Жұмыссыздардың саны 300 МЫҢҒА АРТТЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №37 (401) от 12 октября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

 

Қазақстанда ресми тіркелмеген 300 мыңнан астам жұмысшы анықталған, деп хабарлады ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

 

«Ағымдағы жылы үй-үйді аралау жолымен бейресми жұмысқа баға берілді. Осы шарамен 5,6 миллион адам қамтылды. Нәтижесінде 2,2 миллион адамның мәртебесі өзектендірілді. Зейнетақылық жарнаны бөлмей жүрген, дегенмен де жұмыспен қамтылған бір миллионға тарта адам анықталды. Мұнымен қоса, тіркелмеген жұмыссыз 320 мың адам және тиімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1,4 миллион адам белгілі болды», – деді Т.Дүйсенова дүйсенбіде парламент мәжілісіндегі үкімет сағатында.

Бұл ретте ведомство басшысы атап өктендей, еңбек шарттары көлемінің артқанына қарамастан, бейресми шарттар да сақталуда және бұл жайт айтарлықтай алаңдатып отыр.

Әрине, алаңдайтын жөн бар: кеше Мемлекеттік статистика комитеті таратқан ресми ақпаратқа сай, қыркүйек айында Қазақстандағы жұмыссыздар саны 438,9 мың адамға жеткен. Бұр, ресми дерек бойынша, экономикалық белсенді, яғни жұмыс істеу жасындағы халықтың 4,9 пайызы.

Ал тәуелсіз сарапшылар жасап отырған бейресми ақпарат бойынша, елдегі жұмыссыздардың мөлшері 2 миллион адамнан асады. Мәселен, қуғындағы саясаткер Мұхтар Әбілязовтың есеп-деректері бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың мөлшері 35 пайызға жетеді.

«D»

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн