Воскресенье , 20 апреля 2025

Жұрт күткен жаңалық – АЙДАНАДА!

Таң қалмаңыз!

 

Осыдан екі-үш жыл бұрын өткен таңдау (кастинг) нәтижесінде «КешYou» тобына Айдана Меденова қабылданған еді. Кейінгі кезде оның топтан кететіні жайлы әжептәуір аңыз өрбіген болатын. Осыған орай, ақпан айында әншінің продюсермен арадағы келісім-шарт мерзімінің аяқталатындығын Баян Есентаева ресми түрде хабарлаған еді.

Мұны қойшы, жуық арада 24 жасқа аяқ басқалы тұрған әншінің жеке өміріндегі жаңалықтары тыңдарман халықты елең еткізуде. Айдананың әншілік өнер жолынан тыс, өзі білім алған дизайнер мамандығы бойынша да көп жұмыстың басын қайырғысы келетінге ұқсайды. Бұл туралы былайғы жұртқа әлеуметтік желі арқылы мәлім болған.

Осы ретте жас әнші Кентал мен Айдананың арасында махаббат бар деген көлденең сөз көп аузында жүргенімен, бұл сыбыстың қаңқу сөз екені тағы бір рет дәлелденді: әншінің инста-парақшасына үңілсек, шоу-бизнес саласында жүрген азамат – Әлішер Нұржановтың Айданамен бірге жүрген суреттерін көзіміз жиі шалатыны бар.

Демек, «Көп ұзамай ол көшеде де той болады-ау» деген сөз көкейіңізде бүлкілдеп тұрса керек. Ал біз күткен тойдың болатынын-болмайтынын осыдан соң Айдананың өзі-ақ айтар дейміз…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн