Суббота , 5 июля 2025

ЖАҢА ӘЛІПБИРУХАНИ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ КЕПІЛІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (404) от 02 нояб­ря 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

Қазақ әлі­п­биі қазақ үшін

ЖАҢАРУЫ КЕРЕК!

Қазақ мем­ле­кеті тәу­ел­сіздік алған соң, ең алды­мен азаттық алған кез кел­ген елдер секіл­ді руха­ни отар­сызда­ну мәсе­лесі қолға алы­нуы керек еді. Қызыл импе­ри­я­ның бодан­ды­ғын­да болған жет­піс жыл ішін­де ұлты­мы­зды мәде­ни, руха­ни тамы­ры­нан ажы­ра­ту, тілі мен діні­нен айы­ру сая­са­ты мақ­сат­ты түр­де, үздіксіз жүр­гізіл­гені бел­гілі. Соның бірі – түр­кі халы­қта­ры­на ортақ латын әлі­п­биін қол­да­нып оты­рған Қазақ мем­ле­кетін 1940 жылы бір күн­де кирил­ли­ца­ға ауы­сты­ру науқа­ны болатын.

Енді, міне, осы руха­ни репрес­си­я­ның зардаб­ын жою­дың алға­шқы қадам­да­ры жаса­лып, Қазақ мем­ле­кеті 2025 жылы қай­та­дан латын әлі­п­биіне өтетін бол­ды! Ұлт­тық руха­ни отар­сызда­ну латын әлі­п­биіне көшу әре­кеті­мен басталды!

Латын әлі­п­биіне өту – Тәу­ел­сіздік алға­ны­на ширек ғасыр­дан асқан­да Қаза­қстан­дағы руха­ни тәу­ел­сіздік­ке жасалған алға­шқы қадам. Әрине, бұл қадам­ның қарқын алуы елба­сы­мы­здың «Бола­шаққа бағ­дар: руха­ни жаңғы­ру» бағ­дар­ла­ма­лық мақа­ла­сы­нан баста­лып кет­кені белгілі.

Латы­нға өтуді биыл 100 жыл­ды­ғы ата­лып өтіп жатқан Ала­шор­да қозға­лы­сы­ның жетек­шілері де кезін­де құп­таған. Түр­ки­я­ның пре­зи­ден­ті Ататүрік­тен бастап, Ала­штың көсе­мі Әли­хан Бөкей­хан да қат­ты қол­даған. Ал Алаш ары­ста­ры Ахмет Бай­тұр­сы­нұ­лы мен Халел Досмұ­ха­ме­до­втың латын әлі­п­биіне өту­ге баста­пқы­да қар­сы болуы – кей­біре­улер­дің әдейі елді шата­сты­рып жүр­генін­дей, кирил­ли­ца­ға өтуді қол­да­уы емес, Ахаң­ның өзі жасаған төте араб әлі­п­биі­нен кетуді қала­маған­дық бола­тын. Кей­ін, ақы­ры латы­нға өтетіні бел­гілі болған соң, Ахаң да, Халел Досмұ­ха­ме­дов те ұлт мүд­десі үшін латын әлі­п­биін қазақ тіліне үйле­стіріп жаса­уға мем­ле­кет қай­рат­кері ретін­де тіке­лей атса­лы­сқан­да­ры бел­гілі. Ал бір ғасыр­дан кей­ін бүгін­гі ғарыш пен интер­нет зама­нын­да біздің кей­бір сая­сат­кер­лер мен қай­рат­кер­лер осын­дай мем­ле­кет­шіл­дік пен ұлт­шыл­дық һәм ілкім­ділік көр­се­те алмай, кері тар­тып жатыр…

1929–1940 жыл­да­ры латын әлі­п­биін­де болған Қазақ елі үшін Тәу­ел­сіздік алған соң латын әлі­п­биін қай­та енгі­зуі – табиғи да, тари­хи да қажет­тілік. 1993 жылы рубль аймағы­нан шығып, төл тең­ге­мізді қабыл­да­удың эко­но­ми­ка­лық-сая­си маңы­зы қан­дай зор бол­са, латын әлі­п­биін қабыл­да­уы­мы­здың руха­ни-сая­си маңы­зы да бола­шағы­мыз үшін өте зор.

Менің өзім латын әлі­п­биін енгі­зудің маңы­зды­лы­ғы тура­лы жазып келе жатқа­ны­ма оншақты жыл бол­ды. Оның ішін­де сүй­ек­ті екі мақа­лам елге бел­гілі. Әсіре­се, 2013 жылы 19 ақпан­да жазы­лған «Латын әлі­п­биіне көшу­ге қар­сы­лық – ұлт мүд­десіне қар­сы­лық!» атты мақа­лам­ды Qazaquni.kz ұлт­тық пор­та­лын­да 30 мыңға жуық адам оқып, 200-ге жуық пікір жазы­лға­ны, басым бөлі­гі қол­даға­ны белгілі.

2010 жылы Иран­дағы Ислам рево­лю­ци­я­сы­ның 31 жыл­ды­ғы­на және Иран көсе­мі Аятол­ла Хомей­ниді ұлы­қта­уға бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­нан жалғыз мен барып едім. Сон­да Әзір­бай­жан­нан кел­ген «Хад­жы» жур­на­лы­ның бас редак­то­ры Әли Рза­за­де­мен сұх­бат­та­стық. Ол маған сапар бары­сын­да пар­сы тілі­нен аудар­ма­шы­ның рөлін атқар­ды. Сон­да орыс тілі пәні мұғалім­дерінің бала­сы, жур­на­лист Рза­за­де Әзір­бай­жан елінің латы­нға өтуі­мен руха­ни тәу­ел­сіздік қада­мын жасаға­нын мақта­на айтып, әлі орыс кирил­ли­ца­сы ота­рын­да жүр­ген Қаза­қстан аза­ма­ты, өзі­нен едәуір үлкен маған мүсір­кей қараған еді. Сол кез­де ол әке-шеше­сінің Баку­де­гі орта мек­теп­тің орыс тілі пәнінің мұғалім­дері бола тұра, Әзір­бай­жан тілінің орыс кирил­ли­ца­сы­нан латын әлі­п­биіне өтуді қол­дап шыққа­нын мақта­на мәлімдеді.

Қаза­қтың латын әлі­п­биі – бұл, бір­ден айту керек, қиядан шауып, қисы­нын тауып, тоқ­сан толғап өмір­ге кел­ген жаңа әлі­п­би! Бүгін­де әлем­нің 80 пай­ы­здан аста­мы қол­да­ны­ла­тын ғылым мен тех­ни­ка­ның тілі – латын әлі­п­биіне негіз­дел­ген қаза­қтың жаңа әлі­п­биінің іске қосы­луға алға­шқы ады­мы жасал­ды. Бұл, әрине, руха­ни­я­ты­мы­здағы тари­хи оқиға!

Ал енді осы талай сөз болған жаңа әлі­п­биі­міз қалай шыққан? Елдің көңілі­нен шықты ма? Төл әріп­тері­міз қалай бел­гі­лен­ген? Бұл енді басқа әңгі­ме және басты әңгіме.

Кирил­ли­ца­ны латын әлі­п­биіне ауда­руы, кон­вер­тер­ле­уі де көңіл­ге қона­ды. Кезін­де менің 2013 жылы жазы­лған мақа­лам­да айты­лған­дай, «қазақ кітап­та­рын ауда­ру­дың қазір­гі тех­но­ло­гия зама­нын­да түк қиын­ды­ғы жоқ, бір сәт­те ауда­ры­ла­ды» дегенім шыны­мен де іске асты. Пар­ла­мент­тік тың­да­уда Мұх­тар Әуе­зо­втың «Абай жолы» рома­ны­ның 3 секунд­та ауда­ры­лға­ны экран­нан көрсетілді.

Ең алды­мен біры­ңғай әлі­п­бидің басты қағи­дат­та­рын аны­қтап алу қажет бол­ды. Қазақ тіліне тән бар­лық дәстүр­лі дыбыст­ар үшін ерекше таң­ба­ла­ну­ды сақтап қалу керек: Ә; І; Ң; Ғ; Ү; Ұ; Қ; Ө.

Жазу үрдісін­де бұл дыбыст­ар­дың ерекше таң­ба­ла­нуы­нан бас тар­ту 2–3 ұрпақтан кей­ін олар­дың толық жой­ы­луы­на және басқа дыбыст­ар­мен алма­суы­на әкеп соқты­руы әбден мүм­кін. Нәти­же­сін­де қазақ тілінің сәй­кест­ілі­гі мен біре­гей­лі­гін сақтап қалуға, оның фоне­ти­ка­лық бай­лы­ғы­на, тіл­дің көр­кем­ді­гі мен ерекшелі­гіне қауіп төнуі мүм­кін. Біздің ойы­мыз­ша, барын­ша күш салып, бұған жол бер­ме­у­ге тиіс­піз. Сұлу да сүбелі тілі­міз сұры­қ­сыз да сүреңсіз тіл болып кет­пе­уін қат­ты қадаға­ла­у­ы­мыз керек.

Өз дауы­сың бол­ма­са, өз дыбысың, өз әрі­пің сақтал­май, жой­ы­лып кет­се, Қазақ үшін жаңа қаріп­тер жаңа қауіп болып қалады!

Қазақ әлі­п­биі қазақ үшін жаңа­руы керек!

«Кеңесіп піш­кен тон кел­те бол­мас» дей­ді қазақ мақа­лы. Әлі­п­бидің тек тех­ни­ка­лық жағын ғана ойла­май, тегін, терең мағы­на­сын сақтап қалу­ды басты мақ­сат етуі­міз керек. Бұл – халық қалауы.

Латын әлі­п­биінің пар­ла­мент­те талқы­ланған алға­шқы нұсқа­сы елдің көңілі­нен шық­пай, жал­пы­ха­лы­қтық талқы­ла­удың жалғасқа­ны бел­гілі. Ондағы ең басты дау, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, қаза­қтың төл дыбыст­а­ры­ның екі әріп­ті болып келуі. Бұн­дай көңіл­ге қоным­сыз нұсқа түсініксіздік пен қолай­сызды­ққа тап қыла­ты­ны анық еді. Бір қуа­нар­лы­ғы, елба­сы алға­шқы нұсқаға қол қой­май, бүкіл­ха­лы­қтық талқы­ла­уды жалға­сты­рған­ды­қтан, ақы­ры, міне, ел көңілі­нен шыға­тын қоным­ды нұсқа дайындалды.

Алға­шқы нұсқа­дағы халы­ққа ұна­маған, қос әріп­ті болып кел­ген қаза­қтың төл дауы­сты – ә, ө, ү және т.б. дыбыст­ар жаңа нұсқа­да толық шеші­мін тауып, енді олар бір әріп бола­тын бол­ды. Әріп­тің үстің­гі оң жағы­на ноқат қой­ы­ла­ды, яғни апо­стро­ф­пен бел­гі­ле­неді. Қоры­тындыс­ын­да, дигра­фқа қараған­да, халық көңіліне қоным­ды латын қар­пін­де­гі жаңа әлі­п­би жоба­сы жарық көрді.

Бұл тақы­ры­пқа оншақты жыл­дан бері қалам тар­тып келе жатқан­ды­қтан, «ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ ҚАЗАҚ ҮШІН ЖАҢАРУЫ КЕРЕК» деген, елден ерекше қол­дау тапқан мақа­лам­да қаза­қтың төл дауы­сты дыбыст­а­ры­ның қос әріп­пен бел­гі­ле­нуіне – диграф­тарға қар­сы шығып, онда өзге нұсқа ұсы­нған бола­тын­быз. Өткен­де елба­сы­мы­здың алдын­да арнайы комис­сия латын әлі­п­биінің жаңа жоба­сын жари­я­лаған­да, біз де ұтым­ды ұсы­ны­ста­ры­мы­здың жаңа нұсқа­да жақ­сы көрініс тапқа­нын көріп, қуа­нып қал­дық. Біз ұсы­нған нұсқа­дағы 11 әріп­тің 9 әрі­пі жаңа нұсқа­да қабылданыпты.

Руха­ни жаңғы­руы­мы­здың темірқа­зы­ғы­на айналған латын әлі­п­биіне өту мәсе­лесі ақы­ры шеші­мін тап­ты. 2017 жыл­дың 26 қаза­нын­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қазақ тілі әлі­п­биін кирил­ли­ца­дан латын гра­фи­ка­сы­на көші­ру тура­лы Жар­лы­ққа қол қойды.

Менің­ше, жаңа әлі­п­биді тал­дап, талқы­лау бары­сын­да мына нәр­сені мықтап ескер­ген жөн. Елдің бәріне бір­дей ұнай­тын нұсқа таба­мыз десек, онда латын әлі­п­биі 2025 жылы да қабыл­дан­бай қалар еді. Сон­ды­қтан бұл нұсқаға да көңілі тол­май жатқан­дар бол­са, оған қалып­ты жағ­дай ретін­де қарау керек. Біздің айта­ры­мыз, ең басты талап – жаңа әлі­п­би кла­ви­а­ту­раға негіз­де­луі керек бол­ды. Сон­ды­қтан да кілең тіл маман­да­ры мен тіл­ші ғалым­дар­дан құралған комис­сия «өгізді де өлтір­мей­тін, арба­ны да сын­дыр­май­тын», қаза­қы төл дауы­сты дыбыст­а­ры­мы­зды екі әріп­пен бел­гі­ле­ну­ден құтқа­рып қалған осы нұсқа­ны қабыл­да­ды. «Қазақ әлі­п­биі қазақ үшін бе, әлде ком­пью­тер үшін бе?» деп мақа­ла жаз­сақ та, біз де осын­дай нұсқа ұсы­нуы­мы­зға тура келді.

Бұл нұсқаға да көңілі тол­май­тын­дар бұл нұсқа «бір дыбыс – бір әріп» тала­бы­нан шыққан­мен, «бір дыбыс – бір таң­ба» тала­бы­на кел­мей тұр» деген пікір­лерін айтып қалу­да. Әрине, Тіл инсти­ту­ты ұсы­нған нұсқа, яғни түрік әлі­п­биіне негіз­дел­ген нұсқа жақ­сы болар еді, бірақ ондағы­дай қаза­қы әріп­тер­дің оң жағы­на емес, үстіне сызы­қ­ша неме­се ноқат қой­ы­лған әріп­тер кла­ви­а­ту­ра­да жоқ, өзге елде қаза­қ­ша жазу­да қиын­ды­ққа ұшы­ра­та­ды. Біз алдын­да солай, қаза­қы әріп­тер­дің үстіне ноқат та, сызы­қ­ша да қой­ып ұсы­нған­быз, ол, өкініш­ке орай, өтпе­ді. «Түр­кия секіл­ді үстіне сызы­қ­ша неме­се ноқат қой­ы­лған әріп­тер­ді жасай салу қиын ба?» – деген­дер­ді де оқып жатыр­мыз. Оларға айта­ры­мыз, егер кла­ви­а­ту­ра­да жоқ әріп­тер­ді жаңа­дан жасай­тын бол­сақ, онда түрік нұсқа­сы­на жабысып, жаңа әріп жасаған­ша, өзі­міздің қаза­қы төл дыбыст­а­ры­мы­зды сол күй­ін­де қал­ды­ра сал­май­мыз ба? Тағы да қай­та­лап айта­мыз, талап – кла­ви­а­ту­ра­да бар таң­ба­лар­дан әріп жасау болып отыр.

Бір қуа­на­ты­ны­мыз, біз қазір латы­нға қар­сы­лық кезеңі­нен өтіп кет­тік. Енді ел латы­нға өту-өтпе­уді емес, латын әлі­п­биі жоба­сын талқы­ла­у­ға кірісіп кет­кеніне куә болып жатыр­мыз. Бұл – үлкен жетістік.

Алға­шқы­да бәрі тосын бола­ты­ны бел­гілі, ешнәр­се оңай қабыл­дан­бай­ды. «Көш жүре түзе­леді» деген­дей, бұл жаңа қазақ әлі­п­биін­де­гі 32 әріп енді 32 тістен шыққан соң, өмір­де қол­да­ну бары­сын­да сүз­гі­ден өтетіні анық. Уақыт еле­гі­нен өтіп, өмір өз түзе­ту­лерін жасай­ты­нын да ұмытпайық.

 

Әлі­п­биді келе­ке етуге

ЕШКІМНІҢ ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!

Қазақ руха­ни­я­ты­ның кирил­ли­ца қорас­ы­нан шығып, бодан­ды­қтан бостан­ды­ққа шығуы­на ең алды­мен Ресей­дің шови­нист сая­сат­кер­лері мем­ле­кет­тік дума­сы­нан бастап талақта­ры тарс айы­ры­лу­да. Оларға Қазақ елінің Тәу­ел­сізді­гінің 26 жылын­да өз әлі­п­биін өзі таң­дап, руха­ни тәу­ел­сіздік­ке қадам жасаға­ны қат­ты ұна­май қалыпты.

Отар­лап қалған елдің ойбай­ла­у­ын қой­шы, оларға өзі­міздің құл­са­на­лы­лар, жау жаға­дан алған­да, етек­тен тар­тып жатқан­дар да қосы­лып, жаңа қазақ әлі­п­биі бекітіліп кет­се де, қар­сы­лы­ғын қояр емес.

Бұлар жалғыз емес… Арам ойла­рын­дағы анайы сөз­дер­ді кел­тіріп, әлі­п­биді бұр­ма­ла­у­шы­ларға айта­ры­мыз: аран­да­ту­шы­лы­қта­ры­ң­ды тоқта­ты­ң­дар, елді сау­ат­сыз, қате жазу­ла­ры­ң­мен ада­стыр­маң­дар! Мем­ле­кет­тің мем­ле­кет­тік ресми әлі­п­биі­мен ойна­уға, келе­ке ету­ге ешкім­нің де қақы­сы жоқ!

Бір нәр­се біліп, сына­са, мей­лі ғой, жау­ап беріп жатыр­мыз, ал «Анау қар­сы шыққан екен, мен де қар­сы шық­сам, қатар­дан қал­мас­пын» – деген тобыр­лық пиғыл­дың тобы­қтан қаққан­нан басқа толық шеші­мін тапқан іске тигі­зер пай­да­сы жоқ екенін түсі­нуі­міз керек.

Өз ойын бүкіл елдің аты­нан айтып, қазақ әлі­п­биіне қар­сы болып оты­рған­дар елдік намысты ойла­уы керек алды­мен. Мыса­лы, Аста­на­дағы менің ұлты орыс көр­шім латын әлі­п­биін үйре­нуі үшін бала­сын қазақ мек­тебіне бер­мек­ші. Елге қаза­қтың жаңа әлі­п­биі тура­лы теріс қоғам­дық пікір туғы­за­тын­дар қаза­қтың кирил­ли­ца бұға­уы­нан шығып, латы­нға өтуіне қар­сы Ресей­дің дума­сын­дағы шови­нист сая­сат­кер­лер­ді, жири­нов­ский, лимо­но­втар­ды қолдаушылар.

Енді етек­тен тар­та бер­мей, ел болып, еңсе көтеріп, еркін рух­тағы әлі­п­биі­мізді өмір­ге енгі­зу­де ерен екпін­мен еңбек етуі­міз керек! Кер­тарт­па­лы­қтың тигіз­ген кесір-кеса­па­ты аз емес!

 

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ

руха­ни жаңғы­ру­дың темірқазығы

2013 жылы жазы­лған атал­мыш мақа­лам­да айтқан екен­мін, тағы да қай­та­ла­у­ға тура келіп тұр:

«Латы­нға өту – ең алды­мен ердің аты­нан бұрын елдің атын таза қаза­қ­ша жазуға қол жет­кі­зер еді… Біз бұрын да талай айтып, жазып келе жатқа­ны­мы­здай, ең алды­мен мем­ле­кеті­міздің атын дұры­стап алуы­мыз керек. Тағы да қай­та­лай­мыз, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы емес, Қазақ Рес­пуб­ли­ка­сы болуы тиіс. Кеше­гі кеңес импе­ри­я­сы кезінің өзін­де Қазақ (Совет­тік Соци­а­ли­стік) Рес­пуб­ли­ка­сы атанған­да, Тәу­ел­сіз кезі­міз­де қай­дағы бір «станға» жабысып қал­дық… Бұдан түбі шыға­ты­ны­мы­зды 2012 жылғы Жол­да­уын­да елба­сы­мыз да айқын мәлім­деп, бола­шақта «Қазақ мем­ле­кеті» бола­мыз деген еді.

Соны­мен бір­ге менің айта­рым, осы шет тіліне, мыса­лы, халы­қа­ра­лық ортақ тіл ағы­л­шын тіліне біздің елдің аты неге қазақ тілі­нен емес, өзі­мізді кеше отар­лап кел­ген Ресей тілі­нен ауда­ры­ла­ды? Неге «Kazakhstan» деп оры­стың «Казах­стан» сөзі­нен ауда­ры­ла­ды? Неге «Қаза­қстан» деген өзі­міздің қазақ тілі­нен «Qazaqstan» деп тәр­жі­ма­лан­бай­ды? Міне, құл­дық пси­хо­ло­ги­я­ның басы қай­да жатыр? Бас ата­уы­мы­зда, БҰҰ-да жатыр… Сон­да оны ауда­рып, жазып беретін­дер қазақ емес, Тәу­ел­сіз Қаза­қстан аза­ма­ты емес, Ресей аза­мат­та­ры болға­ны ма? Баяғы­да Бал­тық елдері әр әріп­терінің ұлт­тық, төл тұрғы­ға негіз­де­луі үшін күре­сті. Мыса­лы, Эсто­ни­я­ның аста­на­сы Тал­лин қала­сы­ның аты­на тағы бір «н» қосы­лып, Тал­линн болып өзгер­тіл­ді. Не деген ұлт­тық мінез, не деген сау­ат­ты­лық пен жау­ап­ты­лық десеңізші…»

Ең басты­сы, 2017 жылы 26 қазан күні – 1940 жылы Кеңес импе­ри­я­сы күшпен бір күн­де кір­гі­зе салған кирил­ли­ца қорас­ын­да 77 жыл қамалған әлі­п­биі­міз бодан­ды­қтан босаған күн!

Бостан рухқа бағыт­талған көші­міз қозғал­ды, көлік­ті бол­сын дей­ік! Сон­ды­қтан қазақ руха­ни­я­тын­дағы тари­хи күн – 2017 жылғы 26 қазан­ды Латын гра­фи­ка­сы­на негіз­дел­ген жаңа қазақ әлі­п­биі күні деп бел­гіле­се, артық емес. Тәу­ел­сіз Қазақ елінің 2017 жылы кирил­ли­ца­дан латын әлі­п­биіне өтуін биы­лғы Алаш қозға­лы­сы­ның 100 жыл­ды­ғы­на арналған лай­ы­қты тар­ту деп біл­се де болады.

Руха­ни жаңғы­ру­дың басты темірқа­зы­ғы – Қаза­қтың жаңа әлі­п­биін біз бәрі­міз қол­да­уға тиіс­піз. Бұл мем­ле­кет­тік әлі­п­биді мем­ле­кет­тің бар­лық аза­ма­ты қол­да­уы және қол­да­нуы керек!

Қаза­қстан орыс мәде­ни орта­лы­ғы­ның төраға­сы Все­во­лод Лука­шев: «Латын әлі­п­биіне көшуді қала­май­тын адам жоқ шығар деп ойлай­мын. Бірін­ші­ден – бұл тари­хи кезең. Неге? Латын әлі­п­биіне біз қала­сақ та, қала­ма­сақ та көше­міз. Бұл құбы­лы­сты тари­хи кезең деп ата­удың себебі – қоғам қазір­гі таң­да кез кел­ген өзгеріс­ке дай­ын, сол себеп­ті де қоғам қар­сы­мын неме­се қол­дай­мын деген екі тара­пқа бөлініп оты­рған жоқ. Бар­лы­ғы­ның пікірі бір – латын әлі­п­биіне қайт­кен күн­де де көшу қажет және де бұл мәсе­ле­де ұлтқа бөлі­ну­ге бол­май­ды», – дейді.

Иә, Қаза­қстан­да тұра­тын өзге ұлы­стар­ды, орыс, өзбек, ұйғыр, укра­ин, неміс, кәріс және тағы басқа­лар­ды біз неге кем­сітуі­міз керек? Сон­да олар­ды қаза­қтың жаңа латын әлі­п­биін­де оқу бақы­ты­нан айы­ра­мыз ба? Өйт­кені орыс мек­теп­терінің 70–80 пай­ы­зы қазақ бала­ла­ры және аз бол­са да өзге түр­кі халы­қта­ры да бар.

Елі­міздің ұстанған басты сая­са­ты – тіл­дік, ұлт­тық кем­сіту­шілік­ке жол бер­ме­удің жарқын жетісті­гі – осы, мем­ле­кет аза­мат­та­ры­на мем­ле­кет­тік әлі­п­би­лік теңдік болады.

Елба­сы­мыз өз сөзін­де нақты­лап айтқан­дай, латын әлі­п­биі қабыл­данған соң, мем­ле­кет­тің негіз­гі ресми әлі­п­биі ретін­де жұмыс істей­тін болуы тиіс.

Жаңа руха­ни жетістік­ке жете­лей­тін жаңа латын әлі­п­биі – жал­пы­ұлт­тық талқы­ла­удың жарқын нәти­же­сі. Латын қар­пін талқы­ла­уда зор бел­сен­ділік көр­сет­кен халық енді жаңа әлі­п­биі­мізді өмір­ге енгі­зу­де де қарқын­ды қай­рат таны­туы тиіс. Яғни, қолға алып қана қой­май, қол­да­ну­ды да бастай беруі­міз керек.

 

Қазы­бек ИСА,

ақын, Сер­гей Есе­нин атын­дағы сыйлықтың

лау­ре­а­ты, «Алаш» сый­лы­ғы­ның иегері

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн