Суббота , 5 июля 2025

Жәнел МАҚАЖАНТОҚАЛДЫҢ» ТАҒДЫРЫН қазақ қыздарына жазбасын

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №5 (369) от 9 фев­ра­ля 2017 г.

 

Бей­сен­білік бетпе-бет

 


 

Бүгін­гі «Бей­сен­бі­де­гі бет­пе-бет» айда­ры­ның қонағы Қаза­қстан-Аме­ри­ка кино­шы­ла­ры бір­лесіп түсір­ген «Тоқал» филь­мін­де тоқал рөлін ойнаған Жәнел МАҚАЖАН. Осы фильм­де­гі ашық көріністер үшін біраз жұрт­ты шула­тып, өзі де сол рөлі үшін көп­шілік­тің сыны­на ұшы­раған М.Әуезов теат­ры­ның актри­са­сы Жәнел не деді? Оның жай-жап­са­рын төмен­гі сұх­бат­тан оқи аласыздар.

 

− Жәнел, фильм­нің ата­уы да айтып тұрған­дай, тоқал жүр­ген жер­де ашық көріністер­дің бола­ты­ны заң­ды­лық шығар, солай емес пе?

− Солайы – солай болар… Бірақ мен қазақ фильм­дерін­де ашық көріністер­дің көр­сетілуіне қар­сы­мын. Себебі қан­дай фильм түсір­сең де, оның ұлт­тық-тәр­би­елік мағы­на­сы болуы керек деп ойлай­мын. Мұн­дай «ұят­сыз» сюжет­тер­сіз де кино­ны шынайы етіп көр­се­ту­ге бола­ды ғой…

Ал «Тоқал» филь­міне келер бол­сақ, оның сце­на­рий­ін про­дю­сер мен режис­сер бірі­гіп жазған. Рөл­дер­де ойнаған актер­лер­ге қой­ған талап­та­ры солай болған соң, фильм­де ашық көріністер бола­ты­ны ескер­тіл­ді. Бірақ өз басым «төсек қаты­на­сы» тұрғы­сын­дағы эпи­зод­тарға түсе алмай­ты­ным­ды айтып, сце­на­рий­ді оқып шыққан соң киноға түсу­ден бас тарт­тым. Кей­ін­нен режис­сер­лер ойла­на келе, сол сюжет­тер үшін менің орны­ма дуб­лер алды. Сон­ды­қтан фильм­де­гі ашық көріністер­ге менің қаты­сым жоқ, дуб­лерім ойнап шықты.

 

− Ашық көріністер­ге түс­пей­тініңізді біле тұра, қою­шы­лар нелік­тен сізді таң­да­ды екен?

− Бұл рөл­ге не үшін мені таң­даға­нын біл­медім: кастинг бары­сын­да таң­дау маған түсті. Мүмкін,таңдау кезін­де сол образ­ды көр­се­те біл­генім ұнаған болу керек. Негізі, режис­сер кастинг кезін­де көбі­не­се актер­лік шебер­лік­ке мән бер­ді. Әйт­пе­се қаты­суға ынта­сы бар көп қыздар кел­ген екен.

Алға­шқы кез­де бұл фильм­де аме­ри­кан­дық Марк Дакас­кос («Көшпен­ділер» филь­міне қаты­сқан – Ред.) ойнай­тын болған. Тіп­тен оның трил­лері де шығып кет­кен. Бірақ ойла­на келе, про­дю­сер Гауһар Нұр­тас ер адам­ның рөлін өзі­міздің қаза­ғы­мыз ойна­сын деген тұжы­ры­мға келген.

 

– Соны­мен, «Тоқал» сіздің көңіліңіз­ден шықты ма? Фильм­де­гі рөліңіз­ге қан­дай баға бересіз?

− Жасы­ра­ты­ны несі бар, рөл­дің кей­бір тұста­ры көңілім­нен шыққан жоқ. Актри­са ретін­де өзім­нен көп кем­шілік көр­дім. Иә, «тоқал рөл­ді жақ­сы ойнап шықты» деген секіл­ді оң көзқа­рас­ты пікір­лер­ді естіп жатырмын.

Бірақ көріп оты­рып, «мына жерін­де басқа­ша ойна­сам бола­ды екен…» деген ойла­рым көп бол­ды. Менің ойым­ша, образ­ды бұдан да жақ­сы етіп алып шығуға болар еді.

 

− Осы секіл­ді фильм­дер­ге түсу­ге ұсы­ны­стар түсіп жатқан жоқ па сіз­ге? Себебі актри­са Гүл­ша­рат Жұба­е­ва­ны баяғы «Келін» филь­мі­нен кей­ін ашық көріністі кино­ларға шақы­рған­дар көп болған екен…

− Негізі, кино сала­сын­дағы көп­шілік режис­сер­лер мен әріп­те­стерім менің ондай сахнаға түс­пей­тінім­ді біледі. Фильм­ді аны­қтап көр­ген­дер «ұят­ты сюжет­тер­де­гі» қыздың мен емес екенім­ді бір­ден бай­қай алды. Десек те, қара­пай­ым халық ол жағын біл­мей­ді. Егер алдағы уақыт­та сон­дай рөл­дер­ге тағы да шақы­рып жат­са, мені дуб­лер алма­сты­рған жағ­дай­дың өзін­де де түбе­гей­лі бас тартамын.

 

− Есі­міңіз көп­шілік­ке осы фильм­нен кей­ін ғана кеңі­нен таныл­са да, «тоқалға» рен­жі­геніңіз қалай? Бұдан бұрын көгіл­дір экран­нан көрін­бей жүр­ген едіңіз…

− Театр­дан ешқай­да кет­пей, сол жер­де біраз тәжіри­бе алғым кел­ді. Үйре­нерім әлі де көп. Фильм­ге түсу­ге қараған­да, театр жұмысы ауыр. Ол жер­де жау­ап­кер­шілік­тің қан­дай екенін сезі­несің. Сол себеп­тен теат­рға көп бет бұрғым кел­ді. Қазір фильм­ге қай­та түсе баста­дым, соңғы ойнаған кином Нұр­лан Қоян­ба­ев­тың «Кани­ку­лы в Таи­лан­де» деп ата­ла­ды. Мен үшін кино мен театр бір­дей. Еке­уі­нен де өзі­ме руха­ни бай­лық ала­мын. Негізі театр бас­шы­лы­ғы біздің кино сала­сын­да да қатар жүруі­мізді қол­дап отырады.

 

− Ал «Тоқал­ды» түсіру­ге қаты­сқан шетел­дік әріп­те­стер­мен жұмыс істеу қалай екен? Олар сіз­дер­ді несі­мен таң­дан­ды­ра алды?

− Біз­де «шетел­дік­тер кере­мет жұмыс істей­ді» деген қасаң ой қалып­та­сып қалған. Бірақ олар­дан үйре­нетіні­міз көп бол­са да, мен ондай ойды қоста­май­мын. Әйт­се де, өз елі­міздің режис­сер­лерінің жұмысын да баға­лай білу керек. Иә, шетел­дік әріп­те­стер­дің жұмыс істеу шебер­лік­теріне тән­ті бол­дым. Олар­дан актер­ге деген жылы лебізді және жақ­сы қарым-қаты­на­сты бай­қа­уға бола­ды. Басқа жағы­нан өзге­шелік­ті көре алмадым.

 

− Бола­шақта өзіңізді қан­дай рөл­ден көр­гіңіз келеді?

− Тари­хи фильм­ге түсуді арман­дай­мын. Бұған дей­ін кіші­гірім зама­на­уи фильм­дер­де ойнап кел­дім. Айтар бол­сақ, «Қала­дан кел­ген қыз», «Қош бол, Гуль­фай­руз!», бер­тін келе «Воз­вра­ще­ние Ада» фильм­дері, «Сырға­лым» теле­хи­ка­я­сы­на түстім. Енді­гі кезек­те тари­хи образ­да бағым­ды сынап көр­сем дей­мін. Әсіре­се Томи­рис хан­шай­ым­ның рөлін сомдағым келеді. Ол үшін, әрине, актер­лік шебер­лі­гің зор болуы қажет. Деген­мен, арман­дау арты­қтық етпей­ді: алдағы уақыт­та сон­дай кей­іп­кер­дің рөлін ойнау бұй­ы­рып жат­са, тек қана қуа­на келісемін.

Негізі мен рөл­дер­ді бөліп-жар­май­мын. Актер болған соң, бір амплу­а­да қал­май, бар­лық қыры­ң­нан өз-өзіңді көр­се­те білуің керек. Театр мен кино­да жүр­ген­дер­дің бар­лы­ғы солай ойлай­тын шығар. Бірақ мен алды­мен фильм­нің сце­на­рий­іне қарай­мын және рөл­дер­ге таң­дау жасай­мын. Образ­ды алып шығар қауһа­рым мен ике­мім­ді бағам­дай­мын. Сол себеп­тен те осы уақы­тқа дей­ін бір­не­ше жоба­лар­дан бас тарттым.

 

− Деген­мен, осы «Тоқал­ды» кино­дағы бой­тұ­ма­рым бол­ды деп айта ала­сыз ба?

− Иә, осы фильм­нен кей­ін ұсы­ны­стар түсе баста­ды. Бірақ «Тоқал­ды» бой­тұ­ма­рым деп айта алмай­мын. Себебі ол фильм­де­гі жұмысым­нан көп қателік көр­дім. Өзім­нің актер­лік шебер­лі­гім­ді әлі де шың­дау керек екен деген тұжы­ры­мға кел­дім. Түс­кен фильм­дерім­нің ішін­де «Қала­дан кел­ген қыз» мен үшін ерекше орын ала­ды. Себебі ол менің кино сала­сын­дағы алға­шқы рөлім. Бұл фильм­нің мағы­на­сы кең, тәр­би­елік мәні зор болған­ды­қтан да өзі­ме қымбат.

 

− Ал бүгін­де елі­міз­де қоғам­дық-әле­умет­тік мәсе­ле­ге айналған «тоқал­дық» тақы­ры­бы­на сіздің көзқа­ра­сы­ңыз қандай?

− Тоқал алуға қар­сы­мын. Негізі, мұн­дай пікір айтуға да қақым жоқ шығар – әркім­нің өз өмірі – өзіне. Білесіз бе, «Тоқал­дағы» менің кей­іп­керім­дей тағ­дыр ешбір қыздың өмірін­де кез­дес­пе­се екен деп тілей­мін. Өйт­кені фильм­де­гі қыздың тағ­ды­ры өте ауыр. Кино­ны ойнау бары­сын­да оны­мен кей­бір жер­лер­де келіс­кен және қылы­ғын мүл­дем қабыл­дай алмаған кез­дерім болды.

 

− Бір сұх­ба­ты­ңы­зда «Мені кіш­кен­тай мұр­ным үшін фильм­ге түсу­ге қабыл­да­май­тын, өйт­кені режис­сер­лер тек клас­си­ка­лық тұрғы­дағы бей­нені іздей­тін» деп айтқа­ны­ңыз бар. Жал­пы біздің киноәле­мін­де актри­са болып қалып­та­су қан­ша­лы­қты қиын?

− Әрине, актри­са болу үшін де әде­мілік көп рөл атқа­ра­ды. Жал­пы, қыз балаға өнер сала­сын­да жүру қиын. Гастроль­детіп, анда-мұн­да кететіні­міз бар. Жұмыстың бары­сы­мен жүріп, кей­де отба­сы­лық мін­дет­теріңді шет­ке ысы­рып қоя­сың. Осы жағы­нан қиын­дық туып қала­тын кез­дер бола­ды. Бірақ мен гастроль­дер­ге көп шыға бер­мей­мін. Анда-сан­да шығып жатқан­да, өзім­мен бір­ге бала­ла­рым­ды ертіп алуға тырысамын.

 

− Актер әрі теле­жүр­гі­зу­ші Аза­мат Саты­бал­ды­ның «Актер­ге ең қым­бат атақ − таны­мал­ды­лық» деп айтқа­ны бар. Былай қараған­да, өнер сала­сын­да жүр­ген­дер өздеріне жар­на­ма жасап жата­ды. Таса­да жүр­ген сіздің өзге­лер секіл­ді «жер өртеп» таны­мал болғы­ңыз кел­мей ме?

− Өз басым таны­мал бол­сам деп жұмыс істе­мей­мін. Жаны­ма өнер жақын болған соң ғана осы сала­да жүр­мін. «Таны­мал­ды­лық керек емес» деп те айта бере­міз ғой. Мүм­кін, бола­шақта мен де өзім­ді актри­са ретін­де жар­на­ма­лай түсетін шығар­мын. Ал дәл қазір таны­мал­ды­лы­ққа қол созу­дан бұрын, актер­лік­тің дәмін татып, оның қыр-сырын біл­гім келеді.

 

− Ал сіз үшін ең қым­бат атақ не дер едіңіз?

− Мен атаққа да қызы­қ­пай­тын жан­мын. Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтар алуға да аса құмар емес­пін. Ал мара­пат­та­лып жатқан әріп­те­стерім үшін қуа­ны­шты­мын. Әрине, біз­ге де жұғы­сты болға­нын іштей айтып, тілеп қоя­мыз. Он бес жасым­нан бері кино­ларға түсіп келе­мін. Осы­ған да құдай­ға шүкір­шілік ете­мін. Мара­пат­та­лып, әлі де сый­лық алып үлге­ре­міз. Театр табал­ды­ры­ғы­ның төмен­гі саты­сын­да жүр­ген біз үшін әлі де еңбек­те­ну керек.

 

− Осы актер­лер ара­сын­да «режис­сер­мен жақ­сы бол­саң, басты рөл сенікі бола­ды» деген­дей сөз­дер­ді естіп қаламыз…

− Бұл ақы­лға қоным­сыз пікір. Басқа театр­лар­ды біл­мей­мін, бірақ біздің Әкем­те­атр­да мұн­дай ерсі дәстүр­ге жол жоқ. Біл­мей­мін, мүм­кін, мұн­дай жағ­дай­лар кез­де­сетін де шығар. Сон­ды­қтан бұған қаты­сты ешнәр­се айта алмай­мын. Өзім біре­удің өміріне кіріс­кен­ді жақты­ра бер­мей­мін. Не істе­се де, әркім­нің өз еркі ғой.

 

− Алдағы уақыт­та сізді театр­да қан­дай қой­ы­лым­нан көре аламыз?

− «Қыз Жібек пен Төле­ген­ді» қой­ға­лы жатыр­мыз. Жібек­тің рөлін мен сомдай­мын. Осы рөл­ді халы­қтың көңілі­нен шыға­тын­дай етіп алып шық­сам деген үмітім бар. Актер­лік шебер­лі­гім­ді көр­сет­сем дей­мін. Және осы рөлім арқы­лы елге көрін­сем деген ойым бар. Театр­да ойнаған қан­дай да қой­ы­лым­да­рым мен үшін қымбат.

Сон­дай-ақ жақын ара­да толы­қ­мет­раж­ды коме­ди­яға түсетін бола­мын. Ол фильм­де де басты рөл­ді сомдай­мын. Фильм­нің жар­на­ма­сы әлі шыққан жоқ, сон­ды­қтан мен сіз­ге ол тура­лы айта алмаймын…

 

– Енде­ше әзір­ге құпия рөліңіз өнер өріне бастаған жаңа бас­пал­дағы­ңыз бол­сын! Сұх­ба­ты­ңы­зға рахмет!

Сұх­бат­тасқан –

Анар ДӘУКЕН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн