Қазақстандағы жұмыссыздық 2015 жылғы қаңтарда, ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің бағалауынша, 459,2 мың адам болды. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 5 пайызын құрады.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2015 жылғы қаңтардың соңына 47,3 мың адам болған немесе экономикалық белсенді халық санына шаққанда – 0,5%. Жасырын жұмыссыздық деңгейі, бағалау бойынша, экономикалық белсенді халық санының 0,3 пайызы.
Сонымен бірге Қазақстан тұрғындарының орташа жан басылық атаулы табысы 72 201 теңге болды, бұл 2013 жылдың желтоқсан айына қарағанда 10,2%-ға артық, деп көрсетілген статистика комитетінің баспасөз парақшасында. Құжатқа сәйкес, қазақстандықтардың көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табысы 2,6%-ға артқан.
ҚазТАГ