Понедельник , 7 июля 2025

Жаңаөзен мұнайшылары ТАҒЫ ДА НАРАЗЫ

Ере­уіл­де­ген ел бар

 

Жаңаө­зен қала­сын­дағы «Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­ның жұмыс­шы­ла­ры еңбек жағ­дайы мен құқы­қта­ры қорғал­май­ты­нын да айтып шағым­дан­ды. Зауыт бас­шы­лы­ғы олар­дың сөзін теріс­ке шығарады.

Қаңтар­дың 12-сі күні «Қаз­Мұ­най­Газ» бар­лау-өнді­ру акци­о­нер­лік қоға­мы­нан Жаңаө­зен­де­гі еншілес меке­месіне – «Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­на арнайы комис­сия кел­гені хабар­лан­ды. Комис­сия шақыр­туға зауыт жұмыс­шы­ла­ры­ның «был­тыр сәуір­ден бастап берілуі тиіс біры­ңғай жалақы төлеу жүй­есі де әлі енгізіл­меді» деген нара­зы­лы­қта­ры себеп болған.

– Қазір үлкен жина­лыс болып жатыр. Әр жұмыс­шы­ға жалақы мәсе­лесі жеке түсін­дірілетін бола­ды, – деп хабар­ла­ды зауыт дирек­то­ры Кәрім Нағ­ма­нов «Азаттық» тілшісіне.

«Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­ның меха­ни­гі Қожа­бай Өтетіле­уовтің (сурет­те) сөзін­ше, жалақы­ны жаңа­ша төлеу жүй­есінің 2014 жылы сәуір­ден бастап енгізіл­генін «Қаз­Мұ­най­Газ» бас дирек­то­ры Абат Нұр­сей­ітов меке­ме газеті арқы­лы ресми түр­де жария еткен.

– Тіп­ті осы мақ­сат­та ком­па­ни­я­ның жалақы қоры­ның 21 мил­ли­ард тең­ге­ге ұлғай­ға­ны тура­лы да айт­ты. Ал зауыт әкім­шілі­гі біз­ге «жаңа жүйе 2017 жыл­дан бастап енеді деген еді, бірақ біз 2015 жыл­дың қаңта­ры­нан енгізу­ге бас­шы­лы­қты көн­діріп отыр­мыз» деп түсін­дір­ді, – дей­ді Қожа­бай Өтетілеуов.

Жұмыс­шы­лар­дың айтуын­ша, «жалақы­ның өсуі тура­лы ақпа­рат тараға­лы жылға жуық уақыт өтсе де, айлы­қта өзгеріс жоқ. «Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­ның жұмыс­шы­ла­ры еңбек жағ­дайы жасал­маға­нын, құқы­қта­ры қорғал­май­ты­нын айтып та нара­зы болды.

«Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­ның айлы­ғын көбей­туді талап етіп, құқы­ғы­мы­зды қорғас­па­ды деп кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның жұмысы­на нара­зы болған жұмыс­шы­ла­ры­ның бірі – сле­сарь Эдмунд Бисенов.

– 2011 жылы Жаңаө­зен оқиға­сы басталған­да біз жұмысты тоқтат­па­дық. Себебі стра­те­ги­я­лық маңы­зды объ­ек­ті­де жұмыс істей­тіні­мізді түсін­дік. Осын­дай еңбек дау­ла­ры кезін­де біздің құқы­ғы­мы­зды қол­дай­тын әділ, шынайы кәсі­по­дағы­мыз да жоқ. Біз­ге жаны аши­тын кәсі­по­дақты өзі­міз сай­лап алғы­мыз келеді, – деді Эдмунд Бисе­нов «Азаттық» тілшісіне.

Зауыт­тағы еңбек жағ­дайы мен қауіп­сізді­гіне нара­зы жұмыс­шы­лар был­тыр жел­тоқ­сан­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен «Нұр Отан» пар­ти­я­сы­ның төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бай­бек­ке және бас про­ку­ра­ту­раға хат жазған­да­рын, «әділет­сіздік­тер мен заң­сызды­қтар­ды тек­се­руді өтін­ген­дерін» айтады.

– Дәл осын­дай ары­зды был­тыр мау­сым­да «Қаз­Мұ­най­Газ» бас дирек­то­ры Абат Нұр­сей­ітов­ке де жібер­ген­біз. Бірақ олар тиісті орын­дарға жіберіп, тек­се­ру жүр­ді дегені­мен, ештеңені ашпа­ды, – дей­ді ары­зда­ну­шы жұмыс­шы­лар­дың бірі Қожа­бай Өтетілеуов.

«Қазақ газ» өңдеу зауы­ты­ның дирек­то­ры Кәрім Нағ­ма­но­втың айтуын­ша, кәсі­по­рын­да біры­ңғай еңбе­кақы төлеу жүй­есін енгі­зудің өз реті бар.

Ал зауыт­тың әле­умет­тік депар­та­мен­ті басты­ғы әрі кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның төраға­сы Сар­тай Қара­кү­ші­ков жұмыс­шы­лар­дың «кәсі­по­дақ құқы­ғы­мы­зды қорға­май­ды» деген шағы­мын жоққа шығар­ды. Оның айтуын­ша, меке­ме­де­гі кәсі­по­дақ ұйы­мы «жұмыс­шы­лар үшін барын­ша тыры­сып жұмыс істеп жатыр».

– Жол­да­ма ала алмай жүр­ген­дер бол­са, кел­сін. Мен ешу­ақыт­та ешкім­ді жол­да­ма­сыз қал­ды­рған жоқ­пын. Кәсі­по­дақта 11 адам­нан құры­лған пре­зи­ди­ум бар, мәсе­ле ортақ талқы­мен шешіледі, – дей­ді ол.

«Азаттық» тіл­шісі «Қазақ газ» өңдеу зауы­тын­дағы жұмыс­шы­лар­дың еңбек жағ­дайы мен қауіп­сізді­гіне қаты­сты талап­та­рын біл­мек­ке «Қаз­Мұ­най­Газ» бар­лау-өнді­ру ком­па­ни­я­сы­на хабар­ла­сты. Ком­па­ни­я­ның бас­пасөз хат­шы­сы Бағдәу­лет Төле­ге­но­втің айтуын­ша, был­тыр жаз­да жұмыс­шы­лар­дан ондай арыз кел­гені рас.

– Оған бай­ла­ны­сты зауы­тқа тек­се­ру­ге барған комис­сия ешнәр­сені нақты­лаған жоқ. Ол тура­лы жұмыс­шы­ларға жау­ап беріл­ген, – деді Бағдәу­лет Төлегенов.

Жаңө­зен­де­гі 1973 жылы іске қосы­лған «Қазақ газ» өңдеу зауы­тын­да 1200-ге жуық жұмыс­шы бар. Меке­ме сай­тын­дағы дерекке қараған­да, зауыт елдің біраз бөлі­гін сұй­ы­л­ты­лған тұр­мыстық газ­бен, құрғақ бен­зин­мен, өңдел­ген газ­бен қам­та­ма­сыз етеді.

Сәния ТОЙКЕН,

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн