26 сәуірде кезектен тыс қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада баспасөз жиынында Ресей Батыс елдерінің Мәскеудің Украинадағы саясаты үшін салған санкцияларына «төтеп бере алады» деп мәлімдеді.
«Басқа мемлекеттер, Шығыс Еуропа елдері Еуразия одағымен еркін сауда жасағысы келеді. Бұл көп жайттан хабар береді. Әрине, Ресейдің Еуразия экономикалық одағының негізі екенін жасыратын не бар, экономикасы үлкен, іргелі ел. Меніңше, Ресей бұл қиындыққа төтеп бере алады, санкция да мәңгі тұра бермейді ғой», – деді Назарбаев.
Ол бұған қоса Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси бағытын өзгертудің қажеттігі жоғын айтты. Оның пікірінше, Украинадағы жағдай «оңалады» және «кез келген соғыс бітіммен аяқталады».
Azattyq.org