Суббота , 5 июля 2025

ЖӘНІБЕКОВ ЖАЗБАҒАН мәтіннің Мырзатайға қатысы хақында

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Бір салы­сты­ру

 


 

«ДӘСТҮРІНЕ БЕРІК АЗАМАТ». Мыр­за­тай­ды қай-қай­сы­мыз да жақ­сы тани­мыз. Мінезі жібек­тей, қыры да, сыры да сұлу, мағы­на­лы, маз­мұ­ны мықты жігіт. 25–30 жыл­дан қазақ әде­би­етінің көне тарихын оқып жүр­міз. Сол қазақ әде­би­етінің көне тарихын қалып­та­сты­ру­шы да, соның үлкен арна­сын сонау Орхон-Ени­сей жаз­ба­ла­ры­нан бері қарай дамы­тып әкеліп, біз­ге жалғаған да – осы Мыр­за­тай. Бұл өзі халы­қтық үлкен дәстүр­мен келе жатқан аза­ма­ты­мыз. Арна­ны қазақ әде­би­етінің көне тарихы­нан ғана тар­тып келе жатқан жоқ, біздің тұсы­мы­здағы Жам­был­дың, Кенен­нің дәстүр­лерін, қазір­гі ауыз әде­би­етінің жағ­дай­ын, көп тек­серіл­ме­ген соның күн­гей-көлең­кесін түгел қам­тып, қопа­ра тек­се­реді және тіл қан­дай, өзі стиль­ге айна­лып кет­кен жігіт бұл өзі. Қырғыз­стан­да қорғаған док­тор­лық дис­сер­та­ци­я­сын­да нағыз ғалым екен­ді­гін айқын дәлел­деді. Ғалым, қай­рат­кер болу құдай­дың, тәңірінің ерекше жаратқан жақ­сы адам­да­ры­на ғана, шын мәнін­де­гі тума талан­тқа ғана, твор­че­ство­лық тұлғаға ғана лай­ық нәрсе.

Өзбекәлі ЖӘНІБЕКОВ, көр­нек­ті мем­ле­кет және қоғам қайраткері.

«Қазақ әде­би­еті» гәзеті, 19.05.2017 жыл»

 

Жә, жаран­дар, «ғажап!» деме­стен бұрын айтар бір гәп бар. Мынау пікір­дің «авто­ры» Өзе­кеңнің – Өзбекәлі Жәні­бе­ко­втің – лау­а­зы­мы­на қай­та­дан қараңы­здар: мақа­ла жаза­тын, мақа­ла оқи­тын қай­сы­ңыз, қай автор­дың өз лау­а­зы­мы­на өзін-өзі қол­паштап «көр­нек­ті» деген сөзді тық­па­лаға­нын қашан, қай­дан көр­діңіз­дер, неме­се өздеріңіздің осы­лай­ша жазған кез­деріңіз бол­ды ма? Құдай біледі деп айтай­ын: ешқай­сы­ңыз бұлай жаз­бақ тұрғай, бірін­ші рет кез­де­стір­діңіз­дер. Иә, мен жақ­сы біл­ген Өзе­кең де, басқа үлкен-кіші де өз лау­а­зы­мы­на «көр­нек­ті» деген­ді қысты­рған емес. Егер Өзе­кең жай­ын­да очерк, мақа­ла жазған кім­де-кім оның лау­а­зы­мын осы­лай толы­қтыр­са, ол, әлбет­те, иланымды.

Бісміл­дәсі бұлай­ша «Дәстүр­ге берік аза­мат», мыса­лы, мені сен­ді­ре алма­ды. Себебі: Өр тұлға болған Өзе­кең өмірін­де Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ко­вті он орап ала­тын­дарға да арна­у­лы жал­бақай­лық сөз айтқан да, жазған жоқ. Өзе­кең­мен жыл­дап қыз­мет­тес болған ағай­ын­дар­дың бүгін­де көзі тірілерінің де нық ойы осы дей ала­мын. Яғни, менің­ше, мына пікір­де­гі шексіз, шет­сіз мадақ Өзбекәлі Жәні­бе­ко­втің аузы­мен айты­лған емес, қолы­мен жазы­лған емес, басқа біре­удің «еңбе­гі».

Өз басым жур­нал­шы­лар мен жазу­шы­лар­дың қолы­ма тиген гәзет-жур­нал­да жари­я­ланған мақа­ла­ла­рын шолып оты­ра­мын. Мыр­за­тай бір мақа­ла­сын­да (қай­да шыққа­ны есім­де қал­мап­ты) ҚКП Орта­лық Коми­тетінің Мәде­ни­ет бөлі­мін­де мең­ге­ру­ші болған кезін­де қыру­ар іс атқарға­нын, бас­шы­лар­дан жасқан­бай, тіп­ті Орта­лық Коми­тет­тің идео­ло­гия жөнін­де­гі хат­шы­сы Өзбекәлі Жәні­бе­ко­вті де имен­діріп жүр­генін жыр­лап­ты. Оның ол «қыры» тура­лы Өзе­кең «Тағ­дыр тағы­лы­мы» атты естелік­тер жинағы­ның екін­ші кіта­бын­да («Рау­ан» бас­па­сы, 1997 ж.) былай деген (29–30-беттер):

«…Усти­нов басқа қыз­мет­ке ауы­сып кет­кен­нен кей­ін, оның орны­на бұры­нғы Оқу мини­стрі, соңы­нан мини­стр­лік кеңей­тіліп, Білім мини­стр­лі­гінің мәр­те­бесіне ие болған­да, мини­стр­дің бірін­ші орын­ба­сар­лы­ғы­на тағай­ын­далған Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков кел­ді. Расын айт­сам, бұрын министр болып, алдын ала дай­ын­дап бер­ген қағазға қол қоя салуға дағ­ды­ланған осы бір аза­мат­тың іс тәжіри­бесі қан­ша мол десек те, аппа­рат қыз­метіне құнт­сызды­ғы көріне баста­ды. Ол кез­де біз қазақ, ұйғыр мек­теп­терінің оқу жос­пар­ла­ры­на, бағ­дар­ла­ма­ла­ры­на жастарға иман­ды­лық-эсте­ти­ка­лық тәлім-тәр­бие беру жүй­есін енгі­зу жөнін­де үкі­мет­ке ұсы­ныс әзір­леп жатқан едік.

Бір жолы мен оған: «Мыр­за­тай, бөлім­нің аты­нан ұсы­ны­лға­ны­мен, пісуі жет­пе­ген құжатқа маз­мұ­ны­мен таны­спай-ақ қол қой­ып, маған жібе­ре салға­ны­ңа жол бол­сын» деуім мұң екен, ол бір­ден шарт кетіп: «Сіздің қыр соңы­ма түсіп алға­ны­ңы­зға қараған­да, мені Кама­ли­де­но­втің ада­мы деп жүр­ген шығар­сыз. Мен ол кісіні таны­май­мын да, тіп­ті біл­гім де кел­мей­ді» дегенін есті­ген­де, өз құлағы­ма өзім сен­бей: «Ау, мынаған не болған сон­ша ширы­ға­тын­дай? Кама­ли­де­нов мем­ле­кет­тік қыл­мыс­кер емес қой? Қыз­мет бабын­да кем­шілік әркім­нің басын­да бола береді, сон­да не, Зақаш Кама­ли­денұлы­ның кезін­де қыз­мет­ке тағай­ын­далған­дар­дың бәрі бүгін таба­нын жал­ты­ра­туы керек пе? Жоқ, тым кел­те қай­ы­ра­ды екен­сің, «жігітім», деген ойға батып, каби­нет­тен есік­ті тарс жауып шығып бара жатқан қыз­мет­тесім­нің жот­а­сы­на қарап қала бер­дім. Мен оны енті­гін бас­сын деген оймен тоқтатқан да жоқ­пын, тек он бес минөт өткен соң қай­та­дан шақы­рып алып, инци­дент­тің осы­мен біт­кенін ұқты­рған­дай боп, басқа бір өтініш айтып, шыға­рып салдым.

Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы да, мен де қаза­қтың көне дәстүрін, тұр­мысын, ауыз әде­би­етін қадір тұта­тын ғалым ретін­де Мыр­за­тай­ға ерекше көзқа­рас­та бола­тын­быз. Бір­де мен Жол­да­с­бе­ков­ке жұмыстан кей­ін бір жаққа барып қай­та­ты­ны­мы­зды ескерт­тім. Бұл Қазақ ССР өнеріне еңбе­гі сің­ген қай­рат­кер, педа­гог-хорео­граф Оль­га Все­во­ло­дов­на Все­во­лод­ская-Голуш­ке­ви­чтің бас­шы­лы­ғы­мен қазақ билеріне машы­қта­на­тын «Алты­най» халық биі ансам­блін құруға қам жасап жатқан кезі­міз бола­тын. Оған Мыр­за­тай секіл­ді дәстүр­лі өнер­ге қанық аза­мат бас-көз бол­са, жас ұжым­ның аяғы­на тезірек тұрып кетуіне болар еді-ау деген үміт­пен, репер­ту­а­ры­мен таныс­сын деп, ансамбль­дің репе­ти­ци­я­сы­на шақы­рған едім. Ол бол­са, бұрын-соң­ды өзі көр­ме­ген ежел­гі қаза­қтың халық билеріне де, би-ойын­да­ры­на да, этно­гра­фи­я­лық ұлт­тық киім-кеше­гіне де қызы­ға қой­ған жоқ. Керісін­ше, өзінің мұн­дай ұсақ-түй­ек­пен айна­лы­су­ды қала­май­ты­нын аңғар­тқан боп: «Өзе­ке, сіз мені жақ­сы оты­рып дем ала­тын бір оры­нға жете­леп келе жатқан шығар десем, репе­ти­ци­яға алып кел­геніңіз бе, қалай?» деп, әңгі­месін әзіл-оспаққа айнал­дыр­мақ бол­ды. Содан кей­ін-ақ мен Мыр­за­тай­ды мұн­дай мәсе­ле­лер­ге ара­ла­сты­ра бер­мей­тін болдым».

 

 

Міне, әзіл-сықақ­шы Оспан­хан Әубәкіров­ше айтқан­да, Мыр­зе­кеңнің «пошы­мы» осы. Қазақ мәде­ни­етінің ғажап жана­шы­ры, бұл бағыт­тағы небір жақ­сы істер­дің ұйы­тқы­сы болған аза­мат Өзбекәлі Жәні­бе­ко­втің кезін­де өзіне дөрекілік көр­сетіп, «Алты­най» ансам­блінің алға­шқы қада­мы­на мұр­нын шүй­іріп, «жақ­сы оты­рып дем алу­ды», сірә, ресто­ран­ды ойлаған, ұзақ қыз­мет­тес болып көр­ме­ген және өзін «имен­діріп жүр­ген» М. Жол­да­с­бе­ков­ке «мін­сіз мінез­де­ме» беруі мүм­кін емес. Өзе­кеңнің қаза­қы өнер, әдет-ғұрып, салт-сана жөнін­де­гі гәзет-жур­нал­дық мақа­ла­ла­рын­да, екітом­ды­ғын­да Мыр­за­тай тура­лы жоға­ры­да кел­тіріл­ген үзін­ді­де­гі пікірі­нен басқа бір ауыз сөз жоқ.

«Тағ­дыр тағы­лы­мын» оқы­ған­дар­дың: «Билік басын­дағы­лар­дың жете­гіне ешқа­шан көн­бе­ген, өзіне қия­нат жасал­мақ сәт­тер­де Ком­пар­ти­я­ның Орта­лық Коми­тетінің екін­ші хат­шы­сы Кор­кин­нің де, Орта­лық Коми­тет­тің идео­ло­гия жөнін­де­гі хат­шы­сы Има­шев­тың да дер­те­лерін қай­ы­рып тастаған Өзбекәлі Жәні­бе­ко­втің қол астын­да қыз­мет істеп жарыт­паған Мыр­за­тай Жол­да­с­бе­ков­ке қант-кәм­пит­тей тәт­ті сөз айтып-жазуы мүм­кін емес!» дей­тін­дері сөзсіз.

«…Аға буын­ның есін­де болар, СОКП Орта­лық Коми­тетінің 1985 жылғы сәуір айын­дағы пле­ну­мы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар халы­қта­ры­ның төл тарихы­на, ұлт­тық мәде­ни­етіне, салт-дәстүр­леріне жол ашты. Осы кез­де Одақтық үкі­мет бас­шы­ла­ры­на Эрми­таж­дағы қазан­ды қай­та­ру жөнін­де қоғам, әде­би­ет және өнер қай­рат­кер­лерінің қол­да­ры қой­ы­лған хат­тар жөнел­ті­ле баста­ды. СОКП бас­шы­лы­ғы­на, КСРО Жоғарғы Кеңесіне Түр­кістан­нан сай­ланған деле­гат­тар мен депу­тат­тар арқы­лы да өтініш-ама­нат­тар, талап-тілек­тер толас­сыз тоғы­ты­лып, тап­сы­ры­лып жат­ты. Әділетін айт­сақ, осы жұмыстар­дың басын­да кемел ақыл­ды, қазақ қан­ды, ұлт­жан­ды мем­ле­кет қай­рат­кері, Қаза­қстан Ком­пар­ти­я­сы Орта­лық Коми­тетінің хат­шы­сы Өзбекәлі Жәні­бе­ков тұрды…

Тай­қа­зан­ды қай­та­ру Өзбекәлі аға­ның өмір­лік мақ­са­ты еді. Осы мақ­сат орын­далған­ша әре­кет-күресін де тоқтат­па­ды. Аға­ның мақ­сат­кер­лі­гі менің де ойы­ма шуақ, бой­ы­ма қуат беріп, батыл қада­мға жігер­лен­дір­гені анық. Осы еңбе­гі үшін асыл аза­матқа Түр­кістан­да ескерт­кіш қой­ыл­са екен деген тіле­гім­ді әрқа­шан айтып жүремін.

Тай­қа­зан оралған­да, Түр­кістан халқы­ның қуа­ны­шын­да шек бол­ма­ды. Талай митинг, жиын­дар бол­ды. Соның бірін­де ака­де­мик Зей­нол­ла Қаб­до­лов, түр­кістан­дық, Кеңес Одағы­ның Баты­ры Расул Есе­тов толға­на сөй­ле­гені көз алдым­да… Осы орай­дағы ең бір ата­лы сөзді ака­де­мик Өмір­зақ Айт­ба­ев айт­ты: «Қазақ – ырым­шыл халық. Тай­қа­зан­ның ора­луы арқы­лы біздің елі­міздің ыры­сы, дәу­леті қай­та кел­ді. Соны­мен бір­ге қаза­қтың бүкіл қаси­еті қай­тып кел­ген сияқты. Мен Өзбекәлі Жәні­бе­ко­втің ең ұлы істерінің бірі осы деп білем!» – деді ол». (Қожа Ахмет Ясса­уи мұра­жай­ы­ның сол жыл­дарғы дирек­то­ры, еңбек арда­гері Нұр­ма­хан Наза­ро­втың «Еге­мен Қаза­қстан­ның» тіл­шісі Қорған­бек Аман­жо­лов­пен сұх­ба­ты­нан. «Тай­қа­зан елге тәу­ел­сіздік қар­лы­ға­шы болып оралған еді». 02. 24. 2017 ж.).

 

Сөз соңын­да Мыр­за­тай­дың өзіне «әр бұта­ның басын бір шал­ды­рып» жүр­ген қамқор­шы­сы – пре­зи­дент Н. Назар­ба­ев­ты мадақта­уда алды­на жан сал­май, дара келе жатқа­нын айт­пау обал деп ойлап, сөзі­нен үзін­ді келтірейін:

«…Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы – ұлт­тың көш бас­шы­сы. Көріп­келі. Ұлт намысы­ның қам­шы­гері… Қазір әлем­дік сая­сат­ты иге­ру­де, эко­но­ми­ка­ны еңсе­ру­де, өз халқы­ның тарихын, тілін, мәде­ни­етін білу­де Пре­зи­дент­ке тең келетін адам жоқ… Назар­ба­ев Ұлы дала­да өте қысқа мерзім­де бұрын-соң­ды бол­маған бүтін­дей жаңа мем­ле­кет орнат­ты. Орна­тып, қалып­та­сты­рып, дамы­тып, әлем­ге таны­тып, әлем­дік қауым­да­сты­ққа мой­ын­да­тып қана қой­ған жоқ, мем­ле­кет­тілік­тің, ел басқа­ру­дың өзін­дік жаңа қаза­қстан­дық мек­тебін қалып­та­стыр­ды. Өзі де әлем қауым­да­сты­ғы мой­ын­даған кемең­гер­ге айнал­ды… Нұр­сұл­тан тарих толға­тып туған ғасыр­дың тұлға­сы. Н.Назарбаев – әлем мой­ын­даған, жаһанға атағы жет­кен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқа­нын істетіп оты­рған бүгін­гі заман­ның лидері; тумысы­нан кие дары­ған қай­рат­кер; табан­ды күрес­кер; гума­нист, туған халқы­ның Бәй­те­ре­гі, Көсе­мі, Кемең­гері. Елінің ама­на­тын арқа­лаған тіре­гі, алтын дің­ге­гі. Көк түрк­тің кін­ді­гі­нен жаралған­дар­дың іші­нен озып туға­ны да, түрк тек­тес халы­қтар­дың лидері де – Н.Назарбаев!.. Ол – Алла­ның қаза­ққа бер­ген сыйы. Н.Назарбаев – Қаза­қстан­ның пас­пор­ты­на, сим­во­лы­на айналған адам!» (М. Жол­да­с­бе­ко­втің «Тәу­ел­сіздік тағы­лы­мы» мақаласынан).

Ойхо-о-ой! Осы «қанат­ты сөз­дері» үшін ғана Мыр­за­тай­ға ары­да – Нобель сый­лы­ғын, оған қолы­мыз жет­пе­се, бері­де – «Қаза­қстан­ның Еңбек Ері» атағын беретін-ақ!..

Сәкен ЕЛЕУ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн