­дың үлгілерін пай­да­ла­нуы­мыз керек.

 

– Мем­ле­кет­те көп ұлт болған сай­ын мәде­ни-эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан алға жыл­жу­шы­лық орын ала­ты­нын біле­міз. Қазір көп­те­ген ұлт­ты ұйы­сты­рып, мем­ле­кет­ті нығай­тып оты­рған қан­дай елдің тәжіри­бесі­нен үлгі-өне­ге алуға болады?

– Мәсе­лен, 700-ден аса лин­гвистикалық, этно­стық тобы бар, әлем­де­гі ең көпұлт­ты елдер­дің бірі сана­ла­тын Индо­не­зи­яда бір мем­ле­кет­тік тіл енгізіліп, 40 пай­ы­зды құрай­тын ява­лы­қтар­дың дәстүр, сал­ты ұлт­тық дең­гей­де қол­да­ны­лып жатыр.

Малай­зи­я­ның тағ­ды­ры біз­ді­кіне ұқсас, бірақ олар­дың кем­шілігі – олар ұлт­тық жікте­лудің тым асқын­дап кетуіне, қытай­лар­дың көбей­іп, эконо­ми­каның басты тетік­терін бас­қаруына жол беріп алды, мұның соңы 1960-жыл­дар­дағы қантө­гіске ұла­сты. Содан кей­ін ғана ұлт­тық сая­сат қолға алын­ды. Малай­лар­дың жал­пы саны 50 пай­ыз да бол­май­тын­ды­қтан, олар басқа бай­ы­рғы жер­гілік­ті тұрғын­дар­ды қосып, «бумипут­ра» деп атап, санын 60 пай­ы­зға жет­кізді. Мұн­дағы мақ­сат – эко­номика, биз­нес сала­сын басып қалған қытай­лар мен үнді­лерді ығы­сты­ру. Оны күш­теу жолы­мен емес, эко­но­ми­ка­лық, әле­умет­тік ынта­лан­ды­ру жолы­мен жүзе­ге асыр­ды және бұл сая­сат­ты қытай­лар да мойын­дауға мәж­бүр болды.

Қақты­ғыс болған елдер­дің көбі, мәсе­лен, Ливан, Сирия, Ау­ғанстан, Ниге­рия сияқты мем­лекеттерде бел­гілі бір ұлт­тық өзек бол­маған­ды­қтан, ха­лық тұс-тұсы­на тар­тып кет­кен. Ал Юго­сла­вия, КСРО сияқты жасан­ды ұлт құру әре­кет­терінің қалай сәт­сіз аяқталға­нын білеміз.

 

Ассам­блея

қаза­ққа қалай

ҚЫЗМЕТ ЕТЕ АЛАДЫ?

– Қаза­қстан­дағы Қазақ­стан халқы Ассам­бле­я­сы о баста сая­си жоба ретін­де құры­лға­нын біле­міз? Әлі де сол бағыт­та жұмыс істеп келеді. Ассам­блея бұл бағыт­та өзінің тиімді­лігін көр­се­те алды ма?

– Кез кел­ген авто­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­те­гі сияқты біз­де де ең ізгі баста­ма­лар­дың көбі сая­си науқан­дар­дың, ұран­шыл­дық пен асы­ра есеп берудің таса­сын­да қалып қояды. Ассам­блея 1995 жылы пар­ла­мент­тік ваку­ум кезін­де құры­лып, прези­дент­тің өкілетін ұзар­ту, жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­дау мін­дет­терін орын­дап шықты. Деген­мен, кей­ін­нен оның сал­мағы артып, атқа­ру­шы және заң шы­ғарушы билік орган­да­ры­мен біте қай­на­сқан құры­лы­мға айналды.

Оппо­зи­ци­я­ның бұл ұйым­ды «Кон­сти­ту­ци­ядан тыс орган» деп көп сынай­ты­нын ескер­ген өкі­мет 2007 жылы оның конс­титуциялық мәр­те­бесін бекіт­ті. Жоға­ры­дан төмен қарай құрыл­ған клас­си­ка­лық кеңе­стік үлгі­дегі ұйым ретін­де ассамблея­ның көп жұмысы жасан­ды, де­кларативтік болып кел­гені рас. Қоғам­дық негіз­де құрыл­маған, қар­жы­лық тәу­ел­сізді­гі жоқ ұй­ым­нан ерекше баста­ма, сая­си ерік-жігер талап етудің өзі ар­тық. Аймақтар­да әкім­шілік, «Нұр Отан» және ассам­блея өз­ара егіз ұғым­дар сана­ла­ды. Ассам­блея жүзе­ге асы­рған жоба­лардың атта­ры­на дей­ін «Елба­сының арқа­сын­дағы татулық пен бір­лік» деп айқай­лап тұрады.

Бірақ ҚХА-ның бір артықшы­лығы – бәл­кім, мақ­сат­ты түр­де, бәл­кім, объ­ек­тив­ті түр­де, ұлт­тық мәсе­ле­лер­дің сая­си­ла­нуы­на жол бер­мей­тін, «мәде­ни пар­ды шыға­ра­тын» қоғам­дық ұйым рөлін бел­гілі бір дәре­же­де орын­дап келеді. Этно­стық топ­тардың өздерін көр­сетіп, тіл­дерін, дәстүр-салт­та­рын дәріп­теп, руха­ни қажет­тілік­терін бел­гілі бір дәре­же­де қанағат­тандырып оты­рға­ны рас.

«Абай оқу­ла­ры» сияқты қы­зықты иде­я­лар­дың үгіт-наси­хат аясын­да қалып жатқа­ны өкі­нішті. Қан­дай жоба бол­са да, қазір тек қазақ халқы­ның сим­вол­да­ры болып оты­рған тіл, дәстүр, тарих, мәде­ни­ет жал­пы Қаза­қстан халқы­ның ортақ игілі­гіне айна­ла­тын­дай амал­дар жаса­луы керек…

Біз кон­фликт ата­улы­ны жасы­рып, жабу дер­ті­нен айы­ққан жоқ­пыз. Елде бық­сып жатқан ұлта­ра­лық мәсе­ле­лер өте көп. Өткен жыл­да­ры болған кіші­гірім жан­жал­дар «жабу­лы қазан» күй­ін­де қалды.

Ол оқиға­лар­дың неден бол­ғанын, оған қоғам­ның, күш құ­рылымдарының реак­ци­я­сын тал­дап, олар­дан сабақ алу керек еді. Ұлта­ра­лық мәсе­ле­лер­ді шынайы зерт­теп, туын­да­уы мүм­кін про­бле­ма­лар­дың алдын алып оты­ру үшін ғылы­ми зерт­теу бағы­ты­на көбірек көңіл бө­лінуі керек. Ассам­блея жаны­нан экс­перт­тік топ ашыл­ды де­генді есті­ген едім, ол қан­ша­лық жүй­елі жұмыс істей­ді, ол жағы­нан бейхабармыз…

 

– Қазақ тілін кеңі­нен қол­­даны­сқа енгізу­ге де Ассам­блея мүше­леріне мерзім­ді уақыт бел­гілеп, мін­дет тап­сы­руға бола ма?

– Пре­зи­дент Н.Назарбаев «Қазақ тілі –Қаза­қстан халқын бірік­тіру­ші фак­тор болуы керек» деген пікір­ді жиі айта­ды. Ұлт бір­лі­гі док­три­на­сын­да да, басқа құжат­тар­да да осы пікір орны­ққан. Деген­мен, бұл әлі толық іс жүзіне асқан жоқ. Он­ың бір себебі – «қазақ тілі» мен «мем­ле­кет­тік тіл» ұғым­да­ры­ның ара­сын толық ажы­ра­та алмай жүргенімізде.

Қазақ тілі қазақ ұлты­ның емес, бар­ша Қазақ­стан хал­қының өза­ра қарым-қа­ты­нас құра­лы­на, аза­мат­тық ұлт­тың сим­во­лы­на, ерекше бел­гісіне айна­луы керек. Яғни, қазақ­стандық орыс өзінің ре­сейлік оры­стан басты айырма­шылығы – қазақ тілі мен дәс­түр-сал­тын бі­летіні екенін се­зініп, соны мақ­тан тұтуы керек. Мәж­бүр­леу жолы­мен қарттар­дан бастап, бәрін мем­ле­кет­тік тіл­де сөй­леу­ге мін­дет­теу еш­қан­дай нә­тиже бермейді.

Фран­цуз рево­лю­ци­я­сы­нан кей­ін Фран­ци­я­ның кей­бір про­вин­ци­я­ла­рын­да халы­қтың 80 пай­ы­зы­на дей­ін фран­цуз тілін біл­ме­ген. Сон­да мем­ле­кет фран­цуз тілін «бостан­дық тілі» етіп жари­я­лап, бар­лық кедей-кеп­шік­тің бала­ла­рын баста­уы­штан тегін фран­цуз­ша оқы­та бастаған. Бір буын ауы­сқан­да тіл мәсе­лесі шешілген.

 

Қаза­қтың ұлтсыздануына

ҚАНДАЙ ҚАТЕР БАР?

– Ал біз «үш тіл­де оқыта­мыз» деп дау­ры­ғып жатырмыз…

– Иә, расын­да, Білім минис­трлігінің мұн­дай қой­ырт­пақ бағ­дарлама ұсы­нуы­на ешқан­дай негіз жоқ. Оры­стар тіл мә­селесін сая­си­лан­ды­рып, «тілі­міз жой­ы­лып бара­ды» деп ер­екше талап қой­ып оты­рған жоқ. Қазақ тілін­де­гі «Бала­пан» теле­ар­на­сы ашы­лған­да, оған қар­сылық таны­тқан ешкім болған жоқ. Керісін­ше, өзге ұлт өкіл­дері қазақ тілі мем­ле­кет­тік тіл ретін­де орны­ғуы­на, оның сапа­лы оқы­ты­луы­на мүд­делі. Біз жүр­гізген зерт­теу бой­ын­ша ор­ыс ұлты өкіл­дерінің 64 пай­ы­зы қазақ тілі Қаза­қстан­дағы ұлт­аралық қарым-қаты­нас тіліне айналға­нын қалайды.

Қазір­дің өзін­де біздің оры­стар мен Ресей оры­ста­ры­ның ара­сын­да мәде­ни алшақтық бар. Олар қазақ ұлты­ның көп дәстүр-сал­тын, әдет-ғұр­пын бой­ына сіңіріп келеді. Ұлт­тық инте­гра­ция қоғам­дық деңгей­де, ауыл-ауыл­дың, отбасылар­дың ара­сын­да жүріп жатыр. Оры­стар­дың көбі той-тома­лақ пен құда-жек­жат­тық дәстүр­дің арқа­сын­да мәде­ни тұрғы­дан қаза­қы­ла­нып жатыр.

Осы жағ­дай­да баста­уыш сынып­тан бастап, мем­ле­кет­тік тіл­де оқы­ту дәстүрі қалып­тас­са, жаңа буын өскен­де, бұл мәсе­ле шешіл­ген болар еді. Әр буын­ның ұлт­тық біре­гей­лі­гі алды­ңғы буын­нан өзге­ше болады.

Қазақ жазу­шы­ла­рын «бала­ла­ры орыс­ша сөй­лей­ді» деп жаз­ғырып жата­мыз. Олар­ды ор­ыстілді етіп шығарған – Ке­ңес Одағы­ның білім беру сая­са­ты. Сол сияқты үкі­мет­тің қа­зіргі қабыл­даған шешім­дері ер­теңгі буын­ның тағ­ды­рын шеше­ді. Бірақ бұл оры­стар­ды асси­ми­ля­ци­я­лап, қаза­қы­лан­ды­рып жібе­ру деген сөз емес, әр ұлт­тың этно­стық қал­пын сақтай оты­рып, Қаза­қстан­ның ерекше ұлт­тық біре­гей­лі­гін қалыптас­тыру деген сөз. Аме­ри­ка­лық ға­лым Уол­кер Кон­нор: «Мем­ле­кет халқы­ның басым бөлі­гі сол ұлтқа тиесілі екенін сезінбей­інше, ұлт қалып­та­сты деп ай­туға ерте», – деп айтқан.

Біз­де мем­ле­кет­тік төлқұ­жат, тең­ге, ЦОН, салық сын­ды атри­бут­тар­мен ғана түсі­нетін, басқа кез­де өз «әле­мін­де» өмір сүре­тін аза­мат­тар көп. Мем­ле­кет бар­лық ұлт­тар­дың тілін, дәс­түрін сақта­уға жағ­дай жасап, олар­ды өгей­сіт­пей, мәжбүр­ле­мей, бауы­ры­на баса білуі керек.

 

– Жер көле­мі үлкен Қаза­қстан – әлем елдері бой­ын­ша халық саны көп Қытай­мен көр­ші мем­ле­кет. Мұн­дай жағ­дай­да Қаза­қстан­ның ұлта­ра­лық мәсе­ле­лер­ге қаты­сты ұста­ны­мы мен көші-қон сая­са­ты өзге­ше болуы керек сияқты. Бұл бағыт­та біз қан­дай сая­сат ұста­нуы­мыз керек?

– Ғалам­дық мигра­ци­я­ның заң­ды­лы­қта­ры бой­ын­ша халық эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы жақ­сы, сая­си аху­ал тұрақты елдер­ге қоныс ауда­руға бей­ім. Тұрақ­тылық болып, эко­но­ми­ка дамы­са, келім­сек­тер­дің қара­сы көбейе береді, ол – заңдылық.

Сон­ды­қтан жері­міз кең бол­ғандықтан ғана бізді қытай­лар басып ала­ды деп үрей­ле­ну­ге бол­май­ды. Бар­лы­ғы эконо­ми­каның заң­ды­лы­қта­ры­на бай­ла­ны­сты жүреді. Аза­мат­тық беру, виза рәсім­деу тәр­тібін қатаң­дату, эко­но­ми­ка­лық тетік­тер­ді қол­да­ну арқы­лы демогра­фия­лық тасқын­ды той­та­руға бола­ды. Тек ол үшін мем­ле­кет­те жем­қорлық бол­мауы керек. Жемқор­лық бұл шара­лар­дың бар­лы­ғын жоққа тән етеді.

 

– Бізді бола­шақта қан­дай ұлта­ра­лық сын-қатер­лер күтіп тұруы мүм­кін. Олар­мен қалай күре­су­ге болады?

– Бірін­ші­ден, Қаза­қстан­дағы ұлта­ра­лық жағ­дай кере­мет деп өз-өзі­мізді алдарқа­тып, Кеңес Одағы­нан қалған конфликто­фобиялық әдет­пен «ауру­ды жасы­рып» оты­рған­ды­қтан, көп нәр­се бұлы­ңғыр. Елде­гі бар­лық ұлт­тар­дың көңіл-күй­іне, біре­гейлігінің құбы­луы­на, демо­гра­фи­я­сы мен мем­ле­кет­ке қатыс­ты көзқа­ра­сы­на тұрақты түр­де объ­ек­тив­ті әрі кешен­ді тал­дау жүр­гізіп тұру қажет-ақ.

Екін­ші­ден, қазір әсіре­се өзі­міздің қан­дастар бар­лық мәсе­лені сая­си­лан­ды­руға бей­ім. «Қытай қаза­қты қор­лап­ты», «түрік қаза­қты ұрып кетіп­ті» деген көбіне дәлел­сіз ақпа­ратқа негіз­дел­ген ақпа­рат­тар жиі тара­лып, елді қоз­ды­рып оты­ра­ды. Басқа ұлт өкіл­дерінің ара­сын­да этно­стық моби­ли­за­ция бай­қал­май­тын­ды­қтан, мәсе­ле тын­шып қалып жатыр. Алды­мен қаза­қтар­дың этно­стық мәсе­лені сая­си­лан­ды­руы­ның түп негізіне мән беру керек.

Үшін­ші­ден, қаза­қтың өзінің діни біре­гей­лі­гі өзгеріп бара­ды. Араб елдері­нен кел­ген, дәс­түр­ге қай­шы діни ағым­ды ұстана­тын қаза­қтар­дың қара­сы кө­бей­ген сай­ын бұл ұлт­тың бір­лігіне кері әсерін тигізеді.

 

Сұх­бат­тасқан –

Нұр­лан ЖҰМАХАН

dalanews.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн