«Общественная позиция»
(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.
Ойдан-қырдан
Біле жүріңіз!
Қазақстанда жол жүру ережесіне өзгертулер енгізілді. Үкіметтің соңғы түзетулер енгізген 21 қазандағы қаулысы 1 қарашадан бастап күшіне енді. Жаңа ереже көлік жүргізушісіне ғана емес, велосипедшілер мен мопед жүргізушісіне де қатысты.
Жаңа ережеге сәйкес, полиция қызметкері тоқтатқан көліктің жанына дереу барып, жүргізуші талап еткен жағдайда аты-жөнін айтып, қызметтік куәлігін көрсетеді. Егер жүргізушінің жол ережесін бұзғаны арнайы құрылғылар арқылы жазылған болса, полицей сол жайлы материалды жүргізушіге көрсетуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ жүргізушілердің дәрі ішіп, мас күйде жүргендерге, ауру халдегі адамдарға, өзімен бірге куәлігі жоқ адамдарға (жүргізуші куәлігінің орнына берілетін уақытша куәлік, жүргізушінің өзі екенін растайтын құжат) және жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға көлігін беруге тыйым салынады.
Сонымен жаңа ереженің талабы қандай?
Өзгелерге қауіпсіз әрі кедергі келтірмейтін жағдайда көліктің артқа жүруіне болады. Алайда көше қиылысында және айналатын жолда көлікпен артқа жүруге болмайды.
Төрт немесе одан да көп жолағы бар екі бағытты жолда қарсы бетке көлікпен өтуге болмайды.
Қоғамдық көлікке арналған жолақта өзге көліктердің жүруіне және тоқтауына болмайды.
Бағдаршамның қосымша секциясы бар қиылыста кері бұрылғалы тұрған көлік артында қоғамдық транспорт келе жатқан жағдайда, тек қана көрсетілген бағыт бойынша жүруі тиіс.
Мопедті 16 жасқа толғандар ғана жүргізе алады. Велосипедші арнайы велосипед жолы болмаған жерлерде адамдарға кедергі келтірмей, тротуармен жүре алады.
Велосипедшілер жолында 7.14 тақтайшада 4.5 белгісі көрсетілсе, мопедтен басқа көліктердің тоқтауына тыйым салынады. Велосипедшілер жол бойында тек бір қатар болып жүруі керек.
Велосипедтің рөлін қолымен ұстамай жүргізуіне болмайды;
Өзге адамдарды велосипедке мінгізіп алып жүруіне;
Ұзындығы не ені 15 см-ден асатын жүк немесе өзгелерге кедергі болатын жүк тасуына;
Велосипед жолы бар кезде өзге жолмен жүруіне;
Трамвай жолында және бірден көп жолағы бар жолда солға бұрылуға, кері айналуына;
Жаяу жүргіншілер жолағынан өтуіне тыйым салынады.